26
Төменде келтірілген жасқа байланысты міндеттер мына
авторлардың: Achenfach (1990), Wafaps, Sroufe (1983), Masfen, Bras-
well (1991), Selman (1980) және De Geks (1995) жарияланымдары не-
гізінде тұжырымдалған [22].
4–12 жасар балаларға арналған жасқа байланысты міндет-
тер:
1. Басқалармен санаса білу – басқалардың мүдделерін есеп-
ке ала отырып іс-әрекеттерді жоспарлау және пайымдаулардың
қалыптасуы:
1) сұрақ беру, құрдасымен кездесу туралы келісу, көмек өтіну,
басқаға бөгет жасамау (4-6 жас);
2) өз іс-әрекеттерін басқалардың мүдделерін есепке ала отырып
жоспарлау, кеңесе білу (6–8 жас);
3) өз пікірінің болуы, басқалардың пікірлерін есепке ала отырып
пайымдаулар қалыптастыру, қарым-қатынастар жасау (8–10 жас);
4) басқалармен есептесу, басқаларға барабар жауап беру (10–12
жас).
2. Тәуелсіздік — тәрбиешілерге қатысты тәуелсіздіктің өсуі:
1) өзіне қызықты іс табу, дербестіліктің дамуы (4–6 жас);
2) өзіндік пікірінің болуы, басқалардың мүдделерін есепке алу,
басқалармен есептесу (6–8 жас);
3) өз істерін өздігінше атқара алу, қиындықтар туған жағдайда
ересектерден көмек беруді өтіну (8–10 жас);
4) өзінің бос уақытын қалауынша өткізу, өзінің бос уақытын
жоспарлау (10–12);
3. Оқу — бастауыш мектепте қоғамда қызмет етуге қажетті икем-
діліктер мен бейімдер үшін:
1) сабақта басқа балалармен бірігіп жұмыс істеу және белсенді-
лік таныту (4–6 жас);
2) бастауыш мектепте оқудың икемділіктері мен дағдыларына
ие болу, білім алу (6–8 жас);
3) ынтамен оқу, білімді меңгеруге күшін, төзімін жұмсау,
өздігінен оқи білу (10–12 жас).
4. Достық — құрдастарымен достық қарым-қатынастар орнату
мен оны дамыту:
1) өзіне қарсы жыныс пен өз жынысы балаларының арасынан
достар табу (4–6 жас);
27
2) достық қарым-қатынастар жасау, достаса, басқаның пікірі-
мен есептесе, басқамен бөлісе, басқаға жаңашырлық көрсете білу
(6–8 жас);
3) қақтығыстарды өздігінен шешу, тұрақты «үздік» досының
болуы (8–10 жас);
4) достықты сақтау, балалармен және қыздармен достаса білу
(10–12 жас).
5. Үйдегі міндеттер — үй шаруашылығын жүргізу үшін өзіне
жауапкершіліктің бір бөлігін алу:
1) өз заттары мен ойыншықтарын жинастыру (4–6 жас);
2) үй шаруашылығына көмектесу, басқаларға қамқорлық жасау
(6–8 жас);
3) үйдегі тұрақты міндеттерді, еңбек тапсырмаларын бөлу (8–12
жас).
6. Қарапайым инфрақұрылымдарды пайдалану — қоғамдық
көлік, ақша жүйесі, қатынас-байланыс құралдары, бос уақытты
өткізуге арналған құрал сияқты инфрақұрылымның негізгі
құралдарын өздігінен пайдалана білу:
1) телевизорды, магнитофонды, ойнатқышты қосу мен ажырату
(4–6 жас);
2) ақшаны, қоғамдық көлікті, телефонды пайдалану, ақшаның
құнын білу (6–8 жас);
3) инфрақұрылымды пайдалануға қажетті дағдыларды меңгеру
(10–12 жас).
7. Қауіпсіздік және денсаулық — өз қауіпсіздігі мен денсаулығы
үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін таңдау жасай білу:
1) көшеде абай болу, өзін қауіптілікке ұшыратпау, ересектермен
қарым-қатынастарда абай болу (4–8 жас);
2) таңдау жасай білу (8–10 жас);
3) қауіптілік тұрғысынан алып қарағанда өз іс-әрекеттері мен өз
мінез-құлқының мүмкін болатын салдарын көре білу (10–12 жас).
Жасөспірімдерге арналған жасқа байланысты міндеттер (13–
21 жас):
1. Тәуелділіктен азат болу, өз еркіндігіне ие болу — ата-аналары-
на аз тәуелді болып және өзгеріп отыратын өзара қарым-қатынастар
кезінде отбасындағы және құрдастарының арасындағы өз орнын
анықтай білу:
28
1) жанжалсыз қарым-қатынастар құру, ата-аналарымен келісім-
ге келу икемділігі (13–15 жас);
2) құрдастарымен және ата-аналарымен өз қарым-қатынастарын
анықтау, проблемаларды жанжалдарсыз шеше білу (16–18 жас).
2. Денсаулық және сыртқы бейне — жасөспірім өзіне жақсы
денсаулық жағдайы, сыртқы түр, жақсы тамақтану мен шамадан
артық тәуекелге кез болмау жөнінде қамқорлық жасауы тиіс:
1) өз салмағын, дене жағдайы мен дамуын өздігінен қадағалау
(13–15 жас);
2) салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден дер кезінде
тыйылу (16–18 жас).
3. Бос уақыт — міндеттерден азат кездегі уақытты толыққанды
өткізу, қызықты іс-шаралар ұйымдастыру:
1) бос уақыт үшін рақаттану әкелетін қажетті, пайдалы істерді
таңдай білу (13–15 жас);
2) бос уақытты толыққанды өткізу (16–18 жас).
Әлеуметтік құзіреттілік жасқа байланысты міндеттер мен
қажетті дағдылардың арасындағы тепе-теңдік жағдайы ретінде
қарастырылады. Біз егер жеке адам күнделікті өмірде өзінің алдында
тұрған міндеттерді іске асыру үшін жеткілікті дағдыларға ие болған
кезде құзіреттіліктің бар екендігі туралы айтамыз. Егер жасқа бай-
ланысты міндеттер өте күрделі немесе өте көп болып кетсе немесе
адам дағдылар мен икемділіктердің жеткіліксіз санын меңгерсе тепе-
теңдіктің бұзылуы мүмкін — ол кезде адамның қызметі құзіретті
болмайды.
Міндеттер — бұл адам қоғаммен күнделікті қатынасында
соқтығысатын нәрселер.
Дағдылар — бұл нақты міндеттерді орындау үшін қажетті мінез-
құлық формалары. Дағдылар адамға белгілі бір міндеттерді орындауға
мүмкіндік береді. Адам когнитивтік, әлеуметтік және іс-тәжірибелік
дағдыларды меңгереді.
Жасқа байланысты міндеттер мен қажетті дағдылардың
арасындағы тепе-теңдікке оңды әсер етететін факторлар: икемділік
және қорғаныстық қасиеттер.
Икемділік — бұл адамның оған тәуекел мен сәтсіздіктерге
қарамастан ойдағыдай бейімделе білуге көмектесетін жеке
қасиеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |