Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 499,06 Kb.
Pdf просмотр
бет5/18
Дата06.03.2018
өлшемі499,06 Kb.
#11785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

 

орынды  қатынас  және  тапсырмаларды  бірлесе  орындау  үдерісінде 



ынтымақтастықтың тiлегi;  

− 

қоршаған  ортаны  қорғауға  жауапкершілік  сезімі,  жаратылыстану 



ғылымының  жетiстiктерін  пайдалануды  бағалауға  дайындық;  ақпараттық 

мәдениетке тәрбиелеу.  

Берілген  уақыттың  25%  жуығы  көрсетілім,  практикалық  және 

лабораториялық  жұмыстарды  орындауға,  оқушылардың  білімдерiнiң  тексеру 

үшін  10%  уақыт  қарастыру,  оқу  уақытының  бос  қорынан  оқу  процессiн 

ұйымдастыру,  оқу  процессiн  ұйымдастырудың  әр  түрін  пайдалану,  қазiргi 

оқыту  әдiстерін  және  педагогикалық  технологияларды  енгiзу  және  жергiлiктi 

жердің жағдайын ескеруге 10 % сағат көлемiн тиімді бөліу маңызды. 

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында адамзат 

қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық 

білімдерді  органикалық  үйлестіру,  физикалық  тәжiрибелерді  орындағанда 

оқушылардың  дағдыларын  дамыту  және  қазiргi  заманғы  техникада 

қолданылатын  физиканың  ең  маңызды  жетiстiктерін  таныстыру  ескерілуі 

қажет. 


Сонымен  бiрге,  курс  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмысын  жасу 

қабiлеттiлiктерiн  дамытуға,  бақылау  жүргізу  және  эксперименттік 

тапсырмаларды 

орындау, 

жобалау 

жұмысын 


жасау 

дағдыларын 

қалыптастыруға бағытталады.  

10-


сыныпта 13 лабораториялық жұмыс, 17 практикалық жұмыс, 5 бақылау 

жұмысы,  4  физикалық  практикум;  11-сыныпта  6  лабораториялық  жұмыс,  

4-

бақылау жұмысы, 20 практикалық жұмыс 10 физикалық практикум өткізілеу 



қарастырылады. 

Физика  және  техника  ғылымдары  саласының  қарқынды  дамуы  елімізде 

жоғары  білікті  мамандар  даярлауды  талап  етуде.  Жалпы  орта  білім  беретін 

мектептерде  физика  пәнінен  бейінді  оқыту  жүзеге  аспай,  бұл  мәселені  шешу 

мүмкін емес. 

Жаратылыстану-математикалық  бағыт  оқушылардың  физика  пәнінен 

алатын  жалпы  білімдік  дайындығын  кеңейтіп  және  тереңдетеді,  сондай-ақ 

таңдап  алған  оқу  бағытты  немесе  мамандық  саласы  бойынша  білім  берудің 

келесі деңгейімен сабақтастықтын қамтамасыз етеді. 

«Физика»  оқу  пәнін  жаратылыстану-математикалық  бағытта  оқытудың 

басты  мақсаттары  оқушыларда  ғылыми  дүниетаным негіздерін қалыптастыру, 

олардың  интеллектуалдық  қабілеттері  мен  танымдық  қызығушылықтарын 

дамыту, құндылық бағдарларын тәрбиелеу болып табылады. 

10-


11  сыныптарға  арналған  «Физика»  оқу  бағдарламасының 

ерекшеліктеріне  қазақтың  әдет-ғұрып,  салт-санасында  кездесетін  кейбір 

элементтерді физика сабағында қолдану да қарастырылады[4]. 

Бейінді  оқыту  кезінде  «Физика»  курсының  мазмұны  іргелі  физикалық 

теориялардың динамикалық түрде дамитын жүйесі ретіндегі дүниенің ғылыми-

физикалық  бейнесі  туралы  шынайы  көзқарас  қалыптастыруға  бағытталған 

тұжырымдық  идеяға  сәйкес  анықталады.  Физиканың  мазмұны  осы  іргелі 

теориялар төңірегіне топтастырылады. 

Физиканы оқығанда,  оқушылар  тек  ғылымның  негізін  біліп  қана  қоймай, 

ғылыми  таным  әдістерін,  қазіргі  заманғы  өндірістің,  техниканың,  адамға 

10 

 



 

 

тұрмыстық  қызмет  көрсетудің  практикалық  тәсілдері  мен  икемдіктерін  игере 



білуі  тиісті.  Осыған  байланысты  қазіргі  мектептерде  бейінді  оқыту  үшін  оқу 

әдістемесінің 

мазмұнын 

әлеуметтік, 

ғылыми-техникалық 

прогреске 

сәйкестендіру  қажет.  Сондықтан  жаратылыстану-математикалық  бағытта 

бейіндік  оқытуда  адамның  табиғатпен  өзара  қарым-қатынасы,  адамның 

Ғаламдағы  және  планетадағы  орны,  өмірлік  мәні  бар  мәселелер  және 

оқушыларға  білім  беру  мен  тәрбиелеуде  үлкен  маңызы  бар  лабораториялық 

және  практикалық  жұмыстар  кең  орын  алады.  Физикалық  құбылыстарды, 

тарихи-ғылыми  және  тарихи-өмірбаяндық    материалдарды  зерделеуде  пәндік 

дағдылармен  қарулану  және  пәнді  жақсы  түсіну  математикамен,  химиямен, 

биологиямен  және  географиямен  пәнаралық  байланыс  арқылы  қамтамасыз 

етіледі.  

Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  сыныптарды  бейінді  оқыту 

үшін  оқу  пәнiнiң  жалпы  мақсаттарын  және  оқушылардың  қабiлеттiлiгiнен, 

қызығушылығынан  және  кәсiптiк  мүддесiнен  туындайтын  арнайы  мақсатын 

ескереді. 

Физиканың  теориялық  мәндiлiгi  мен  практикалық  бағытталуы  көп 

жағдайда  зерттеушiлiк  сипатта  болып  келетiн  лабораториялық  жұмыстар 

жүйесiнде  де  көрiнiс  табады.  Физиканы  зерделеуге  саналы  қатынас 

шығармашылық  тұлғаның  қалыптасуына  ықпал  етеді,  яғни  бұл  пән 

оқушылардың ой-өрісінің қарқынды дамуына маңызды үлес қосады, сондай-ақ 

эстетикалық  талғамдылықты,  әдемілікті,  адам  ойының  күштілігін  және  оның 

қоршаған ортаны тану қабілетінің молдығын сезіне білуге үйретеді. 

Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту олардың берік те 

терең  білімдерін,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  икемділіктерін  жөне  дағдыларын, 

танымдық  қызығушылығын,  алдына  қойылған  мәселелерді  шешуде  бастама 

көтеруін,  мақсатқа  ұмтылуын,  табандылығын  дамыту  мен  қалыптастыру  - 

мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.  

Бейінді  оқыту  кезінде  жұмыстың  креативті  тәсілдеріне  және  формасына 

ерекше  орын  бөлінеді,  проблемалық  мәселелерді  талқылау  арқылы  ұжымдық 

жұмыс  жүргізу,  оқушыларды  өзіндік  шығармашылық  жұмысқа  және  топта 

бірігіп  және  жеке  жасайтын  қызықты  тапсырмаларға  бағыттайтын  дамытушы 

сипаттағы  шығармашылық  тапсырмаларды  орындау  және  практикалық 

есептерді шығару ұсынылады. Бейінді оқыту кезінде мұғалім оқушылардың өз 

бетінше  танымдық  іс-әрекетін  көрсететін  оқыту  технологияларын  пайдалана 

отырып, оқу процесін ұйымдастыруына бағыт-бағдар береді. Физиканы бейінді 

оқыту үшін көптеген мектептерде физикалық құрал- жабдықтар жетіспейді. Бұл 

өзекті мәселені шешу жолдарының бірі физиканы оқытуға арналған интернет- 

ресурстарды  қолдану.  Атап  айтқанда:  осы  және  тағы  басқа  сайттардың, 

электрондық  оқулықтардың  көмегімен  қажетті  компьютерлік  физикалық 

көрсетімдерді,  эксперименттерді,  тәжірибелерді,  лабораториялық  жұмыстарды 

жүргізуге  болды.  Сонымен  бірге  әдістемелік,  дидактикалық  материалдарды 

алып пайдалануға болады [5]. 



 

 

11 


 


жүктеу 499,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау