ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Дүйсембекова Шолпан
«Педагогика»
(Педагогика бойынша тапсырмалар)
Семей – 2015 ж.
Педагогикалық шеберлік бойынша тапсырмалар
Педагогикалық қабілетті зерттеу
Мақсаты: Педагогикалық қабілеттің даму деңгейін зерттеу.
Нүсқау: Сіздің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаудың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаулардың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқаға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды жазыңыз.
1) Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір
уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып
үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ
түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді».
Сіз цандай шешім цабылдайсыз? Төмендегі жауаптардың ішінен сіздің шешіміңізге сәйкес келетін жауапты белгілеңіз.
«Қарай гөр, өзін!»
«Саған не күлкілі?»
«Еркің білсін».
«Есің дұрыс па?»
«Көңілді адамдарды үнатамын!»
«Сенің көңіл - күйіңді көтергеніме қуаныштымын.»
7.
2) Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң,
оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мүғалім ретінде бізге ештеңе үйрете
алмайсыз.»
Сіз не деп жауап бересіз?
«Сенің ісің мүғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек».
«Әрине, мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын».
«Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мүғалімнен оқуың керек шығар».
«Шындығына келгенде, сенің оқығың келмейді».
«Неге олай ойлайтыныңды білгім келеді».
«Бүл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нэрсені
дү_рыс істемегендіктен сенде осындай ой отырған шығар?»
7.
3) Мүғалім оқушыларға тапсырма берді. Оқушы берілген
тапсырманы орындағысы келмей:
- Орындағым келмейді, - деді. Мүгалім әрекеті?
«Орындағың келмесе орындатамын!»
«Онда сен неге мектепке келдің?»
«Дым білмей қалғаның өзіңе жаман. Сен оқымай өзіңе жамандық
жасап тұрсың»
«Мүның немен аяқталатынына сен есеп бересің бе?»
«Не себепті екенін сен маған түсіндіре аласың ба?»
«Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Бұл туралы отырып сөйлесейікші»
7.
4) Оқушы өз үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай жэне жаңа
тақырыпқа ду_рыстап түсіне алмай, мүғалімге: «Мүғалім, мен келешекте
жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?»
Мүгалім не деп жауап беруі керек?
«Шынымды айтсам, күмэнім бар».
«Әрине, сен бүған күмэнданбай - ақ қой».
«Қабілетің жақсы, мен сенен үлкен үміт күтемін».
«Неге сен өз - өзіңе сенбейсің?»
«Сөйлесіп қиындықтың неде екенін анықтап алайық».
«Бәрі екеуіміздің бірігіп жүмыс істейтіндігімізге байланысты».
7.
5) Оқушы: «Қазір сіз беретін сабаққа қатысқым келмейді, оның
орнына мен достарыммен қыдырсам деймін,» - деді.
Қалай жауап беру керек?
«Осыдан солай істеп көр»
«Келесіде мектепке ата - анаңды ертіп келуіңе тура келеді»
«Өзің біл, емтихан тапсыратын өзің ғой. Сабақты босатқан күндеріңе
бэрібір жауап беруге тура келеді.
«Сен сабаққа ешқандай көңіл бөлмейтін сияқтысың?»
«Мүмкін саған мектепті тастау керек шығар?»
«Одан эрі сен не істеймін деп ойлайсың?»
«Сенің сабақ оқығаннан гөрі, достарыңмен қыдырғаның неге қызықты
екенін білу маған қызықты»
«Мен сені түсінемін. Сабақ оқығаннан гөрі демалған, қыдырған,
концертке бару қызықты. Бірақ та неге бүлай ойлайтыныңды білгім
келеді?»
9.
6)Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көріп, оқушы: «Сіз бүгін өте шаршаған кейіптесі» - деді.
Бүган мұғалім қалай жауап беру керек?
«Сенің тараптарыңнан маған мүндай ескерту жасау дұрыс емес»
«Ия, мен өзімді нашар сезініп түрмын»
«Өзіңді жөндеп ал!»
«Бүгін нашар үйықтадым жэне жүмыстарымда көп болды»
«Уайымдама, менің шаршағаным біздің сабағымызға зиянын
келтірмейді»
6. «Қамқорлығыңа рахмет, сен өте байқағышсың
7) Оқушы: «Менің ойымша сіздің сабағыңыздың маған ешқандай
көмегі жоқ. Мен сабақты тастасам ба?»
Бүган мүгалімнің жауабы:
«Ондай ақымақтықты таста»
«Ойлап тапқанын қарашы»
«Мүмкін, саған басқа мұғалім табу керек шығар?»
«Сенің неге олай істейтініңді анығырақ білсем деймін»
«Мүмкін, біз сенің жағдайыңды бірлесе отырып шешетін басқа
жолдарды қарастырамыз?»
«Мүмкін, сенің жағдайыңды басқаша шешерміз?»
7.
8) Оқушы өзіне деген сенімділігін, білдіру үшін, мүғалімге: «Егер
істеймін десем, кез - келген жұмысты атқара аламын. Керек десеңіз,
сіздің беретін пәніңізді меңгеру, маған еш қиындық тудырмайды»
Мүгалімніц жауабы:
«Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың»
«Қайдам? Сенің мына қабілетіңмен бе?»
«Сен бүлай деуіңе қарағанда, өз - өзіңе сенімді сияқтысың?»
«Егер істеймін десең, қолыңнан бэрі келетініне күмэнім жоқ»
«Ол үшін сенің көп еңбектенуің керек шығар»
«Шектен тыс сенімділік жүмысқа кері эсерін тигізеді»
7.
9) Мүғалімнің берген ескертуіне, оқушы: «Мені өте қабілетті адам
санайды» - деп, пэнді еш қиындықсыз меңгереііндігін айтты.
Мүгалім цалай деп жауап беруі керек?
«Сен бүл айтылған ойға сэйкес келмейсің»
«Сенің сабақтағы қиналғаныңа қарағанда, бұған білімің
жетіңкіремейді»
«Көп адамдар өздерін солай санайды, бірақ іс жүзінде көпшілігі олай
болып шықпайды»
«Өзің туралы мүндай жоғары ойда болғаныңа қуаныштымын»
«Міне, енді өзіңнің оқуыңа одан да көп күш салуың керек»
«Сен өзіңнің қабілетіңді, шамаңды білмей түрған сияқтысың»
7.
10) Оқушы мұғалімге: «Мен тағы да дәптерімді ұмытып кетіппін»,
- деді.
Не деп жауап беру керек?
«Тағыдама?»
«Бүл жауапсыздық қой»
«Бүл іске енді басқаша қарау керек сияқты»
«Неге екенін білуге бола ма?»
«Сенде ең қү_рымаса дэптерді үмытпайтындай мүмкіндік болмады ма?»
6. «Мен бүл туралы ылғи неге ескертеді деп ойлайсың»
11) Оқушы мұғаліммен әңгімелесіп түрып: «Сіз маған басқа
оқушыларға қарағанда, жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын», - деді.
Оцушыныц бүл үсынысына мүгалім не деу керек?
«Неге мен саған басқалардан гөрі ерекше қарауым керек?»
«Кімге қалай қарау керек екенін өзім білемін»
«Сен сияқты өтініш жасайтын адамдар маған үнамайды»
«Неге мен сені басқа оқушылардан бөле - жара қарау керектігін білгім
келеді?»
«Егер мен сені басқалардан ерекше жақсы көремін десем, өзіңді жақсы
сезінер ме едің?»
«Қалай ойлайсың, шындығында мен саған қандай көзқарастамын?»
7.
12) Оқушы муғалімге осы пәнге дұрыстап түсіне алмайтындығын
айтып: «Мені не алаңдататынын айттым. Мү_ның себебін және одан әрі
не істеу керектігімді айтыңыз».
Мүгалім не деуі керек?
«Меніңше сенің өзіңе көңілің толмайтын сияқты»
«Бүған алаңдайтын еш нэрсе жоқ»
«Мен бүл туралы өз ойымды айтпас бүрын, жағдайды тереңірек біліп
алуым керек»
«Шамалы күте түрайық, біраз жүмыс істеп барып, бүл жағдайға қайтып
оралайық. Біз шешімін табатын сияқтымыз»
«Мен саған тура қазір жауап бере алмаймын. Сэл ойлануым керек»
«Алаңдама, менің де сендей кезімде дэл осындай қиындық болған»
7.
13) Оқушы, мұғалімге: «Маған сіздің сөйлегеніңіз, сабақ
түсіндіргеніңіз ұнамайды».
Мүгалімнің жауабы цандай болуы керек?
«Бүл жақсы емес»
«Сен бұл туралы ештеңе түсінбейтін сияқтысың»
«Бүдан арғы сабақтарда сенің көзқарасың өзгереді деген ойдамын»
«Неге?»
«Сабақты қалай түсіндіргенімді қалайсың?»
«Әр адамның қабылдауы эр түрлі»
«Мен не үшін сабақ түсіндіреді деп ойлайсың? »
8.
14) Оқушы сыныптасымен қарым - қатынасының нашар екенін
көрсете отырып: «Мен онымен бірге оқығым келмейді».
Мүгалім не деуі керек?
№1 Жағдай. Үзіліс кезінде сыныптағы оқушы қыздың партаның үстіне қойып кеткен қол сағаты жоғалып кетеді. Қыз бала мұғалімге шағымданады. Мұғалім оқушылардан сағатты іздестіруін талап етеді. Сағат, бір қызығы- бір оқушы ұлдың партасының үстінен табылады. Ол үрейлі, сағатты алмағанын айтады. Оқушылар мен мұғалім оның сөзіне қиыншылықпен сенеді. Сабақ соңынан сол ұл баланың шешесі мектепке келеді. Ұлы шешесіне өзінің кінәсіз екендігін айтқан. Шешесі ұлының ұры екеніне тіптен сенбейді. Мүскін сағатты біреу әдейі оның партасына қоя салады? Жағдайдан қалай шығу керек?
А) шешесіне ұлының мұқият болуына кеңес беруін, ал осындай жағдайларда өз күнәсіздігін белсенді дәлелдеу керектігін айту;
Б) шешесіне жай ғана «төбелестен соң қол бұлғамайды» («после драки кулаками не машут»);
В) шешесін тергеу: егер оның ұлы кінәсіз болса, ұлы өз- өзін сенімді ұстау керек еді және сынып алдында өзінің адалдығына шек келтірмеу керек еді;
Г) шешесін тыныштандыру (қажет жағдайда дәрі беру, сыныпта ол үнемі тұру керек), және шешесіне ұлын бақылаға кеңес беру- «адал немесе әлде кінәлі ме?», өзі қалай ойлайды?
Д) шешесінің алдында кешірім сұрау;
Е) шешесіне ертең милицияны шақыртып, кінәлі адамды тауып, кінәсін мойындатуын қарастыратынын айту.
№2 Жағдай. Үзіліс кезіәнде ұл мен қыз бала ұрсысып жатыр. Өтіп бара жатқан мұғалім олардың бір- бірімен ұрсысып жатқан себебін сұрайды. Ұл бала қыздың мектепке әкелген жаңа тр бұзып тастаған, ұл бала кездейсоқ бұжып алғанын айтады, ал қыз болса ақшасын төлеуін немесе жаңа ТР әкеп беруін талап етеді. Не істеу керек?
А) қыздың талабы дұрыс – бұзылған заттың құны төленуі тиіс;
Б) қыздың талабы қате- ұл бала әдейі сындырған жоқ қой;
В) балаларды тыныштандырып, ата- аналарымен хабарласып (немесе мектепке шақыру) және бұл сұрақты солармен бірлесіп шешу;
Г) қызды тыныштандырып, ұл баланың ата- анасын мектепке шақыру- материалдық шығын тек солардан ғана шығу тиіс;
Д) қызды мектепке қымбат зат әкелгендігі үшін сөгу, сныптасына бермеу керек еді;
Е) оқушыларды шусыз мәселені шешуге шақыру.
№3 Жағдай. Химия сабағы өтіп жатыр. Бір мезгілде бір оқушы: «салтанат Берікқызы, менің естуімше жақында батыс елдерінің университеттерінде эстрада жұлдыздарының өмірі мен жетістіктері туралы сабақ өткізіледі екен, мысалы Мадонна. Барғысы келетіндер саны- шексіз! Бізге де сонда барса!» не жауап беру керек?
А) суық қана: «Батыс университетіне қашан түсесің, сонда олардың биографиясын оқисың, қазір тыныш отыр да химияны оқы!»;
Б) улы мысқылмен: «Армандау артық емес!…»
В) жай ғана: «Жандос, қане үзіліс кезінде армандайық, қазір сабақ оқиық…»;
Г) оқушының айтқанына көңіл бөлмей, қатаң үнмен: «Жандос, көңіліңді бөлме, тапсырманы орында…»;
Д) оқушылармен ақылдаса кету, қандай факультеттер тағы да ашуға болатындығы жөнінде;
Е) шын көңілмен таңырқанып: «Қалай қызықты! Балалар бұл тақырып жөнінде сынып сағатында талқылап көрсек қайтеді?»
№4 Жағдай. Акт залы. Мерекелік концерт өтуде. Сахнада қыз бала гитарамен өлең айтып тұрған кезде бір оқушының ұялы телефоны шырылдап қоймай қояды. Барлығы дыбыс шыққан жаққа қарай көңіл аударады, шу шыға бастайды. Бұл жағдайда не істеу керек?
А) үндемей ғана оқушының «ойыншығын» өшіріп, сыртқа шығуын білдіріп, есік жақты меңзеу;
Б) нық дауыспен: «Нұрбол, телефоныңды өшір!»;
В) айғайлап қалу: «Жомартов, тағыда өзіңдікіне басып отырсың ба?»
Г) сахнадағы қыздың көңілін бөлмеу үшін, жай ғана ештеңе болмағандай үндемеу;
Д) сахнадағы қызға айғайлап қалу: «Айта бер өлеңіңді, Гүлсім, шырқа, көңіл бөлме!»;
Е) бұл сіздің өз кінәңіз. Оқушыларға алдын- ала мерекелік концерттерөтерде ұялы телефондарын міндетті түрде өшіріп отыруларын талап ету.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕШІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ
ЖАҒДАЯТТАРҒА ТАЛҚЫЛАМА ЖАСАУ
В.А.Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметін еске түсіріп мына бір жайттарға тоқталады. «… Біздің балалармен қарым-қатынасымызда (ол кезде мен бастауыш мектепте жұмыс істеген едім) өзінің сезім күйіңді: ләззат алдың ба, ләззат алмадың ба, алғыс па, әлде реніш пе, күйіну, әлде таңырқау ма …
Осыларды еркін, жан жүрегіңмен, ашық айту ережеге айналып еді. Күн сайын балалар теплицадан сыныпқа хризантеманың гүлдерін алып келеді Егер біздің өзара қарым-қатынасымызда ешқандай көлеңке болмаса егер балалар маған қалтықсыз сенсе, мен қайда жүр десем, маған еруге әзір тұрса, ұжымның көңіл күйіне қарай, стол үстіндегі кішкентай вазада күлгін қызғылт, қызыл, көк, көгілдір гүлдер тұратын. Күлгін қызғылт және қызыл гүл ұжымның қуанышын, көк - әлденені, көгілдір – қайғы ренішті белгілейтін.
Мен сыныпқа кіргенде вазада көгілдір гүлдің тұрғанын көрдім. Федька екі алыпты, баланың ренішіне сынып болып ортақтасып отыр.
Егерде жолдасы жалқау болса да, балалар жаны ашығандықтарын қалай жасырып қалсын.
Алайда, теплицада бір түп бар еді онда ғажайып – күлгін түсті гүл гүлдеп тұратын. Күн батқан кездегі кешкілік сәтте байқалатын дала шетін көп көрген бейне бір хрусталь белдеу секілді, міне сол бір шоғыр гүлдер осындай еді. Балалар теплицадан күлгін хризантеманы сире өте сирек әкеліп, вазаға салатын. Бұл бізде ренішті білдіретін гүл. Егер балалар менің столымның үстіне күлгін гүл қоятын болса, бұл «Мұғалім, сіз бізді ренжіттіңіз» деген сөз еді.
Сынып тым-тырыс. Сөз айтуға менің де мұршам келмеді. Мен балаларға өздігінен жұмыс істеуге тапсырма бердім, өзім столға төне түсіп отырдым да: – бірінші сабақта не болды екен? Балаларды мен қалай ренжітіп алдым?
«Сағат – менің есіме түсті – Мен оларға сенбеушілігіммен ренжіттім…».
Қол сағат әлі де аз болатын. Мені оны кеше сатып алдым. Балалардың әрине, оны көргісі, қолмен ұстағысы келді. Мен сағатты қолыммен шешіп стол үстіне қойдым. Сабақ біткенге дейін сағат солай жатты. Үзіліс кезінде балалар кезек-кезек бұл ғажайып затты алып қолдарына ұстады, құлақтарына апарын тосты …
Бүгін сабақ бастамастан бұрын да менің сағатым стол үстіне жатты. Бірақ 2-ші үзілістің кезінде мұғалімдер бөлмесіндегі қабырға сағат тоқтап қалды. Мен ол сағатты өзімнің сағатым бойынша түзеп қоймақ болдым. Стол үстінен сағатымды адып, қолыма салдым да сыныптан шықтым, бірақ балаларға ештеңе айтқаным жоқ…
Енді міне күлгін хризантема. Бір жыл дерлік бұл гүл стол үстіне болмап еді. Ол кезде бастапқы жолы, балалармен бірге менің көлге барып түскім келмеген. Мен дел-сал болып тұрмын деген едім. Мұным аздап алдағандығым болатын. Балалар ренжіді. Ал енді – сағат … Мен оны қолымнан шешіп алып стол үстіне қойдым. Мен сағатты неге алғанымды балаларға түсіндіруім керек пе еді. Иә, керек, бірақ қазір емес.
Екінші үзілісте сағат стол үстінде жатты. Үшінші сабақты беру үшін сыныпқа кіргенде, вазада күлгін қызғылт хризантема тұрғанын, көрдім. Мен үстімнен салмақ түскендей, уһ-деп дем алдым: балалар кешірді. Осыдан кейін, бір неше жыл өткен соң, менің бұрынғы кішкентай балаларым: сыныпқа күлгін хризантема әкелуі оларға ауыр өте ауыр тигенін айтты. Маған реніш тудыратын жаныма жара салатынын олар білді. «Алайда шыншыл болыңдар деп өзіңіз үйретіп едіңіз ғой. Өз сезім күйіңді бүкпе деп үйреттіңіз ғой… Иә мен оларды осыған үйретіп едім, сезімін нәзік қылып баулу менің өмір бойғы ең негізгі идеяларымның педагогтың басты сенімдерімнің бірі болды». Ұстаздағы осындай бір жақсы қасиетті біздің педагогтарымыз да атап кетеді. Абай Құнанбаев «адам затын сүй» десе, Ыбырай Алтынсарин «баланы сыйла» - дейді. Бұлардың өмірі де осыған мысал бола алады.
Егер педагогикалық мәселелерді әр түрлі қиындықтағы қайшылықтар деп санайтын болсақ оның әрқайсысына тұрарлық жауап табуға болады. Себебі шешілмейтін мәселе жоқ. Бұл орайда «Мәселе қаншалықты күрделі болса, оның шешімі де соншалықты ерекше» - деген даналық сөз деп басып, тауып айтылған. Мысалы, мұғалім сыныпқа кіргенде қатарда отырған екі қыз орындарынан тұрған жоқ. Қалғандары ұшып түрегелді. Мұғалім әлгі екі қызды сыныптан шығарып жіберді, сабақтың аяғында оларға «екі» деген баға қойды. Мұғалімнің осы іс-әрекеті дұрыс па? Әрине қате. Сыныпқа кіргенде оқушылардың орындарынан тұрған тұрмағандарынан мән бермеу, көңіл бөлмеу. Бірақ бұл ұстаздың әлсіздігін жасыратын бүркеу ғана. Демек шешусіз мәселе жоқ. Енді жағдайлардың шығу жолдарын психологтар мен педагогтар былайша ұсынады. Педагогикалық жағдай ненің салдарынан туындады, шәкірттің іс-әрекеті мен мінез-құлқының ар жағында не жатыр – қысқасы, жағдайдың себебі мен салдарына талдау жүргізу сияқты аса маңызды түйінін ұмыт қалдырады.
Шебер ұстаздың қабілеттілігі – педагогикалық мәселені байқауы, оның басқа жағдайлар мен құбылыстарға ара қатынасын ажырата алуы себеп, оның салдары, пайда болу шарттарын анықтай білуінде.
Тәртіпсіз оқушылар қайдан шығады? Оны қалай болдырмауға немесе бастапқы кезде қалай байқауға болады? «Жыламаған балаға анасы емшек бермейді» - дейді халық мақалында. Кейде мұғалім де осы секілді оқушы ұжымынан тыс қалғанша, оның «сырқатының» сыры ешкімге білінбейді. Ал егер ол өзін бір жағдаймен білдіре қалса, жедел «емдеу» шарасы, яғни мұғалімнің тікелей ықпал етуі белгіленеді. Ондай болса, мұндай араласудың мейлі ол жай әңгіме немесе сыныптан талқылау, жазалау немесе ата-анаға арналып айтылу мен қажеттілігіне шара жасау және т.б. барынша тиімді болары өзінен өзі түсінікті.
Көп көрген тәрбиеші ғана тәрбиеленушісіне өзінің жеке басының ықпалын тигізуге асығыстық жасамайды, ол алдымен болған жағдайдың тамыры қайда жатқаны, қандай педагогикалық құралдың тиімді болатынын іздейді.
Сөйтіп ең алдымен тәртіпсіздіңтің себептерін біліп алу керек. Олар өте көп, бәрін санап шығу мүмкін емес. Сондықтан, әрбір педагогикалық жағдаяттар тиісті шараларды жекелей жұмысты кең қолдануды ерекше талап етеді.
Педагогикалық жағдаят№1
Асқар деген оқушының әкесі жоқ, шешесі оның тәрбиесімен еш айналыспайды. Шешесінің бар уақыты саудамен өтеді, күнкөріс жасау керек болғандықтан, басқа қалаларға жиі барып тұрады, заттар, тамақ әкелу үшін. Шынына келгенде баланы үйде тек әжесі тәрбиелейді. Әжесі қайтыс болғаннан кейін, Асқар шұғыл өзгере бастады. Алдымен өзгеріс сабақ үлгеруінде байқалды, сабаққа қатыспай қыдырып кететін болды. Ендігі жерде оның үймен ғана емес, мектеппен де байланысы үзілді. Оның есесіне ол көшеде өзін «еркін» сезінді. Бойшаң бала, әрі мықты, ол құрбылары арасында өзінің күштілігімен ерекшеленетін. Ол өзінің тәртіпсіздігін балаларға мұғалім ауырып қалды, үйлеріңе қайтуа рұқсат етті деп оқушылардың ұжым болып сабаққа келмеуін ұйымдастырумен көрсетті. Айгүл Төлегенқызы (5 сыныптың сынып жетекшісі) Асқардың үстінен шағымды жазып алуға әрең үлгеріп жүрді. Аз уақыттың ішінде ол сыныптаға балалардың басы болды. Қолыңның күші, өткір сөзі, қандай болмасын теріс істі ұйымдастыруға шеберлігі, алған екілік бағаларымен орынсыз батырсынуы оны «батыр» етті.
Осындай жағдаятта сыныпта жетекшісі не істеуі керек? Қандай тәрбие жұмысын ұйымдастырып, балаға ықпалын тигізу керек деген сұрақ пайда болды.
Жауабы: Ең біріншісі,сынып жетекші оқушымен жеке әңгімелесуді жөн көрді. Екіншіден, сыныпта моральдық-этикалық тақырыпқа байланысты сынып сағатын өткізгенде, оқушыларға мынадай сұрақтар қойды: - Балалар сендердің араларыңда өзінің айтқан сөзіне берік кім? Қолдарыңды көтеріңдерші.
Көпшілігі әсіресе қыз балалар бірден қолдарын көтерді. Асқардың еріндерінде мысқыл күлкінің ізі пайда болды.
Рахмет, көріп тұрмын, - деді Айгүл Төлегенқызы, болған жағдайға мән бермегендей, және жаңа этикалық тапсырманы ұсынды:
Ал енді әрқашан тек шындықты айтатындар қолдарын көтеретін болсын.
Енді қолдар аз көтерілді, бірақ жасөспірімдердің намысы күшейді. Ал, Асқар болса, бұрынғысынша жымия күліп отыр. Сынып жетекшісі сөзін әрі қара жалғастырды: - Ал қазір тарих сабағына бөгет жасайтындардың орындарынан тұруын өтінемін. 1-2 оқушы орындарынан көтерілді.
Бәрі осыма? – деп сұрады сынып жетекшісі. Шындарыңды білдіргендерің үшін рахмет, балалар. Ендігі жерде осылай жасамайтындарыңа сенемін. Бірақ сыныпта бәріне бірдей сенуге болмайтыны өкінішті-ақ, жолдастарының көлеңкесінде тығылатындар да бар екен…
Енді оқушылар Асқарға қадалып қарады. Ол ұялғанынан столдың қақпағына қарады.
Тәрбиесі қиын жас өспірімге жекелей әсер етудің құрадарын сынып жетекшісі дұрыс таңдап ала білген. Ол «батырдың» батылдығына балалар күмәнін тудырған жағдайды шеберлікпен жасай алды.
Балалар ұжымында дұрыс қоғамдық пікірді қалыптастыра отырып, сынып жетекшісі оны тәрбиелеушінің жеке басына бағыттаған жоқ.
Педагогикалық жағдаят№2
«Балаға әсер ететін оның сезімі ішкі жан дүниесі, ойларын мәпелеп жетілдіруде ана тілінің сұлулығы мен дархандылығы, күші мен мәнерлігі үлкен құрал болып саналады», деп жазған еді педагог В.А.Сухомлинский.
Мысалы: Менің жұмыс жоспарымда VІІІ сынып «Көктем келді» деген тақырыпта шығарма жазу белгіленген болатын. Сондықтан мен оқушыларға өз бетімен табиғат құбылысына бақылау жүргізуін тапсырдым. (Осы жағынан келгенде мен оқушыларға: «күні бұрын ескерту жасамай, күтпеген жерден шығарма жазып жіберейік» деген тәсілді өте қате санаймын). Ал менің жолдасым оқушыларына ғажайып қыс жөнінде шығарма жазуды ұсынды. Балалар шығарманы жаман жазбайды бірақ мазмұнынан ғажайып қыс жөнінде ештеңе көрініп тұрған жоқ. Біз оған бұл жерде: «Сіз балалармен әуелі өзгеше барып қайтыңыз. Содан кейін ғана барып шығарма жаздырып көріңізші, қалай болар екен?» – деп кеңес бердік. Олар азын-аулақ саяхат жасап келген соң, балалар шығарманы қайта жазып еді, бағанағы көрінбей тұрған ғажайып қыс енді барлық балалардың шығармаларынан көріне бастады. Балалар бұл жазған шығармаларында өздері көрген алғашқы сенің жүрісің де, жағада әлі де мұз басып тұрған өсімдік көрінісін де, асығыс қалдырылып кеткен кейбір құстардың ұясын да тіпті «Қашан бізге қайтып ораласыңдар, сүйкімді құстар?» деген нәзік сезімге толы сөздерін де бірін қалдырмай, мәнерлі етіп жаза біліпті.
Сонымен әрбір саяхат – оқушылардың ой-өрісін дамытып, олардың тілі мен білімін байытудың тапсырмас құралы болып табылады. Бостан босқа түкті де білдірмейтін сөз өмірде әсте болмағанда, болмайды да екен. Сөздерді айта, тыңдай отырып, біз нәрсенің түсін де исін де, оның толық терең мазмұнын да бейнелейді екенбіз.
Мәдениеттілік дегенді кейбір жастар соңғы модамен киіну, батыстық билерін жақсы билеу деп тар көлемде түсінеді. Мәдени өмір мұнымен өлшенбейді. Жастардың сөз қадірін бағалай білу тәрбиеге байланысты. Ойы олақ, тілі шолақ жандардың кездесіп қалатыны - әдебиетті оқымаудан туатын шығар деп шамалаймын.
Ендеше, болашақ адамның адамгершілік қасиеті оны бала кезінен от басы, ошақ қасында алған тәрбиесінен танылады. Семьядағы ахуал, ата-ананың моральдық бейнесі мұнда елеулі роль атқарады. Таяуда автобуста кездескен екі студент қыздың дөрекі қылығы ойға оралады. Екеуі де соңғы модамен жақсы киінген. Сөз әдептеріне қарағанда әлдебір институттың студентері тәрізді. Автобусқа кірген қарт анаға бедірейе қарап, көрсе де көрмеген болып отырған екі қызға «орындарыңнан тұрыңдар» деп ескертуге тура келді. Үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетіп тұрған жасты әркім-ақ тәрбие көрген деп риза болады. Сол жерде біз әлгі жастарға қарап әке-шешенің, мектептің үйреткен тәрбиесінің ешбір әсері болмағаны ма деп таң болдық «Әр адамның өз тіліне деген көзқарасы арқылы оның тек мәдени деңгейіне ғана емес, азаматтығына да дәл баға, беруге болады» деген К.Г.Паустовский.
Бірде төрт жасқа толмаған баламды тісі ауырған соң дәрігерге алып бардық. Сонда жоғарғы білімді дәрігер қазақ келіншегі: «Неге балаң орысша білмейді» - деп бізді әбден сөккені «открой рот», «закрой рот» деген сөзді жас баланың білмеуі «намысына» тиіп кетсе керек… Біз сол сәтте дәрігер келіншектің мәдениеттілігіне шек келтірдік те «Әдепті елдің қыздары – қырмызы қызыл жібектей», «Жанған от – тәнді жылытады, жақсы сөз жанды жылытады», «Әдептілік ар-ұят – адамдықтың белгісі тұрпайылық тағы жат-надандықтың белгісі» деген мақалды білмек тұрғай, естімеген де болар деп ойладық.
Тегінде әр адамның қабілетін тек білімді емес, сөйлеген әрбір сөзі мен кішіпейілділігі де көрсетіп тұрады.
Ұлы адамдардың өмір жолдарымен танысқанда, сол адамдардың қайсысыда ана тілін әр уақытта қадірлі де қасиетті санағанына куә боламыз. Қазақ топырағында дүниеге келген, медицина, музыка, философия саласында өшпес еңбек жазып қалдырған, кезінде «Шығыстың Аристотелі» атанған бабамыз «Әл-Фараби 70 тілде еркін сөйлеген екен. Ғылымның асқар шыңына шыққан бабамыз үшін бәрібір туған тілі айрықша ыстық болмады деп кім айтар? Сондықтан да кішкене бала қарапайым ғана өз ана тілімізде: «айналайын үлкен адамға алдымен сәлем бер» десек діні берік аталы тәрбиеге жол ашқанымыз сол болмай ма?!
Педагогикалық жағдаят№3
Ата-ана - өзінің ертеден келе жатқан «Ата көрген оқ жонар, ана көрген топ пішер» деген асыл сөзі тегін айтылмаған. Бұл сөз ата-ана үлкендерден көргенін аудармай істеуге, соларға ұқсауға баладағы ұмтылу әрекетінің күшті екендігіне дәлел.
Өзінің баласымен сөйлескен сөздері онымен қарым-қатынасы туралы бір ана: - осы балаға қалай атқаның жөн деп, айтарыңды алдын ала ойлап отырған дұрыс па деймін. Өйткені баламды жасырақ көріп, мектепке барғанша еш нәрсеге жұмсамай жүрдім. Кейін мектепке барып, сабақтан жақсы оқитындар қатарында болды. Онысы мені қуантты. Осыдан кейін де мен оны жұмсауды қажет көрмедім. Бірақ тәңертең жұмыстарым көп болып қызметке дейін үлгермейтіндігім мені ренжітті. Өзім, бірден асығып тұрып, екіншіден, үйдегі міндетті түгелдей орындай алмайтындығыма қынжылып, баламды неге жұсмаймын деген ойға келді де: «Ажар тұршы бүгін сүтке барып кел, мен үлгеретін емеспін» дедім. Қызым барғысы келіңкіремеді. Дегенмен кетті. Мені бұл ойландырды.
Бір ойдан, келген соң қызыма мені аяп, әр уақытта көмектесу керек екенін, оны қызымның білмейтінін айтып ұрыссам ба деп ойладым. Ал екіншіден, ойлай кетсем, өзі зорға кетіп еді, бұдан былай жұмсап тіл алғыза алмасам қайтем деп ойланып, мынандай тоқтамға келдім. Ол сүтті алып келгенде, мен Ажаржаным қандай жақсы, қандай ақылды, қолқанат болдың ғой дер мақтадым.
Менің жақсы сөз айтып, оның тіл алғанына қуанғанын көріп Ажардың да көңілін қуаныш сезімі биледі. Ол да көңілді жүрді. Осыдан бастап тәңертең сүтке бару оның міндетіне айналды. Менің балама кейістік деген алғашқы ойымнан соңғы тұжырымның орынды болғаны өзінен-өзі анық болды, - дейді.
Әрине ананың өзі айтқандай. Бұл жерде бала тілін тауып сөйлесе білудің жәрдемі тиген. Яғни анасының тіл тауып айта білуінің арқасында үй ішіне көмектесуді, өзіне бір міндет етіп, оны орындап отырды, еңбектің бір түрімен шұғылдануды бала жөн деп санаған, еңбектің адам өміріне де қуаныш әкелетіндігін тұңғыш рет сезінген. Үлкендер тарапынан айтылған сөздер балаға түрлі әсер етеді. Мәселен, ойланып, орынды айтылған сөз баланың болашақтың жақсы көрінісіне ұмтылдырып, қанаттандыра түседі, оны жігерлендіреді, өзіне, өмірге деген сенімін арттырады, көңілдендіреді, шаттық бөлейді. Кейде ойланбай жазғыра немес зекіре, ақыра айтқан сөздер да баланың жанын жаныштап, жасытып тастайды. Ал баланы өзінің қате істеген ісі үшін ұялтып, өз қатесін өзі айтып, өзі түсініп, өз мінін өзі түсінуге ұмтылдыру керек. Бір сөзбен айтқанда жас баланы тәрбиелеудегі міндеттердің қай түріне болса да жауапты қарайтыны сияқты, әрбір ата-ана өзінің сөйлеген сөзі баласына жан-жақты ықпал ететіндігін үнемі ұмытпауы қажет. Сонда ғана әрбір ай тылған сөз өзі көздеген нысанасына дәл тиеді.
Оқушыларға үлкен әсер ететін мұғалімнің білімімен қатар жеке басының қасиеті болып табылады. Сондықтан, мұғалім өзін-өзі білім алуына үлкен еңбең ету керек. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз өзінің бойында жағымды жеке басының қасиетін дамытуға бағытталған адамның қызметі болып табылады.
Абайдың айтуынша, жақсы қасиетті иелену дегеніміз жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Педагогикалық жағдаят№4
Қазан айында сыныпқа жаңа оқушы келді. (Елдос Қ.) Орташа оқитын, қабілеті төмен, сөзге жоқ оқушы еді. Сыныптың ішкі жұмысына қатыспады. Басқа қаладан келгендіктен. Ол өзінің жолдастарынан қол үзгеніне қатты қайғырды. Бірінші сыныптан бірге болып, «Ізденіс» атты топты басқарған. Оның белсенді араласуымен еңбекте даңқты адамдар туралы материалдар жинайтын. Өзінің бұрынғы жолдастарымен енді үнемі хат арқылы хабарласып тұрды. Жаңа мектептегі сынып жұмысы, оның өмірі Елдосқа ойдан шығарылған, қайдағы бір қызықсыз істей көрінді. Сыныптың белсенді оқушылары оны іске тартқысы келді, бірақ ол үзілді-кесілді бас тартты.
Сұрақ: 1. Елдостың мінезін немен дәлелдеуге болады? 2. Ал сынып белсенділерінің Елдосты сынып жұмысына араластыру әрекетін қалай деп түсінуге болады?
9 сынып жетекшісінің жалпы стажы 21 жыл, бұл сыныпта төртінші жыл.
Елдос ұйымшыл сыныпта өзін бөтен санайды. Сол сыныпта белсенді балалар бар екенін біліп, мен біреуін алып қалып, былай деп айтар едім: Сәуле, мен Елдостың үйіне барып қайттым, ата-анасымен сөйлестім. Олар да Елдостың үйрене алмай жүргенін байқап, қалай көмектесерін білмей отыр. Болған сынып оқиғаларына дұрыс жауап бермейді деп айтып отыр. Елдос жақын жолдастарының жоқтығын қатты қайғырып, мектепке барғысы келмейді екен. Біздің міндетіміз көмек көрсету. Осы әңгімелесуден кейін Сәуле Елдоспен кездесіп, оның ойын, қызықты болған жағдайларын білер еді, содан кейін сол сынып «ізденіс» топ құруға көмегін берер еді. Елдос сенің тәжірибең бар, сен бізге көмек жасар ма едің, деп? Елдос келіседі деп есептейміз, содан кейін сынып жиналысы оған осы жұмысты басқаруға міндеттейді.
Сонымен Елдосты біз қызықты жұмысқа қатыстырып, оған ұжым атынан талап қойып және тапсырмаға шығармашылық қарым-қатынас қалыптастырар едік.
Педагогикалық жағдаят№5
Әкесі үлкен қызынан (оның жасы он жетіде) сенбі күнгі үй жұмысына көмектесіп, аулаға кілемдерді, кілемшелерді шығарып, үлкендерге болысуды сұрады. Қызы отырған диваннан қинала көтеріліп, таяуда ғана сатып алған көйлегін кие бастады. Шешесінің жөн ескертпесіне қызы: «Қайдағы бір кілемшелерге бола өз абыройымды кетіре алмаймын. Мені жолдастарымның бірі көріп қалуы мүмкін».
Ерсілеу болса да, қызы өз дегенін істеді. Былай қарағанда «Ұсақ-түйек», «Түкте емес».
Сұрақ: Егер де сен өзіңді ата-анаңның орнына қойып қарасаң, осы жағдайда не істеген болар едің? Қайдағы бір көйлек үшін өз жүйкеңді де, қызыңның жүйкесін де жұқартуға бола ма?
Жағдаяттарға анализ беруде Семей қаласының тәжірибелі ұстаздары өз көзқарастарын былай білдіреді.
… Егерде мен ата-ананың орнында болсам, қыз баланы еңбекке жасынан үйретер едім. Ал үйді жинау, үй-шаруасына қызмет көрсету ер жетіп қалған қыздың күнделікті жұмысы болуы керек екендігін түсіндіріп берер едім, жасынан еңбекті танып білген бала оны ойламай-ақ орындайды.
Педагогикалық жағдаят№6
Мектептің жанында жоғары сынып оқушылары футбол ойнап жүрді. Осы кезде мектепке жаңа жиһаз әкелінді.
Сұрақ: Оқушылар ойынын тастап, көмек көрсетуін қалай сұрайсыз?
Жауап: 10 сынып оқушылары футбол ойнап жүр. Көңілін аулау үшін оқушыларды жанына шақырып алып: Мына әкелінген құрал-жабдықтар өздеріңе арналған. Стол, орындық, шкаф әрбір кабинетке керек құрал. Сондықтан өздеріміздің заттарымызға ие болуымыз керек, - деп айтар едім. Оқушылар өзара ақылдасып, мұғалімнің сөзін тыңдап, көмектесуге қол ұшын береді.
Педагогикалық жағдаят№7
Бірде VI сынып оқушылары үшін бір күндік жорыққа аттанды. Орман ішінде демалыс жарияланды. Асан деген бала азық салынған рюкзакты айналшықтап жүрді. Қарны әбден ашты. Бір тал шөпті жерден жұлып алып, аузына салып шайнай бастады. Мұны байқап қалған мұғалім оған: «Асан, сен бәлкім, бәріміз бірге тамаққа отырғанша, шыдай тұрасың» деп рюкзакты шатырмен жауып тастады. Ал барлық балалар тамақтана бастағанда, Асан тамақтан бас тартты, ол намыстанып қалған еді. Бала рюкзакқа қол салуды ойлаған да жоқ болатын. Шөпті аузына салғаны да сондықтан. Мұғалім мұны аңғармай қателесті.
Сұрақ. 1. Мұндай жағдайда не істеу керек? 2. Мұғалімнің Асанға айтқан сөзі дұрыс па?
Жауап: 6 сынып оқушылары жас ерекшелігіне қарай өте шапшаң шыдамсыз оқушылар болып келеді. Мұғалім осыны біле тұра Асанға сенімсіздік білдірмей, ақылға шақыру керек еді. Мен мұғалімнің орнында болсам, Асанның жағдайын түсініп, отырғызып тамағын берер едім. Әрине оқушылардың бәрін тамақтандыру қажет, себебі бірі ішсе, екіншісі де дайын тұрады.
Сұрақтарға жауап беретін болсақ, мұғалімнің Асанға айтқан сөзі дұрыс емес, баланың намысына тиюге болмайды.
Мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру керек.
Педагогикалық жағдаят№8
Төртінші сыныптың жетекшісі Гүлнар Слямқызы сынып сағатына кешігіп келді. Оқушылардың қиіммен және басқа орында отырғанын байқады. Сыныпта тәрбие сағатын бастауға мүмкіндік жоқ болып тұр. Мұғалім ойланып қалды, қандай тәсілдер қолданып балаларды тәртіпке шақырсам, қалыпты жұмыс қабілетіне келтірсем.
Сұрақтар: 1) Оқушылардың жасалған іс-әрекеті кездейсоқ па, әлде әдейі жасалған ба? 2) Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы қандай болу керек дәл осы кезде?
Жауап: Мен сыныпқа кіргенде оқушылар шуылдап айқайлап отырғанын көріп, былай деп айтар едім: «Кешіріңіздер, менің кешігіп келген себебім, бір жұмыстар болды. Мені күткендерің үшін рахмет».
Сыртқы киімдерімен отырғанына қарамай, бірден тәрбие сағатына кірісіп кетер едім. Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Тәртіптілік дегеніміз не?»
Жағымды эмоция көрсету арқылы мен балалардың жасаған үлкен бір жақсылығын бағалар едім. Менің кешіккеніме қарамай, мені күткені үлкен бір жақсылық.
Ал айқайлап оқушыларды кінәлау ол қате болады. Мұғалім әр уақытта байсалдылық, ұстамдылық көрсету керек.
Педагогикалық жағдаят№9
Мен бүгін әтештей шоқысып жатқан екі баланы арашалап алдым. Оның біреуі кішкентай болғанымен үлкенінің жағасына жармасып жатыр. Шақырып едім, бастарын төмен қаратып алдыма келді. Үлкенінде үн жоқ, кішкентайы бұлығып жылайды. Бірінші қол жұмсағаны үлкені екен. Үлкені жауап беруі тиіс қой. Бірақ үлкені былай деп тұр: «Ол менің інімді ұрып-соғады. Тіпті күн көрсетпейді. Оның кітапшаларын тартып алыпты. Мен одан інімді ұрып-соқпауын қайта-қайта өтіндім, ал ол тыңдамайды».
Сұрақ. 1. Бұл екі баланың қайсысынікі дұрыс? 2. Бұл жағдайда сен қалай талқылар едің?
Жауап: Бұл жағдаятта мен үлкен баланың өз бетімен тәртіпке шақырғанын құптамас едім. Бұл балалардың сынып жетекшісі бар, сен сол кісіге айттың ба? Осындай конфликт жағдайды сынып жетекші арқылы шешу керек. Егерде керек болса ата-анасы арқылы да сөйлесуге болады.
Педагогикалық жағдаят№10
Ләззәт мұғалім сабаққа кіргенде, зейіні Маратқа бөлінді, ол орнынан тұрған жоқ, тақтаға теріс қарап отырғанын көрді. Көршісінің ескертуіне «мұғалім келді» құлақ қағыс қылған жоқ. Марат қабілетті, бірақ ынтасы төмен оқушы. Ұжымда өзін алдыңғы қатарда (лидер) көрсеткісі келеді. Ләззәт мұғалімді сыйлайды, бірақта әр түрлі қылықтарымен ол кісінің шыдамдылығын тексеруді ұнатады.
Мұғалім осы жағдайда Мараттың тәртібіне талап қою керек.
Сұрақтар: 1. Қандай себептер Маратты осы іс-әрекетке келтірді? 2. Мараттың жеке басының қасиетін сипаттап беріңіз? 3. Мұғалім мен Мараттың қарым-қатынасы жақсару үшін қандай педагогикалық тәсілдер қолдану керек?
Жауап: Марат «мұғалім келді» деген сөзге құлақ қағыс қылған жоқ. Не істеу керек? Мен сыныпқа кірген кезде байқамаған болып сабақ бастар едім. Оқушыларға сұрақтар қойып, орындарынан жауаптарын тыңдап, бір сұрақты ойған кезде «Марат, сен қалай ойлайсың?» деп балаға енді көңіл қояр едім. Егерде мен сабақ басталғанда жаңа тақырып түсіндірсем, сабақты қызықты өткізуге тырысар едім. Марат та бұрылып ықыласпен тындар еді.
Мараттың осы іс-әрекеті кездейсоқ емес, бір себеп оқушыны осындай жағдайға әкелді? Ол не? Мен ойланып қалар едім. Баланың тәртібін барометрмен салыстурға болады. Бірақ барометрдің стрелкасын сезіне білу керек. Ол балалардың тәртібі. Мұғалімде барометр стрелкасын сезіне білу керек, ол балалардың тәртібі. Мүмкін балаға зейінім болмады ма? Сол Маратпен жеке әңгімелесіп, қызықты тақырыптар өтетінін және соған оны тартып қатыстыратынын білдірсе, бұл да үлкен жетістік болар еді.
Екінші бір жағдайда былай істер едім. Мен класқа кіргенде Марат теріс қарап отыр. Мен амандасып, бәрін отырғызамын.
Баланың жанына келіп, құлағына сыбырлаймын «мұғалімдер бөлмесінде стол үстінде кітабымды ұмытып кетіппін, алып келсең қайтеді, қазір сабаққа керек болып тұр».
Немесе, балалармен, амандасып, ақырын ғана Марат деп шақырар едім. Немесе үзілісте жеке өзінен сұрар едім:
Сен маған бірдеңе айтқың келе ме?
Сізге кім айтты?
Ал онда жарты сабақ арқанды көрсетіп отырғаныңды қалай түсінуге болады? Былай келісейік. Егерде маған бірдеңе айтқың келсе ешқандай өзгеріссіз турасын айт. Мен саған ренжімеймін. Және өзара қарым-қатынасымыз дұрыс болады.
Бұл педагогикалық есеп басқа да шешімдерін таба алады, оның бірі Мараттың мінезіне байланысты, ол қандай бала. Ең негізгісі біз балаға деген сыйласымдықты ұмытпауымыз керек.
Педагогикалық жағдаят№11
Сабақ үстінде тәртіпсіздік жасағаны үшін сіз екі баладан күнделіктерін сұрадыңыз, олар беруден бас тартты. Не істер едіңіз?
Жауап: Ең бірінші пауза 1-2 секунд жасап,сабақ соңынан қалуды сұрайсыз. Сабақтан кейін дауыс көтермей жай ғана сөйлесу, жасаған іс-әрекеттері кездейсоқ, сондықтан олар күнделікті береді деп алғаннан кейін ештеңе жазбай екі күннен кейін қайтарып бересіз.
Педагогикалық жағдаят№12
VI сынып оқушылары еңбек сабағында оқу-тәжірибе участогында жұмыс істеуге қажетті еңбек құралының бірі күректің сабағын дайындап жатты. Оқушылардың барлығы ынтамен жұмыс істеп жатқанда, тек Арман ғана басқа жұмысқа алаңдаумен болды. Мұғалімнің ескертуіне ол: «Мен болашақта дәрігер боламын, маған күректің қажеті болмайды», - деп тәкәппарлықпен жауап берді.
Мұндай жағдаятта мұғалім не істеу керек деп есептейіздер?
Педагогикалық жағдаят№13 Төмендегі қасиеттердің жағымды және жағымсыз түрлеріне талдау жасаңыз, нақтылы өмір мысалдарымен дәлелдеңіз:
Адамға үйір және көпшіл болу қасиеті.
Тәртіптілік.
Принципшілдік.
Қайрымдылық.
Ұяңдық.
Жасқаншақтық.
Шымдамсыздық.
Кеңпейілділік.
Табандылық.
Өзімшілдік.
Кешірімшілдік.
Ынталылық.
Жалқаулық.
Әділдік.
Дербестік.
Еңбек сүйгіштік.
Сенгіштік.
Оптимистік.
Сенімсіздік.
Селсоқтық.
Баймазалық.
Мына аталған қасиеттерге күнделікті өмірден, мектеп тәжірибесінен, көркем әдебиет кейіпкерлерін ситуациялар келтіріңіз.
Саналы азамат болу үшін жоғарыдағы қасиеттердің қайсысын өз бойыңа қалыптастыруың керек деп ойлайсың?
Педагогикалық жағдаят№14
а) Мектеп-интернатының VI сыныбында дене шынықтыру сабағы өткеннен кейін, спортзал еденін дымқыл шүберекпен сүртіп шығуды екі кезекші оқушыларға тапсырылған.
Сабақтың үзіліс кезінде жоғарғы сыныптың үш оқушысы залда жатқан баскетбол добын еш сұраусыз алып түсіріп ойнаған. Әрине, еденді былғап кеткен. Залға кіріп келген мұғалім, еденді жуып жатқан Талғатқа дауыс шығарып, «қайтадан жу» – деп талап етеді. Бала болса, көзімен ата қарап қызараңдап:
- керек болса, өзіңіз жуып алыңыз? – деп, залдан шығып кетеді.
Осы педагогикалық жағдаятқа талдау беріңіз? Мұғалімнің педагогикалық талабында қандай психологиялық заңдылықтар ескерілмеген? Сіз не істеген болар едіңіз?
б) 12 жасар Қуан мектепте «қиын» бала аталған. Наурыз мейрамы күні сынып жетекшісі, оған бір-екі жолдастарын ертіп мектеп ауласына 20 шақты талдар отырғызуды міндеттеді. Ол өз жолдастырымен қоғамдық тапсырманы тиянақты орындап шықты.
Мектеп оқушыларын сапқа тұрғанда, оларға алғы айтылып, «сынып тарихы» альбомына жазылды. Осы кезден бастап, бала өмірінде өзгерістер ене бастады.
Жеткіншекке жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болу себебі неде? «Қиын» бала мен педагогтің арасындағы қарым-қатынас қалай болуы тиіс?
Педагогикалық жағдаят№15
Мектептің педагогикалық кеңес мәжілісінде оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысы талқыланды.
Мәжіліс барысында «Педагогикалық жұмыстың нәтижесі деп нені есептейсіздер? – деген сұрақ қойылды. География пәнінің мұғалімі – «Мен өзімнің жұмысыма, оқушыларыма ризамын. Менің пәнім бойынша екілік жоқ, үштік бағаның өзі де шамалы ғана», - деді. Ал математика пәнінің мұғалімі, әрі сынып жетекшісі – «Менің сыныбымның оқушыларының басым көпшілігі жоғары оқу орындарына түсті, бұл педагогикалық еңбектің нәтижесі» - деп өзіне баға берді. Ал, тарих пәнінің мұғалімі – «Бір қарағанда шәкірттерімнің бәрі де тәрбиелі, ынталы, алайда ертеңгі үлкен өмірге аттанғанда, олардың кім боларына, қандай адам боларына мазасызданамын» – деп қобалжуын білдірді.
Сұрақ 1. Мұғалімдердің осы айтылған пікірлерінен оқу-тәрбие жұмысында нақтылы міндеттерді, тәрбие принциптерін шешіп отырғандарын, болашақты жобалай алғандарын көруге бола ма?
2. Педагогикалық практика кезінде жалпы мектептің және жеке мұғалімдердің жұмысымен педагогикалық кеңестегі пікірлерді салыстырып, қандай тәрбие принциптері жүзеге асырылғандығын дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят№16
Мұғалімдер бөлмесінде пікірталас туды.
Мен үшін ең бастысы қатаң тәртіп, егер оқушыны тәртіпке үйретпесек, ол еш нәрсені де үйреніп жарытпайды, - деп Райхан Хамитқызы әр сөзін нығыздап айтты.
Меніңше, әр нәрсеге сабырлықпен қарау керек. Әдетте өздерін еркін ұстайтын қыңыр-қырсықтар, көбіне басымен жұмыс істеуге ниеті жоқ жалқаулар. Сондықтан оларды сабақта да, сыныптан тыс уақытта да жұмыс істеуге қызықтыру керек, еңбектенуге жаттықтыру керек. Сонда біртіндеп тәртіп деген өз-өзінен өз қалпына келе бастайды, - деп Мұрат Рахметұлы тәжірибесінен мысалдар келтіреді.
Аз үнсіздіктен кейін әңгімеге Кенжегүл апай араласты.
Естеріңізде болар, партаның астына тығылып алып әтеш, бақа болып сабақта мазамызды алатын Айбарды кездестірдім. Таңқаларлықтай өзгерген, теңіз флотының капитаны, байсалды, сымбатты жігіт болған. Сөзінен де, өң бойынан да тәртіптіліктің үлгісі сезіліп тұрды. Жалаң тәртіпті талап етуіміз біржақтылық болар, - деп жас мұғалім Райханға ойлана қарады.
Мен бәрібір бұл пікірге қосылмаймын, Айбардың капитан болғаны өмірде болатын кездейсоқ жағдай, - деп Райхан өз бағытынан таймады.
Ал мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Бекжанқызы:
Райхан, мен сізді түсіне алмай отырмын, сонда тәртіп тек тәртіп үшін ғана ма?
Жоқ, олай емес, тәртіп сабақ үшін.
Сыныпта шыбын ызыңы да естілмейтіндей тыныштық болса, ал сабақта оқушылар ынтамен отыр ма, жоқ па оны ескермесек, ондай тыныштықтан не пайда? Тыныштық үшін өзіңіз бүгін Х сыныптың үш оқушысын сабағаныңыздан (математика) шығарып жібердіңіз. Осы әрекетіңіз нәтиже бере ме?
Бермесе әке-шешелерін шақырамын, - деп ашына сөйледі.
Сұрақ. Сіздер мұғалімдер бөлмесінде болған пікірталас неліктен туды деп есептейсіздер, қай пікірді жақтайсыздар?
Жалпы тәртіп, тәрбие тәсілі ме, әлде, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі ме? Тәрбие принциптері негізінде талдау жасаңыз.
Педагогикалық жағдаят№17
Жеті ата деген не нәрсе?
Жеті атасына дейін қыз алыспау дәстүрін ежелден берік сақтаған қазақ елі жақын туыстар бір-біріне үйленсе, халқының санының өспейтінін, тегін аздыратынын байқаған. Қазақтың ел басқарған көсемдей, ақылгой ақсақалдары әрбір жеткіншектің жеті атасын білуін міндеттеп, «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп қатты сөгіп, ал жеті атасын білгенді «Жеті атасын білген ер – жеті жұрттың қамын жер» – деп артына аталы сөз қалдырған. Жеті атасын білу дәстүрі күні бүгінге дейін әрбір қазақ отбасында сақталып келеді.
Мәселен, қазақ арасында сіңіскен мұғалімдермен моңғолдармен ертеректе қанымызды қара қазақпен араластырмаймыз деп балаларын, бір-біріне үйлендіре беретін. Осының салдарынан солардың саны өспей, азайып кеткені көпшілікке мәлім, күні бүгінге дейін туыстас, өзбек, ұйғырлар, түркімендер жақын туыстарына үйлене салады. Жақын туыстардың үйленуінен дүниеге өлі сәби келіп, тірілері «кемтар» болып жатқанын олар қазір ашық айтып отыр. Елімізде осындай салт-дәстүрді берік ұстаған басқа да халықтар кездеседі. Мысалы, грузиндер мен армяндар туыстық араға сегіз ата салып үйленсе, ал қырғыздар төрт атаға дейін қыз алыспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |