Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №469 бұйрығына 34- қосымша



жүктеу 18,46 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі18,46 Kb.
#36201
түріБағдарламасы
матем типтік 5-6


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №469 бұйрығына 34- қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 474-қосымша



Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптары үшін «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптары үшін «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Математиканы оқытудың мақсаты – «Математика» пәнінің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

3. «Математика» пәнінің міндеттері:

1) Бағдарламаның бөлімдері бойынша: «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдық теориясы», «Математикалық үлгі және талдау» математикалық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға себептесу;

2) әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешу үшін математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қабылдауға, сандық қатынастарды және кеңістіктік пішіндерді зерделеуге көмектесу;

3) білім алушылардың білімдерін есептерді шешу мақсатымен математикалық үлгі құруға бағыттау және нақты процестерді сипаттайтын математикалық үлгілерді түсіндіру;

4) физика, химия, биология және басқа да теориялық салалардағы және практикалық қызметтер бойынша есептерді зерттеу мен шешу үшін математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

5) практикалық есептерді шешу кезінде қолайлы математикалық әдістерді таңдау үшін логикалық және сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін алынған нәтижелерді бағалау және олардың нақтылығын анықтауын дамыту;

6) қарым-қатынас дағдыларын дамыту, оның ішінде ақпаратты нақты және сауатты жеткізу қабілетін, жарияланымдар мен электрондық құралдарды қоса алғанда ақпаратты әртүрлі деректерден пайдалану;

7) дербес жұмыс үшін, сондай-ақ командалық жұмыс үшін дербестік, жауапкершілік, жігерлілік, табандылық, шыдамдылық және төзімділік сияқты жеке қасиеттерін дамыту;

8) математиканың даму тарихымен, математикалық терминдердің шығуымен таныстыру;

9) математикаға оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту;

10) қоғамдық ілгерілеу үшін математиканы маңыздылығын түсінуді қамтамасыз ету.

4. Оқытудың қойылған мақсатын іске асыру үшін Бағдарлама төмендегідей түзету міндеттерін шешуді қарастырады:

1) күнделікті өмірде (қоғамда) математикалық білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру;

2) математикаға оқыту процесінде танымдық әрекеттерін белсендіру;

3) тексерудің түйсіне-сезу тәсілімен игеру және заттардың рельефтік бейнелерін, геометриялық пішіндердің контурлы бейнелерін қабылдау; сезіп түйсіну заттың (геометриялық пішіннің) пішінін, көлемін көрсетеді;

4) затты (геометриялық пішінді) сипау кезінде естіп қабылдауын дамыту, яғни педагогтың дыбыстық түсініктемелерімен сәйкестендіру;

5) Брайль математикалық құралдарымен, рельефтік сызбалармен жұмыс кезінде сенсорлық функцияларын (түстерді ажырату, көзбен шамалау) және ұсақ моторикасын дамыту;

6) көріп қабылдауын дамыту: геометриялық пішінді (түсін, пішінін, көлемін) көру белгілерін бөлу;

7) «Математика» пәнін зерделеу кезінде түсініктерді нақтылау;

8) байланыстырып сөйлеуін, материалды математикалық тілде баяндай алуын дамыту.

2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

5. Бағдарламаның ерекшеліктері:

1) шиыршықтық принципі бойынша сандар, алгебра, геометрия, статистика және ықтималдық теориясы, математикалық үлгілеу саласындағы математикалық білімдері мен біліктерін дамыту;

2) қолданбалық мәселелерді шешу арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;

3) техникалық құралдарды және қолданбалы бағдарламаларды (графикалық калькулятор, «GeoGebra», «1 C Математикалық конструкторы, «Excel (экзель)», «Access (аксэс)», «Paint (пейнт)») қолдануға оқыту;

4) әртүрлі мәнмәтіндерде процесстерді сипаттау үшін математикалық үлгі құру біліктерін дамытудың практикалық бағыттылығы;

5) күтілетін нәтижелер оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған және Блум таксономиясының деңгейлері (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) бойынша құрылған.

6. Бағдарламасы көрмейтін және нашар көретін білім алушылардың қабылдау, түсіну, ойлау және сөйлеу саласынан көрінетін даму ерекшеліктерін ескереді, яғни түзетуге және қабылдауын дамытуға, түсініктерді нақтылауға, көрнекі-бейнелік ойлауын жетілдіруге, өзін өзі бақылау тәсілдері мен жолдарын қалыптастыруға бағытталған арнайы нысандарды және оқыту тәсілдерін қолдануды болжайды.

