7
Педагогикалық процесті жоспарлауда педагог:
- баланың танымдық белсенділігінің негізі ретінде білуге құмарлықты
дамытуға;
-баланың қабілеттерін дамытуға;
-шығармашылық қиялын қалыптастыруға;
- балалардың әлеуметтік дамуы үшін жағдаяттар ойластыруға;
-балалардың белсенділік және бастама танытуына бағыттауы тиіс.
8
ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
- өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;
- апталық циклограмма;
-балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін
индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады.
Перспективалық жоспар оқу жылына құрастырылады. Оның негізі Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы болып табылады.
Білім беру процесін кешендік-тақырыптық ұстаным бойынша (өтпелі
тақырыптар) білім беру салаларын кіріктіруді ескеріп, құру балаларға артық
жүктемені болдырмауға, жеткілікті және қажетті материалдармен білім беруге,
тәрбиелеу, оқыту, дамыту бойынша білім беру міндеттерінің бірлігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
7бекітеді қарастыр
Педагогтарға арналған перспективалық жоспарлау
Перспективалық жоспарды өтпелі тақырыптар негізінде оқу жылының әрбір
айына тәрбиешілер мен мамандар (қазақ, орыс, шет тілі мұғалімдері, музыка
жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, логопед, медициналық қызметкер
және т.б.) құрастырады, әдіскермен келісіледі және мектепке дейінгі ұйым
басшысы бекітеді. Штаттық кестеде педагог - мамандар қарастырылмаған
мектепке дейінгі ұйымдарда нақты жас тобына Перспективалық жоспарды
әдіскер немесе тәрбиеші құрастырады. Перспективалық жоспарлау балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің
сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке
ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық»,
«Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру
салаларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Өтпелі тақырыптарды таңдау кезінде педагог мектепке дейінгі ұйымның
тақырыптық бағыттылығына немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс
тақырыбына, баланың жас ерекшелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне бағдарланып
шығармашылық құзыреттілік көрсету керек.
Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда аймақтық ерекшеліктерді,
балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе
тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып,
шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барлық топтарда Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес өткізіледі ( ҚР БҒМ 2012 жылғы
20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы)
.
Перспективалық жоспар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
оқытудың білім беру, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерін орындауды
қарастырады.
9
Педагог білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында
Перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады.
Балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу қызметі, серуен, балалардың
үйге қайтуы және т.б. күн тәртібіндегі процестердің орындалуын қамтитын және
өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған Циклограмма құрастырылады.
Циклограмма-бұл балалармен алдағы табысты жұмыстың түрін,
мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану
тәртібі.
Циклограмма құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрастырылады.
Циклограмманы жоспарлауға
қойылатын талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық
жоспарға сәйкес анықталады;
-
өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды
бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және
толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық
технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-
дамытушы ортаны қалыптастыру.
Циклограммада өтпелі тақырыптарға сәйкес балалардың жас ерекшеліктері
ескеріліп, әрбір күн тәртібі сәттерінің ұзақтығы анықталады.
Күн тәртібі
Күн тәртібі сәттерін жоспарлау «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер
үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық
қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына және күн тәртібіне
сәйкес жүзеге асырылады.
Күн тәртібі сәттерін ұйымдастыру кешенді тәсілді талап етеді:
- міндеттері нақты тұжырымдау;
- бала әрекетінің барлық түрлерін үнемі жоспарлау;
-дербестікті дамытуға ықпал ететін түрлі мазмұндағы жағдаяттық
әңгімелерді енгізу;
- қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша міндеттерді жоспарлау.
Жоспарлау тәсілдерін жаңартып, соған сәйкес тұжырымдамалар қолдану
ұсынылады. Педагогтер үшін үйреншікті «тапсыру....тағайындау... балаларды
/рөлдерді бөлу» сөздері өзгеше тәсілдерді көрсететін «көмектесу, талқылау,
келісу» сөздерімен ауыстырылуы тиіс.
Баламен жеке жұмыс. Педагог баланың жеке ерекшеліктерін жақсы білетін
болса, бала өзін жайлы сезінеді, оның көңіл - күйі көтеріледі және белсенділігі
артады. Балалармен жеке жұмыс педагогикалық бақылаулардың, балалардың
жеке даму мониторингін, дамудың жеке бағдарламасын (ерекше білім алуға
қажеттіліктері бар балаларға арналған) ескере отырып, жоспарланады.