Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



жүктеу 9,62 Mb.
бет35/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#15685
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47

Әдебиеттер:

1.Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, Мектеп баспасы, 1971ж. 62-65 бб.

2.Гаркавец А.Н. Кыпчакские языки: куманский и армяно-кыпчакский. Алма-Ата. Наука. 1987г. 215стр.

3.М.Ә.Жүнісова Әлемдік лингвистика тарихы. Алматы, 2013ж., 102б.



Резюме

В статье рассматриваются памятники армяно-кыпчакского языка.



Summary

The article deals with the monuments of the Armenian-Kipchak language.


ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ

СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК ТӘРБИЕСІ

Б.А. Әрінова,

Қазақстан - Британ техникалық университеті

Тілдер кафедрасының сениор-лекторы, п.ғ.к
Қазіргі әлемдік қауымдастықта ұлттық мемлекеттердің стратегиялық даму бағыттарына ықпал ететін факторлардың бірі ретінде жаһандануға айрықша мән беріледі. Ғаламдық бірегейлік танытып отырған бұл үдерісте елдің бірлігін, мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін ұрпақ бойында қазіргі уақыттағы қоғамдық-әлеуметтік талаптарға сай ұлттық тәрбие беру қажеттігі туындайды. Ол үшін бүгінгі жастарды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениет үлгілерін игеруші, оны өзінің даму жолында тұтынушы, жалғастырушы мұрагер деп қабылдауымыз керек. Осы ретте қазіргі студент жастардың ұлттық мәдениеттен нәр алуы еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуге, қоғамдағы қайшылықтарды ұғынуға, бейбітшілікті сақтауды түсінуге, ұлтаралық рухани келісімді нығайтуға негіз бола отырып, жаһандану жағдайында ұлттық бет-бейнені, өзіндік сананы сақтап қалуға септігін тигізеді.Сондықтан бүгінгі жастар тәрбиесінде ұлттық мұрат, ұлттық болмыс, ұлттық санамен тоғысқан мәдениетаралық ынтымақтастық пен интеграцияны дамыту тиімді жол деп танылады. Мәдениетаралық ынтымақтастық мәдениетаралық байланыстар арқылы жүзеге асады. Әр халық өзінің төл мәдениетін құрметтей отырып, өзге мәдениеттерден сабақ алатындықтан әлемдік рухани мұралардың құндылықтық мәні ашыла түседі.

Қазақ халқының мəдениеті – ұлттың рухани дүниетанымы, мəдениет пен тарихтың құрамдас бөлігі ретіндегі мәдени мұралары. Қай елдің болмасын мәдени мұраларында сол елдің өз халқына ғана тән қасиеттер, ұлттық ерекшеліктер бейнеленеді.Қазақ халқының мәдени мұраларында мемлекет құраушы ұлттың дүниетанымы, тілі мен ділі, болмыс бітімі көрініс тауып, олар ұлттық мәдениетті құрайды. Ол адамзат игілігі ретінде ұрпақтанұрпаққа жетіп, қоғамдықәлеуметтік өзгерістерге орай жаңарып отыратын рухани байлық болып саналады. Тарихи деректерге жүгінетін болсақ, ұлттық ұлағаттың қайнар көзі сонау көне заманнан бастау алып, ұлт мәдениетінің қалыптасуына негіз болған. Ұлттық мәдениеттің барлық түрлері халықтың ғасырлар бойғы рухани құндылықтары негізінде жасалып, халық оларды әр тарихи кезеңге сай ой елегінен өткізіп отырған.Ұлттық мəдениеттің тəлімі мол, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұрасы – ұлттың əдет-ғұрып, салт-дəстүрлері. Дəстүр, əдет-ғұрып пен салт-сана қоғамдағы əлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мəдени даму деңгейін көрсетумен қатар, тəрбие талаптарының негізін, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің жəне ұйымдасуының маңызды нысандарын құрайды.

