62
Ұзындық бірліктері: тырнақ қалыңдығындай – 1 мм; шынтақ елі – 10мм; бір елі – 1,5
см; 156 мм; сынақ сүйем, қарыс, шынтақ, кез, құлаш, бір қадам, бір саржан, арқанбойы,
шақырым, қозы көш жер деп аталатын қосымша бірліктер пайдаланылған. Уақыт бірліктері:
кірпік қағу, қас қағым, қас пен көздің арасы, бір сәт, сүт пісірім, бие сауым, ет асым, көлем
бірлігі – текше. Мұнда студенттер халқымыздың ұлттық бірліктерімен толық таныса отырып,
қазіргі бірліктермен байланысын есептеуді үйренеді.
Сонымен қатар, гуманитарлық бағытта оқытуда мына материалдар қазақ халқының
ерте кезден ғылымға жақын болғандығын және физика ғылымының өмірмен байланысын
оқып үйренеді. Ұстаның зергерлік бұйымдарды, ат әбзелдерін соққанда күмісті қыздыру
себебін, қайнаған самауырын кернейінің нығыздалып қалуын молекула-кинетикалық
теорияда зат құрылысы, олардың қасиеттері туралы мәселелерді түсіндіруге болады.
Ұстаның зергерлік бұйымдар, ат әбзелдерін /құйысқан, өмілдірік/ соғуы; Шошыған балаға
қорғасыннан қорықтық құю әдетін жылу құбылыстары, молекулалардың қозғалыс
жылдамдығының температураға тәуелділігі арқылы түсіндіруге пайдалануға болады.
Қазақ халқы өте шебер болған. Ағаштан әртүрлі бұйымдар: домбыра, қобыз,
дауылпаз, саз-сырнай т.б. жасаған. Ұлттық аспаптарды желімдеген. Жүзік бауырын
дәнекерленген. Киіз үй ағаштарын әртүрлі пішінде иіп жасаған. Осы құбылыстың барлығы
қатты денелерді созу, сығу яғни денелердің деформациялануы арқылы түсіндіріледі.
Ұлттық ойындар «Тас ату», «Найза ату» кезіндегі лақтырылған тас пен найзаның
жерге түскенге дейінгі қозғалысы жердің барлық денелерді өзіне тарту құбылысы арқылы
түсіндіріледі. Бәйге түрлері: аламан бәйге, бәйге, жорға жарыс, жаяу жарыс, көш керуен, өгіз
аяң. Бәйгеге сөреге жеткен аттың бірден тоқтай алмауы. Атпен қатты келе жатқан адамның
аты сүрінгенде үстіндегі адамның құлауы. Дененің жылдамдығы тек оған басқа дене әсер
еткенде ғана өзгеретіндігін, инерцияның тұрмыста білінуі арқылы түсіндіріледі. Үзеңгі,
тартпа. Егер аттың тартпасы бос болса, адамның аттан ауып түсу себебі. Қазақ халқы үйді
қатты дауыл тұрғанда жығып кетпес үшін, шаңырақтан байлаған желбауға үлкен-үлкен жүк
іліп қойған. Ілінген жүк желбауды керіп, шаңырақты төмен басып тұрған салмақ, ауырлық
күш ұғымдарын ажырата білу тартылыс құбылысы, ауырлық күшінің әсері арқылы
түсіндіріледі.
Қазақтың байырғы аңшылық және жауынгерлік қаруы – садақ атуды серпінділік күші
арқылы түсінуге болады. Садақ – мықты ағаш немесе аңның мүйізінен жасалатын қару.
Садақтың кермесінің созылуы, неғұрлым көп болса, соғұрлым серпінділік күші көп болады.
Садақ кермесінің потенциалдық энергиясы, садақ жебесінің кинетикалық энергиясына,
тербелген алтыбақанда, аспалы бесікте энергия түрлерінің бір-біріне айналуы энергияның
сақталу заңына негізделгенін атап өткен жөн. Садақты тартқан кезде кермесінің
потенциалдық энергиясы, ұшып бара жатқан жебенің кинетикалық энергиясына айналуы
механикалық энергияның бір түрінің екінші түрге айналуы арқылы түсіндіріледі. Арқанның
созылуы. Үзеңгі, тартпа, желбауға түсетін күштер дененің салмағы. Серпінділік күші мен
дене массасының арасындағы байланыс арқылы түсіндіріледі. Садақтың оғы – жебе.
Садақтың адырнасын кері тартқанда тарту күшіне қарама-қарсы серпінділік күші пайда
болады. Қолдың тарту күшін жойғанда серпінділік күшінің әсерінен жебе атылады. Арқан
тарту ойынында бір топтағылардың күштері қосылады. Қарама-қарсы топтағылардың бірі
жеңеді. Жылқыға шалма тастау, құрық салу. Садақ көрмесінің созылуы, ондағы күштің аз,
көп болуы күштерді қосу тақырыбымен түсіндіріледі
Алғашқы адамдардың шақпақтағы үйкеу арқылы от жағуы, ұршық, ұн тартатын қол
диірмен қозғалысы. Көшкенде пайдаланатын арба, шана қозғалысы үйкеліс күшінің әсерінен.
Ат тағасы, ат тағалау себебі, адамның аяқ киімін тағалауы да үйкеліс күші арқылы
түсіндіріледі. Адам тағасы, ат тасы, етік тігетін біз, соқамен жер жырту, оны басу. Қымыз
құятын мес пен сабаның түбіне, құйылған қымыздың қысым түсіруі. Май салатын қарынды
үрлеу.
63
Айранды дорбаға құйып қатық сүзу. Дорба түбіне түсетін қысым дорбаның үстіңгі
бетіне түсетін қысымнан көп екенін, оны дорбадан аққан сары судан байқауға болатындығы
Паскаль заңы, газ бен сұйық ішіндегі қысым арқылы түсіндіруге болады. Саба түбіндегі
қымыз қысымын торсық және мес түбіндегі қысымды, сұйықтың ыдыс түбіне және
қабырғаларына түсірілетін қысымы арқылы түсіндіреді.
«Бағанаға өрмелеу» ұлттық ойынында бөренеге өрмелеуде басына көтерілу үшін
бөренемен өрмелеушінің аяқтары-қолы арасында тыныштық үйкелісі болған жағдайда
жоғары қозғалады. Келтірілген бұл мәліметтер білімгерлердің физика пәнін оқуға деген
қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Студентердің өзіндік жұмыстары кезінде берілген
тақырып бойынша гуманитарлық мәселелерді қамтуды тапсыра отырып, олардың ой-
өрістерінің жетілдіруді үнемі басты назарда ұстаған жөн.
Бұл бағыттағы білімгерлердің психофизиологиялық ерекшеліктерімен байланысты
олардың мүдделерін ескеру физика курсының мазмұнын таңдап алуда әдістемелік,
мәдениеттанушылық және экологиялық идеялардың синтезіне сүйену қажеттігіне әкелді.
Сонымен қатар, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім алушылар үшін арналған физика
курсы өзара байланысты мына ғылыми болжамдар шешуге бағытталды:
1. Физиканың жалпы және маңызды заңдары туралы логикалық жүйелі білім беру.
2. Табиғат құбылыстарын түсінуге қолданылатын ұғымдық аппаратты жетілдіру,
қоршаған дүниеде саналы бағдарлама алуды қалыптастыру.
3. Осы білімдер негізінде ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, танып білуге
қабілеттілікті және жалпы алғанда ойлау мәдениетін дамыту.
Бұл тұрғыдан қарау білімгерлердің теориялық ойлауын, теория мен эксперименттің
танымдағы рөлімен байланысты теория мен практиканың қатысы туралы әдіснамалық білім
жүйесін, материалды зерделеуге ұлттық тұрғыдан қарауға, физиканың дамуын қоғам
тарихымен, оның мәдениетімен байланыстыруға, физикалық теориялардың қолданысын
көрсетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі Қазақстан еліміздің болашағы үшін ең бір қажетті ұстаным ретінде тәрбие мен
білімге айрықша көңіл бөліп келе жатқанын айтуымыз керек. Қазақстан Республикасы
Президентінің Жолдауларында ұлттық бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік
деңгеймен айқындалатындығы айтылып келеді.
Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие түрлері арқылы қазақ жастарының ұлттық келбетін,
Отанға деген сүйіспеншілігі негізінде Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуға ұмтылысын
қалыптастыруда гуманитарлық бағытта оқытудың маңызы зор.
Әдебиеттер
1. Башаров Р.Б. Методология развития поликультурного образования в Казахстане.
Алматы: Ғылым, 2002, – 236 с.
2. Назарбаев Н.Ә Қазақстан - 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 265 б.
3. Ертісбаев Е. Қазақстан и Назарбаев: Логика перемен. – Астана : Елорда, 2010.- 576 с.
4. Ғалымбаева А. Қазақ ұлттық киімдері. – Алматы: Жалын, 1975.
5. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. – Алматы, 1998.
6. Муканова С.Д. Формирование инновационных потребностей учителей в условиях
инновационной деятельности. – Караганда, 1999.