ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет20/31
Дата14.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#12266
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31

71
түйсіну қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған арнаулы тәсіл-
дер мен ойындарды пайдаланған дұрыс.
Жаспірімнің өзі туралы түсініктерінің дербестігін дамытуға, 
олардың айналадағылардың пайымдаулары мен бағаларынан салыс-
тырмалы түрдегі тәуелсіздігіне ерекше назар аудару қажет.
Тәрбиеленушілер  ересектер  берген  бағаларын  меңгеруіне 
ұмтылыңыздар.  Бұның  жасөспірім  жеке  тұлғасының  қалыптасуы 
үшін  жағымсыз  салдарлары  болуы  мүмкін.  Жасөспірім  өзі  туралы 
ересек адам білдірген пікірге қорықпай дау айта алатын жағдайлар 
жасау да маңызды.
Жасөспірімнің  өзіне  деген  дұрыс  қарым-қатынасын  қалыптас-
тыру үшін онымен араласып жүрген ересек адам тәрбиеленушімен 
қарым-қатынаста  екі  тәсілді  үнемі  ұстануы  тиіс:  жасөспірімге 
әрқашан  баланы  бірегей,  қайталанбас  және  сондықтан  да  тамаша 
жаратылыс реттінде сөзсіз қабылдауға негізделген жеке тұлға ретін-
де қарау; және оның жекелеген іс-қимылдарына, мінезінің сипатына, 
жетістіктеріне берілетін, жағымды немесе жағымсыз болатын нақты 
бағалаулардың көптігі: жасөспірім мұндай бағалардың айқындылығы 
мен шынайлылығына қатты зәру болады. 
Тәрбиеленушілермен кәсіптік бағалау және кәсіптік кеңестер 
беру жұмысы мен жүйесін құру қажет. Мұндай жұмыс ерте баста-
луы тиіс; бала мектептік балалар үйіне (интернатқа) келген алғашқы 
күндерден  бастап  оны  кәсіптер  әлемімен  кітаптар,  әңгімелер  бой-
ынша  ғана  емес,  онымен  бірге  поштаға,  институт  зертханасына, 
шаштаразға,  вокзалға  және  т.б.  экскурсиялар  жасап,  одан  кейін 
көргендерін  адамдардың  кәсіптік  қызметінің  мазмұны  тұрғысынан 
талқылау арқылы да таныстыру қажет. Балалар үйінің (интернаттың) 
тәрбиеленушілерін кәсіпті таңдауға байланысты өзін өзі тануын бел-
сендіру бойынша байыпты психологиялық жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұл 
үшін кәсіптік кеңестер беру жұмысының барлық дәстүрлі әдістері, 
жасөспірімге өз қабілеттілігін, бейімділігін, ұнататын нәрсесін ашуға 
мүмкіндік беретін әдістемелер мен тесттер жарамды.
Бұл  кезеңде  педагогтар  балалар  үйінің  тәрбиеленушілерін 
болашақ отбасылық өмірге дайындауға ерекше көңіл аударуы тиіс. 
Тәжірибе интернаттық үлгідегі балалар мекемелерін бітірушілердің 
өз  отбасын  құру  мен  сақтауда  елеулі  қиындықтарды  бастарынан 
өткізетінін көрсетеді, олар күйеуінің немесе әйелінің ата-аналық отба-
сына қиындықпен үйренеді, жұбайымен толыққанды өзара қатынас-
тар  құруға  қабілетсіз  болады.  Оларда  бір-біріне  деген  бастапқы 


72
ынтықтық  тез  сарқылады,  жұбайлық  қатынастар  мазмұны  дамы-
май  қалады.  Себептердің  біреуі  балалар  үйі  тәрбиеленушілерінде 
жыныстық  рөл  туралы  қате  қалыптасқан  түсініктерде  жатыр. 
Интернаттық  үлгідегі  балалар  мекемелеріндегі  тәрбие  жұмысы 
жүйесін  құру  кезінде  педагогтарға  мынаны  есте  сақтау  маңызды: 
тәрбие  жұмысының  дәстүрлі  формаларының  маңыздылығына 
қарамастан  интернатты  тұрақты  жұмыс  істейтін  пионер  лагеріне 
айналдыруға болмайды. Ширақ, эмоцияларға толы тәрбиелік шара-
лар қалыпты, байсалды «үй» өмірінің жарқын көріністері ғана болуы 
тиіс.
3.3. іс-тәжірибелік ұсынымдар
балалар үйлерінің персоналын уәждеу бағдарламасы
Персоналды  уәждеу  қолайлы  орта  жасау  бойынша  негізге 
алынатын  фактор  болып  табылады.  2004  жылы  Ресейде  балалар 
үйлерінің  персоналымен  жұмыс  істеуге  арналған  бағдарлама  жа-
салды.  Кадрлардың  тұрақтамау  бағдарламасын  шеше  отырып,  ба-
лалар үйлері персоналын уәждеу бағдарламасының үлгісі ретінде 
ұсынамыз.
«Балалар  үйі  жағдайларында  педагогикалық  кадрлардың  да-
муын  басқару  жүйесі  ғимаратының  ракурсында  процессуалдық 
теорияларға (В.С. Лазарев, Т.П. Афанасьева, И.А. Елисеева, Т.И Лу-
денко, Ф.Херцберг, Д.МакКлелланд, М.О. Олехнович және басқалар) 
[30, 31] неғұрлым жоғары қызығушылық білдірілді. Бұл теориялар 
қызметкер  мінез-құлқының  белгілі  бір:  экономикалық,  ақпараттық, 
қатынас-байланыстық, ұйымдастырушылық және т.б. факторлардың 
ықпалымен қалыптасу процесін ашады. Қарастырылатын негізгі про-
блема – бұл қызметкерде мінез-құлықтың басқа емес нақ белгілі бір 
үлгілеріне әкелетін уәждеу кешенін қалыптастыру» .
Кез келген адамға өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруда бел-
гіленген  нәтижелерге  әкелетін  толығынан  айқындалған  жеке  үлгі 
тән.  Кез  келген  қызметтің  негізінде  уәждеу  жатыр.  Мұнымен  бір-
ге  адамда  әдетте  біртұтас  уәждеу  кешенінің  қалыптасатынын  атап 
өту  қажет.  Басқаша  айтқанда  еңбек  қызметі  әрқашанда  жартылай 
уәжделеді.  Уәждеу  қызметте  абстрактілі  емес,  нақты,  яғни  қызмет 
мақсаттарымен байланыстырыла отырып беріледі, бұл қызметке жеке 
тұлғалық мағына береді. Басқару психологиясында адамның уәждеу 


73
кешеніне  ықпал  ету  мүмкіндігі  уәждеу  тетіктерін  ашатын,  шартты 
түрде бөлініп көрсетілетін мазмұндық және процессуалдық теория-
лардан көрініс табады.
Қажеттіліктерді  қанағаттандыру.  Қажеттілік  жеке  тұлғаға 
оны белгілі бір мінез-құлыққа бағыттай отырып, әсер етеді. Бұл мі-
нез-құлықтың  мақсаты  белсендірілген  қажеттілікті  қанағаттандыру 
болып табылады. Психологияда қажеттілік мақсатын уәж деп атай-
ды  (кейде  уәждің  заттанған  қажеттілік  екені  айтылады).  Басқаша 
сөздермен айтқанда, егер қажеттілік – тамақ болса, онда ниет – нан, 
ірімшік, гамбургер, ақ шараптағы таңсық балық және басқалар.
Уәж іске асырылудың үш сатысынан өтеді:

уәжде негізделген қажеттілік жете ұғынылады («Мен өзімді 
сыйлаушылықты қалаймын»);

өзіндік  жеке  тұлғаның  тілегіне  жету  мәселесі  талданады 
(«Мен мені бәрі сыйлайтындай болуға қабілеттімін бе?»);

жеке  тұлғалық  ерекшеліктер,  құндылықтар,  бейімділіктер, 
қабілеттіліктердің бәрі есепке алына отырып, ниет не жетістік ретін-
де қабылданады, не жоққа шығарылады.
Кәсіптік  қызмет  уәждерінің  диагностикасы.  Персоналмен 
жұмыс істей отырып, қызметкердің қандай да бір уәжі жеке тұлғалық 
қандай  ерекшеліктер  арқылы  талданылатынын  білу  керек.  Кейбір 
адамдар жұмысқа бас айналдырар табысқа жету, асықпайтын және 
тыныш жұмыста қуану үшін келеді.
уәждеу  процесс  ретінде.  Қызметкердің  уәжіне  диагности-
ка  жасауды  жұмысқа  қабылданған  кезеңнен  бастап  мезгіл-мез-
гіл  өткізіп  тұрған  жақсы.  Өйткені  бұл  уәждердің  артында  тұратын 
қажеттіліктердің өзгеруі мүмкін. Мысалы, уәжге
 
диагностика жасаған 
кезде жетістіктердің уәждемесі, даму мен өсу, өзін-өзі сыйлау, мой-
ындау  және  т.б.  уәждері  де  білдіріледі.  Педагогикалық  кадрлармен 
жұмыс құзіреттілік тәсілдің негізінде құрылады. Осыған байланысты 
маңызды сәт – тәрбиешінің педагогикалық процесстегі рөлі мен оның 
салдары ретінде балалар үйі тәрбиешісінің кәсіптік құзіреттіліктері 
үлгісін жасауды қайтадан ой елегінен өткізу болып табылады. Үлгіні 
жасау  процесі:  мақсаттарды  анықтаудан  және  тәрбиеші  қызметі 
тиімділігінің  критерийлерінен  бастап  кәсіптік  құзіретіліктердің 
даму  деңгейлерін  сипаттауға  дейінгі  үш  кезеңнен  тұрады.  Кәсіптік 
құзіреттіліктердің жасалған үлгісі соңғы нәтижеде педагогтың жаңа 
бейнесін анықтады, яғни тиімді кәсіптік мінез-құлықты ынталандару 
туралы мәселе бас көтерді.


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау