38
3 сурет. Достастық ортаның дамуына бөгет жасайтын жағдаяттар
1. Тұрақсыздық, балаларды тәрбиелейтін ересек адамдардың жиі ауы-
суы.
2. Тәрбие бағдарламаларындағы балалардың даму проблемала-
рын есепке алмайтын және отбасының жоқтығына байланысты дамудағы
олқылықтардың орнын толтырмайтын кемшіліктер.
3. Тәрбиелеу мен оқыту процесінде балаларды саралау тәсілінің
жоқтығы.
4. Баланың өзімен өзі оңалашану мүмкіндігінің жоқтығы.
5. Мекеменің «жабық» ортасы, дамытушы орта өрісінің өте тарлығы,
әлеуметтік ортамен тұрақты және терең қатынастардың жоқтығы.
6. Басты назардың тәрбиеленушілердің психологиялық жайлылығына
емес, дұрыс тамақтануға, күн режиміне және т.б. аударылуы.
7. Тәрбиеленушілердің көпшілік, ұжымдық сипаты, балаға деген жеке-
бағдарлық көзқарастың жоқтығы.
8. Тәрбиеленушілердегі дене, зияткерлік және эмоциялық жүктемелердің
барабар еместігі.
9. Тәрбиешілер өмірін реттеудің жоғары дәрежесі, өмірдің
бірсарындылығы, балада таңдау еркінің жоқтығы.
10. Тәрбиешілердің психологиялық-педагогикалық дайындығының жет-
кіліксіздігі.
11. Ересек адамдардың балалармен араласуының қате стилі (тұрақты
бақылау, қатаң ережелер, жылылық пен қолдаудың жоқтығы).
39
4 сурет. Балаға достастық ортаның қалыптасуын қиындататын
мүмкін болатын кедергілер
1. Тәрбиешілер жиі ауысқан кезде оларға үйрену қиын.
2. Жападан жалғыз болу, ешкім көңіліңді бөлмейтін жерде демалу
мүмкіндігінің жоқтығы.
3. Өзің сенуге, өз күйзелістеріңді бөлісуге болатын адамның жоқтығы.
4. Қашан және не істеуді таңдауға мүмкіндік берілмейді, еркіндік аз.
5. Қосымша сабақтар өте көп, оқу қиын, шаршаушылық пайда болады.
6. Адамнан одан дәл қазіргі кезде не қажет екенін сұрамастан,
ересектердің барлығын режим және кесте бойынша орындауға мәжбүрлеуі
7. Көңілсіз, күнде үйреншікті нәрселер қайталана береді
8. Ересек адамдардың өте қатаң бақылау жасауы
40
Тәрбиеленушілердің балалар үйінен кету сбебептерін анықтау
үшін қойылған сұрақтар
5 кесте
Тәрбиешілерге арналған сұрақтар
III.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша балалар үйінен қашудың
себептері қандай?
%
1.
Құрдастарымен қақтығусылар мен күрделі қарым-
қатынастар
86,4
2.
Баланың оңаша қалу мүмкіндігінің жоқтығы
72,7
3.
Тәрбиеленушілермен қақтығыстар және күрделі қарым-
қатынастар
70,5
4.
Өмірдің бір сарындылығы
56,8
5.
Ересектердің балалармен қарым-қатынас жасауының қате
стилі (тұрақты бақылау, қатаң ережелер, жылулық пен
қолдаудың жоқтығы)
52,3
6.
Сүйіспешіліктің,
қамқорлықтың,
көңіл
бөлудің,
түсінушіліктің, қолдаудың, балаға деген құрметтің
жоқтығы
50,0
7.
Балада таңдау еркіндігінің жоқтығы
43,2
Балалар үйінен қашудың басқа да себептерінің ішінде: кезбелік-
ке бейімділік, баланың бақылауда болуы, көше балаларымен араласу,
ата-аналары жөніндегі жағымсыз ақпарат, туыстарына жақындық,
өз отбасында болуды қалау, бейімделудің қиындығы, балалардың
үйреншікті ортаны сағынуы, олардың іс-қимылдар еркіндігін аңсауы
атап көрсетілді.
41
6 кесте
Тәрбиеленушілерге арналған сұрақтар
III.
Сен қалай ойлайсың, балалар үйінен кейбір
тәрбиеленушілер неліктен қашады?
%
1.
Құрдастарымен жанжалдасу
45
2.
Өйткені, ешкім мазаламайтын жерде демалуға, жалғыз
болуға мүмкіндік жоқ
20
3.
Тәрбиешілер жиі ұрысады
39
4.
Әр күн бір-біріне ұқсас болғандықтан көңілсіз
27
5.
Ересектер қолдау көрсетпейді және тындамайды, тек қана
бағынуға мәжбүрлейді
18
6.
Оларға басқа адамдардың тарапынан сүйіспеншілік, көңіл
бөлу, қамқорлық, түсіністік, қолдау, сыйласу жетіспейді
20
7.
Қашан және не істеуді таңдауға мүмкіндік бермейді, еркін-
дік аз
32
42
5 сурет. Тәрбиеленушілердің осыған ұқсас мекемелерден қашуға
тырысатын себептері
1. Құрдастарымен жанжалдасулар мен күрделі қатынастар.
2. Баланың оңашалану мүмкіндігінің жоқтығы.
3. Тәрбиешімен қақтығыстар және күрделі қатынастар.
4. Өмірдің бірсарындылығы, көңілсіздігі.
5. Ересек адамдардың балалармен араласуының қате стилі (тұрақты
бақылау, қатаң ережелер, жылылық пен қолдаудың жоқтығы).
6. Балаға деген сүйіспеншіліктің, көңіл аударудың, түсіністіктің,
сыйлаудың жоқтығы
7. Балада таңдау еркінің жоқтығы.
43
6 сурет. Тәрбиеленушілердің мұндай мекемелерде болудан қашқақтау
себептері
1. Құрдастарымен ұрыс-керістер.
2. Өйткені жеке болу, көңіліңді ешкім бөлмейтін жерде демалу мүмкіндігі
жоқ.
3. Көңілсіз, күнде үйреншікті нәрселер қайталана береді.
4. Ересектер қолдау көрсетпейді және тыңдамайды, тек бағынуға
мәжбүрлейді.
5. Оларға басқа адамдардың тарапынан сүйіспеншілік, көңіл бөлу,
қамқорлық, түсіністік, қолдау, сыйлау жетіспейді.
6. Тәрбиешілер жиі ұрысады.
7. Қашан және не істеуді таңдауға мүмкіндік берілмейді, еркіндік аз.
44
Достастық ортаны қалыптастыру бойынша ұсыныстар.
7 кесте
Тәрбиешілерге арналған сұрақтар
IV.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша жетім балаларға
арналған мекемелерде білім беру – тәрбиелеу процесін
ұйымдастыруға қандай өзгерістер енгізу қажет?
%
1.
Педиатр, психиатр мен психолог бірігіп жүзеге асыратын,
девиантты мінез-құлқы бар балалармен жасөспірімдерге
жеке психотерапия мен психотүзетім және тәрбиешілер
үшін девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдер мен
балаларға жалпы педагогикалық әдісті дербестендіру
жөнінде ұсынымдар жасалуы керек.
100
2.
Балалар үйіндегі педагогтардың орасан жүйкелік-
психикалық ширығуын, эмоциялық жүктемесін есеп-
ке ала отырып, оны бейтараптандырудың әдістерін
– еңбекті ұтымды ұйымдастыруды, психологиялық
босаңсу әдістемесін пайдалануды, өзін-өзі ретке келті-
руді, психотехникалық жаттығулар негіздеріне үйретуді
ойластыру қажет.
100
3.
Күн тәртібінде жұмыстың, сабақтардың, демалыс пен
серуеннің, қимыл ойындарының, сүйікті істермен
айналасудың айқын белгіленген кезектілігін, ұйқының
қалыпты ұзақтығын, толыққанды теңгермеленген
тамақтануды, сауықтыру дене шынықтыруын, балалардың
денсаулығын шынықтыру мен нығайту шараларын
қарастыру қажет.
97,7
4.
Топтағы балалар санын азайту және балалар үйінде бала-
лармен өзара қарым-қатынас жасайтын ересектердің са-
нын көбейту қажет, бұл әрбір балаға көбірек көңіл бөлуге
мүмкіндік береді.
93,2
5.
Баланың салыстырмалы түрде ересектердің тар шеңбері-
мен байланыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, ба-
лалар мекемесіндегі қызметкерлердің тұрақтамаушылығы
мен балаларды топтан топқа ауыстыруды тоқтату.
93,2
6.
Педагогтарды жеке тұлға дамуының психологиялық не-
гіздеріне, жетім балалардың жеке тұлғалық дамуындағы
проблемалар мен ерекшеліктерін түзету психология-
сы, психологиялық диагностика негіздеріне, заманауи
технологияларға және арнаулы психотүзету әдістемелері-
не оқытуды ұйымдастыру қажет.
93,2
Достарыңызбен бөлісу: |