72
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты, балалар мен
жасөспірімдердің қараусыз, қадағалаусыз, панасыз қалуының, бала еңбегін
қанаудың алдын алу мақсатында және «Кәмелетке толмағандар арасындағы
құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және
панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске
асыруда «Түнгі қаладағы балалар» рейдтері тоқсан сайын өткізіледі.
Рейдтер барысында қаңғыбастық пен қайыр сұрайтын кәмелетке
толмағандардың жаппай жиналатын орындары, компьютерлік клубтар, ол жерде
кәмелетке толмағандардың сағат 23.00-ден кейін болуын анықтау мақсатында
тексеріледі. Сонымен бірге, үлкендер тарапынан кәмелетке толмағандардың
еңбегін қанау жағдайларын анықтау үшін ойын-сауық, көңіл көтеретін орындар
тексеріледі.
2015 жылғы 9 айда 33 мыңнан астам нысандарға (саяжайлар мен саяжай
шаруашылықтары - 2413, егістік алқаптары - 2692, тұрмысы қолайсыз
отбасылары - 10023, үйлердің жертөлелері - 5724, темір жол және автобус
вокзалдары - 1586, көңіл көтеретін орындар - 4512, компьютерлік салондар -
2619, шағын аудандар, базарлар – 3469, автокөліктерге жанармай құю
станциясы – 2092) бару ұйымдастырылды, нәтижесінде 4827 кәмелетке
толмаған балалар анықталды (қолайсыз отбасылардан– 2119, қолайлы
отбасылардан – 2708).
Заңды өкілдерісіз сағат 23.00-ден кейін үйінен тыс жерлерде жүрген
2 585 кәмелетке толмаған бала анықталды, 350 жасөспірім маскүнемдік және
нашақорлық жағдайда болған, кәмелетке толмаған балаларға алкогольді
өнімдерді сатқаны үшін 65, темекі өнімдерін сатқаны үшін 72 кәсіпкерлік
субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 278 ата-ана мен заңды
өкілдер балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін
жауапқа тартылды.
Рейдтер барысында бала еңбегін пайдаланудың 138 фактісі анықталды.
Барлығы 4 200 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Рейдтік
іс-шаралардың
қорытындысы
бойынша
ата-аналармен
профилактикалық сипаттағы әңгімелесулер жүргізілді, әкімшілік және
қылмыстық құқықтың нормалары түсіндірілді. Рейд нәтижелері бойынша
мәселелер облыстық, аудандық (қалалық) кәмелетке толмағандардың істері және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралды
және республикалық, облыстық, аудандық, қалалық бұқаралық ақпарат
құралдарында, «Zakon.kz», «Nur.kz», «Tengrinews» жаңалықтар порталында
кеңінен жарияланды. 9 ай бойынша «Балалар түнгі қаладағы» рейдтік шараларды
өткізу бойынша 549 мақала жарияланды.
2015 жылғы 1 – 12 маусым аралығында «Қазақстан балалары – Нұрлы
жолмен» республикалық акция шеңберінде «Бала еңбегін қанауға қарсы күрес 12
күн» 9-ыншы Ұлттық ақпараттық науқан (ҰАН) өткізілді.
Бекітілген Жоспарға сәйкес республикада 11969 ақпараттық-түсіндірме
шаралары өткізілді.
73
4083 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, оның барысында 6694 объект
араланып (базарлар, жанар-жағар май станциялары, құрылыс алаңдары), 39 бала
анықталды.
Барлығы ҰАН шараларымен 1,4 млн.-ға жуық кәмелетке толмағандар мен
200 мыңнан астам үлкен адамдар қамтылды.
Халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік
әріптестік саласындағы мемлекет саясаты
2007 жылдан бастап орталық және балалардың құқықтарын қорғау,
кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыс жүргізу мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның және ҮЕҰ
қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы
кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді (бұдан әрі - ВАК).
2015 жылы ВАК-тың 2 отырысы өткізілді, онда балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз
ету;
мектептік
қауіпсіз
тасымалдау,
балалар
жарақаттанушылығының проблемалары мен шешу жолдары, кәмелетке
толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссиялардың қызметі туралы және балалардың құқықтарын қорғау
саласындағы басқа мәселелер қаралды.
ВАКтың қорытынды ұсынымдары шаралар қабылдау үшін орталық және
облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына
жіберілді.
Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен серіктестігі
дамытылуда, олардың қызметі мемлекеттің әлеуметтік құрылымдарының
жұмысын толықтырады. Әріптестік және ынтымақтастық шеңберінде
балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері шешілуде.
74
Ағымдағы жылы «Асыл бала» Республикалық Ассоцияциясы» жеке
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігімен және «Қазақстан балалары мен
жастарының әл-ауқатын арттыру» заңды тұлғалар бірлестігімен балалардың өмір
сапасын жақсарту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу үшін ынтымақтастық
туралы келісімге қол қойылды.
Балалардың құқықтарын қорғау саласында 280 ҮЕҰ жұмыс істейді.
Өңірлер бөлінісінде жақсы көрсеткіштер Алматы қаласында, онда
балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жалпы 280 ҮЕҰ 57-і (20,3%),
Қостанай облысында 35 ҮЕҰ (12,5%), ШҚО 27 ҮЕҰ (9,6%), Астана қаласында
- 20 ҮЕҰ(7,1%), Алматы облысында - 18 ҮЕҰ (6,4%), Павлодар облысында - 17
ҮЕҰ (6%) тіркелген.
2011 жылдан бастап БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде ҮЕҰ
консультативті-кеңесші кеңесі жұмыс істейді.
2015 жылы ҮЕҰ Кеңесінің екі отырысы өткізілді, онда Қазақстан
Республикасында Бала құқықтары туралы конвенцияның орындалуы туралы, ҚР
Бала құқықтары жөніндегі Уәкілді құру және басқа мәселелер қаралды.
ҮЕҰ-мен жұмыс әлеуметтік әріптестіктің тиіміді моделін белгілеудің жаңа
жолдары мен механизмдерін іздеумен сүйемелденеді, бұл жүйелі іс-
қимылдардың себепшісі болып қана қоймай, балалардың мүддесіне сәйкес өзара
түсіністік пен ынтымақтастықты көздейді.
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық
Бюросымен, «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ-мен,
«Қазақстанның балалар қоры» ҚҚ-мен, «Құқық» ҚҚ-мен, ЕОАҚ және басқа
ҮЕҰ-мен конструктивті ынтымақтастық жолға қойылды.
Бала құқықтары туралы конвенцияны ҚР іске асыру жөніндегі Төртінші
мерзімдік баяндаманы қорғауға дайындық шеңберінде балалардың құқықтарын
қорғау мәселелері, Бала құқықтары туралы конвенцияны ҚР іске асыру туралы
төртінші мерзімдік баяндамаға және БҰҰ Балалардың құқықтарын қорғау
комитеті ұсынымдарына пікірлерімен ҮЕҰ Альтернативтік баяндаманы
талқылау бойынша кездесулер, конференциялар өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |