Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің көпдеңгейлі



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет7/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113
азык тулык китап

1.3. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің көпдеңгейлі 
жүйесін құру қағидалары
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарының көп-
шілігі субъектінің бір деңгейіне емес, бірнеше немесе көпшілігіне 
бағытталған. Осылармен бірге азық-түлік қауіпсіздігін түзетін 
мақсаттар жинағына жауапты құрылымдар бар, олар үкімет жəне 
мемлекеттің заң шығару органдары.
Қазіргі уақытта мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін 
қалыптастыру жəне дамыту міндеті өзекті болып отыр. Жүйелі 
қадамның мəнін түсіну үшін экономикалық аймақтың азық-түлік 
қауіпсіздігі жүйесінің теориялық құрылымын алға қойылған 
мақсатқа сəйкес қарастыру қажет.
Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі үшін жүйе құраушы 
фактор ретінде оның агроөнеркəсіптік кешені қабылданады (АӨК). 
Агроөнеркəсіп кешенімен жүйелі т үрде:
- өткізу жəне тарату;
- азық-түлік қоры;
- азық-түлікті тұтыну;
- басқару;
- қызметкерлермен қамтамасыз ету;
- ақпараттық қамтамасыз етілуі;
- қаржымен қамтамасыз ету;
- материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;
- технологиялық қамтамасыз етілуі, зерттеулер сияқты кіші 
жүйелер байланысты болады.
Кіші жүйелердің жүйеге бірігуі:
1) функционалды (кіші жүйелер жүйенің басты мақсатын орын-
дауды аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді);


12
2) ұйымдастыру (жүйенің басты мақсатын орындау үшін кіші 
жүйелер бір-біріне бағынады жəне байланысады);
3) ресурсты (кіші жүйелер барлық жүйенің сандық жəне сапалық 
сипаттамасын қамтамасыз етеді);
4) технологиялық (мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті кіші 
жүйелер үшін байланыс əдістері қалыптасады) сияқты қағидалар 
бойынша жүргізіледі.
Ашаршылық жəне тағамды тойып жемеу қауіптілігін болдырмауға 
кепілдік беретін жəне халықты тағам өнімдерімен сенімді (үздіксіз) 
жəне жеткілікті (медициналық нормалар бойынша) қамтамасыз 
етуді басты мақсат етіп қоятын азық-түлік қауіпсіздігінің жүйесі – 
бұл функционалдық, ұйымдастыру жəне технологиялық қағидалар 
бойынша құрылған кіші жүйелердің бір-бірімен өзара байланысқан 
жүйесі болып табылады.
Агроөнеркəсіп кешенін тұтыну, азық-түлікті сату жəне тарату, 
азық-түлік қоры сияқты кіші жүйелер азық-түлік қауіпсіздігінің ба-
сты мақсатын іске асырады, осылайша кіші жүйелер функционалдық-
мақсатты жəне қамтамасыз етуші болып бөлінеді. Басқа кіші жүйелер 
осы мақсаттың іске асырылуына мүмкіндік туғызады.
Азық-түлік қауіпсіздігін жүйе түрінде ұсыну – оның əрбір кіші 
жүйесінің жағдайын бағалауға, мүмкіндік береді, осының негізінде 
берілген жүйенің көпдеңгейлі мінезін анықтауға мүмкіндік береді. 
Азық-түлік қауіпсіздігінің жүйелері:
А1 – аймақтың азық-түлік тапшылығынан толығымен қауіпсіз бо-
луы (аймақ азық-түлікпен өзін-өзі 100 %-ға қамтамасыз етеді, оның 
үстіне азық-түлікті аймақаралық жəне əлемдік нарыққа шығаруға 
өндірістік қуаты жəне қоры болады);
А2 – аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты болуы (аймақ 
негізгі азық-түлікпен өзін-өзі 100 %-ға қамтамасыз етеді);
А3 – аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі (аймақ өзін-өзі азық-
түлікпен рұқсат етілетін шегіне дейін қамтамасыз етеді, оның үстіне 
азық-түлік ҚР-ның басқа аймақтарынан тасымалданады жəне сырт-
тан əкелінеді, яғни аймақ дағдарыс алдындағы жағдайда болады);
А4 – азық-түлік қауіптілігі (қатер) (азық-түлік қауіпсіздігі жоқ 
аймақ дағдарыс жағдайында болады);
А5 – азық-түлік тапшылығынан пайда болған апаттың алды 
(халық толығымен сыртқы экономикалық жəне əкімшілік реттеп 
жеткізетін азық-түлікке тəуелді болады);
А6 – азық-түлік апаты (аймақта ашаршылық орын алады, 


13
халықтың табиғи жəне эмиграциялық депопуляциясы жүреді) сияқ-
ты деңгейлерге бөлінеді.
Азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейлерге бөлінуі тəжірибелік мəнге 
ие. Мұндай қадам аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз 
етілуінің шын мəнісіндегі деңгейін жəне нормативтік көрсеткіштерге 
қаншалықты сəйкес келуін нақты анықтауға жəне бағалауға 
мүмкіндік береді. Осыдан кейін келесі міндеттерді шешуге кірісуге, 
яғни азық-түлік саласында осындай жағдай туғызған себептермен 
факторлардың (ішкі жəне сыртқы) жиынтығын анықтауға; азық-
түлік қауіпсіздігі деңгейлерін бағалау критерилерін жəне олардың 
қажетті нормаларын анықтауға; мəселені шешуге қажетті əдістер 
жəне тəсілдерді таңдауға болады:
Азық-түлік қауіпсіздігінің кешенді сипаты ең алдымен, əр мем-
лекет үкіметінің белсенді қызметін талап етеді. Осылармен бірге 
үкіметтер əрекетінің келісімі қажет жəне жекелеген мемлекеттердің 
əрекетін толықтыратын жəне күшейтетін халықаралық қауымдастық 
та күш салуы тиіс.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау