Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Педагогикалық-психологиялық қолдау
Орындаған:Айдарханова У. МФ-31
Тексерген: Какина Д.Ш
Арқалық, 2020ж
Инклюзив білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді. Инклюзив білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық климат орнауы қажет. Жалпы білім беретін орта мектепте ППҚ (психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету) қызметі құрылды. Онда ППҚ қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау ППҚ қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Жалпы білім беретін орта мектепте ППҚ (психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету) қызметі құрылды. Онда ППҚ қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау ППҚ қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Диагностикалық бағыт: - баланы алғашқы дефектологиялық тексеру -баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау -баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау -оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу - жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау -компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу -баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу. Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді: Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді: - Сенсорлы-перцептивті жағдай;
- Зейіні;
- Есте сақтауы;
- Ойлауы;
- Сөйлеу ерекшеліктері;
- Өзін-өзі бағалауы;
- Ерік-жігері;
- Психомоторлық жағдайы;
- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;
- Оқу біліктілігі;
- Еңбек біліктілігі;
- Коммуникативтілігі;
Түзете-дамыту бағыты бойынша: Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді: - сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; - кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; - пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; -салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; - зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; - көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту; - психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру. Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете- дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете – дамыту бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша: - - ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу
- - баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере оты- рып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;
- - оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;
- - эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;
- - әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;
- - ата-аналармен жұмыс:
- - баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;
- - ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;
- - ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;
- -ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.
Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В. А. Сухомлинский ата – анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден- бір фактор. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты
баланы шығармашылыққа тарту;
баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;
баланы мектепішілік, мектеп аралық мереке, ісшараларға қатыстыру;
баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.
Назарыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |