155
әзірленген педагагогикалық құралдарды арттыру, жетілдіру жолдарының мазмұны мен
ұйымдастыруды анықтады.
ПинскийБорис Израелевич психолог, дефектолог. Ол балалардың кездейсоқ есте сақтау
жайында эксперименттік зерттеулер жүргізді. Мәселелік қызметті зерттей отырып, кӛптеген
әдістерді және оның құрылымын талдап әзірледі. Зерттеудің үлкен блогы ақыл-ойы кем
балалардың еңбек қызметінің ерекшеліктерін және аномальды баланың қимыл-қозғалыс
дағдыларын қалыптастыру бойынша зерттеуге арналды.
Инклюзия – мүмкіндігі шектеулі балалардың ӛзінің күшіне сенуіне мүмкіндік беруі.
Инклюзия тек дамуы шектелген балалардың ғана емес, басқа да балалардың мүддесін
кӛздейді. Инклюзивті білім беру – мүміндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір
формасы. Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар
балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін
жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Сӛйлеу процесі – адам баласына ғана тән ӛте
күрделі жоғарғы психикалық қабілет. Логопедия дегеніміз – сӛйлеу тілі кемістіктерін, оның
бұзылу себептерін болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі
жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым. Тіл кемістігі деп – сӛйлеу
қабілетінің психофиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сӛйлеушінің сӛйлеу тілінің
қоршаған ортаға тән мӛлшерден ауытқуын айтамыз.[3].
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуі – бұл тек қазіргі таңдағы дені
сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да әлеуметтік
ортаға қосылуы, бейімделуі, әрекет етуі, қоғамда ӛмір сүруге бейімделуін айта ӛтуіміз керек.
Себебі олар да қоғамда басқа да адамдар секілді ӛмір сүріп ӛз жолдарын табуда. Қазіргі
таңда біз мүмкіндігі шектеулі бала дегенде біздің ойымызға мүгедек балалар жайлы ой
келеді. Сондықтан осы жайлы толық айтатын болсақ, мүгедек бала бұл – тiршiлiк-
тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын
аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден, организм функциялары
тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам.
Қазіргі кезде кӛпшілік адамдар мүмкіндігі шектеулі балаларда қинышылықтар ӛте кӛп
және олар толық қоғамға бейімделе алмайды деп ойлайды. Қоғамға сіңісіп кету әр адамға
байланысты, соған орай әр адам қоғамның бір мүшесі болуын қаласа ӛзін жан-жақты
жетілдіре білуі қажет. Бірақ мүмкіндігі шектеулі балаларда бейімделу үдерісі үнемі сәтті,
қиындықсыз бола бермейді. Кейде, адекватты емес мінез-құлық реакциялары, қиын
психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сӛзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады.
Балалардағы дезадаптация күйі оңай пайда болғанмен, адаптация үдерістері ұзақ уақытқа
созылады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын
жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне
жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады.
Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы
кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі
кӛмегімен түзету. Бұл жүйе баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге
және жоюға бағытталады. Дамудағы ауытқуды түзету немесе коррекция жасаудың тұтас
тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-1952) жасады. Ол
сезімдік тәжірибе мен моториканың дамуы автоматты түрде ойлауды дамытады, себебі олар
ойлаудың алғышарттары деп есептейді [4].
Педагогика саласында балаларды оқыту мен дамыту жүйесіндегі маңызды құрамдас
бӛлігі – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, оларды ақыл-ойын дамыту, оларды
әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың
бойындағы кемшіліктерді жою мақсатында олардың жеке қасиеттерін, ортаға
бейімделушілігін қалыптастыру қажет.
Қазіргі кезде қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларға педагагоикалық қолдау кӛрсетіліп,
әрбір тұлға ӛзінің жағдайына байланысты білімдерді меңгеруде. Жалпы алғанда мүмкіндігі
шектеулі балалардың кӛбісі материалдық жағдайы нашар немесе толық емес отбасынан
156
шыққан. Мұндай балалар ӛз отбасымен қарым-қатынас жасай алмайды және жеке тұлға
болып қалыптасуына кері әсер етеді. Жыл санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген
кӛзқарас ӛзгеріп келеді. Осыған байланысты педагогтардың ең басты міндеті, мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың отбасымен және әлеуметтік ортамен
қарым-қатынасын нығайту болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғам құрамына қосу қазіргі кезеңдегі ең негізгі,
басты міндеттердің бірі. Яғни, олардың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін зерттеп білу
және оларды шешуде қазіргі заман талабына сай білікті мамандарды дайындау ӛзекті
мәселе болып отыр.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты жағдайға түсіру барысында тек білікті
мамандардың кӛмегі арқылы ғана емес, сонымен қатар отбасының да атқаратын рӛлі ерекше.
Бала дүниеге келген күннен бастап алғаш рет ата-анасының мейірімін сезінеді.Сол себепті
ата-ана баланың қалыптасып жетілуіне аса назар аударуы тиіс. Қазіргі таңда мүмкіндігі
шектеулі бала – ерекше қамқорлық кӛрсетіп қорғауға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана
мен медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық
жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге жағдай жасауға, сырттан шектеу болса
ерекше қамқорлыққа алуға, әсіресе жоғарыда айтып ӛткендей ата-анасының және де басқа
адамдардың, сонымен қатар достарының да сүйіспеншілігі мен түсінігіне ерекше кӛңіл бӛлу
керек. Егер ағайын-туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында да
қамқорлықта болуға толық құқылы екендігін атап ӛткеніміз жӛн.
Бұрыңғы кӛзқарастарға сүйенетін болсақ, алға ілгері жылжу деңгейі әлдеқайда
жоғарылауда. Яғни жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның кӛзқарасы
ӛзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамының белсенді
мүшесі және ӛз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Біз сол үшін
де қуанамыз. Осы орайда біз әлеуметтік қызметкерлердің міндетін атап ӛтпегеніміз жӛнсіз
болар. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын естіп жан арасын жазуға
ықпал етуіміз керек, сол себепті олардың ауруының себеп – салдарын анықтап, оның бала
ағзасының дамуы қандай қиындықтар мен бӛгеттер жасап отырғандығын анықтауымыз
қажет.Сонымен қатар қоғамның әрбір мүшелеріне және жеке адамдардың түсінігіне
мүмкіндігі шектеулі балаларға әркез жәрдем беруге әзірлігін, қол ұшын беретіндігін,
кемшілік туғызып жатқан материалдық жағынан дақамтамасыз ету керектігін білуі қажет.
Қорытындылай келетін болсақ, қазіргі күнде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар ӛзіне
деген сенімді жігерлендіріп, әлеуметтік ортаға араласуына кӛмектесетін жағдайда ӛмір
сүруде. Сол себепті мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты психологиялық-
педагогикалық кӛмек кӛрсетіп, әрбір тұлға шамасына байланысты білімді меңгеруі қажет. Әр
адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам адамгершілік, тұлғалық қарым-
қатынасқа құқылы. Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан
бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқуларына байланысты болса, екінші
жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы, мүмкіндігі шектеулі баланың
қалыпты ӛмір сүруіне кедергі келтіреді. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең
бірінші әрбір адам белсенді рӛл атқаруы тиіс. Сондықтан да мүгедек бала еркіндікті,
әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты ӛмір сүруіне
кӛмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті мейірім алуға құқылы.
Әдебиеттер тізімі:
1. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
атты Жолдауы.
3. Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны "Щучье қаласы, педагогикалық колледжі". Инклюзивті білім беруде логопедиялық
қызмет жүйесінің маңызыhttp://pt0005.burabay.akmoedu.kz/
Достарыңызбен бөлісу: |