2
Мазмұны
1.
Кіріспе
3
2.
ҚР бала тұрғындарының негізгі демографиялық сипаттамалары
4
3.
Балалардың құқықтарын заңнамалық қорғау саласындағы
мемлекет саясаты
7
4.
Балаларға білім беру және оларды тәрбиелеу саласындағы
мемлекет саясаты
9
5.
Балалардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекет саясаты
29
6.
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекет
саясаты
44
7.
Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға қатысты мемлекет саясаты
50
8.
Кәмелетке
толмағандардың
құқық
бұзушылықтарының,
қадағалаусыз
және
панасыз
қалуының,
балалар
мен
жасӛспірімдердің суицидтік мінез-құлқының, оларға қатігездік
кӛрсетудің,
зорлық-зомбылықтың,
балалар
еңбегін
пайдаланудың профилактикасы саласындағы мемлекет саясаты
54
9.
Отбасы және отбасылық тәрбие құндылығын насихаттау,
адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық сүйемелдеу
саласындағы мемлекет саясаты
68
10.
Балалар құқықтарын қорғау мәселелеріндегі мемлекет саясаты
70
11.
Халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік
әріптестік саласындағы мемлекет саясаты
73
12.
Қорытындылар мен тұжырымдар
75
3
Кіріспе
Балаларға қамқорлық – еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бӛлігі
болып табылады.
«Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Жолдауында еліміздің Президенті әлеуметтік саясаттың жаңа
қағидаттарын айқындап, балалықты қорғауды елдің дамуының таяу жылдарға
арналған маңызды басымдықтарының бірі ретінде белгілеп берді және
мемлекеттік органдардың оны іске асыру жӛніндегі қызметінің негізгі
басымдықтарын айқындады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат Қазақстан Республикасы Конституциясының
нормаларына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес физикалық, зияткерлік,
рухани, адамгершілік және әлеуметтік тұрғыдан баланың толыққанды дамуын
қамтамасыз етуге бағытталған.
Министрліктер мен ведомстволар балалардың ӛмір сүру сапасының
әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру жӛнінде шаралар қабылдауда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан
Республикасындағы балалардың жағдайы туралы кезекті баяндаманы ұсынып
отыр.
Баяндама «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына және Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-
38.152 бұйрығына сәйкес дайындалған.
Баяндаманың мақсаты Мемлекет басшысын Қазақстандағы бала
құқықтарының жағдайы туралы хабардар ету болып табылады.
Онда балалардың жағдайы туралы 2013 жылғы ақпарат, сондай-ақ оны
жақсартуға бағытталған шаралар туралы ақпарат келтірілген.
Баяндамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен
үкіметтік емес ұйымдары ұсынған балалардың жағдайы және оның ӛзгеру
үрдістері туралы ресми деректер негізге алынған.
Баяндамада балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту, балалар мен
жасӛспірімдердің денсаулық жағдайы, тамақтануы, балалы отбасыларды
әлеуметтік қолдау мәселелері кӛрсетілген.
Жекелеген тараулар ӛмірде қиын жағдайға тап болған балалардың (жетім
балалардың, қадағалаусыз және қараусыз қалған балалардың, мүгедек
балалардың, мигранттардың, аз ұлттардың балаларының және т.б.) жағдайына,
сондай-ақ оларды қорғау және әлеуметтік қолдау жӛніндегі шараларды дамытуға
арналған.
Баяндаманың қорытындысында негізгі тұжырымдар мен балалардың
құқықтарын, оларды қорғауды және дамытуды қамтамасыз ету жӛніндегі қажетті