Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет111/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   211

              220 

 

сол  тілдің  реалийлері  ретінде  ұлттық  таным,  тарих,  мәдениеттен  көрініс  береді.  Екіншіден, 



тілдік саясат орын алады, яғни тілдің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін сақтау. Үшіншіден, 

нысандарды,  соның  ішінде  азаматтарды  ұлттық  бірегейлендіру  үрдісі  жүреді.  Төртіншіден, 

онимдер, соның ішінде кісі есімдері ұлт тәрбиесінде негізгі рөл атқарады. 

 

Әдебиеттер 



1  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты». 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  – 

Астана, 14 желтоқсан, 2012 жыл.  

2 Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар. – Алматы: Санат, 1998. 

3  Ескеева  М.Қ.  Ортақ  түркі  әліпбиі  –  жалпытүркілік  сананы  жаңғыртудың  кепілі  // 

Халықаралық кеңістіктегі қазақ графикасы. – Астана, 2012. – 23-28 б.  

4  Әбдуәлиұлы  Б.  Транслитерация  және  қазақ  ономастикасының  мәселелері  // 

Халықаралық кеңістіктегі қазақ графикасы. – Астана, 2012. – 40-47 б.  

5  Ермолович  Д.И.  Имена  собственные  на  стыке  языков  и  культур.  –  Москва:  Р. 

Валент, 2001.  

6 Рсалиева Н.М. Қазақ ономастикалық атауларын ағылшын тілінде транслитерациялау 

ережесі (ЖОБА) // Халықаралық кеңістіктегі қазақ графикасы. –Астана, 2012. – 67-89 б.  

 

 

 

 

Р.С Тұрысбек  

М.З. Сайлаубекова  

Астана қ. (Қазақстан) 

 

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 



(ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ) 

 

«...Әдебиет шығармаларының тілін сөз ету ғылымдық дәрежеге жетпей келеді», - деп 



Мұхтар  Әуезов  айтқан  еді  [1.3].  Қазақ  прозасында  жазушыларымыздың  қаламгерлік 

даралығы  турасында  сөз  еткенде  көбіне-көп  олардың  туындыларының  идеясы,  тақырып 

өзектілігі,  образдардың  берілу  жолдары  сынды  дүниелерді  кеңінен  талқылап,  ал  сол 

көркемдікке,  ерекшелікке  қол  жеткізуге  негіз  болған  тілдік  факторлар  жайлы  жалпылама 

айтып  кетіп жатамыз. 

Әлемдік үдерісте, әсіресе орыс тіл білімінде лингвистикалық стилистика және әдебиеттік 

стилистика  жөнінде  кейбір  пікірлер  айтыла  бастады.  Көркем  шығарма  тілін  талдағанда  бұл 

екеуінің өзара тығыз байланыста болу керектігін В.В. Виноградов та, Б.В.Горнунг та аңғартады. 

Көркем  шығарма  тілінің  табиғаты,  оның  барлық  қыр-сыры  шын  мәнінде  де  осы  екі  түрлі 

стилистиканың негізінде, яғни шығарма стилінің элементі ретінде, сонымен қоса және әдеби 

тілдің,  жалпыхалықтық  тілдің  стилімен  тығыз  байланыста  талданған  тұста  ғана  толық 

ашылса  керек  [1.  7-9]  -  дейді  ғалым  Е.Жанпейісов.  Дәл  осы  тұста  ғалымның  пікірін  қос 

қолдап қолдай отырып, қаламгерлердің жазушылық машығын қалыптастыру мәселелерін тек 

әдеби  тұрғыдан  ғана  емес,  сонымен  қатар  өз  туындыларында  тілдік  тәсілдерді,  олардың 

мүмкіндіктерін  қаншалықты  пайдалана  алды  деген  сияқты  дүниелерді  қатар  алып 

қарастырудың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтеміз. Көркем шығарманың қай-қайсысы 

болмасын  тілдік  құралдардың  көмегімен  жасалады.  Сол  себептен  сөз  өнерінде  тіліміздің 

байлығын,  түрлі  тілдік  амал-тәсілдердің  суреткер  туындысында  көрініс  беруі  сияқты 

дүниелерді зерттеу өте өзекті. 

Жоғарыда 

аталған 

мәселелерді 

ескере 

отырып, 


біз 

өз 


жұмысымызда 

шығармашылығын 

зерттеуімізге 

нысан 


етіп 

алған 


жазушы 

Әбіш 


Кекілбаевтың 


              221 

 

прозасындағы,  нақтырақ  айтсақ  «Бір  шоқ  жиде»  хикаясы,  «Тасбақаның  шөбі»  әңгімесі  мен 



«Ажар»  триптихындағы  тіл  көркемдігін  айқындауға  тырыстық.  Шығармалардағы  тілдік 

қолданысқа  үңілмес  бұрын  олардың  мазмұнына  тоқталайық.  Туындыларда  көтерілетін 

тақырып  әртүрлі.  Мәселен,  «Бір  шоқ  жиде»  хикаясында  автор  тірісінде  адам  баласына 

зиянын тигізбей, адал ғұмыр кешкен Тілеу қарттың қара шаңырағының қаңырап бос қалуын 

баян етіп, жұмыр басты пенденің мына дүниеде қалдырар ізі қандай деген сияқты сауалдарға 

жауап  іздейді.  Ал  «Тасбақаның  шөбі»  әңгімесінде  жазушы  дүниенің  азан-қазанынан  аулақ 

Қарабала  мен  характері  жағынан  оған  қарама-қайшы  құрдасы  Оңбайды  қатар  суреттей 

отырып,  адамгершілік  пен  тәкаппарлық  сияқты  өмірлік  тақырыптарды  сөз  етеді.  Шағын 

әңгімелерден  құралған  «Ажар»  триптихы  да  ерекше.  Бірінші  әңгімеде  сұрапыл  соғыс 

салдарынан  жастайынан  жесір  атанған  әйелдің  сезім  атты  ұлы  күштің  алдында  әлсіздік 

танытып,  дүниеге  некесіз  бала  әкеліп  қарабет  атануы,  екіншісінде  Ажардың  сырын  білген 

ғашық  жігітінің  одан  теріс  айналып  жүрегіне  де,  тәніне  де  жара  салуы,  үшіншісінде  бір 

кездері  Әбен  есімді  жігітке  деген  сезімін  жасырып  қалған  Ажардың  өзегін  өртеген  өкініші 

баяндалады.  «Ажар»  триптихы  әйел  ғұмырының  азабы  мен  ғажабы  турасында  келелі  ой 

тастайтын  көркем  туынды.  Ендігі  кезекте  осы  шығармалардағы  қаламгердің  тілдік 

құралдарды қолдану ерекшеліктеріне тоқталсақ. 

Орайлы  тұста  автор  туындыларында  теңеулердің  қолданылуы  да  мәнді.  Қазақ 

әдебиеттану  ғылымының  негізін  салған  А.Байтұрсынов:  «Көріктеу  нәрсені  айыра  көрсетіп, 

айқын шығаруға  жарағанымен, нәрсенің  бейнесін  суреттеп  көрсетуге  күші  жетпейді.  Ондай 

орында  белгісіздеу  сипаты  белгілі  сипатқа,  белгісіздеу  нәрсені  белгілі  нәрсеге  теңеп, 

көрнектеп,  ашығырақ  көрсетеміз»  -  деп,  теңеу  туралы  тұжырым  жасаған  [2.  64].  Жазушы 

прозасы:  Сабы  ұзын,  шанағы  үлкен,  қақпағы  кептірген  қозының  қарнындай  жұп-жұқа 

[3.283],  Жаңа  ғана  үйдің  қасында  намаздыгердің  көлеңкесіндей  боп  ербиіп  тұрған  Зейнеп 

жоқ  [3.289],  Үй  ішіндегілер  арбалған  торғайдай  көз  айыра  алар  емес  [3.  301],  Бәрін  айт  та 

бірін айт, әйтеуір қазіргідей ине жұтқан иттей боп тызаяқтап жүрмес еді... [4.160], Әйел көзі 

түлкі  қаққан  қаршығадай  сақ  емес  пе  [4.52],  Аспан  да  жуыла-жуыла  өңі  кеткен  көне 

шұлғаудай  боп-боз  [4.59],  сынды  экспрессивтік  бояуларға  қанық  теңеулерге  толы.  Оларды 

қолдану  арқылы  автор  кейіпкерлердің  жағымды-жағымсыз  бейнелерін,  олардың  ішкі  жан 

дүниесінің  хал-ахуалын    көрсетуде  шебер  пайдаланған  және  сол  арқылы  туындыларының 

көркемдігін күшейткен. 

Автор туындыларындағы тұрақты тіркестердің қолданылу жайы турасында да сөз ету 

ерекше  маңызды.  Ғалым  Х.Қожахметова  фразеологизмдердің  көркем  шығармаларда 

қолданылуын  былайша  жіктейді:  Фразеологизмдердің  кейіпкерді  мінездеуде  қолданылуы; 

Фразеологизмдердің кейіпкердің психологиялық сезім күйлерін ашу мақсатында жұмсалуы; 

Фразеологизмдердің  кейіпкер  портретін  беруде  қолданылуы  және  т.б.  [2.  51].  Әбіш 

Кекілбаев прозасында да: Біздің балалар да  қашанғы қу тізелерін  құшақтап жүрсін [3. 266], 

Тілепалдысы аман болса әлі де көбейетіндей, көсегесі көгеретіндей көреді [3. 268], Міне екі-

үш  күн  болды,  көрер  таңды  көзінен  атқызды  [4.  145],  Аза  бойы  қаза  тұратын  осы  бір  іске 

салып отырған  әлгі  ұрыншақ неме [4.  145],  Кісі  қайғысын  қадірлей  білетін  жас  келін  ауыл-

үйдің  өсегін  су  сепкендей  басқызды  [4.  57]  тұрақты  тіркестерді  жоғарыда  атап  өткендей 

әртүрлі мақсатта пайдалану көптеп кездеседі. Бұл тұстағы жазушының бірден-бір ерекшелігі 

деп,    тұрақты  тіркестерді  орнымен  пайдалана  отырып  шығармаларында  ұлттық 

болмысымыздың көрініс табуына жағдай жасауын айтуға болады.  

Осы  реттен  келгенде,  автор  туындыларында  эпитеттердің  қолданылуы.  З.Ахметов: 

«Эпитет (сипаттама) – заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі 

сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Көптеген эпитеттерде ұлттық 

бояу-бедер  болады»  -  деген  [2.  73].  Қаламгер  шығармаларында:  Қысыңқы  қой  көзін  шоққа 

ұсталған  шойын  бақыраштағы  көз жасындай мөлт-мөлт  сұйықтан  аудармайды  [3.  262],  Көз 

алдына  көлкештеп  тұрып  алған  соқыр  тұман  ашылайын  дегендей  [3.  272],  Әсіресе,  көзіне 

шытырлаған  қатыгез  ашу  мен  елжіреген  жұмсақ  мұң  қабат  жайғасыпты  [4.  52]  –  сынды 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау