212
Literature
1. Zh.M.Medeubayeva, A.T.Serikbayeva. Multifactoral as a challenge to regional security
system in Central Asia.-Relevant problems of regionalization in the context of world development.-
Astana.-2014.-P.-5-17
2. Jackson R. Regime Security // Contemporary Security studies. – Oxford University
Press.,-2010
3. A National Security Strategy for a New Century. Washington, D.C.: The White House,
May 1997 // http:history.defense.gov/resources/nss1997.pdf
4. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. – Алматы: Жибек жолы, 2010. – 260 с.
5. Указ Президента Кыргызской Республики от 1 июня 2012 г. «О Концепции
национальной безопасности Кыргызской Республики».
6. Черных И.А. История формирования системы региональной безопасности в
Центральной Азии (1991-2006 годы), 2007.-325 с.
7.
Военная
доктрина
Туркменистана
http://www.geneva-
academy.ch/RULAC/pdf_state/Military-Doctrine-TJ.pdf
213
Қ
Қ
А
А
З
З
А
А
Қ
Қ
Ж
Ж
Ә
Ә
Н
Н
Е
Е
О
О
Р
Р
Ы
Ы
С
С
Ф
Ф
И
И
Л
Л
О
О
Л
Л
О
О
Г
Г
И
И
Я
Я
С
С
Ы
Ы
К
К
А
А
З
З
А
А
Х
Х
С
С
К
К
А
А
Я
Я
И
И
Р
Р
У
У
С
С
С
С
К
К
А
А
Я
Я
Ф
Ф
И
И
Л
Л
О
О
Л
Л
О
О
Г
Г
И
И
Я
Я
С. Жұмағұл
Астана қ. (Қазақстан)
ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИ ӘЛЕМІ
«Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды, «Дауылдан кейін», «Көзкөрген» прозалық
туындыларымен қазақ сөз өнерінің дәстүр ұласуын жаңа көркемдік биікке шығарған
«Алыптар тобының» айтулы өкілі қаламгер «Ой әуендері» (1974) сын мақалалар жинағымен
де әдеби үрдістің, ұлттық руханияттың өзекті мәселелеріне қатысты сындарлы пікірлерін
білдірді. «...Жазушы боларсың, болмассың ал Отаныңның азаматы болуға міндеттісің» деген
азаматтық тұғыры айқын мұрат ұстанған жазушы ұлт әдебиеті мен мәдениетінің аса ділгір
мәселелеріне парасат пайымындағы ар-ождан өлшемі биігінен келді. «Өмір белестері» атты
автобиографиялық шығармасында «Партия қатарына 1940 жылы ғана енгем. Оған дейін
«Хажының баласы», «Сейіткемеловтің күйеуі» деп қудалануда көз ашқаным жоқ. Партияға
енген соң да 1953 жылға дейін «домалақ» арыздарға жауап берумен келдім» деп
жазғанындай қаламгер тоталитарлық жүйенің шырғалаңды жолдарынан да өтті. «Шығанақ»
туындысын
П.Кузнецов
«Идеясыздық
пен
жайбарақаттық
жағдайында»
(«Правда».1946.30.ІХ) мақаласында «Совет адамдарын, әсіресе орыс адамдарын Мұстафин
икемсіз, ынтасыз, «қара тұмсығын көкке көтерген» мәдениетсіз адамдар етіп суреттейді» деп
тұрпайы сынға алса, С.Бәйішев «Идеясыздық пен сауатсыздықтың жинағы» («Әдебиет және
искусство»
журналының
1946
жылғы
1-6
нөмірлеріне
сын)
(«Социалистік
Қазақстан».1946.27.Х) мақаласында Ғ.Мұстафин редакторлық еткен журналда жарияланған
туындылардан саяси ауытқушылықтар қазбалады. Шығармашылық белестерінде осы
сипаттағы идеологиялық қиястықтарға тап болғанымен Жазушылар одағы жанындағы
партия ұйымының хатшысы қызметінде де парасаттылық танытты. «Осы кезде «ұлтшылдық
қателері» үшін талқыға түскен талантты ақындарымыз Ә.Тәжібаевқа, Қ.Бекхожинге,
Қ.Аманжоловқа ол қамқор бола білді. Олардың партиялығы талқыға түскен кезде Ғабиден
аталған ақындарды партиядан шығару жөніндегі нұсқауға қарамастан КПСС қатарында
сақтап қалды» (С.Қирабаев). Бұл ретте жеке басқа табынушылық зардаптары Қазақстан
жазушыларының ІІІ съезінде (1954.3-8.09) «Қазақ совет әдебиетінің жайы мен міндеттері»
тақырыбындағы баяндамасында әдебиет тарихын зерттеу, көркем туындыларды эстетикалық
талдауда, суреткерлер шығармашылығын объективті бағалауда орын алып отырған басты
кемшіліктерді батыл көтерді. Мәселен, «Сын шоқпары тимеген басты жазушы кемде-кем.
Бүгінгі табысымыз делінген одақтық аренаға шыққан шығармалардың да соққыға
ұшырамағаны некен-саяқ. Әдебиетіміздің мақтанышы болып отырған «Абай» сияқты
романдарымызды «Каз.Правда» тіпті құртқысы келді. Бұның бәрі «сын» деген қасиетті атпен
істелді. Басшыларымыз қой деудің орнына, қошеметтеп отырды» деген көзқарасымен
қазақтың рухани әлемін шарпыған саяси зобалаңның зардабына үңілдірді. Қаламгер
«Шаяхметов жолдасқа жазушылардың тарқамайтын үлкен өкпесі бар. Ол кісі партиямыз,
халқымыз сүйген жас әдебиетті сүйе білмеді» деп Қазақстан басшылары тарапынан
жіберілген басты қателікті ой безбеніне салды. Әдеби сынды жеке басқа табынушылықтан
туындаған басты олқылықтардан арылту, сынның ғылыми негізді өрістеуі, әдебиетіміздің
эстетикалық арнада ілгерілеуіне қатысты «жылымық» жылдарының жаңғыру кезеңінде
жазылған «Дамуымыздың кейбір сипаттары» (1954), «Өрелі міндеттер, биік мақсаттар»
(1955), «Әдебиетшілердің ортақ ісі» (1955), «Жазушы атағын биік ұстайық» (1956),
«Жазушылардың моралы таза болсын» (1956) т.б. проблемалық сипаттағы мақалалары үлкен