Қазақ халқының төл мәдениеті ұлттық құндылықтар болып табылатын сәулет, бейнелеу, саз, қолөнер, ұлттық ойындар т.б. ұлттық мұралар өзегінде көрініс табады. Бұлардың бәрі өзіндік ерекшеліктеріне орай ұлттың парасаттылығын, даналығын білдіретін зияткерлік қасиеттерді дамытуға негіз болатын құндылықтар. Ал ұлт тәрбиесінде, қазірг студент жастардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда ана тілі, ұлттық тіл ерекше мәнге ие. Тіл–ұлттың жан дүниесі, ақыл–ойының көрінісі. Ол мемлекетті, елді, туған жерді сүюдің,Отанымызды мекендеген барша халықтың мақсат–мүддесін қорғайтын басты құрал. Ұлттық тіл – мәдениеттің негізі және іргетасы болып табылады. Ұлттық тілдің саяси, мемлекеттік, ғылыми, мәдени және басқа да өмір саласында лайықты қолданылуы ұлттың тұтастығын, өзіндік мәдени ерекшеліктерін, халықтың өзінің өткен дәстүрлерін есте ұстауға, одан рухани алып, үйлесімді үрдісін дамтыу үшін басқа мәдениеттердің белгілерін қоса дамытуға мүмкіндік береді.Ұлттық тұтастану, ұлттық қасиет пен мәдениетті сақтап қалуда қазақ тілінің атқарар қызметі мол. «Бүгінгі таңда ана тілін білу әрбір қазақтың парасаттылық және ұлттық қажеттігі болып отыр» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ерекше атап көрсеткен. Жастардың ана тілінде еркін сөйлеуі Қазақстан жағдайындағы көпұлтты, көпконфессиялы қоғамда этникалық сәйкестікке негіз болады.Ана тілінің шоқтығы биік болса, қазіргі жастар өзге тілдерді де меңгере отырып, кез келген жағдайда мәдениетаралық диалогқа түсе алады.

Қазақ халқының дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениетінің түркі тілдес халықтар мәдениетімен байланыстылығы оның сұхбаттық өрісін кеңейте түседі. Көптүрлі мәдениеттер, олардың өзіндік құндылығы, бірегейлігі, және өзара қарым-қатынасы мен байланысы ұлтаралық қарым-қатынаста көпмәдениеттілікті тудырады. Көпмәдениетілік көпұлтты және көпмәдениетті ортада басқа мәдениеттерге сыйластық, түсіністік қалыптастыру, әртүрлі ұлт өкілдерімен тату-тәтті және бейбіт өмір сүруге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуді көздей отырып, жастарды полиэтникалық социумда этнотолеранттылыққа тәрбиелейді.

Көпмәдениеттілік тәрбиесі өркениеттіліктің күрделі жүйесін түсінуге ықпал ететін мәдени байланыстарды ғана қамтымайды. Оның маңыздылығы тұлғаның басқа мәдениетке енуі процесінде оның өзіндік жеке мәдениетінің өсіп дамуында болып табылады. Мемлекет аз ұлттардың өз ана тілдерінде білім алу, этномәдени құндылықтарын сақтау және оны дамыту қажеттіліктеріне ресми мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетілуге және қорғалуға деген құқықтарын қамтамасыз етеді. Көпмәдениеттілік тәрбиенің мақсаты тілдік мәдениетті қалыптастыру, қазақ тілін білу, Қазақстанды мекендеуші барлық халықтардың салтына, дәстүріне, жалпы мәдениетіне деген сыйластық қасиеттерді сақтау болып табылады. Сондықтан  қазіргі студент жастардың құндылық бағдарын қалыптастыруда көпмәдениеттіліктің маңызы өте зор. Көпмәдениеттілік ең алдымен өз ұлтыңның рухани құндылықтарын елжандылықпен меңгеріп, өзге елдердің мәдениеттерін құрметтей білумен сипатталады. Төл мәдениеттi терең бiлу басқа мәдениеттерге қызығушылықтың iргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысу тұлғаның рухани толысуы мен дамуының негiзi болады. Көпмәдениеттілік тәрбиесі өркениеттіліктің күрделі жүйесін түсінуге ықпал ететін мәдени байланыстарды ғана қамтымайды. Оның маңыздылығы тұлғаның басқа мәдениетке енуі процесінде оның өзіндік жеке мәдениетінің өсіп дамуында болып табылады, және көпмәдениеттілік тәрбиесі – бұл тек басқа мәдениетке толерантты сыйластық қарым-қатынас қана емес, бұл тұлғаның жеке интеллект ретіндегі рухани дамуы. Көпмәдениеттілік студентке әртүрлі құбылысты түсінуге көмектеседі, яғни оның өзгермелі өмір заңдылықтарын өзінше қабылдап, пайымдауына ықпал етеді. Көпмәдениеттілік тәрбиесі жастардың әртүрлі мәдени топтар ретінде (этникалық, әлеуметтік) өмірде кездесетін қарама-қайшылық қарым-қатынас барысында жеке өзінің көпмәдениеттілік тұрғысындағы көзқарасын білдіре отырып жеке адамның теріс көзқарасын өзгертуге ықпал ету маңыздылығын үйренуге көмектеседі.

Қорыта айтқанда жастардың бойында қалыптасатын елжандылық, азаматтық, болашаққа деген үлкен сенім, адамдар арасындағы қарым – қатынасқа ізгілікті көзқарас, өз еліне деген мақтаныш сезім бәрі ұлттық ұлағаттың көрінісі болып саналады. Сол себепті қазақ халқының мәдени мұралары қай уақытта болмасын мемлекет құрушы ұлттың рухани құндылықтары ретінде қазіргі жастар тәрбиесінде аса маңызды болып қала береді. Сонымен қатар қазіргі өркениетті қоғамда көпмәдениеттілікті меңгеру мемлекет құраушы ұлттың мәдени мұрасына, дәстүріне деген құрметті арттыра отырып, Қазақстанның басқа халықтарының мәдени мұрасымен бірлікте басқа халықтың мәдениетін қабылдауға қабілетті, көпұлтты ұжымға бейім, мәдениетаралық әрекетті жүзеге асыратын ұрпақты қалыптастыруға мүмкіндік береді деп пайымдаймыз.



Әдебиет:

1.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012.

2.Молдабеков Ж. Қазақтану және жаңару философиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 282 б.

3.«Ұлттық тәрбие» ЖОО арналған оқу бағдарламасы. Алматы,2009



Резюме

В данной статье рассмотрены вопросы всемирного межкультурного влияния и многограннного воспитания современной студенческой молодежи


РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

А. Кенжан,

доцент,п.ғ.к.

ҚазМемҚызПУ, Алматы

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсегеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Еліміз жыл сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше болашаққа деген сенімділік те мол. Қазіргі қазақ қоғамында ұлттық бейне, ұлттық мүдде мәселесі, болашақ ұрпақтың бойына рухани құндылықты қалыптастыру мәселесі өзекті тақырып. Ұлт рухын көтеру, ұлт санасын ояту, ұлт мәдениетін жаңғырту, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру қажеттілігі күн өткен сайын өзінің сұранысын көрсетуде. Жаһандану кезеңінде рухани құндылықты дамыта отырып, жастардың дүниетанымына әсер ету, ұлы қазақ халқының салт-дәстүрінен, имандылық тәрбиесінен, діннің тәрбиедегі маңызың дұрыс жолға қойып, рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдарын негізгі мәселе етіп қою қажет. Болашақ ұрпақты рухани құндылықтармен тәрбиелеудің бірден-бір жолы ұлттық салт-дәстүрді, қазақ халқының бет бейнесін, болмысын, дәріптеу. Біз ұлт болып, егеменді ел болып, өзіміздің мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді дамытамыз десек, ең алдымен тәрбиені мектепке дейінгі мекемелерден бастауымыз қажет. Өз ұлтының патриот азаматы, елін, жерін, тілін, дінін сүйетін адам етіп тәрбиелеу, рухани ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре білуіміз керек. Тәрбиенің негізі – имандылықта. Иә, Имандылық тәрбиесінің адамзаттың рухани көзін ашып, оларды таза жолға түсіріп, жүрек ұшқынын лаулататыны белгілі. Адамдарға бақыт пен мереке сыйлай білу - бұл ең бір мейірімді әрекет, ал оларды қателіктен арылту - бұл рухани демеу. Адамдарға деген көтеріңгі қарым-қатынастың өзі үлкен бақыт пен мейірім болып табылады. Барлық адамға деген көзқарас бірдей болуы керек. Тәрбиеде бұл - рухани мейірімділік. Бақытқа қол жеткізудің негізі рухани байлық пен таза жан болып табылады. Осындай рухани көтерілу жаңа ой, тәрбие - ұлттық негізде құрылса, сол ұлттың ұрпағының бойында еліне деген, ана тіліне, Отанына деген шексіз адал сезімі қалыптасады. Адамгершілік және рухани құндылықтар адамзат мәдениетінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. Руханилықты түсіну мен анықтауда түрлі тәсілдер бар. Біреулер руханилық - бұл тіл, өнер, музыка, әдебиет, мәдени мұра т.б.десе, ал екінші біреулер руханилық тікелей дінмен және діни құндылықтармен байланыстырады[2]. М.Шахановтың сөзімен айтатын болсақ, «Рухсыздық - барлық бақытсыздықтың бастауы». Ал «Руханилық – имандылық, себебі әуел баста Алланың рухынан жаратылған Адам өмір айналымына не үшін жіберілді. Әрине, эволюциялық жетілу жолынан өтіп, өсіп, өркендеп, пенделіктен періштелік биіктікке дейін көтеріліп, тазалап барып Ұлы Рухқа-Аллаға қайта қосылу үшін жіберілген»- деп түсіндіреді қазіргі заман ойшылдары. Адамзаттың эволюциялық даму жолына көз жіберетін болсақ, талай қиындықтарды бастан кешкен. Қазіргі компьютер, интернет дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Сондықтан болашақты тәрбиелеуде имандылықтың беретін байлығы мейірімділік пен махаббатты негізге алу. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...»дейтін жылы жүрек керек. Халқымызда: «Тәрбие - тал бесіктен» деген ұлағатты сөзі бар. Отбасындағы ізеттілік, қайырымдылық, имандылық - бәрі балаға тал бесіктен берілетін алғашқы тәрбие. Бұл - ұлттық тәрбиенің ең озық көріністері,яғни ұлттық тәрбие дегеніміздің өзі-рухани құндылық. Сондықтан қазіргі уақыттың басты қағидасы - адамның кісілік келбеті, ізгілігі, ұлттық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыру. Тәрбиені ізгілендірудегі мақсат - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы мәдени дағдыларды игеру, өзіне сондай-ақ, өзгелерге де жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Ендеше, өркениетке қадам басқан қоғамда жеке тұлғаны тәрбиелеуде ең алдымен, білім берудің ұлттық жүйесі адамның ішкі жан-дүниесін, рухани әлемін жетілдіру бағытындағы тәрбие өз ана тілі арқылы жүзеге асуы қажет. Мұндай мақсаттың орындалуы көп жағдайда, адамның бір-біріне деген ізгі қарым-қатынасына тікелей байланысты. Адам өмірін өзгертер әділет, ынсап, қанағат сияқты адамның рухани ізгі қасиеті дамымайынша,қоғамда өркендеу болмасы анық. Бәсекеге қабілетті, талғамы биік, жаңа заман адамын қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие құндылықтары мен ұлы мұраларымызды зерделей білудің мәні ерекше. Ұлттық тәлім-тәрбиенің асыл арналары болып табылатын ізгілік, имандылық, парасаттылық, рухтық ұғымдар мен таңбалардан, тарихта мәңгі аты қалған ғұламалардың өсиеттерінен, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерден және дала данышпандарының нақыл сөздерінен алынады. Адамгершілік тәрбиесінің нәтижесі-адамдық тәрбие, ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары,қарым-қатынастары арқылы қалыптасады десек, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы,адам бойындағы ізгі қасиет туралы түркі ғұламасы Жүсіп Баласағұнның атақты [1]. «Құтты білік»дастанында кеңінен баяндаған. Ұлы ойшыл бұл шығармасында жоғары мұратты, әділетті қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-құлқы, кісілігі туралы:

Жақсылықтың-құлы, азат адам да,

Жақсылық қып, баста түзу қадамға.

Адамдыққа сен де жаса адамдық,



Кісіліктің жолы солай қаланбақ!-дей отырып, ұрпақты адамдық, кісілік, ілтипаттық, кішіпейілділік, әдептілік, сыпайылық сияқты асыл қасиеттерге баулуға аса зор мән береді. Демек, мейірімді, көпшіл, кешірімді болып, тәкаппарлық пен тойымсыздық, ашкөздік сияқты жаман әдеттен бойды аулақ ұстап, жақсылық жасаудан аянбау жөнінде жастарға үлгі-өсиет айтады. Адам түзелсе, қоғам мен өмір түзеледі деп тұжырымдаған.Ұлтымыздың салт-дәстүріндегі үлгі-өнеге, асыл қасиеттеріміз: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, барға қанағат етушілік, жомарттық пен қонақ-жайлылық, мейірімді болу, қайырымдылық жасау сияқты көптеген адамгершілік, ізгілік, өнеге-сипаттар жайлы ғұлама көзқарасы педагогика тарихын байытып қана қоймайды, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру үрдісінде зор мәні барлығына куә боламыз[1]. Сондықтан Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы еш уақытта өлмейтін құндылықтар ізгі сөз бен ізгі ниет туралы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін қазіргі заманғы руханилық мәселесінде оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың маңызы зор болмақ. ХХІ ғасырдың көкейкесті мәселесінде тоғысқан кеңістігінде көне мұраларымыздағы адамның болашағын бағыттауға қажетті рухани күш, ізгі ілім, өшпес үлгідегі ақыл-кеңестердің ұлттық мәдениетіміз, тіліміз бен дініміздің бүгіні мен ертеңіне де негіз, әрі тірек болары осыған дәлел. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі де жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Руханилық - жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі адамды мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Адамгершілік тәрбиесі бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Қазақ халқында тектілік деген ұғым ерекше орын алған. Текті азаматтың білімді, парасатты болуы да міндетті. Дана халқымызда: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»-деп бекер айтылмаған [3].Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өзіне сенімділікті тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің мәні зор. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, ұлттық құндылықтар жатады [3]. «Қазақстан-2030» тұжырымдамасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз...бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады». Адамның жан-дүниесін рухани байытатын қасиетті бағалау болып табылады. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыру – біздің қоғам алдыңдағы борышымыз.

Қорыта келгенде, ұлттық тәлім-тәрбиелік идеялардың тұлға тәрбиелеудегі маңызы зор.



Әдебиет:

1.Жүсіп Баласағұн. «Құтты білік» Көне тілінен аударған алғы сөзін жазған Егеубай А.-Алматы: «Өлке»,2006.2-басылым.

2.М.Шаханов шығармалары. «Өркениеттің адасуы»Алматы.

3. «Қазақстан-2030»тұжырымдамасы.



Резюме

В статье рассматриваются проблемы влияния народных традиций на современное воспитание личности.



АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ

К.Кузенбаева

Қайнар университеті филология

факультеті 2 курс магистранты,

Алматы, Қазақстан
«Маса» кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Мансап үшін бар абыройын сатқан, «жақсылығы өз басынан артылмаған» пасық, екіжүзді адамдарды сынайды. «Туысыма», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Көк есектерге», «Жұртыма», «Қарқаралы қаласына» өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, образды ойлар бар. «Масада» Пушкиннен аударылған «Қыздар дейсің мәжілісті, жан дейсің», «Ат», «Данышпан Аликтің аты», «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», Крыловтан аударылған «Сорлы болған мұжық», «Қаздар» деп аталатын шығармалары берілген. «Ұлтым-ұлтым» дегенмен ұлт азаматтарының бәрі бірдей өзін қолпаштап қолдаудың орнына жаудың ісін жасап, жағасынан алып жүргендігіне ақын күйінішін былай білдіреді:

Қинамайды абақтығы жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

Маған ауыр осылардың бәрінен,

Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны.

Халқым деп қанша егілсе де өзін күндеп, артықшылығын көре алмай, бақталастықпен қарап, қызғанышпен тістелеп жүргендеріне күйіне отырып, өз жүрек қалауымен жазған шығармаларының мәңгілік екендігіне сенімділігін былайша білдіреді:

Тән көмілер, көмілмес өткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін.

«Маса» жинағының алғашқы басылымындағы (1911) Ахмет өлеңдерінің басты желісі – ағартушылық, елді білімге, өнерге үндеу болды. Сондықтан Абай салған дәстүрді әрмен қарай жалғастырды. Өнер мен ғылымның құдіретіне табынуға үндеді. Оның қадір-қасиетін біліп бағалауға шақырды. Оны атақ пен шен-шекпен, мансап пен байлықтың көзіне айналдырмау керектігін ойға салды. Осы тұста Абайдың мақсаты мен Ахметтің ойы ортақ үндестік табады.

Ақын тұйыққа қамалған халыққа жол көрсетер зиялылардың аздығына, барларының өздерінің жеке бастарының қамымен болып кеткендігіне налиды да, соған деген ішкі наразылығын былай білдіреді.

Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған,

Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.

Байға – мал, оқығанға – шен мақсұт боп,

Ойлайтын жұрттың қамын адам аздап.

Абай дәстүрін берік ұстанған Ахмет өз өлеңдерінде надандық пен кемшілікті көріп қана қоймай, өмірден өзі түйген ащы шындықты сыртына шығарады. Надандықтың құшағында мүлгіп жатқан қазақтың санасын маса болыр шағып оятқысы келеді. Сондықтан елге шығып саналарын қозғап ойландырғысы келетіндігін байқатады.

«Адамдық диханшысы» атты өлеңінде ақын қазақтың алаңсыз тірлігіне түркі болып, саналарына дән егіп оятқысы келетіндігін білдіреді. Білімге ұмтылыстың болмауы, екі аяқты малға айналдырып, елдің өз іштерінде болып жатқан жайға баға бере алмайтындай жағдайға әкеле жатқандығы көкірегіне күйініш әкеледі. Санасы бітеу жан қандай қорлыққа болмасын төзімді, таяқ жеп жатсада былқ етпей жауырынын төсей беретін малға ұқсайтындығын ескертіп намыстанады. Ұлттық намысы оянбаған халықтың санасына айтылған сөз жетпейтіндігін ескертеді. Оны көптеген өлеңдерінде жазып та отырады. Мысалы, «Жиған-терген» деген өлеңінде саналары жас баладай болып, төңіректерінде болып жатқан жайға мән бермеген, надандықтың қалың ұйқысына шомған елдің алаңсыздығына ызасы келеді. Жан-жақтарын торлаған қатердің қара бұлтын сезінбейтін мінездеріне таңданады. Қазақтардың алаңсыз жайбарақаттығына ызасы келеді. Сендердің мына қылықтарың ұйқысында алаңсыз тербетілген баланың әрекетін еске салады деп күйзеледі. Өзін ұйқыдағы баласын оятқан анадай сезінеді. Қалың ұйқыға кеткен халқын оятуға ұмтылады. Оларға жаңа серпіліс әкелгісі келеді. Таңдап алған жолдың ауырлығы мен қиындығын іштей сезініп, өзінің осы кейпін сарала аяқтары бар, тыныш отырған адамдарға ызыңдап мазасыздық әкелетін сары масаға балайды. Сөйте отырып түбінде осы әрекеттің жемісі болатындығына сенімді екендігін былай білдіреді:

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша,

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Қазақ халқының мүлгіген даласындай тыныш жатуының негізгі себебін, дін шырмауының кесір-кесепатын іздейді. Құранның сөздерін сатып өздерінің тіршілігін жақсартып алғысы келгендердің тындырып жүрген әрекетіне наразылығын білдіреді. Дін адамды тек жақсылыққа тәрбиелеуі керек, өкінішке орай ол өз міндетін атқара алмай отыр дегенді халқына өлең арқылы жеткізеді.

«Анама хат» өлеңінде баласының өзінің қасынан ұзап кетіп бара жатқандығына алаңдаушылық білдіргендігіне, жауап ретінде жазылған десе де болғандай. Өзін өмірге әкелген адамның алдында басын ие отырып, үй баласының деңгейінен кетіп, ел баласына айналып бара жатқандығын айтып, ішкі жан сырын жайып салады.

Ақынның он үшінде ойға түскені билік тарапынан болған өктемдік, азулылардың қолдарындағы күштерін пайдаланы, жанұяларына жәбір жасағаны, оған наразылық ретінде әкесінің ояз бастығының басын жарып, Сібірге жер аударылуы, жас балаға ой салып, әділеттілік үшін күресуге ықпал еткендігі ақынның анасына айтқан сыры ретінде көрінеді.

Он үш жасында көкірегіне ызғар салып кеткен жамандықтан дік алып қалған ақын, болашақта сондай әділетсіздіктердің жолын кесу үшін күреске шыққысы келеді. Өмірдің күйкі тірлігін ығыстырып, жақсы іске жар болғысы келетіндігін білдіреді. Бұдан ақынның болашаққа ойланып әрекет еткендігін көруге болады. Ақынның жаңа заман тудырған, төңкерісшілдік санамен күрескерлік борышын жете түсінген жан екендігін түсінеміз.

Ақын тудырған жаңа бейненің қас белгісі өзі үшін емес, өзгелердің бақыты үшін күресуге бел байлағандығының белгісінен көрінеді. Сондықтан да Ахмет өлеңдерінде мәнсіз, мағынасыз ұраншылдық байқалмайды. Өлеңдерінің астарынан бостандыққа ұмтылыс аңғарылады. Қазақ халқын орыс патшасының езгісінен азат ету, патшалық Россияның отаршылдық саясатын түбірімен күйрету, қазақ ұлты өз өзі таңдағысы келетіндігін сездіру сезіледі. Қазақ ұлтының басындағы қасіретті дерт, надандық ұйқысынан оянбаудың сыры, еркіндікті аңсаған елді аяусыз қанаған патшалық Россияның отаршылдық сачсаты екендігін дөп басып біле алмай отырғандығынан екендігін былайша батыл айтады.

Қазағым – елім

Қайқайып белің,

Сынуға тура таянып

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып.

Қанған жоқ паәлі ұйқың,

Ұйықтайтын бар не сиқың!

(«Жиған-терген»)

Туған ұлтының қамын ойлап, мағынасыз марғау тіршіліктің құшағына беріліп, сақалдарын сипап жайбарақат жатуы, «Түксиген иұртты обыр обып, сорып тұрған» отаршылдыққа күш беріп отырғандығын ашып береді. Соған қарсы күреске жөн сілтеген ақынның қаһарлы үні осылай қуатты естіледі. Қазан қаласынан шыққан «Масаның» соңғы басылымына басшылық жасаған Бернияз Кулеевтің айтуынща, 1922-ші жылы «Жиған-терген»деп аталатын өлеңдер жинағы басылып жатқанда, соңына осы жолдар жазылу үшін даярланған кезде цензурабасуға рұқсат етпеген екен. Өйткені онда халықтың басына қатер төндірген, қазақты біріне-бірін айдап салып, қырқыстыру арқылы ынтымағынан айырып өздерін жақсы етіп көрсетіп отырғандары меңзеу арқылы айтылады. Қазақтарда отарына айналдырып отырған патша саясатын сынаған тұстар соқырға таяқ ұстатқандай айқын көрініп, соған қарсы күресуге шақырған ойлардың көрініс бергендігінен, соған қарсы тұруға үндегендіктен екен.

Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ қалпы» деп аталатын өлеңінен келтірілген үзінді. Отаршылдықтың шырмауынан шыға алмайтын кеселдің бәрі қазақтың өз ішінен шығатын алты бақан алауыздықтан екендігін ашып береді. Қолына билік беремін десе жері мен елінің намысын ғана емес, ата-бабасында сатып жіберуге даын мансапқорлардың әрекеті екендігін ескертеді. Қазақ өз ішіндегі берекесіздігінен құтылмаса, бірінен-бірінің артықшылығы сезіле қалғанда соған қызғаныштарын білдіретіндігін ішке бүгіп, көздеріне көлгірси күліп, екі жүзділікпен жымысқы жамандық жасауға дайын тұратын әдеттерінен құтылмаса, ұлттық намысын оята алмаса, ешқашан отаршылдықтың құрығынан құтыла алмайтындығын, бір тізгіннен кейін екінші тізгінге ырық беріп жүре беретіндіктерін көрегенділікпен көріп, даналықпен болжайды.

Отаршылдықтың шанжар бұғауын тас-талқан етер қуатты күш қайта алаулар күнді аңсап, сол сәттің тезірек келуін ақан асыға күтеді.

Ақын үшін бақ ұғымы алдағы халықтың басына қонар бақыттың образы. Ақынның лирикалық кейіпкері бақыт күнін аңсаушы ғана емес, сол күннің тезірек жетуіне шақырған, жақсылықты күткен образ. Елдің бетке ұстар азаматтарын бірлікке ұйымдастырып, бас біріктіруге, сөйтіп қаймықпай күреске шығуға үндеген Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, бостандықты, азаттықты аңсаған әлемнің алдыңғы қатарлы прогресшіл үнімен үндесіп келеді.

Халық мұратын өзінің жеке басының бақытынан жоғары қояды. Сол себептен де өз ісінің ақтығына сенген ақын үшін ең ауыр күрестің өзі - рух беретіндей болып көрінеді. Бұдан ақынның оптимистік рухы көрінеді.

Ақын өз образы арқылы жаңа заман жастарының толыққанды образын жасайды. Алдыңа мақсат қойған екенсің, жетпей тынба дегенге келеді. Ол соңынан ерген жастарға үлкен сенім артады. Өзі тұтатқан ұшқынның лапылдап жанарын, оның Қазақстанда тұратын халықтардың кеудесінде патриоттық рух болып күш алатындығына сенімі болады. Солардың бойынан табылар күшке қуанады. Олардың үнсіз мүлгіп жатпайтындығына сенімді болады.

Ағартушылық бағыт ұстанған Ахмет Байтұрсынұлы отаршылдық езгіден арылып, елінің азат болуын аңсайды. Ақын өз көкейінде жүрген ойын жалпақ елге жеткізуде, қандай жаман әдеттен бойларын аулақ салулары керектігін астарлы мысалмен аңғартады.

Қорыта келе айтарым, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала береді. Ол шын мәнінде тәуелсіздікті аңсаған кең тынысты қазақ поэзиясының негізін салды. Қазақ өлеңіне азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгісін алып келді. ХХ-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының «рухани көсемі» болды. Өнер мен ғылымның сан-саласын меңгерді. Халқының ұлттық санасының оянуы үшін күресті. Сол жолда мерт болды. Бірақ жауларының алдына тізерлемеді. Сондықтан тәуелсіздіктің таңы атып шуағына шомылып отырған кезімізде оның мұрат-мақсаты биіктеп, рухы желпіне береді.

Ахметтің ақындығын дәлелдейтін «Маса» жинағы десек, қателеспейміз. Ол жинақ ақынның өзі ойлағандай болып, нысананы дөп басты. Талай елді оятты. Ең алдымен қазақ жастары оянып, саналарын сергітті. Ахметтің шығармасы бас болған, қазақтың ағартушылық, демократтық әдебиеті жаңа заманның талап-тілегіне орай толысып, кеңейді.


жүктеу 9,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау