150
Список использованных источников:
1.
Н
.А.Назарбаев. Послание Президента Республики Казахстан 10 января 2018 г. -
http://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-prezidenta-respubliki-kazahstan-n-
nazarbaeva-narodu-kazahstana-10-yanvarya-2018-g -
2. Вронская М.И. Предмет и задачи духовной реабилитологии. Подбор и подготовка кадров
духовных
реабилитологов: Сб. материалов. - С. 2, 6-7
3. Алферова Т.С., Потехина О. А. Основы реабилитологии.- Тольятти, 1995.
4. Гудина. Т.В. Социально - культурная деятельность как средство обеспечения
равных возможностей
развития и инкультурации детей-инвалидов в современном обществе (диссертация)
http://www.dslib.net/kult-prosvet/socialno-kulturnaja-dejatelnost-kak-sredstvo-obespechenija-ravnyh-
vozmozhnostej.html -
ӘОЖ 17.022.1
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ
Шаймергенова Д.Е.
(ППс-17 к тобының студенті)
Малибаева А.М.
(Кафедра ССП,СКГУ)
Қазіргі таңда қоғамдық түбегейлі бетбұрыстар тұлға құрылымын психологиялық
тұрғыда жаңа сипатта зерттеуді талап етіп отыр. Осы орайда, болашақ мамандарды
даярлауға деген көзқарас жаңа сипатқа ие болуда. Жоғары оқу орнындағы кәсіби
мамандар даярлау мазмұнының өзгеруі бүгінгі күнгі кәсіби құндылықтардың даму
ерекшеліктерін негіздеуді талап етеді. Қазақстан Республикасының нарықтық
қатынастары мен бәсекелестіктің өсуіне байланысты болып жатқан әр түрлі өзгерістер
білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің
дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан – 2030» стратегиясы мазмұнында жан-жақты
сипатталған. Стратегия бағыттарының жүзеге асуы үшін білімді, дені сау, адами
қасиеттері жоғары мамандар қажеттігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі[1].
Елбасы Н.А.Назарбаев осы бағыттарды жүзеге асыру барысында «Қазақстанның
артықшылығы — халық сапасы, адам ресурстары… Біз өзіміздегі баға жетпес
капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік жағдайлар туғызуымыз
қажет», – деп баса атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңда білім беру мәселелері жалпы
әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелердің бірі болуы өркениет дамуының білім беру
сапасымен бірден-бір байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім беру»
мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа
акпараттық технологияларын енгізу арқылы сапалы кәсіби мамандарды даярлауды
қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.
Студенттердің құндылықтық бағдарлары көп қырлы психологиялық феномен
болып табылады. Бүл феноменді ұғынуда онымен мәні жағынан ұқсас құндылық
бағдар, ниет, қызығушылық сияқты психологиялық сфераларды талдаған маңызды.
Құндылықтық бағдарлар дегеніміз – тұлғаның өзінің бүкіл өмір әрекеттерін,
потенциалдарын, бүкіл ішкі ниет пен ұмтылыстарды толығымен ашу арқылы көрінетін,
адамның өмірлік ұмтылысы. Құндылықтық бағдарлар адамның тұлғалық
ерекшеліктеріне ғана емес, оның әлеуметтік жағдайларда озін-өзі көрсету мен өзін-озі
анықтауы кезіндегі іс-әрекетін саналы ұйымдастыруларына ерекше әсер ететін
құбылыс. Құндылықтық бағдарлар мәселесін зерттеуде әр түрлі психологиялық,
философиялық
тұжырымдамаларды
талдай
келе,
тұлғаның
құндылықтық