Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет10/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113
азык тулык китап

түлік өндірісін тұрақтандыру
оның өсімін жаңарту, 
нарықтың сұранысына сəйкес оның құрылымын өзгерту, АӨК 
өнімдерінің сапасын жоғарылату болып табылады. Бұл мəселелерді 
шешу үшін өзара байланысқан ұйымдастыру – экономикалық жəне 
əлеуметтік шаралар кешенін кезегімен іске асыру қажет.
Өзара пайдалы сыртқы экономикалық ынтымақтастық жəне 
өндірістің халықаралық кооперациясымен байланысқан кеңейтілген 
ұдайы өндіріс тəртібінде, бірінші кезекте, агроөнеркəсіптік кешен-
нің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету қажет.
Мемлекет, отандық азық-түлік нарығының əдеттегі жəне төтенше 
жағдайда қалыпты қызмет етуіне кепіл болу үшін, азық-түлік жəне 
ауылшаруашылық шикізаты өндірісін, сатылуын жəне қолдануын 
реттеуі тиіс. Бұл үшін өндіріс жүйесінде, əсіресе, азық-түлік жəне 
ауылшаруашылық шикізатын сату жүйесінде қылмысты болдыр-
майтын құқықтық жəне ұйымдастырушы-экономикалық жағдай 
құру қажет.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі мемлекет 
заңдарымен, Президент жарлықтары жəне ұйғарымдарымен, 
Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің шешімдерімен 
бекітіледі. Осылардың негізінде жəне аймақтық заң шығаратын 
актілерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі:


16
– азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біріңғай 
мемлекеттік саясат жүргізуді;
– мақсатқа бағытталған мемлекеттік азық-түлік бағдарламаларын 
əзірлеуді жəне іске асыруды;
– мемлекеттің азық-түлік қорын басқаруды, оның сақталуын, өз 
орнымен қолданылуын жəне өз уақытында жаңаруын қамтамасыз 
етуді;
– халықты негізгі тағам өнімдерімен жабдықтауға байланысты 
мəліметтерді əзірлеуде, жинауды жəне талдауды ұйымдастыруды, 
азық-түлік қауіпсіздігі саласында жағдайдың дамуын болжамдап 
бағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы субъектілерінің атқарушы билік орган-
дары:
– аймақтың өзіндік жағдайын есепке ала отырып, азық-түлік 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында біріңғай мемлекеттік саясат 
жүргізеді;
– азық-түлік қауіпсіздігінің мақсатты аймақтық бағдарламаларын 
əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын қаржыландырады;
– Қазақстан Республикасы субъектілерінің аумағында азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдармен 
қызметтердің əрекетін үйлестіреді.
Халық азық-түлікті бекітілген деңгейден төмен тұтынса жəне 
төтенше азық-түлік жағдайы пайда болса, атқарушы биліктің тиісті 
мемлекеттік органдары ауылшаруашылық өнімдері мен азық-
түлік өндірісін ұлғайту бойынша арнайы іс-шаралардың жүйесін 
енгізеді, сонымен қатар тағам өнімдерін нормамен тарату сияқты 
азық-түлікпен қамтамасыз етудің ерекше тəртібін уақытша енгізуі 
мүмкін.
Елде жəне аймақтарда азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын бақылау 
үшін міндетті түрде 

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау