Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



жүктеу 9,62 Mb.
бет3/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#15685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006. – 372 б.

  2. Дуанбай Ж. Қыздарға қамқорлықта шек болмайды (С.Исаевпен сұхбат) // Жас алаш. 26.02. 1996 ж.

  3. Исабаев Б. Қолда барда алтынның қадірі жоқ// Егеменді Қазақстан. 16.12.1991 ж.

  4. Исаев С. Білім мазмұнын жаңғырту – уақыт талабы // Егемен Қазақстан. 16. 06. 1998 ж.

  5. Жаппасұлы Е. Ұлт ұлағаты – тәрбиесінде // Қазақ әдебиеті. 26.12.1995. № 35.

  6. Исаев С. Қазіргі жағдайда республикамызда педагог кадрлар дайындаудың кейбір мәселелері // Ғалым.Ғылым. Ғұмыр. «КИЕ», 2008.

  7. Мұқаш Қ. Тәрбие – терең түсінік // Қазақстан мектебі. 1998. № 2-3.

  8. Хасан С. Руна жазуларынан бергі мұрағаттарымыз тарихи зерделілігіміздің тағы бір айқын көрінісі емес пе?// Жұлдыз. 1998. № 3. 168-172-беттер

Резюме

В статье рассматриваются инновационные идеи в сфере образования видного ученого и умелого руководителя профессора С.М. Исаева, который внес огромный вклад в развити Казахского государственного женского пединститута.



Summary

In article innovative ideas in education of the prominent scientist and the skillful head of professor S. M. Isayev who made a huge contribution to development of the Kazakh state female pedagogical institute are considered.


Профессор С.М. Исаев

және қазіргі қазақ тіл біліміндеГІ жаңа бағыттар

Ж.К.Отарбекова,

ҚазМемҚызПУ доценті, ф.ғ.к.

Алматы, Қазақстан
Үлкен ғалым, тіл білімінің білгірі, қадірлі ұстаз, профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевтың мирас етіп қалдырған мол мұрасын зерделеу арқылы қазақ тілінің грамматикалық құрылысы, оның морфологиясы мен синтаксисі, сөзжасам мәселелері, қазақ әдеби тілінің тарихи мәселелері секілді іргелі салалармен қатар қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы типологиясы, қазақ тілін өзге ұлт аудиторияларында оқыту әдістемесі, мектепке арналған оқулықтар жазу, сөздіктер түзу секілді қолданбалы тіл білімі, құрылымдық грамматика мәселелерімен қатар қазақ тіл білімі тарихында бірқатар жаңа бағыттардың қалыптасуында еңбегі зор екендігіне көз жеткізуге болады

Ғалым еңбектеріндегі квантативті лингвистика, прагмалингвистика, контрастивтік лингвистика, лингвоэкология, әлеуметтік лингвистика, тіл философиясы мәселелерін қазақ тіл білімінің «адам – қоғам - табиғат» аясындағы жаңа бағыттағы зерттеулерінің қайнар бастаулары, жол сілтеушісі ретінде қарауға толық негіз бар.

С. Исаев қазақ тіл білімінде зерттеудің квантативті-статистикалық әдісін алғашқы қолданған көш басшылар қатарында аталады. Мұндай әдісті қолданудың нәтижесінде ғалым сөз тудырушы форма, форма тудырушы тілдік модельдердің өнімділік, құнарлылық мәселелері, сондай-ақ олардың қазақ жазба әдеби тілінің әр түрлі жанрларындағы стильдік ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндіктері алды. Алғашқы ғылыми зерттеу жұмысы - 1967 жылы қорғаған кандидаттық диссертацияcы статистикалық зерттеулерге негізделген. Бұл қазақ тіл білімінде сол кезеңде жаңадан қалыптаса бастаған әдіс, лингвостатистика – тіл білімінің жаңа бағыты болатын.

1967 жылы ғалым С.М.Исаев «Тіл білімі және математика тәсілдері» [1], 1974 жылы «Лингвистикалық зерттеулерде математика әдістерін қолдану мәселесі жайында» [2] мақала жариялады. Бұл мақалада ғалым жаңа әдістерді тіл біліміне енгізудің себебі не, оның мақсаты қандай деген орынды сұрақ қояды. Тіл біліміндегі бұндай жаңа бағыт екі түрлі қажеттіліктіктен туып отырғанын көрсетеді. Ең алдымен, бұл проблеманы алға қойып отырған тіл білімінің ішкі факторлары, яғни тіл заңдылықтарын, оның ішкі сырын, даму процесін, тарихын, мәнін, басқа тілдерімен қарым-қатынасы сияқты ерекшеліктерін басқа ғылымдар саласында қолданылып жүрген тиімді әдістер арқылы аша түсу болса, екіншіден, тіл тек қана зерттеу объектісі емес, оның қоғамдық қызметі, коммуникативтік ролі, функциональдық мәні бар құбылыс болғандықтан, күнделікті өмір талабынан туып отырған практикалық қажеттілік болып отыр дейді [3,303].

Жалпы алғанда статолинвистикалық талдаулар негізінде ғалым 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде қолданылған сөздер мен сөз тұлғаларының қолданылу жиілігінің көрсеткіштерін шығара отырып, қазақ әдеби тілінің дамуының сол кезеңге тән ерекшеліктерін дәл айқындап көрсетіп берген.

Контрастивтік лингвистика (салғастырмалы тіл білімі) — жалпы тіл білімі саласында 1950 ж. бері қарқынды дамыған бағыт. Контрастивтік лингвистиканың мақсаты екі, кейде бірнеше тілді жалғастыра зерттеп, олардын кұрылымдық денгейіндегі жақындығы мен айырмашылығын айкындау. Профессор С.М.Исаевтың орыс тілін жетік білуі оның орыс тілі мен қазақ тілін салғастыра, типологиялық зертетулер жүргізуіне мүмкіндік берді. «Сопоставительная типология фонетической системы казахского и русского языков в таблицах» (1991), «Сопоставительная типология казахского и русского языков» (Г. Нуркинамен авторлық бірлестікте) (1996), «Сборник упражнении по сопоставительной типологии русского и казахского языков» (Б.Исмагулова, А. Тажимуратова, С. Баяндинамен авторлық бірлестікте) (1994) деп аталатын еңбектері ғалымның бұл салада да қомақты зерттеулер қалдырғандығының айғағы. Ал 90-жылдардан беріде казақ және орыс тілдерінің фонетикалық жүйесін, грамматикалық құрылымын салғастырмалы-типологиялық аспектіде зерттеу басталды. Сол кезеңде алғашқылардың бірі болып С.М. Исаев «К вопросу о сопоставительно-типологическом изучении словоизменения имен в казахском и русском языках» [4] атты мақала жариялап, бұл мәселені зерттеудің мемлекеттік тілді игерту, маман кадрлар даярау қажеттігінен туындап отырғанын көрсетті. Салғастырмалы зерттеулердің өмірге келуіне педагогикалық оқу орындарында «Орыс мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандарын даярлау мен барлық мектептерде «Қазақ тілі» пәнінің міндетті пән ретінде енгізілуі, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы себеп болды. Бұған дейін жарық көрген қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасына қатысты еңбектер «Ұлт мектебіндегі орыс тілі мен әдебиетіне» арналып, ана тілінің негізінде орыс тілін игерту мақсат етілсе, ендігі мақсаты орыс тілімен салыстыра отырып қазақ тілін игерту болды.

1999 жылы профессор С.М. Исаев А.Р.Көшеновпен бірге «Педагогические аспекты экологического образования и воспитания молодого поколения в свете стратегии «Казахстан - 2030» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Социокультурные основы экологии языка в формировании целостного мировозрения будущих педагогических кадров» атты баяндама жасаған [5].

Мақала авторлары қазақстандық педагогикалық ғылымда қоршаған орта мен қоғамдық жүйені қорғау саласында әлеуметтік-дүниетанымдық көзқарас эволюциясы мәселелері терең кешенді зерттеу нысаны болмағанын, отандық ғалымдардың еңбектерінде аталған мәселенің кейбір аспектілері жекелеген пәндер аясында ғана қарастырылып жүргенін, бірақ жаңа дүниетанымдық көзқарасты тіл мен мәдениет экологиясы арқылы қалыптастыруға байланысты жүйелі талдаулар жүргізілмегенін жазады. Қарастырылып отырған мәселенің күрделілігі мен көпқырлылығы, шешілмеген әрі даулы мәселелерінің болуы, зерттеудің практикалық және теориялық көкейкестігі осы мәселені таңдауға себеп болған.

Бұл зерттеудің негізгі мақсаты - педагог тұлғасының экологиялық мәдениетінің әлеуметтік-мәдени негіздерін қалыптастыруды жүйелі түрде қарастыру. Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік-мәдени негіздері оқу орындарында оқу-тәрбие процесін адамзат қоғамының моральдық-этикалық және әлеуметтік-қоғамдық құндылықтарына негіздей отырып қайта құруға бағытталған тәрбие міндеттері мен мақсаттарының жиынтығы арқылы анықталады. Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік-мәдени негіздері оқу процесінің мазмұнындағы, түрі мен әдісіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты. Сондықтан мақала авторлары болашақ педагогтардың әлеуметтік-мәдени дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін тілтанымдық экологиядан қарастырады.

«Қазақ мақал-мәтелдерінің, өлеңдері мен басқа да көркем шығармаларының тереңдігіне бойлау үшін қазақ болып туылып, қазақ даласында өмір сүру керек. Бұл ұлтшылдық емес, әр халықтың өзіне тән табиғатты қабылдауы, содан шығатын тіл байлығы. Қазақ халқының өзіндік ерекшілігі, біздіңше, қоршаған шындықты – табиғатты терең тани білгендігінде. Табиғат қазақ үшін қоршаған орта ғана емес, рухани үйлесім мен тұтастық, бірге даму. Осы жағдай қазақ халқының тілін бай етті, табиғат құбылыстары арқылы әлеуметтік өзгерістерді сипаттай алды. Ұлттық байлықтың мұндай тереңдігін барынша сезініп, қабылдау әрбір адамның көркем және ғылыми-практикалық тілінің дамуына ықпал етеді деуге толық негіз бар.

Тілтанымның осындай қажеттігіне негіздей отырып, біз оқу-тәрбие процесін әрбір пәнде педагог өтілген тақырып туралы білімді біртұтас, терең қабылдауға, ой қорытындысын жасауға бағыттайтын бағдар ұстауымыз керек. Бұл өте қиын, бірақ жоғары оқу орны болашақ педагогте осында қасиеттерді қалыптастыруға барынша күш салуы керек», - дейді ғалым [5].

Сонымен, тіл экологиясы тілтаным ғана емес, дүниені тану мен оны рухани тұрғыда сезіну. Сондықтан болашақ мамандарды даярлауда педагогтың дүниетанымын - табиғи ортаның дамуымен біртұтас жеке тұлғалық, өзіндік көқарасы бар, шындықты қабылдай алатын тұлға ретінде қалыптастыру қажет. Мақаланың негізі түйіні осындай.

Сөйтіп, тілтаным экологиялық мәдениет факторы ретінде қоғамды гуманитарландыру процесінде үлкен рөл атқарады, экологиялық ғылымның әлеуметтік-табиғи мәні мен мақсатын түсінуге жаңа әдістанымдық негіз болады.

Ғалымның бір мақала аясында келтірілген линвоэкологияға қатысты ой тұжырымдары қазіргі тіл біліміндегі бұл бағыттың көтерер жүгі тек тілі тазалығы мәселесі ғана емес, одан әлдеқайда кең екендігін, оны тілтанымдық тұрғыдан қарастыру керектігін көрсетеді. Осы тұжырымдар ғалымның өзінің тілдік тұлғасын зерттеуге де өзек боларлықтай.

Прагмалингвистика (лингвистикалық прагматика) айтушы / жазушы мен тыңдаушы/ оқушы өзара карым-қатынасқа түсетін белгілі бір коммуникативтік-прагматикалық кеңістікте қолданылатын тіл бірліктерінің арақатынасын нысан етіп алған лингвистикалық зерттеу саласы ретінде қалыптасуда. Бұл мәселені ғалым арнайы сөз етпесе де, зерттеу еңбектерінде осы бағытты әрдайым ұстанып отырғанын байқаймыз.

Профессор Б. Қалиұлы «Профессор С.М. Исаев және прагматикалық тіл білімі» атты мақаласында былай деген: «Рас, С.М.Исаев прагматикалық тіл білімімен тікелей айналысқан жоқ. Соған қарамастан ол өзінің таным түйсігі арқылы тіліміздің грамматикалық қызметін дәл түсініп, өзінің жазғандарын оқырмандарының ұғымына сай, олардың бәрі ұға алатындай етіп жазуды мақсат тұтқан. Ендеше, С.М.Исаев есімінің қатарына "прагматикалық тіл білімі", "ғылыми стиль" тіркесімдерін тіркеп тұрған себебім сіздерге түсінікті шығар деп ойлаймын. Егер ғылыми стиль дегенді ғылыми ойды тыңдаушыларына дәл жеткізудің әдіс-тәсілдері деп ұғатын болсақ, ғылыми ой ғылыми терминдермен жеткізілетіндігі бешенеден белгілі. ....

Олай болса, ғылыми стиль дегеніміз осы екен деп, жазғандарымызды М.В. Ломоносов құсап, қарапайым халық түсінбесін деп емес, қайта, керісінше, профессор Сейілбек Исаев құсап, қарапайым халық түсінетіндей етіп, жалпы халықтық тілдің негізінде жазғанға не жетсін. Сіздерден де соны күтеміз [6.56-60].

Сейілбек Мұхамеджарұлы тілдің грамматика саласындағы өте күрделі ұғымдарды оқырманға түсінікті етіп жеткізу үшін ғылыми стильге тән емес диалог (сұрақ-жауап) әдісін тиімді қолданады. Атап айтқанда, 1992 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар» атты оқу құралы түгелдей сұрақ жауап әдісіне құрылған. Мысалы, «Сөздің ішкі мағыналық жағы ен сыртқы дыбыстық жағы арасында байланыс бар ма? Байланыс болса, оның сипаты қандай? [7.9] деген сұрақ қойып, өзі сол сұраққа жан-жақты жауап береді. Жетекші сұрақ арқылы айтайын деген ойының түйінді мәселесіне оқырман назарын аударып алуды мақсат етіп, мәселені бірден сұрақтан бастайтын кездері де жоқ емес. Айталық, «Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары» атты тақырыпты мынадай сұрақтан бастайды:



Сұрақ. Ең алдымен грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері деген ұғым мен жолдары деген ұғым бір ме, бөлек пе? [7.21].

Немесе сұрақ белгілі бір нәрсені нақтылау мақсатында қойылады. Мысалы,



Қазақ тілінде көптік жалғау ешқашан сөз бен сөзді байланыстырмай ма? [7.64].

Сөйтіп, ғалымның бұл еңбегінің ерекшелігі – ғылыми баяндау, дәлелдеу әдеттегідей монолог түрінде емес, сұрақ және сұраққа жауап ретінде, яғни диалог түрінде болуы. Бұл – тек оқытушының ғана емес, студенттің де өз бетімен оқып, үйренуіне, әрмен қарай талдауды жалғастыра түсуіне, сөйтіп, ғылыми пікір қалыптастыруына көмек етеді.



Әлеуметтік лингвистика мәселелері ғалым еңбектерінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуымен байланысты кең өріс алды. Профессор С.М. Исаев 1990 жылдары «Республикамызда қостілділік жағдайында қазақ тілін оқып-үйренуді жақсартудың кейбір актуалды мәселелері», «Республикамызда қазақша-орысша қостылдыліктің даму барысында орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетінен мамандар даярлау мәселесіне» атты мақалалар жазып, мемлекеттік тіл үшін күрес жолында аянбай еңбек еткен ғалым ғана емес, қоғам қайраткері ретінде де танымал.

Алғашқы мақаласында ғалым Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советі «Республикамызда қазақ тілін үйренуді жақсарту туралы» қаулы қабылдағаннан беріде бір жылдан аса уақыт өтіп бара жатқанына қынжылып, Қаулының зәру де қажет мәселеге арналғанын, дер кезінде қабылданғанын жазады.

«Біріншіден, дейді ғалым, Қаулыдан кейін жарық көрген оқу құралдары, программалар, тілашарлар, сөздіктер бірсыдырғы қажеттілікті өтеп келеді. Бірақ әсіресе оқу құралдары, тілашарлардың сапасы бүгінгі талапқа толық сай емес. Мерзімді баспасөз беттерінде кемшіліктердің біразы айтылып та жүр. Осылардың бәріне тән ортақ бір кемшілік және әрі ескерусіз келген, әрі оны игермей, табысты нәтижеге жете алмайтын, сондықтан оны болдырмауды бірден мақсат ететін кемшілік – орыс кластарына, орыс аудиториясына арналған оқулық, оқу құралдарының қазақ мектептеріне, тіпті жоғарғы оқу орындарының «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған оқулықтардың ізімен жазылуы.... Екінші жағынан, шет ел азаматтарына, ұлт аудиторияларына орыс тілін үйретудің де осындай тиянақты тәжірибелері, оқулық, оқу құралдарын құрастырудың ғылыми негіздері, өкінішке орай, жан-жақты, тіректі пайдаланып, ескерілмей жүр. ...

Ең алдымен, қазақ тілі пәні орыс мектептерінде кем дегенде шет тілдері пәнінің статусына жетпейінше, оның оқу жоспары жүйесінде сынақ, емтихандары болмайынша, жеке пән ретінде кәмелеттік аттестатқа кірмейінше қазақ тілін оқып үйренуде үлкен бір сапалық жетістікке жету қиын-ақ» [8.388-389].

Орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім дайындауда пединституттарда осы мамандықтардың ашылып, оны мамандар қашан бітіріп шығады деп күтпей-ақ, қазақ және орыс, қазақ педучилищелерінің қысқа мерзімді қурстардың мүмкіндіктерін оқу министрлігі толық пайдаланбай отыр. Мамандықты „Ұлт мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен мұғалім” дайындайтын мамандығы бар пединституттардың жанынан ашу керек. Өйткені келешек бұл мамандық иелері орыс тілін жақсы біліп қоймай, орыс тілі мен қазақ тілінің салғастырмалы типологиясын, әдебиеті байланыстарын, орыс тілі мен қазақ тілін оқытудың методикасын, т.б. жақсы меңгеруі керек [8.392-393].

Бұл пікірлер ғалымның мемлекеттік тілді - қазақ тілін оқып-үйрету мәселесіне бей-жай қарамай, оны тиімді етудің бар мүмкіндіктерін ұсынып отырғанын көрсетеді. Өзі университет басшылығында жүріп, осы оқу орнында аталған мәселелердің оң шешім табуына басшылық жасап, бағыт-бағдар беріп отырды.

Сонымен қатар тілдік категориялардың дамуында семантикалық аспектіні негіз етіп қарастыруы (мысалы, қосымшаларды жіктеуде, сөздерді таптастыруда, сөз тудыру процесінде, т.б.), тіл дамуын әрдайым философияның даму заңдарымен байланыста алуы (мысалы, изафеттің даму, нөлдік тұлға мәселесі, сөз таптарының шығуы мен даму т.с.с) арнайы зерттеуді, өз бағасын беруді қажет ететін, тіл мен философия сабақтастығын гносеологиялық, диалектикалық тұрғыдан зерттеулерге арқау болатын тұжырымдар.

Қорыта келгенде, профессор С.М. Исаев әлемдік тілтанымдағы соны жаңалықтар мен болашағы зор ізденістердің бағыты мен бағдарын дер кезінде бағамдап, оны тілдік зерттеулерде тиімді қолданып, қазақ тіл білімінің жаңа қырынан дамуына үлес қосқан жаңашыл ғалым, ізденімпаз тұлға.



Әдебиет:

1.С.М.Исаев «Тіл білімі және математика тәсілдері»//Лениншіл жас. 1967. №6. 8 қаңтар.

2. «Лингвистикалық зерттеулерде математика әдістерін қолдану мәселесі жайында» // Қазақ тілі мен әдебиеті.Труды преподавателей вузов МВССО КазССР. 1974. №5. 104-111 стр.

3.Исаев С.М. Ғалым. Ғылым.Ғұмыр. Алматы: КИЕ,2008. 580 бет.

4.К вопросу о сопоставительно-типологическом изучении словоизменении имен в казахском и русском языках//Россия и Восток: Проблемы взаимодействия. Материалы научно-теоретической конференции. – Омск,1997. -25-31 мая. С.80-86.

5.С.М. Исаев А.Р.Көшенов. «Социокультурные основы экологии языка в формировании целостного мировозрения будущих педагогических кадров»// «Педагогические аспекты экологического образования и воспитания молодого поколения в свете стратегии «Казахстан -2030». Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 1999.

6. Қалиұлы Б. Профессор С.М. Исаев және прагматикалық тіл білімі//Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері. «С.М. Исаев оқулары» аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. 1-кітап. Қайнар университеті. 30 сәуір 2003 жыл. Алматы, 2003.56-60-беттер.

7.Исаев С.Н. «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар». А.,1992.

8. С.М. Исаев «Республикамызда қостілділік жағдайында қазақ тілін оқып-үйренуді жақсартудың кейбір актуалды мәселелері».Ғалым. Ғылым. Ғұмыр. Мақалалар жинағы. А., 2008. 387-394-б.

Резюме

Статья посвящена новым направлениям казахского языкознания, которые рассмативались в трудах профессора С.М. Исаева.



ПРОФЕССОР С.М. ИСАЕВТЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ СОНЫ ТҰЖЫРЫМДАРЫ

Р.С.Рахметова

п.ғ.д., доцент

ҚазМемҚызПУ, Алматы, Қазақстан
Бүгінгі білім беру жүйесі қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық бере бастады. Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі артып келеді. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте қарастыруды қажет етіп отыр.

Білім жүйесіндегі әр түрлі мәселелер жөнінде артына салиқалы да соны пікірлер қалдырған – біздің ұлағатты да, парасатты ұстазымыз Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаев. Ғалымның артындағы мол мұрасының күннен-күнге өзектілігінің арта бастауы – оның келелі тұжырымдарының бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерімен сабақтасып жатқандығы. Оның білім беру жүйесіне арнаған еңбектері – осының куәсі. Ғалымның ғылыми-педагогикалық қызметi оның мектептер мен жоғары оқу орындарына арнап жазған оқулықтары мен оқу құралдарынан көрінеді.



Біріншіден, С.Исаев – өзінің ұстаздық жолында маман даярлау мәселесіне, маманның сапалы, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына айрықша мән берген ғалым-әдіскер. Оны ғалымның ғылыми-әдістемелік еңбектерінен, бүгінгі таңда ұстаз жолын жалғастырып жүрген шәкірттерінің болмысынан байқауға болады. Ғалым жас маман мамандық саласында үш міндетті атқара білуі шарт деп есептейді. Біріншіден, «ол – зерттеуші, ғалым яғни мамандық саласының ғылыми негіздерін білетін, қажет болған жағдайда оның жекелеген мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізе алатын, соның негізінде мамандық саласындағы ақпаратты талдай алатын, орын-орнынан пайдалана алатын болуы керек». Екіншіден, «ол – басқарушы, менеджер, яғни білімі арқасында мамандық саласында адамдарды бірнәрсеге ұйымдастыра алатын, соған бас болып, басты мақсатқа бастай алатын болу керек». Үшіншіден, «ол практика, теориялық білімін кез келген жағдайда іс жүзіне асыра алатын маман болу керек» [1, 384]. Ғалым-әдіскер болашақ маман осы үш міндетпен қоса, өз елінің дәстүрлерін жетік білетін, рухани мәдениетпен қаруланған адам болу керектігін баса айтады. Бұл тұжырымдар қазіргі таңдағы интелектуалды әлеуеті жоғары маман дайындау сұранысымен астасып жатыр.

Екіншіден, болашақ мамандарды даярлау ісінде бағдарламалардың алатын орнының мәнін жете түсініп, өзінің ойын танытқан ғалым. Ол «бүгін де, ертең де жоғары білімді кадрлар дайындауда, біріншіден, олардың білім шеңбері қандай болу керек, кешегі мамандардан айырмасы неде, не істей алады, тәжірибелік дағдысы қандай болу керек, бүгінгі өмір талаптарының қандай түрлеріне сай келуі тиіс, т.б.» сұрақтар туындайтынын, «ол талаптарға толық сай болу үшін оқу-оқыту мазмұны мен технологиясын, түрлері мен әдістемесін айқындап» алу қажет екенін, «соған сәйкес оқу орнының базасы қандай болу керектігін, білім стандартының мазмұнын» айқындау керектігін айтып, жас маманның сапасы оның « халқының дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жақсы білуі, күнделікті өмірде пайдалана» алуымен тығыз байланысты болатынын, ол үшін «жоғары оқу орнында өтілетін кез келген пәннің өн бойынан ұлттық дәстүр, бүгінгі өмірге қажеттілік пен бейімділік, қоғамдық өмір талабына сай тәжірибеде қолдану сипаттары да орын алуы керек» деп тұжырымдайды. Тілші оқулық сапалы болып шығу үшін, бағдарлама дұрыс дайындалуы қажет екенін нақты мысалдар арқылы дәлелдейді. Бағдарламаға тіл білімінде шешімін тапқан мәселелерді ғана кіргізіп, басы ашылмаған дүниелермен оқушыны шатастырмау керектігін айтады. [1, 398.].

Үшіншіден, жоғары және орта мектептерге арналған оқулықтар дайындау туралы да келелі ой-тұжырымдарын қалдырды. Ол «оқулықтарда көбіне қазақ тіл білімінің 60-жылдардан кейінгі жаңалықтары, зерттеу нәтижелері ескеріле» бермейтінін, жоғары оқу орындарына арнап шығарылған оқулықтардың «көпшілігі оқу-методикалық құралдардан гөрі монографиялық мәндегі туындыларға ұқсас» келетінін дәлелдеп, «олардың мазмұнын, сапасын, жоғары оқу орындарының қажетін қаншалықты өтей алатынын анықтау» қажеттігіне басымдылық береді. Оқулықтардың «ең алдымен оқушыға білім, тәрбие беру үшін, екіншіден, ұстазға» арналатынын айтады. «Мұғалімдер оқулықтағы материалды оқушыға айту емес, ар жағындағы айтылмай қалған дүниелерді жеткізуі» керектігін, «ол айтқандары оқулықтағы материалдармен ой жалғастығын табатын дүниелер болу» қажеттігін, үшіншіден, оқулықтың ата-аналарға арнап жазылатынын дәйектейді. Ол үшін «оқулықтың ғылыми дәлдігін» ешқашан ұмытпауымызды есімізге салады [1, 372]. Оқулықта пысықтау жаттығуларын көптеп берудің маңызы зор деп есептейді. Пысықтау жаттығуларының алатын рөлін былайша дәлелдейді: «біріншіден, өткенді қайталау үшін, екіншіден, оқушылардың практикалық дағдысын жетілдіріп, тақырыптардың мәнін жете түсіну үшін, үшіншіден, білімдерін жетілдіру үшін, төртіншіден, ұстазға да көмек көрсету үшін, яғни жаңа сабақты түсіндіргенде де, өткенді еске түсіріп, қайталағанда да тақырыптың мәнін ашарлық сұрақтардың дайын болуы үшін, бесіншіден, тіпті үйде оқушының білімін бақылап, тексеру үшін де ата-анаға көмекші құрал болсын деген ниетпен берілді» [1, 406]. Бұл пікірлерді негізге алу оқулықтың сапалы болып шығуына көмектесері сөзсіз.

