Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет12/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53

Қытай  мысалында  ежелгі  өркениеттердің  тәрбие  және  оқыту  жүйесін 
талдау  халық,  ұлт  түсінігі  мен  маңызын,  халықтың  пікірі  ерекше  маңызға  ие 
болған білім беру жүйесінің ерекшеліктерін көрсету мүмкіндігін берді.  
Ежелгі  Шығыс  мемлекеттерінде  мектеп  және  тәрбие  алуан  түрлі 
экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени,  этникалық,  географиялық  және  басқа 
факторлардың ықпалымен дамыды.  
Бұл  өркениеттердің  өмір  сүруі  хронологияға  сәйкес  келмесе  де,  соның 
ішінде  оларға  ортақ  құрылымдар  –  тәрбие  мен  оқыту  тән  болды.  Қоғамдық-
қауымдық  құрылыстан  әлеуметтік  сараланған  қоғамға  өту  кезеңіне  мектептің 
пайда  болуының  сәйкес  келуі  –  осындай  ортақтықтың  шынайы  салдары. 
Осындай тұрпаттамалылық ежелгі өркениеттер бір-бірінен бөлек өмір сүргеніне 
қарамастан, негізінде тәрбие және оқыту саласы ортақ болғанын дәлелдейді.  
Мысалы, Ежелгі Қытайда тәрбие принциптері сол заманның қандай да бір 
ғұламасының  философиялық  көзқарастарына  байланысты  болды,  тарихта 
практикамен  біріктіруге  негізделген  тұңғыш  педагогикалық  қорытынды 
жасалды, ол баға жетпес тәжірибе берді, онсыз әлемдік педагогиканың дамуын 
елестету мүмкін емес. Қытайлықтарды тәрбиелеудің дәстүрлі жүйесі мыңдаған 
жылдар  аралығында  кристалданып,  біртұтас  діни-этникалық  тұжырымдаманы 
құрған Конфуцийдің ілімінде өзін толық көрсете алды. Конфуцийдің «мемлекет 
– 
бұл үлкен отбасы, ал отбасы – шағын мемлекет» деген ұйғарымы белгілі.  
Ежелгі  Шығыс  қоғамдарында  жүздеген  және  мыңдаған  жылдар 
аралығында  өзгеріссіз  қалған,  мазмұны  мен  оқыту  әдістерінің дәстүрлілігімен 
сипатталатын тәрбиенің бірыңғай қоғамдық мұраты болмады. Солай бола тұра, 
Ежелгі Шығыс халқы әлемдік педагогикалық мұраға айтарлықтай үлес қосты. 
Тарихта  алғашқы  мектептер  ашылды,  тәрбиенің  нормалары  мен  принциптері 
туралы  жинақталған  түсініктер  құрастырылды,  осы  түсініктер  педагогикалық 
ойлар  мен  тәжірибенің  одан  әрі  дамуының  негізі  болып  қаланды.  Олар 
антикалық  және  ортағасырлық  еуропалық  педагогикалық  дәстүрлердің 
қалыптасуына  айтарлықтай  ықпал  етті.  Бұл  білім  беру-тәрбиелеу  тәжірибесі 
принциптерінің сословиелік принциптерінен де, библия уағыздарының әсерінен 
де,  эллиндік  дәуірдегі  шығыстық  және  батыстық  педагогикалық 
мәдениеттердің синтезінен де көрінді. 
Бала  дамуында  отбасындағы  тәрбие  жүйесі  үлкен  және  бірінші  кезекті 
маңызға ие. Атап айтқанда ең алғашқы кішкентай социум ішіндегі балаларды 
тәрбиелеу  жүйесі  олардың  келешекте  дамуының  негізін  қалайды.  Нақ  осы 
жерде алғашқы тәрбие ұйымдарының жүйелері пайда болады. Олардың дұрыс 
және тұрақты болуының маңызы зор. Егер жүйе жұмыс істемесе, немесе бала 
дамуына  ықпалы  нашар  болса,  нәтижесінде  адам  өзіне  ең  жақын  социум 
уағыздаған  постулаттарды  қабылдайды.  Ең  жақын  қоғам  –  бұл  тұлға 
уақытының көп бөлігін өткізетін қоғам. Ерте балалық шақта – бұл отбасы, бала-
бақша. Ал мектеп адам уақытының тең жартысын алса, университеттегі оқуға 
немесе жұмысқа уақытының 75% кетеді.  
