78
2015 жылғы 22 сәуірде «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы»
жобасының аясында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды тәрбиесіне алған көп балалалы отбасылармен, қорғаншылармен,
қамқоршылармен, патронаттық тәрбиешілермен кездесу өткізілді. Кездесу
мақсаты: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
тәрбиесіне алған отбасыларды қолдау.
2015 жылғы 26 қазанда Қазақстан халықтары Ассамблеясының аналар
кеңесінің отырысы өтті. Еліміздің барлық жерінен келген Аналар кеңесінің
өкілдері аналармен және қыздармен адамгершілік-рухани құндылықтарды
тәрбиелеуде отбасының рөлі туралы, қазақстандық патриотизм мен
этникааралық төзіміділікті тәрбиелеуде ананың рөлі туралы түсіндірме
жұмыстарын жүргізді.
Отбасы күнін мерекелеу аясында 2015 жылғы 7-13 қыркүйек аралығында
өңірлерде «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталығы өткізілді. Апталық
аясында жергілікті атқарушы органдар ҮЕҰ және азаматтық қоғам
институттарымен отбасы институтын нығайтуға, қоғамда отбасы, бала, жауапты
ата-аналық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені
өткізілді.
Өңірлерде отбасы мен балалар проблемасымен айналысатын қоғамдық
ұйымдар,
мемлекеттік
органдар
өкілдерімен
ғылыми-практикалық
конференциялар, кездесулер, «дөңгелек үстелдер»; жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған әдеби-поэтикалық кештер, спорттық эстафеталар, сондай-ақ түрлі
фестивальдер, қайырымдылық акциялар өткізілді.
Өңірлерде қайырымдылық акциялар ҮЕҰ, қоғамдық қорларды тарта
отырып, өткізілді, бұл балаларға көмек көрсету саласында көпшілік қауымын
және балалар мен отбасылар үшін қосымша қаражат тартуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, Отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-
адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015 – 2020 жылдарға арналған
жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін білім беру ұйымдарында
сынып сағаттарда оқушылар арасында: ата-аналарға қамқор болу, үлкендерді
құрметтеу, дәстүрлерді қастерлеу базалық идеологияны тарату бойынша
түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
79
Барлыңы «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық аясында 300-ден
астам шара өтті. Апталық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының
қатысуымен «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсын қорытындылаумен
аяқталды.
Аталған шаралар отбасылық құндылықтарын көпшілікке таратуға үлес
қосады, елімізде ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық тәрбиенің дәстүрлерін
нығайтуға септігін тигізеді.
Отбасылық тәрбие адамгершілік-рухани және өскелең ұрпақтың әлеуметтік
қалыптастырылуына ерекше мәнге ие.
Балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу білім берудің барлық деңгейінде
өткізілетін «Өзін-өзі тану» пәні аясында қалыптастырылады. Пән бағдарламасы
жалпы адамгершілік рухани құндылықтарға негізделеді және баланы
тәрбиелеуде отбасы позициясын жандандыруға бағытталған.
2-12 ақпан аралығында балалар мен жастардың рухани-адамгершілік
тәрбиелеу жүйесін дамыту, азаматтық мәдениеттің дағдыларын қалыптастыру
және дамыту мақсатында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық
педагогикасы» республикалық онкүндік өткізілді.
18 - 19 тамызда Алматы қаласында «Бөбек»ҰҒПБО «Өзін-өзі тану» пәнінің
мұғалімдеріне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын іске
асырудың жаңа тәсілдері туралы» ғылыми-практикалық кеңес өткізді.
2015 жылғы 27 мамыр күні Астанада және 11 қарашада Алматыда «Бөбек»
ҰҒПБО бірге «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жөніндегі
республикалық кеңестің VII және VIII отырысы өткізілді, VIII отырысқа
бағдарлама авторы, «Бөбек» Қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева
қатысты.
Республикалық кеңестің VIII отырысының жұмысына ЖОО ректорлары,
мемлекеттік органдар өкілдері, білім беру органдары мен ұйымдарының
басшылары қатысты. Отырыстарда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани даму
бағдарламасын іске асырудың ұйымдастырушылық-басқарушылық және
ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Шағымдарды беру механизмі
Республикада балалар мен жастарға қолжетімді шағымдар мен өтініштерді
беру механизмі құрылды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының
блогтары жұмыс істейді.
Қиын өмірлік жағдайға ұшыраған балаларға шұғыл консультативтік көмек,
психологиялық қолдау көрсету үшін:
БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және басқа мемлекеттік
органдардың сенім телефондары (қазіргі уақытта республикада 158 сенім
телефоны бар);
БҒМ қолдауымен «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ
құрған балалар мен жастарға арналған «150» Ұлттық сенім телефон желісі;
80
2010 жылдан бастап қалалық және мобилді телефондарынан қолжетімді
«116 16» республикалық сенім телефоны (сенім телефоны Халықаралық көші-
қон ұйымының, Дағдарыс орталықтары одағының және ІІМ-нің қаржылық
және ақпараттық қолдауымен жұмыс істейді) жұмыс істейді .
2015 жылғы 1 қарашаға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және
білім басқармаларының сенім телефондарына 4362 өтініш түсті, оның ішінде
Комитеттің сенім телефонына жеке және заңды тұлғалардан балалардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша (балаларға білім
мен тәрбие беру, баланы мектепке белгілеу, балалар арасында, ата-аналар мен
педагогтар арасында шиеленіс, ерлі-зайыптылар арасында жанжал, ҰБТ
мәселелері және т.б.) - 446 (2014 ж.- 570) өтініш.
БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Қазақстан балалары»
журналының соңғы нөмірлерінде балалар арасында таратуға арналған сенім
телефондары жазылған постер-қосымша парақтар бар.
Түскен өтініштердің барлығына ауызша түсіндірме берілді, сондай-ақ қажет
болған жағдайда, мәселені анықтау және шешу үшін құзырлы мемлекеттік
органдар мен ұйымдарға хаттар жолданды, бірқатар жағдайда ықпал етілді.
Сондай-ақ, 2015 жылы «Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
төрағасының блогына» 229 (2014 жылы – 333) азаматтардың өтініші және жеке
және заңды тұлғалардан 310 (2014 ж.- 406) жазбаша өтініштер түсті.
Барлық өтініштер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен тиісті
жұмыстар жүргізілуде және әрекет ету шаралары қабылдануда.
Балалар үйлерінде тәрбиеленетін балалар өздерінің құқықтары туралы, егер
құқығы бұзылған жағдайда қайда хабарласу керектігі туралы жақсы хабардар
етілген.
Балалар үйлерінде мөр басылған сенім жәшіктері орнатылған, поштаны
қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқаратын мамандар
шығарады.
Бас прокуратураның 2015 жылғы 31 наурыздағы №10 бұйрығына сәйкес
жартыжылдықта бірден сирек емес прокуратура органдары балалар үйлерінің
қызметін тексереді. Тексеру қорытындылары бойынша материалдар шаралар
қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарынажолданады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түскен шағымдар бойынша
көшпелі тексеру жүргізеді.
Сонымен бірге, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
Уәкіл, БАҚ, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қадағалау комиссиялары
шағымдар мен өтініштерді беру механизмі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан республикасында отбасылық қатынастарды,
моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың
2015 – 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 29
тармағын орындау үшін қиын өмірлік жағдайға ұшыраған адамдарға
консультативтік әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге арналған «Қызу
желі» бірыңғай нөмірін белгілеу жұмыстары жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |