267
сақтап қалғанын байқаймыз. Ал орыс, ағылшын және неміс тілдерінде семантикасы ұқсас
болып келеді:
Человеку свойственно ошибаться, но с помощью компьютера это ему удается
намного лучше;
To err is human - to totally muck things up needs a computer;
Irren ist menschlich, aber fur das totale Chaos braucht man einen Computer.
Берілген үш мысалда компьютер арқылы қателіктерді жоюға болады деген пікір
айтылады. Бұл жаһандану, ғаламдастыру процесімен түсіндіріледі. Яғни, қоғамдағы алып
жатқан өзгерістер антимақалдарда көрініс табуда [3]. Екінші мысалды алып қарасақ:
“Everyone makes mistakes,” said the hedgehog after trying to mount the hairbrush.
„Irren ist menschlich,“sagte der Igel, da sprang er von der Haarburste.
Бұл жерде ағылшын және неміс тіліндегі антимақалдар ұқсас болып келеді.
Кесте 1
Әлемнің мақал-мәтелдік бейнесі
Қазақ тілінде
Орыс тілінде
Ағылшын
тілінде
Неміс тілінде
Мақал
Қате баспайтын қадам
болмайды,
қателеспейтін
адам
болмайды.
Человеку
свойственно
ошибаться.
To err is human.
Irren ist menschlich.
А
н
т
и
ма
қ
ал
1) Қателеспейтін жақ,
қате баспайтын тұяқ
болмайды.
1)Человеку
свойственно
ошибаться, но с
помощью
компьютера это
ему
удается
намного лучше.
1)
“Everyone
makes mistakes,”
said the hedgehog
after
trying
to
mount the hair-
brush.
1) „Irren
ist
menschlich,“sagte
der Igel, da sprang
er
von
der
Haarburste.
2)
To err is human
- to totally muck
things up needs a
computer.
2) Irren
ist
menschlich, aber fur
das totale Chaos
braucht man einen
Computer.
2)
Қатені
көбірек
жіберген сайын, азы
қалады.
Мақал
Бүгінгі істі ертеңге
қалдырма.
Не
откладывай
на завтра то, что
можно
сделать
сегодня
.
Never do today
what can be done
tomorrow.
Was
du
heute
kannst
besorgen,
das verschiebe nicht
auf morgen.
А
н
т
и
ма
қ
ал
Ертең бітіретін істі
бүгін қозғама.
1)
Не
делай
сегодня то, что
можно
сделать
завтра.
1)Don’t do today
what you can put
off until tomorrow
1)Was
du
heute
kannst
besorgen,
das verschiebe nicht
erst morgen.
Сонымен түрлі жүйелік тілдердегі антимақалдарға жеке тоқталайық.
1) Әйелдің күйеуін басқарып, оның орнында үйді билеуі мағынасындағы
антимақалдар:
268
Қазақ тілінде : Әкесінің ақшасына үйленген, әйелінің ноқтасына үйренер.
Берілген мысалда қазіргі көпшілік отбасының құрудағы басты мақсат ақша болып
табылатындығы айтылуда. Бұл, әрине, қазақ халқы үшін тым жат болған нәрсе. Себебі ата –
бабамыз жас кезінде-ақ бір-бірін көрсетпей атастыра салған еді. Cонымен бірге, отбасын
құрудағы махаббаттың орны ерекше болып еді. Қазіргі таңда бәрі өзгерді. Қазіргі таңда тек
әйел адамдардың мақсаты қалталы жігіт іздеу емес, сонымен қатар ер адамдардың да
мақсатына айналып отыр. Яғни, берілген антимақалдан ақшаға қызыққан ер, тіпті, әйелдің
үйді билеуіне де үйреніп, оның отбасындағы доминанты болуына қарсы емес. Бұл қазақ салт-
дәстүрінде болмаған, өйткені қазақ отбасының тірегі отағасы болып келді. Әйел адам еріне
бағынуы тиіс болды.
Орыс тілінде: У меня с моей женой обмен мнениями: прихожу со своим мнением,
ухожу - с ее [4].
Жалпы алғанда, егер қазақ пен орыс әйелдерін алып салыстырғанда, орыстың
әйелдері мейлінше пысық әрі қулы болып келеді. Берілген антимақалда көріп
отырғанымыздай орыс отбасында қанша жерден ер адам өз дегенін істеткісі келсе де, әйелі
оның бетін қайтарып, көндіріп дес бермейді. Әрине, бұл жерде орыс халқына тән мінез-
құлықты көреміз.
Ағылшын тілінде: A man’s castle is his home, and his wife has the keys to all the rooms [5].
Қанша жерден үлкен заңғар үй ер адамдікі болса да, оның барлық бөлмесінің кілті
әйелінде дейді, яғни үй деген аты ғана ер адамдікі, ал үйдегі барлық билік пен заңдар әйел
адамға тиесілі. Бұл ағылшын стереотипімен түсіндіріледі.
Неміс тілінде: Heiraten ist die erste Dummheit, die man begeht, wenn man vernünftig
geworden ist [6].
(тура мағынасы: Есейгенде жасайтын бірінші ақымақтық үйлену).
Неміс лингвомәдениетінде үй болып, отбасын құруда қатты асығыстық танытпаған.
Олар үшін ерте некелесу ақымақтық болып табылады. Бұл дәстүр ретінде қалыптасып
қалған, себебі олар ақыл тоқтатып, аяққа нық тұрған кезде ғана маңызды қадам жасауды жөн
көреді. Біздің жақтағыдай, бозбала мен бойжеткен кезінде отбасын құру олар үшін жат нәрсе
болып табылады.
Жоғарыдағы мысалдарды қорытындылай келе, түрлі жүйелік тілдердегі антимақал-
мәтелдерді талдай отырып, біз әр халықтың өзіне тән салт дәстүрлерін, мәдениетін, сонымен
қатар тарихын көреміз. Бұның барлығы антимақал-мәтелдердің тілдегі әлем бейнесінің бөлігі
екендігін дәлелдейді.
Қорытындай келе, антимақал-мәтелдер қазіргі кезде қарқынды дамуда. Антимақал-
мәтелдердің пайда болуының себебі: адамдардың шығармашылық ойынға деген талпынысы,
атап айтқанда тілдік ойын мен әртүрлі жағдайларға шығармашылық көзқараспен қарау
талпынысы. Жоғарыда көрсетілген түрлі жүйелік тілдердегі антимақал-мәтелдердің өзіндік
мәдениеті мен қоғамына тән ерекшеліктері бар болғанымен, олардың жасалу жолдары мен
мақсаттары бір болып табылады.
Сөйтіп, әрбір хaлықтың, ұлттың коршaғaн ортa, aдaмдaр, бaсқa мәдениеттің өкілдері
турaлы жеке түсінігі болaды. Қоғaмның ішінде өздік мәдени кеңістіктің шеңберіндегі мінез-
құлық пен дәстүрлерге қaтысты стереотиптермен қaтaр, бaсқa тілдік және мәдени кеңістіктің
өкілдеріне қaтысты стереотиптер қaлыптaсaды. Қaзaқ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінің
антимақал-мәтелдерін сaлғaстыру aрқылы төрт хaлықтың дүниеге деген көзқaрaстaрын,
мәдени құндылықтaрын сaлыстырып, ұқсaстықтaр мен aйырмaшылықтaрды тaбуды жөн
көрдік. Бүгінгі ғаламдастыру, жаһандандыру саясатының аясында ғылымдардың даму
көкжиегін жаңа бағыттармен кеңейту, қайсыбір ғылым саласы болмасын, оны "адами
факторлармен, адами құндылықтармен" бірлікте қарастыру – адамзат өркениеті мен замана
керуенінің алға тартып отырған кезекті талабы. Әлемдік қолданбалы және теориялық
ғылымдардың ішіндегі негізгі қоғамдық, әлеуметтік коммуникацияның жетекші идеяларын
жүзеге асыруда мақсат еткен тіл ғылымының қазіргі бағыт-бағдары ғасыр талабына толық