Төртіншіден, қазіргі білім беру жүйесіне мықтап орныққан тест тапсырмалары туралы пікір айтады: «...тест өткізу технологиясын, тестің пән сұрақтарын құпия мәселе етпеу керек. Біздің ойымызша, мамандық сипатына қарай тест пәндерін айқындап алғаннан кейін, сол мамандық сипатын ескере отырып, пән тестерінің сұрақтарын жасауға ашық конкурс жариялау керек. Әрқайсынан мектеп бағдарламасына сәйкес 300-500 сұрақ дайындап, сараптаудан өткізілсе, соның барлығы баспасөз бетінде (мысалы, «Қазақстан мұғалімі» мен «Учитель Казахстана» газеттерінде) жариялануы қажет. Ол сұрақтар жайында мамандар, мектеп мұғалімдері мен ғалымдар салиқалы пікір айтар еді. Бұл жерде талапкерлер «шпаргалка» жасауы мүмкін деген қауіптен қорқудың қажеті жоқ. Ал тестің нақты пән сұрақтарын тест орталығы өзі таңдап алады» [1, 367]. Бұл айтылғандарды негізге алсақ, бүгінгі күні жіберіп жатқан көптеген кемшіліктерден құтылар едік. Ескеретін жайт, ғалым әдебиет, тіл, тарих, музыка пәндерінің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, аталған пәндер бойынша қосымша емтихан тапсыру қажеттігін айтады.

Бесіншіден, қазақ тілін оқыту әдістемесіне айрықша ден қойған – әдіскер. Өз еңбектерінде сұрақ-жауап әдісін өте тиімді қолданған. «Сөйлемдегі грамматикалық талдаудың тәсілдері» атты әдістемелік құралында (Ш.К.Бектұровпен бірігіп жазған) сұрақ қойып, сол сұраққа жауап бере отырып, талдауды меңгертудің жолдарын ұсынады. Еңбектің кіріспесінде айтылғандай: «Мектепте болсын, жоғары оқу орындарында болсын қазақ тілі пәнінен теориялық материалды жақсы ұғынып, алынған білімді тұрақтандырып, оқушының ол туралы практикалық дағдысын қалыптастырудың бірден-бір жолы – сөйлем талдау, өйткені ол талдау арқылы өтілген тілдік құбылысқа байланысты материалды оқушының құр ережені ғана жаттап емес, саналы түрде қабылдап, түсіне алғаны, алған білімін өз бетінше практикада қолдана білу дағдысы байқалады» [2, 5].

Жалпы С.Исаев өз еңбектерінде сұрақ-жауап әдісін өте ұтымды пайдаланған. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында да өзі сұрақ қойып, сол сұраққа жауап беру арқылы өзінің пікірін, көзқарасын нақтылап, тереңдете беріп отырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін ғалым еңбегінен мысал келтірейік:

« ... грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері деген ұғым мен жолдары деген ұғым бір ме, бөлек-бөлек пе ?

Осыны нақтылап түсініп алу қажет. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері деген ұғым белгілі бір мағына типтерінің (түрлерінің) не арқылы және қалай берілуінің тілдік қабат негіздері жиынтығы, тобы болып табылады да, ол өз ішінде жекелеген түрлерден тұрады. Грамматикалық мағынаның белгілі бір берілу тәсілінің бірнеше түрлері болуы мүмкін. Сол түрлер ол тәсілдің немесе мағына берілудің жолдары деп аталады» [2, 36].

Теориялық еңбектің мұндай әдіспен жазылуы студентке оқыған материалды жеңіл қабылдауына көмектесетіні анық. Себебі ол оқыған материалын сұраққа нақты жауап алу арқылы меңгереді. Сондықтан да ғалымның еңбектері тың ой-пікірлерді қамтығанмен студентке жеңіл, түсінікті болып көрінеді. Материал неғұрлым түсінікті, нақты болған сайын оны оқуға қызығушылықтың да артатыны сөзсіз.

Ғалымның тағы бір ұтымды қолданған әдісі – көрнекілік әдісі. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында кестелерді көптеп қолданған. Осы арқылы әрбір берілген тақырыпты қорытындылап, нақтылап отырған.

Тілдік материалды қайталауда кестелер студенттің есте сақтау қабілетін дамытады. Кестені пайдалану арқылы студент бүкіл қазақ тілі саласынан өткен білімін қайталап, есіне түсіре алатыны белгілі. Еске түсіру арқылы білім алушының ойлау қабілеті, зейіні дамиды, қалыптасады.

Ғалым тіл тазалығына, сөз тіркесі мен сөйлемді дұрыс қолдануға ерекше мән берген. Ол мерзімді баспасөз тілдеріне жан-жақты талдау жасап, әр сөздің қолданысына айрықша мән бергізеді. «Тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін сөз орамдары көркем шығарма тіліне қарағанда мерзімді баспасөз тілінде, ғылыми әдебиеттер мен оқулықтар тілінде жиі» ұшырайтынын айтады. Оның «көбіне жазба тіл мен сөйлеу тілінің өзіндік ерекшеліктерін ажарата алмаудан» туындайтынын, «сөйлем құраудағы ондай кемшіліктердің стильдік, жанрлық сипаты» барлығына назар аудартады. Мұндай қателерді «болдырмау – ой әсерлігінің, дәлдігінің қажетті шарттарының бірі» болып табылатынын дәлелдейді[1, 59].

«Социокультурные основы экологии языка в формировании целостного мировозрения будущих педагогических кадров» атты мақаласында былай дейді:

Формируясь на определенной территории, каждый народ через века приносит любовь и глубокое чуство преданности именно той неповторимости ландшавта, которые становит родным и навсегда связывается с понятие «Родина». Для русского – это березовые рощи и тихие завади рек и озер, для канадца – это светлые кленовые леса, для казаха – ширь бескрайних степей. Элементы природного ландшафта определяют основные черты характера, присущие данному народу. Так, казахский народ отличается размеренностью, спокойствием, а музыка и словесное изложение степной природы характеризуется величием и просторностью. Многообразие и уникальность степей природы способствовали развитию богатства языка казахов.[1, 322].

Ғалым басқа халық үшін «жазық дала» ғана болып есептелетін жер қазақ үшін ерекше ұғым екенін, осы жазық дала қазақ халқының сөзін тудырғанын, синонимдік қорын қалыптастырғанын, осы арқылы халықты тануға болатынын айта келіп, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» мақалының психо-педагогикалық мәнін ашып көрсетеді. Түлкінің қазіргі заман ағымы тәрізді үнемі құбылып, өзгеріп тұратындығын, оны қуып жету үшін түлкінің басқан ізінен қалмайтын тазы болу қажеттігін түсіндіреді. Студентке заман ағымынан қалып қоймай, өз мақсаты жолында көп ізденуі керектігін айтады.

Ғалым қазақ тілінің өзге тілді дәрісханаларда оқытылу жайына да айрықша мән беріп, ондағы кемшіліктер мен ащы шындықты жазған. «Будет больше друзей (Воспитывать культуру межнациональных отношений)» атты мақаласында өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытуға жеткілікті мән берілмейтінін, қазақ тілі сабағын басқа мамандардың беріп жүргенін ашына сөз қылады. Оған ғалымның мына сөзі дәлел: «Что проиходит с изучением казахского в школах? Ведут предмет во многих случаях люди, далекие от этой специальности. Для руководителей школ, органов народного образования это учебная дициплина более чем второстепенная. ... текущие оценки по казахскому языку не принимаются во внимание, когда определяются общая успеваемость учащихся при переводе их в следующие классы». [1, 358]. Өкінішке орай, ғалымның 1987 жылы жарық көрген осы мақаласындағы кемшіліктер әлі де болса сол қалпында қалды, тіпті одан да төмен мәселелер орын алып отыр десек қателеспейтін шығармыз. Өзге тілді дәрісханалар орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетін бітірген мамандармен жартылай болса да қамтамасыз етілгенмен, ғалым айтқан қазақ тілі бойынша білім нәтижесінің қорытынды бағасы сыныптан сыныпқа көшуді былай қойғанда, ҰБТ-да да ескерілмей отыр. Бұл оқушыларды қазақ тіліне немқұрайлы қарауға әкеп соқтырды.

Қорыта келгенде, ғалымның ұлттық құндылық, өзін өзі тану, білім беру жүйесін жетілдіру, тілді дамыту, маман дайындау, ұлттық мектепті қалыптастыру, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу сияқты биік мұрат, мақсаттардан тұратын еңбектерінің бүгінгі күн талабымен сабақтасып жатқанын көзі қарақты адам бірден біледі. Білім беру жүйесі мен қазақ тілі туралы тұжырымдары өзінің құндылығын жоймақ емес. Бұл тұжырымдар мен пікірлер оны ары қарай жалғастыруды қажет етеді. Білім сапасын арттыруға, қазіргі білім беру жүйесінің басым бағыттарын жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi.


жүктеу 9,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау