2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2014 жылғы 26 маусым № 5 хаттама).
Сессияаралық және сессиялық кезеңдерде оқу-тәрбие процесін жоспарлау.
Әдістемелік құрал./ – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2014. – 48 бет.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда тірек мектептердің (ресурстық
орталықтардың) қызметінің мазмұны мен жұмыс ын ұйымдастыру, сессиялық
және сессияаралық кезеңдерде оқу-тәрбие процесін жоспарлау үлгілері
ұсынылған.
Бұл әдістемелік құрал тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың)
басшылары мен м
ұғалімдеріне, шағын жинақты мектептің жетекшілері мен
білім беру ұйымының әдіскерлеріне арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2014
3
АЛҒЫСӨЗ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақты мектептің (ШЖМ)
мәселелері қаралған. Мемлекеттік бағдарламада басты міндеттердің - бірі
республикада ша
ғын жинақты мектептерді дамыту проблемасын шешу.
Ауылдық
шағынжинақты
мектептердің
жағдайын
зерделеу
барысындаоқушылардың білімдік қажеттілігін толық қамтитын, олардың жан-
жақты дамуына, тереңдетіп және бейіндік оқуына, оқушылардың
қызығушылығы мен қабілеттілігін ескеру жағдайының жоқтығы анықталды.
Осыған орай бағдарламадағы басым бағыттарды жүзеге асырудың іс-
шаралары:
- 75-
тармағынабайланыстыЫ. Алтынсарин атында
ғы Ұлттық білім
академиясының базасында шағын жинақты мектептерді дамыту орталығын
және жергілікті жерлердегі білім арттыру институттары жанынан 14 өңірлік
орталық құру;
- 77-
тармағыбойынша ШЖМ, тірек мектептері (ресурстық орталықтар ы)
(
ТМ (РО))үшін әдістемелік құралдар әзірлеу;
-
78-
тармағы бойынша өңірлерде тірек мектептерді (ресурстық
орталықтарды) ашуды қамтамасыз етуін қарастыру.
Шағынжинақты мектептерде білім беру сапасының төмендігі мына
себептерге:
₋
білім алушылар контингентінің аз болуы және біріктірілген сыныптарда
сабақ берудің қиындығы;
₋
әкімшілік және мәдени орталықтардың қашықта болуына байланысты
әлеуметтік кеңістіктің шектелуіне;
₋
материалдық-техникалық базаның оқу үдерісіне сай болмауына және
телекоммуникация инфрақұрылымының ескіруіне;
₋
бейіналды даярлы
қ пен бейіндік оқуды, қосымша б ілім беруді
ұйымдастыру мүмкіндіктерінің болмауына;
₋
мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жүйелі дамыту мүмкіндіктерінің
шектеулі болуына байланысты болды.
Қазіргі уақытта ауылдағы шағынжинақты мектептердің қызметін
жетілдіру, ондағы оқу-тәрбие жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыруды
жүзеге асыру көзделген. Бағдарламада «экономиканың орнықты дамуы үшін
сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды
дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деп белгіленген [1].
Осы м
әселел ердің шешімі ретінде, я
ғни білікті мамандар мен
материалдық-техникалық құралдармен толық жабдықталған, ауылдағы
шағынжинақты мектептерді біріктіретін тірек мектебі (ресурстық орталықтар)
ашу болып табылады. 2011-2015 жылдарға арналған іс -шаралар жоспарының
78-
тармағына сәйкес 2015 жылға дейін 160 тірек мектебі (ресурсты
қ
орталықтар) ашылуы тиіс: 2011 жылы – 26, 2012 жылы – 28, 2013 жылы – 31,
2014
жылы – 35, 2015 жылы – 40 ТМ (РО) жоспарланған [1].
Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламмасын жүзеге асуына ТМ (РО)
4
жұмыс істеуін қамтамасыз етуде келесі өлшемдер қабылданған:
–
қазіргі замануи инфрақұрылым жасау;
–
материалды-техникалық базаны нығайту;
–
ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік іс-әрекетін сүйемелдеу және
қамтамасыз ету;
–
ТМ(РО) ж
әне ШЖМ бі ріктірілген сыныптарына о
қу -әдістемелік
құралдарды әзірлеу;
–
тірек және шағын жинақты мектептердің педагогтарының біліктілігін
арттыру;
–
ТМ (РО) басшылығына өңірлік оқыту семинар -тренингтер өткізу. Осы
бағдараламаны жүзеге асыру аясында шағынжинақты мектепке арналған типтік
ереже қаралып бекітілді.
Қазақстан Республикасының 24 қазан 2014жылғы білім Заңының 1-бап 53-
2 тармақшасында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17
қыркүйектегі № 375 бұйрығында тірек мектеп (ресурстық орталық), шағын
жинақты мектеп, магниттік мектептерге анықтамалар берілген (1-қосымша):
₋
тірек мектеп (ресурсты
қ орталығы)
–
шағын жинақталған мектеп
оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету
мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды
аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған
мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру
ұйымы;
₋
шағынжинақты мектеп – білім алушылар контингентін шағын, сынып -
жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны
бар жалпы білім беретін мектеп;
₋
магниттік мектеп – аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бұйрығымен
тірек мектебіне (ресурстық орталыққа) бекітілген шағын жинақты мектеп [2].
Онда орта шағын жинақты мектепте білім алушылардың саны 81 -ден 180
адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді делінген [3].
2012-
2013 оқу жылы шағын жинақты мектептің саны 4145, ол жалпы орта
мектептің 56%-ын құрайтын. Осы Типтік ережеге бай ланысты қазіргі
статистикалық мәліметтер бойынша 2013-2014 оқу жылы жалпы орта білім
беретін 7004 мектеп, оны
ң ішінде 3639 -ы шағын жинақты мектеп, ол 52%.
құрайды. Ал мектептердің 90%-дан астамы ауылдық жерде орналасқан.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңы зды міндеттерінің бірі – бәсекеге
қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және
адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі
қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады. Қазір шағын
жинақты мектептерде оқушы санының азаю тенденциясы сақталып, кей
жағдайларда мектептер жабылуда. Мектептің жабылуы балалары бар
отбасыларының көшіп кетуіне, ал бұл өз алдына елді мекеннің жойылып
кетуіне әкеп соқтырады. Бұл тенденцияның сақталуы Қазақстан ха лқының
орналасу тығыздығы біркелкі болмауына байланысты, уақыт өте келе
жекелеген аймақтарда республика көлеміндегі шаруашылық іс -әрекеттерді
жүзеге асыру біршама қиындауы мүмкін.