7. Көрмейтіндер мен нашар көретіндерді оқыту барысында түзету- компенсаторлық процесстерді жоғарғы деңгейде дамыту (ауыстырылып қосылу, компенсаторлық қабылдау құрылымындағы нұсқалық), өзін өзі түзету тәсілдері мен жолдарын және әлеуметтік-психологиялық реттеу мен бейімдеуді қалыптастыру бойынша міндеттер шешіледі.

8. Математикаға оқыту барысында білім алушылардың офтальмологиялық мүмкіндіктерін ескеру, яғни көру анализаторының бұзылу дәрежесіне қарай балаларды топтарға бөлінуіне сәйкес:

1) толық көрмейтін және жақсы көретін көзінде түзету көзілдірікпен 0-ден 0,04-ке дейінгі көру өткірлігімен жартылай көрмейтін (жартылай көретін) балалар - аталған топты оқыту Брайль жүйесі бойынша сезіну және есту көмегімен іске асырылады;

2) жақсы көретін көзінде түзету әйнегімен 0,05-тен 0,09-ға дейінгі көру өткірлігімен нашар көретін балалар -оқыту кезінде олар реттелген көру жүктемесін сақтауға, толық емес көру қабілетін қорғау және тиімді пайдалану бойынша іс-шараларға, еңбек пен демалыс қызметін икемді кезектестіруге мұқтаж.

9. Көрмейтін балаларды оқыту сараланған, іс-әрекет, құндылыққа бағдарланған, тұлғаға бағдарланған, коммуникативтік тәсілдер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде жүзеге асырылады.

10. «Математика» пәнін оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсіл адамның қоғамда адамның табысты кіріктірілуіне көмектесетін негізгі құндылықтарды білуіне, түсінуіне және ұғынуына бағытталған. Бағдарламада жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясы іске асырылады.

11. Тұлғаға бағдарланған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, шығармашылық қабілеттерін толық ашу және математика сабағында тұлғаның әлеуметтік-маңызды қасиеттерін тәрбиелеу, эмоциялық-ерік аясын, психикалық процестерін түзетуболып табылады.

12. Іс-әрекет тәсілі математика сабақтарында меңгеруді автоматтандырылған дағдылар деңгейіне дейін жеткізуді қамтитын ақпараттық- рецептивті, іздеу, зерттеу, талдау және жинақтау әдісі, болжау тиімдірек болып табылатын практикалық біліктер мен дағдылардыдамытуда және түзетуде іске асырылады, яғни білім алушыларға өз бетінше:

1) сұрақтар қоюға және қорытындылар жасауға; әртүрлі күрделіліктегі математика бойынша оқу және танымдық міндеттерді шешу үшін үлгілер мен сызбаларды жасауға, қабылдауға және түрлендіруге;

2) нәтижеге жету процесіндегі өз іс-әрекетін бақылауды жүзеге асыруға, бағдарлану және мобильділікпен байланысты өзгеретін жағдайларға сәйкес өз іс-әрекеттерін түзетуге; оқу тапсырмаларын орындау дұрыстығын, оны шешудегі өз мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.

13. Сараланған тәсіл күрделілігі, мұғалім тарапынан қолдау сипаты бойынша ажыратылатын шағын топтық оқытуды, әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды қолдануды болжайды, яғни шартты түрде білім алушыларды үш шағын топқа бөлуге болады:

1) бірінші шағын топтың білім алушылары оқу материалын жеткілікті толық және өз бетінше меңгеруге қабілетті;

2) екінші шағын топтың білім алушылары оқу материалын меңгереді, бірақ оны қайта жаңғырту кезінде бірқатар қателіктер жібереді, көмекке мұқтаж;

3) үшінші топтың білім алушылары оқу материалын бір бөлігінде меңгереді және оны өз бетінше қайта жаңғыртуға қабілетті емес; олар үшін жеке түзету әдістері және тәсілдері көрсетілген тапсырмалар мен еске түсірулері бар жеке карталар құрылады.

14. Коммуникативтік тәсіл математиканы оқытуда білім алушы мен педагогтың арасындағы вербальді және вербальді емес өзара іс-әрекет процесінде білімдермен, біліктермен және дағдылармен алмасуды қарастырады. Математика сабағында коммуникативтік дағдыларды үйрету үшін жұмысты топтарда, жұппен ұйымдастырылады.

15. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі базалық ақпараттық-коммуникациялық дағдыларда құрылады және өзіне жұмыс, бос уақыт пен қарым-қатынас үшін технологияларды дұрыс және шығармашылық қолдануды қосады;

2) мультимедиялық ресурстардың және бұқаралық ақпарат құралдарының, интерактивті тақталар мен компьютерлердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану оқу процесін жаңғыртуға және белсендіруге, сондай-ақ білім алушылар мен педагогтың арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынасқа көмектеседі;

3) ақпаратты іздеу, өңдеу және онымен алмасу үшін Интернет- ресурстарды, ұялы байланысты, онлайн-форумды; көрмейтін балалар үшін Jaws for Windows (джовз фо виндоус) ақпаратына визуалды емес қолжетімділіктің дыбыстаушы бағдарламасы бар компьютерді пайдаланылады;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың құндылығы білім алушылар өз қызметін өзгенің көмегінсіз өз бетінше ұйымдастыра алады.

16. Математиканы оқыту процесі келесі оқу пәндерімен байланысты:

1) орыс тілімен: талқылауды, талдауды, дәлелдеуді жүзеге асыру кезінде өз ойларын сауатты баяндауға үйрету үшін орыс тілі ережелерінің білімдері негізінде;

2) тарихпен: тарихи оқиғаларды есептеу үшін тарихи кезеңдердің хронологиялық шектері туралы түсініктерге сүйене отырып;

3) географиямен: Жердің шартәріздес формасы туралы, глобустағы Жер бетінің бейнесі туралы түсініктерді; план мен картаның ұқсастығы және әртүрлілігі туралы, географиялық координаталар туралы білімдерді; температураны өлшеу туралы, географиялық карталармен жұмыс істеу біліктерін қолдана отырып; география курсынан параллельдер мен меридиандар туралы білімдерін қолдана отырып; доға мен шеңбердің градустық өлшемі сияқты ені мен ұзындығын түсіндіру арқылы;

4) биологиямен: табиғатты қорғау, экология, табиғатты ұтымды пайдалану туралы; биологиялық құрылымдардағы симметрия туралы білімдерін қолдана отырып;

5) информатикамен: компьютермен: «Калькулятор» бағдарламасының көмегімен есептеу, диаграмма құру және оқытудың мультимедиялық құралдарын пайдалану бойынша жұмыс істеу білігін қолдана отырып;

6) технологиямен: өзіндік құн, кіші бизнесті жұмсау түрлері, туралы білімдерін қолдануға; тауарлардың өзіндік құнын калькуляциялау және қызметтер туралы білімдерін қолдануға сүйене отырып,жүзеге асырылады.

17. Математиканы оқыту барысында төмендегі түзету пәндерімен байланыс жүзеге асырылады:

1) қалдық көру қабілетін сақтау және дамыту:бейне белгілерін бөлу біліктерін дамыту (сұлба, ашықтық, түсі, пішіні, көлемі, кеңістіктік бағдарлауын) және оларды кіріктіруді жүзеге асыру; көріп есте сақтауын және көрнекі-бейнелік ойлауын дамыту;

2) кеңістікте бағдарлау: математикалық білімдерін ойын әрекетінде, қоғамда қолдану;

3) элеуметтік – тұрмыстық бағдарлау: бюджетті білу; математикалық білімдерін (өлшеу, есептеу, модельдеу, құрастыру) қолдану;

4) емдік дене шынықтыру: сызықтар, қатар түзулер, перпендикуляр түзулер, есептеу.

18. Түзете-дамыту жұмысында бұзылған және жетілмеген функцияларын түзету мен орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын арнайы техникалық және оптикалық құралдар жүйесі қолданылады.

19. Көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған мектептердегі математика кабинетінде тифлотехникалық құралдар қарастырылады:

1) нашар көретін балалар үшін үлкейтілген шрифтпен және бейімделген түсті иллюстрациялармен арнайы оқулықтар;

2) Брайль бойынша оқулықтар;

3) қалдық көру қабілеті бар көрмейтін балалар үшін рельефті және түсті баспаны үйлестіретін құралдар;

4) Брайль жүйесі бойынша жазу үшін құралдар;

5) Брайль жүйесі бойынша жазу үшін грифельдер;

6) рельефтік – нүктелік шрифтпен жазу үшін қағаз;

7) рельефтік суреттермен, сызбалармен, сұлбалармен және қарапайым

функциялардың графикаларымен иллюстрацияланған Брайль бойынша альбомдар;

8) «Кітапқұмар» оқитын машинка;

9) математикалық құралдар: шеңбер доғасын рельефтік сызу үшін циркуль, тактильді транспортир, тактильді сызғыш, тактильді үшбұрыш, координаталық жазықтық макеті, дыбыстық калькуляторлар;



10) макеттер, үлгілер, текше мен тікбұрышты параллелепипед көрінісі; 11) рельефтік – графическалық құралдар.
жүктеу 18,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау