26
Әлемдік практикада спорт секцияларымен оқушылардың 80%-дан астамы
қамтылған. Қазақстан Республикасында бұл кӛрсеткіш ұдайы 1-2%-ға ӛсіп
тұрады, ал 2012 жылмен салыстырғанда …..%-ға ӛсті.
Мектептерде дене шынықтыру сабақтарын ---педагог оқытады (2012 жылы -
20 961), оның ішінде …. ауыл мектептерінде жұмыс істейді (2012 жылы – 14 396
адам), ... адамның дене шынықтыру бойынша арнайы білім бар (2012 жылы -
20 203, яғни 97%).
«Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесi даярлығының
Президенттiк сынамалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996
жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысына сәйкес
республикада дене шынықтыру
және спорт құралдары арқылы республика тұрғындарын сауықтыру, халықтың
барық топтары мен әлеуметтік санаттарын спортпен айналысуға, салауатты ӛмір
салтына бейімдеу негіздері ретінде
Президенттiк сынамаларды
енгізу жӛніндегі
жұмыс жалғасуда.
2013 жылғы 20 сәуір – 20 мамыр аралығында республикада
«Қазақстан
Республикасындағы халықтың дене тәрбиесi даярлығының Президенттiк
сынамалары»
нормативтерін қабылдау бойынша республикалық айлық ӛткізілді.
Ережеге сәйкес норматив тапсыруға 5, 9, 11 сыныптардың оқушылары, 18 – 23
жас және 24 жастан жоғары топтар бойынша тұрғындар қатысты.
Дене тәрбиесi даярлығы бойынша Президенттiк сынамаларды
сәтті
тапсыратын оқушылар саны жыл сайын азайып келеді.
Ағымдағы жылы республикада Президенттік сынамаларды тапсыруға
2 576 769 адам қатысты, бұл 2012 жылға қарағанда, 195 272 адамға немесе 7,6 %-
ға кӛп. Олардың ішінен Президенттік деңгейге тапсырғаны 63 463 адам, бұл 2012
жылға қарағанда 4 296 адамға немесе 7 %-ға аз.
Ұлттық әзірлік деңгейіне нормативтерді 112 352 адам тапсырды, бұл 2012
жылға қарағанда 6 136 адамға немесе 6 %-ға артық. 1,5 миляға (2400 м) жүгіруден
нормативтерді «ӛте жақсы» деген бағамен – 77 467, «жақсы» - 163 734,
«орташадан жоғары» - 241 066, «орташа» - 323 577 адам тапсырды.
2012 жылмен салыстырғанда ұлттық әзірлік деңгейіне норматив
тапсырғандардың кӛрсеткіштері 5,5 %-ға жоғарылады, ал сандық мәнде 6136
адамға ұлғайды. Ұлттық әзірлік деңгейіндегі нормативтерді ауылда
тапсырушылардың деңгейі барлық жастағы топтар бойынша орта есеппен алғанда
тӛмендеу үрдісінде.
Қазіргі уақытта Президенттік сынамаларды танымал ету мақсатында
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
нормативтерге және оларды тапсыру тәртібіне ӛзгерістер енгізуде. Келесі оқу
жылының соңына дейін ұсынылатын нормативтерді мектептерде сынақтан
ӛткізіп, оларды оқушылардың тапсыру нәтижелері бойынша бекіту жоспарланып
отыр.
Республикада бұқаралық спортты тиімді дамыту үшін спорт залдарының,
спорттық мүкаммал мен жабдықтардың саны жетіспейді.
27
2013 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша 1975 мектепте (26,7%) спорт
залдары жоқ.
Бұл жағдай дене тәрбиесі бойынша міндетті сабақтарды ӛткізуді толық
қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Қалалар мен ауылдарда балалардың тұрғылықты жеріндегі бос уақытын
ұйымдастыру бәсең дамуда. Қазіргі уақытта елімізде 477 аула клубтары жұмыс
істейді, 2012 жылдың қорытындылары бойынша олардың балаларды қамтуы 64,8
мың оқушыны қамтыды.
Клубтардың бірігуіне және персоналдың штат санының қысқаруына
байланысты олардың саны жыл сайын азайып келе жатқанын атап ӛту қажет.
Аула клубтарының материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға
сай келмейді, олар негізінен тұрған ғимараттардың жертӛле қабаттарында және
тӛменгі бӛліктерінде орналасқан. Бұл жағдайларда балалар мен жасӛспірімдердің
бос уақытын сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік жоқтың қасы.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
жергілікті атқарушы органдар мен ҚР БҒМ-ге «Қазақстан Республикасында
бұқаралық спорттық дамыту туралы» және «Балалар-жасӛспірімдер клубтарын
(БЖК) құру туралы» хат жіберді.
Жоғарыда кӛрсетілгендермен қатар, әртүрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық
іс-шараларды ұйымдастыру балалар спортын дамытудың маңызды факторы
болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша жыл
сайын облыстық деңгейде оқушылардың жазғы және қысқы Спартакиадалары,
спорттың әр түрінен турнирлер мен жарыстар ӛткізіліп тұрады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Агенттік «Кока-Кола
Алматы Боттлерс» компаниясымен бірге «Папа, Мама, Я - спортивная семья»
атты отбасылық жарыстар ӛткізу жӛніндегі жобаны іске асыруда.
Бұдан басқа, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ
еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында Мемлекет басшысы берген
тапсырмаларды орындау үшін оқушылар арасында спорт ойындарынан мектеп
лигалары нысанындағы жарыстарды ұйымдастыру жӛніндегі пилоттық жоба іске
асырылуда, оған 8 ӛңірден 354 949 адам қатысты.
2013 жылы депутаттар тобының бастамасымен «Жас Барыс» мектеп
спартикиадасының жобасы бастау алды. Барсиадаға 32 спорт түрінен 6 – 10
сыныптардың оқушылары қатысады.
Даму мүмкіндігі шектелген балалар ерекше назар аударуды талап етеді.
Бүгінде денсаулық жағдайына байланысты медициналық немесе
«Денсаулық топтары» деп аталатын топтарға мүмкіндігі шектелген оқушылардың
20 мыңнан астамы ғана барады.
Сонымен бірге, бұл топтардағы сабақтарды арнайы білім бар мұғалімдер
жүргізуге тиіс, қазіргі уақытта ондай мұғалімдерді Қазақстанның бірде бір ЖОО-
сы даярламайды.