27 
 


Егер адамда әрбір кезекті кезеңінде қоғамдағы өз мінез-құлық принциптері 
қалыптаспаса және бекімесе, социум тұлғаға қатты әсер ете бастайды және бір 
кезде  оған  өз  тәртіп  нормаларын  мойындатады.  Өкінішке  орай,  көп  жағдайда 
бұл тәртіп нормалары ізгілікті нормалардан алшақ жатады.  
Сол себепті де отбасы тәрбие жүйесінің талдауы қызығушылық тудырады. 
Еуропада  дүниежүзі  бойынша  адамды  тәрбиелеу  жүйесінің  діни,  әсіресе, 
христиандық  дәстүрінің  зор  ықпалы  болды,  ол  бала  туылғаннан  қалыптасады 
және  отбасылық  бастаулармен  күшті  нығайтылады.  Мұндай  тәрбиенің  негізгі 
міндеті  адамды  жерде  және  көкте  өмір  сүруі  арасындағы  үйлесімге  келтіру 
және діни қалыптасқан адамгершілік нормаларды орындау ретінде анықталды 
(православтық,  мұсылман,  будда).  Діни  тәрбие  идеялары  әр  елде  және  түрлі 
халықтарда  нақты  түрде  жүзеге  асырылды,  олардың  көптүрлілігі  заманауи 
өмірде де байқалуда.  
Византияда еуропалық және ресейлік педагогикалық дәстүрлердің дамуына 
ықпал еткен адамды оқыту мен тәрбиелеудің өз жүйесі қалыптасқан. Тарихтан 
сословиелік  тәрбие  мен  білім  берудің  әртүрлі  мысалдары  белгілі. 
Жауынгерлерді  серілік  тәрбиелеу  жүйесінде  және  серілерді  джентльмен  етіп 
тәрбиелеу  жүйесінде  сословиелік  тәрбие  мен  білім  беру  анағұрлым  жинақы 
көрсетілген (Дж. Локк).  
Мұсылман  қоғамының  негізгі  ошағы  –  дәстүрлі  қауым  (туыстар,  көше, 
ауыл)  болып  табылады.  Белгілі  педагог  И.  Гаспринскийдің  ұйғаруы  бойынша 
кез-келген  осындай  қауым  бөліктері  тұтаспен  тығыз  байланысқан  және  өз 
заңдары, әдет-ғұрыптары, қоғамдық тәртіптері, мекемелері мен салт-дәстүрлері 
бар шағын мемлекетті ойға түсіреді. Бұл орайда әрбір мұсылман қауымының өз 
мектебі  (мектеб)  және  мешіті  болады.  Діни  және  зайырлы  пәндердің,  ұлттық, 
араб және орыс тілдері сауатты байланысы байқалады.  
Орталық  Азияда  ХХ  ғасырдың  басында  Құранның,  хадистердің 
адамгершілік  идеялары,  шығыстық  ғалым-энциклопедистердің  ойлары,  Әл-
Фараби,  Әбу-Райхан  Бируни,  Әл-Хорезми,  Әбу-Әли  Ибн-Сина  және  т.б.  ұлы 
ойшылдардың  рухани  мұралары  рухани-адамгершілік  білім  беру  ортасының 
іргетасы болды. Осы кезең тарихта Шығыс Ренессансы кезеңі ретінде белгілі. 
Шығыс  энциклопедистері  Еуропадан  Азияға  ауысқан  білім  қорларын  жасай 
алды, ол барша адамзат жетістігі болды.  
Түркі  халқының  бала  тәрбиесі  жүйесіндегі  ұлттық  философия  мыңдаған 
жылдар  аралығында  қалыптасты.  Адамның  тіршілік  әрекеті  шеңберінде  жан-
жақты  танымға  ие,  дүниежүзіне  танымал  ғалымдар,  жазушылар,  суретшілер 
идеяларының негізінде тәрбие жүйесіне әлеуметтік бағыттылық берген мәдени 
және  танымдық  бағдарлар  қалыптасты.  Түркістан  өлкесі  педагогикалық 
парадигмаларының  өткен  ғасырдың  басындағы  дискурсивті  көрінісі  діни 
схоластиканың  басымдығымен  сипатталады.  Осы  кезеңде  мұсылман  рухани 
әлемінің  мұраты  реформаға  ұшырады,  мұсылмандық  теология  саласында 
реформалар  басталды.  Жадидтер  пайда  болғанға  дейін  білім  исламның 
белгілегендерімен анықталды, онық сақталуын діни қауым (дін басылар) қатаң 
28 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау