15
22. «Жайнай бер, Қазақстаным!» - Отан – туып өскен, кіндік қанын тамған
жер, ата – анаң, досың, туған-туысқандарың деген түсінік беру. Отанға деген
сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.
23. «Алақай, қыс келді!» - балалардың қыс
мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен
ерекше. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер көздің жауын алады. Қыс
мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі - қысқы ойындар: шанамен, шаңғымен
сырғанау.
24. «Қыстайтын құстар» - қыстайтын құстар туралы мәлімет беру. Қыста
құстарға азық табу қиын, сондықтан олар қыс кезінде адамға жақын жүреді.
Құстарға жем шашуды ұмытпау керек. Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы
зор, оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
25. «Қыс қызығы» - балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп,
сөздік қорын байыту. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу,
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата
білу.
26. «Қош келдің, Жаңа жыл!»- балалардың көптен күткен қуанышқа толы
ең ғажайып мерекелердің бірі жаңа жыл туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңа
жылды қарсы алу, аяз ата мен ақша қардың келуі, жаңа жылдық сыйлықтар
мен ертегілер, әндер мен билер арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлау.
27. «Күз сыйы» - көкөніс пен жеміс-жидектердің бау-бақшада өсетіні,
олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендерің адам денсаулығына
маңызы туралы түсініктерін кеңейту. «Жомарт күз» деп неліктен аталатынын
түсіндіру, күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау.
28. «Жаңа жылдық сыйлықтар» - туысқандарына және достарына
сыйлықтар дайындау, өз қолдарымен тартымды сыйлықтар жасай білуге
баулу.
29. «Аңдардың қысқы тіршілігі»- балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі
туралы түсінік беру. Олар қыстың суығынан қалай қорғанатынын, сыртқы
бейнелері неліктен өзгеретінін, немен қоректенетін, қыста жануарларға
қамқорлық қажет екенін түсіндіру.
30. «Қардың пайдасы» - қар жерді қатты аяздардан, ағаштардың,
бұталардың және көп жылдық өсімдіктердің тамырларын тоңып қалудан
қорғайтыны, қардан мұз қалашықтар тұрғызуға, шанамен және шаңғымен
сырғанауға, қардан мүсіндер жасауға қажет екені туралы түсінік беру.
31. «Көктем жаршысы – құстар»- жыл мезгіліне байланысты табиғатта
болатын өзгерістер, көктемде жыл құстары туған жерге оралып, ұя салып,
балапан басып шығаратыны туралы түсінік қалыптастыру.
32.
«Жылғалардан су ақты» - жыл мезгілдерін ажырата білу, көктемде күн
шуағының жылуымен қар еріп, сай-салалардан, жылғалардан сылдырап су
ағады, табиғат ерекше күйге енеді, алғашқы бәйшешектер өсіп шығады.
33.
«Ғарышқа саяхат» - ғарыш әлемі: зымыран, ғарышкер жайлы түсінік
беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын
16
қалыптастыру. Жерді қоршап тұрған планеталар: Күн, Ай, олардың
қозғалыстары, күн жер бетіндегі адамдардың өміріне, өсімдіктер мен
жануарлардың тіршілігіне қажет жылу мен жарық шашатыны туралы
түсіндіру.
34.
«Жер-Ана!» - Жер – біздің ортақ үйіміз, өзен, көл және теңіздер мен
мұхиттар, таулар, орман мен дала туралы түсінік беру. Жер-ананы сүюге,
қадірлеуге тәрбиелеу
35.
«Аспан әлемінің планеталары» - балалардың ғарыш, аспан, Жер, Ай,
Жұлдыз планеталары және күн жүйесінде 8 планеталардың бар екендігі
туралы білімдерін қалыптастыру. Олардың барлығы Күнді айнала қозғалады.
Сол планеталардың бірі-Жер. Күн- үлкен және ең ыстық планета. Ай- Жер
серігі, ол тек түнде ғана көрінеді. Басқа планеталар – Юпитер, Сатурн,
Шолпан, Меркурий, Марс, Уран, Нептун, Плутон туралы әңгімелеп беру.
36. «Бір шаңырақ астында» - Қазақстанда тұратын барлық халықтарды
құрметтеуге тәрбиелеу, олардың тарихына, салт-дәстүрлеріне, ұлттық киім
әлементтеріне қызығушылық тудыру; мәдени мұрасына, түрлі ұлттардың
отбасылық дәстүрлеріне тарту, халықтар достығы- біздің тәуелсіз еліміздің
басты игілігі екендігі туралы түсінік қалыптастыру.
37. «Бейбітшілік қорғанында» - туған елін сүюге, еліміздің қарулы
күштеріне мақтаныш сезімдерін, Отан қорғаушы-жауынгерлерге оң
көзқарастарын тәрбиелеу. Батыл, ержүрек Отан қорғаушылар болуға баулу.
38. «Көктемгі ағаштар» - көктемнің келуімен табиғатта болатын өзгерістер
туралы түсініктерін кеңейту, туған өлкесінің табиғатына, өсімдіктер әлемін
зерттеуге қызығушылық тудыру, білуге құмарлықты, байқағыштықты дамыту.
39.
«Көктемгі егістік» - ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдарға
құрметпен қарауға тәрбиелеу, көктем мезгіліндегі ауыл шаруашылық
жұмыстарының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту: жер жырту, егістік
(егін егу, тұқым себу) жұмыстары. Танымдық қызығушылықты, білуге
құмарлықты дамыту.
40. «Табиғаттың гүлденуі» - балалардың қоршаған орта, экологиялық
мәдениет, көктемде өсімдіктердің гүлденуі туралы бастапқы түсініктерін
қалыптастыру, табиғат құндылығы және табиғатта өзін ұстай білу ережелері
туралы білімдерін дамыту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
41.
«Жаз да келді көңілді» - табиғат әлемінің алуан түрлілігі, табиғатпен
үйлесімді өмір сүрудің қажеттілігі, экологиялық сана, салауатты өмір салты
негіздері туралы білімдерін кеңейту, дене қасиеттерін дамыту, ағзаны
шынықтыру және эмоционалдық- еріктік сапаларын тәрбиелеу.
42. «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!» - ересектердің
мамандығы туралы білімдерін кеңейту, түрлі мамандықтарға қызығушылықты
дамыту, ересектердің еңбегінің маңыздылығы туралы түсініктерін
қалыптастыру, адамдардың өмірінде барлық мамандықтардың маңызды
екенін түсіндіру, ересектердің еңбегіне мейірімділікпен, құрметпен қарауға,
оларға көмек көрсетуге тәрбиелеу.