ҚазаҚстан Республикасы
білім және ғылым министРлігі
балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті
ҚазаҚстан педагогикалыҚ ғылымдаР
академиясы
Жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған
білім беру мекемелерінде балаға
достастық ортаны қалыптастыру
технологиялары
алматы – 2009
УДК 373
ББК 74.200.5
Ж 56
Рецензенттер:
Қ.с. мусин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай
атындағы ҚазҰПУ-нің «Оқытудың ақпараттық жүйесі» кафедрасының
меңгерушісі
Х.т. Шерьязданова – психология ғылымдарының докторы, профессор,
ҚазМемҚызПУ-нің «Теориялық және практикалық психология»
кафедрасының меңгерушісі
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық орта-
ны қалыптастыру технологиялары: Оқу құралы / а.Қ. Құсайынов,
ж.и. намазбаева, а.т. Құнанбаева, ә.б. садықова. – Алматы:
ROND&A баспасы, 2009 ж. – 112 бет.
ISBN 978-601-80019-5-6
Бұл оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлі-
гі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша өткізілген
жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық орта қалыптастыру
технологияларын әзірлеудегі әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері негізінде
дайындалды.
Бұл оқу құралы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің басшыларына,
тәрбиешілеріне, психологтарына, әлеуметтік педагогтарына ұсынылады.
ж 56
© «Қазақстан Педагогикалық
Ғылымдар Академиясы» ҚБ, 2009.
удк 373
ббк 74.200.5
ISBN 978-601-80019-5-6
3
Кіріспе
2009 жылдың 1 қаңтарындағы ресми статистика мәліметтері
бойынша Қазақстан Республикасында 46 126 жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың
16 008-і жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған мекемелерде, 28 113-і отбасылардағы қамқорлық
пен қорғаушылықта, 2005-і патронатта тәрбиеленуде.
Әлеуметтік жетімдік елеулі проблема болып отырғандықтан оны
шешу мемлекеттік деңгейде қарастырылады. 2007 жылы желтоқсан
айында қабылданған «Қазақстан балалары» бағдарламасы балалар-
ды мемлекеттік қолдаудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру
мен жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға өмір-тіршіліктің оңтайлы ортасын жасау бойынша шара-
лар өткізуді көздейді.
Жетім балалалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларда аса маңызды әлеуметтік құрылым – отбасының ықпалы
жетіспейді. Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі – уақытша бола-
тын жер, оқу аяқталғаннан соң балалар өздігінен өмір сүру үшін
ашық әлеуметтік ортаға шығарылады. Тәрбиеленушілердің өмір
жолдарының ойдағыдай болуы оларды балалар үйінің дербес
өмірге қаншалықты дайындағанына байланысты. Жеткілікті өмірлік
тәжірибесі жоқ, әдеттегі қамқорлық пен өмір салтынан айырылған
бұрынғы тәрбиеленушілер дербес өмірге кірісуге дайын емес болып
шығады.
Балалардың есеюі олардың ересектермен белсенді өзара
әрекеттестігі жағдайында мүмкін болады. Сондықтан жетімдік
өмір салтының ата-аналарының қамқолығынсыз қалған балалардың
әлеметтенуі мен дербестену процесіне жағымсыз ықпал етуі, сондай-
ақ ересектердің балаларға қатысты позицияларының қалыптасуына
ықпал еткен қоғамдағы елеулі өзгерістер, міне бұлардың бәрі әр түрлі
әлеуметтік құрылымдардың тәрбиелік ықпалдарын оңтайландырудың
мүмкіндіктері мен жеке тұлға қалыптасуының жаңа резервтерін із-
дестіру қажеттілігіне әкеледі.
4
Сонымен, зерттеудің көкейкестілігі бір жағынан, жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бі-
лім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастырудың
тиімді технологияларын енгізудің объективтік қажеттілігімен,
екінші жағынан мамандырылған мекемелердегі мұндай ортаның
мазмұндық-технологиялық құрамдастарының жеткіліксіздігімен
және әзірленбегендігімен анықталады. Осыны есепке ала отырып,
зерттеу проблемасы мына түрде тұжырымдалады: жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастыру
технологияларының тиімділігін анықтайтын жағдайлар қандай?
«жетім балалар мен ата-аналарының қамқолығынсыз
қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға
достастық ортаны қалыптастыру технологиялары» жобасы ба-
лалар үйлері тәрбиеленушілерінің өмір-тіршілігінің жағдайларын
жақсартуға арналған.
мақсаты: жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық
орта құру, қоршаған әлеуметтік ортаның жағымсыз ықпалына
тұрақты, әлеуметтік табысты жеке тұлғаны дамытуда көмек көрсету.
міндеттері:
1. Республиканың жетім балалар мен ата-аналарының қамқор-
лығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің
балаға достастық орта құру жөніндегі қолда бар тәжірибелерін зер-
делеу.
2. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру мекемелеріндегі балаға достастық
ортаны құру жөніндегі қолда бар алдыңғы қатарлы тәжірибе туралы
ақпарат жинастыру мен талдау.
Бұл оқу құралында балаға достастық орта қалыптастыратын
факторлар көрініс тапқан. Әлеуметтік-педагогикалық қолдауды
ұйымдастыру, жеке тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуінде
қиындықтардың туындау мәселелері зерттелді. Балаларды оқыту мен
тәрбиелеудің неғұрлым барабар тәсілдерін іздестіруде балалардың
өмір сүруінің қазіргі жағдайларына, олардың өздеріне және
ағымдағы жағдаятқа, көзқарастарына көңіл бөлінді. Аталған меке-
мелер қызметкерлерінің тәжірибесі зерделенді. Жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беруге
арналған мекемелердегі балаға достастық ортаны қалыптастыру бой-
ынша зерттеу әдістері мен іс-тәжірибелік ұсынымдары берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |