үй жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының
қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және
қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе,
нақтылық және реттілік қалыптасады. Үйдегі тәжірибелерді және
бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата
білуге үйретеді.
Эксперементтік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперементтік
жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру
қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперементтік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау
қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде
алынса, онда эксперементті қою және өлшеулер жүргізу маңызды.
Есеп түріндегі эксперементтік тапсырмаларды шешу және жазу келесі
элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер
жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру.
Жоғарыдағыдай, үй тәжірибелерін орындау оқушылардың теориялық
білімдерін күнделікті өмірмен логикалық түрде байланыстырады.
Техникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің
қолданылу аясын кеңейтеді. Оқушылардың талпынғыштығын, тапқырлығын
арттырады. Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы
табандылыққа үйретеді. Эксперементтік есептердің бағалы жері – ол
оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.
Екіншіден тіпті оңай деген эксперементтік тапсырманың өзі зерттеушілік
қабілеті бар оқушыларды табуға жағдай жасайды.
«Физика» пәнін бейінді оқыту таңдап алынған бағыт пен мамандану
саласындағы білім берудің келесі деңгейімен (орта және жоғары кәсіби)
сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта физикалық білім берудің өзекті мәселелерінің бірі
оқушыларға физикалық есептерді шығаруды үйрету. Әр түрлі деңгейдегі
физикалық есептерді шығара білу – оқушының оқу материалын өте жақсы
меңгергендігін білдіреді. Сабақ барысында оқушылар білім, білік, дағдыларды
игерумен қатар өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі физикалық мәселелерді өз
білім, білік, дағдыларын пайдаланып тиімді шеше білуді үйренеді, зерттеу,
талдау, есте сақтау, логикалық және шығармашылық қабілеттері дамиды,
жігерлілік, мақсаткерлік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауапкершілік секілді
жеке қасиеттері қалыптасады. Сондықтан оқушылардың меңгерген физикалық
білімдерін және біліктіліктерін әр түрлі деңгейдегі эксперименттік, сандық,
сапалық есептерді шығаруда қолдануларын талап ететін қызмет түрлерін
(өзбеттерімен есеп шығару, үй тапсырмаларын орындау, бақылау жұмысы,
сынақ жұмысы) ұйымдастыру керек. Физиканы оқу кезінде танымдық іс-
әрекеттің дамуы ғылыми зерттеу әдістерін, әсіресе физикалық және
математикалық модельдеу әдістерін меңгеру арқылы жүзеге асады. Бұл әдістер
күрделік деңгейлері әр түрлі болып келетін физикалық есептерді шығару
16
кезінде орын алады. Орындалған тапсырмалардың күрделілік деңгейінің өсуіне
байланысты оқушының даму қарқынын айқындауға болады.
3.3 10-
11 сыныптарға арналған «Физика» оқу бағдарламасында
қолданбалы курстардың маңызы
Бейінді оқытудың мақсаты – оқушылардың қызығушылық бағытын,
қабілетін келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыру
немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған, яғни оқытуды
дифференциалдау және жекешелендіру.
Жоғары сыныптарға арналған оқу жоспарын шартты түрде 3 бөлікке
бөлуге болады.
1.
Жалпы білім беретін базалық пәндер. Бұл сыныптағы барлық
оқушылар үшін міндетті болып саналады.
2.
Белгілі бір бағыттағы таңдаған оқушылар үшін міндетті және сол
бағытты толық анықтайтын тереңдетілген бейіндік білім беретін пәндер.
3.
Оқушылардың өз таңдауы бойынша енгізілетін таңдау (қолданбалы )
курстары.
Физикадан бейінді, сараланған білім беруде оқушылардың таңдауы
бойынша қатысатын қолданбалы курстарды ұйымдастырудың үлкен мәні бар.
Қолданбалы курстар-мектептің жоғары сатысында оқытудың құрамына енетін
және оқушылардың таңдауы бойынша қатысатын міндетті курстар.
Барлық жалпы білім беретін пәндер негізіндегі бейінді және қолданбалы
курстардың жиынтығы әрбір оқушы үшін жеке білім теориясын құруға
мүмкіндік береді.
Қолданбалы курстар төмендегідей мақсаттарды көздейді:
1.
Қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу.
2.
Болашақ мамандықтың ерекшеліктерін таныстыру, оқушылардың түрлі
іс-әрекеттерді орындау барысында осы мамандық иесі ретінде өзіндік
сыналуына жағдай туғызу.
3.
Оқушының шығармашылық, танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.
4.
Бейінді пәндердің мазмұнын толықтыру.
5.
Оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында
келешекке қажет білік пен дағдының қалыптасуына мүмкіндік жасау.
6.
Оқушының білімге деген құштарлығын жоғары дәрежеде дәйектеу
мақсатында бала бойындағы қызығушылықты, шығармашылық шабытты
жандандыру.
Қолданбалы курстардың білім мазмұны мына талаптарға жауап беруі тиіс:
−
мазмұнның толымдылығы. Бағдарламаны дайындау кезіндегі
білімнің толымдылығы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті
және жеткілікті білімдерді анықтауда болып табылады.
−
оқушылар үшін жаңалық дәрежесі. Іс-әрекеттің тиімділігі және
оқушыларды ынталандыру үшін берілетін білімнің бұдан бұрын игерген білімге
қарағанда жаңалық дәрежесімен анықталады. Бағдарлама базалық жалпы білім
17