Қышқылдарды алу жолдары 8-сызбанұсқа түрінде берілген.
8-сызбанұсқа. Қышқылдардың алынуы
Қолданылуы. Қышқылдардың қолданылу саласы өте кең. Қышқылдардың қолданылуы қысқаша 10-кестеде жинақталған.
10-кесте. Қышқылдардың қолданылуы
р/с
|
Қышқылдар
|
Қолданылуы
|
1
|
H2SO4
күкірт қышқылы
|
Металлургияда, машина жасауда, мұнай өңдеу өнеркәсібінде, органикалық заттар-полимерлер, бояулар, дәрілік препараттар және т.б өндірісінде көп қолданылады.
|
2
|
Азот қышқылы
|
Азот тыңайтқыштарын өндіруге, қопарғыш заттар алуға, органикалық бояулар, лак, кинопленка, асыл металдарды өндеуге қолданылады.
|
3
|
Фосфор қышқылдары
|
Дәрі-дәрмек жасайтын өнеркәсіпте, минералды тыңайтқыш алуға пайдаланады.
|
4
|
Тұз қышқылы
|
Тұздарын алу үшін, медицинада қолданылады.
|
Сұрақтар мен жаттығулар:
А
1.Төмендегі кестеге сәйкес келетін қышқылдардан мысалдар келтіріп, толтырыңдар.
Қышқылдар
|
Оттекті
|
Оттексіз
|
Бірнегізді
|
Екінегізді
|
Үшнегізді
|
|
|
|
|
|
2. Берілген қышқылдардың құрылымдық формулаларын жазыңдар:
а ) көмір қышқылы; ә) бромсутек; б) күкіртті қышқыл; в) тұз қышқылы.
3. Қышқылдар қандай жолдармен алынады. Реакция теңдеулерін жазыңдар
Ә
1. Күкіртсутек және ортофосфор қышқылдарының алынуын реакция теңдеуі түрінде жазыңдар.
2. Берілген реакция типтеріне сәйкес қышқылдарды байланыстырып, реакция теңдеулерін мысалға келтіріп жазыңдар.
Реакциялар
|
Айырылу
|
Қосылу
|
Орын басу
|
Алмасу
|
|
|
|
|
3.Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын үш реакция теңдеулерін жазыңдар және реакция типтерін анықтаңдар.
Б
1. Берілген заттардың қайсысы тұз қышқылымен әрекетеседі: а) СuO; ә) Cu; б) Cu(OH)2; в) Ag; г) Al(OH)3.
2. 25%-ды қ 400 г күкірт қышқылы ерітіндісін әзірлеу үшін қанша грамм қышқыл және су керек?
3. Массалық үлесі 49%-дық азот қышқылының (ρ=1,31г/см3) ерітіндісінің молярлығын табыңдар.
2.«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбы бойынша
мұғалімнің сабақ конспектісінің фрагменті
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
1.Қышқылдар туралы ұғымдарын қалыптастыру;
2. Қышқылдардың жіктелуі, аталуы мен құрамын қарастыру;
3. Оқушыларға маңызы бар бейорганикалық қышқылдармен таныстыру;
Құрал-жабдықтар: Бейорганикалық және органикалық қышқыл ерітінділері: тұз, күкірт, азот, сірке, лимон қышқылдары, индикаторлар, химиялық шыны ыдыстар, стақандар, құтылар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Қышқылдар. Қышқылдардың жіктелуі, аталуы мен құрамы.
Мұғалім біршама қышқылдардың ерітінділерін демонстрациялық үстелдің үстіне қояды. Қышқылдардың құтысының сыртына формулаларын жазып қояды. HCl, H2SO4, HNO3, CH3COOH. Қарап отырсаңыздар, барлық ерітінділер түссіз, мөлдір. Оқушыларға қышқылдардың қатты күйдегі түрлерін көрсетуге болады. Фосфор және лимон, аскорбин, стеарин қышқылдары. Мұғалім оқушылардың қышқылдар және қышқыл деген сөздердің түбірі бір екеніне назар аудартады. Оқушыларың өздері білетін қышқылдардан бастайды. Мәселен, сірке және лимон қышқылдары, дәмдері қышқыл. Бұл қышқылдарды барлығымыз да білеміз, әрбір үйдің асханасында кездесетіні хақ. Барлық қышқылдардың дәмін татып көре алмайтынымызды мұғалім айтып өткен жөн.
-Қышқылдардың дәмін көрмей-ақ, қалай білуге болады?
Өткен сабақты еске түсіре отырып, оқушыларға индикаторларды пайдалануды ұсынамыз.
Мұғалім қышқыл ортада индикаторлар түсін өзгертетінін демонстрациялайды. Оқушылар бақылау қорытындысын дәптерге жазады. Кейбір тәжірибелерді қайталап жасап көрсетеміз, өйткені оқушылар есіне жақсы сақтап қалу үшін қажет. Сондықтан да қышқыл ортада индикаторлардың түсінің өзгеруін бірнеше рет қайталап көрсетеміз.
1.Метилоранж- қызғылт түсті
2. Лакмус-қызыл
3. Фенолфталеин- түссіз болады.
Мұғалім түсініктеме береді, яғни фенолфталеин сілтілерге индикатор болып табылады, тек қана сілтілік ортада түсін өзгертеді, ал қышқыл ортада олар түсін өзгертпейді. Индикаторлардың қышқыл немесе сілтілі ортаны өзгертуін шатастырмай, қалай ажыратуға болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мұғалім тақтаға төмендегі сөздерді жазып қояды.
Қышқылдар
Қызыл
Қызыл, қызғылт түс болғанда қышқыл екені анық болатынын мұғалім тағы айтып нақтылайды. Индикаторларды оқушылар осылайша есіне сақтап қалатыны белгілі.
Мұғалім ары қарай оқулық бойынша қышқылдардың жіктелуі мен құрылымдық формулаларын жазып алуға оқушыларға тапсырма береді. Қышқылдардың құрамы туралы түсінік беріледі. Қышқылдар 2 немесе 3 элементтен тұруы мүмкін. Мысалы, НСl, H2S- екі элементтен тұратын бинарлы қосылыс. Қөпшілік қышқылдар 3 элементтен: сутек, металл емес, оттектен тұрады. Оқушылардің өздеріне қорытынды жасатады, демек қышқылдардың құрамында міндетті түрде сутек болады деген шешім жасайды. Сутек үнемі қосылыстағы формулаларда бірінші тұрады, ал қалған бөлігін қышқыл қалдығы деп атаймыз. Қышқыл қалдығы жай (Сl-, S2- ) және күрделі (SO42-) болуы мүмкін. Қышқылдарға анықтама (оқулық бойынша) беріледі. Қышқылдардың жіктелуіне тоқталады, оны төмендегідей белгілері бойынша айыруға болады.
1. Қышқыл құрамындағы сутектің атом санына қарай жіктелуі;
2. Қышқыл құрамында оттектің бар, жоғына қарай жіктелуі;
3. Ерігіштігіне қарай жіктелуі;
Қышқылдардың жіктелуін төмендегідей сызбанұсқа түрінде беруге болады.
Қышқылдардың ерігіштігі туралы айтылғанда міндетті түрде ерігіштік кестені пайдаланамыз. Ерігіштік кестесінен оқушыларға қышқылдар қатарын көрсетеміз, сонда олар өздері-ақ тек қана кремний қышқылының ерімейтінін айтады. Қышқылдардың физикалық қасиеттерін қысқаша сипаттаймыз. Тұз, күкірт, азот қышқылдары-сұйық, ал фосфор, бор, стеарин қышқылдары – қатты күйде болады. Қышқыл құрамындағы химиялық байланысты мұғалімдер айтып өткені дұрыс. Көмір және күкіртті қышқыл тұрақсыз екені айтылады. Дәлел ретінде химиялық реакция теңдеулерін жаздырамыз.
Н2СО3 ═ СО2↑ + Н2О
Н2SО3 ═ SО2↑ + Н2О
Не себептен бағдарша (↑) жоғары қаратып қойылатыны айтылады.
ІІІ. Қышқыл иондарының заряды мен элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау.
Мұғалім қышқыл құрамында қанша сутек атомы болса, қышқыл қалдығының заряды сонша болады деп оқушыларға түсіндіреді. Қышқыл құрамында сутек әрдайым +1 болады.
Мысалы, HNO3, HCI құрамында бір сутек атомы бар, демек қышқыл қалдығының заряды -1 (теріс зарядталған). H2S, Н2СО3, H2SO4 құрамында екі сутек атомы бар, демек қышқыл қалдығының заряды-2 (теріс зарядталған). Енді мысалдар келтіреміз, H+NO3-, H+CI-, H2 +S2-.
ІV. Қышқылдардың маңызы.
Қышқылдар табиғатта кең таралған. Лимон қышқылы лимон жемісінде, алма қышқылы-алма жемісінде, қымыздық қышқылы–қымыздық жапырағында бар. Сүттің ашуынан сүт қышқылы, ал құмырсқалардың бездерінен бөлінетін күйдіргіш зат-құмырсқа қышқылын кездестіруге болады. Күкірт, тұз, азот, фосфор қышқылдары жасанды жолмен алынады. Күкірт қышқылын түсіндіргенде, олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау қажеттігі айтылады. Күкірт қышқылын суда еріткенде сақ болу керек, ауыр сұйықтықты (қышқыл) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып жайлап құю қажет. Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін, демек суды қышқылға құюға болмайды.
Үйге тапсырма: §47. 7-11-жаттығулар.
3.«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбы бойынша
сабақ сценарийлері
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар (№1 слайд. Сабақтың тақырыбы жазылады).
Білімділік: Оқушыларға қышқылдар, олардың жіктелуі, аталуы, қасиеттері туралы түсінік беру;
Дамытушылық:
Оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын, логикалық ойлау мен экспериментті талдау және болжай білуге, танымдық белсенділігін арттыру;
Оқушылардың коммуникативтік дағдысы мен ақпараттық ептілігін дамыту;
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салтына тәрбиелеу;
Қышқылдармен жұмыс істеу, қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың ұраны: «Химиялық эксперимент-білім негізі»
Құрал-жабдықтар: Проектор, телевизор DVD, электрондық оқулықтар, тест CD «Қышқылдар». Реактивтер жиынтығы: концентрациялы күкірт қышқылы, күкірт қышқылы деп жазылған қағаз парағы, қорғаныш көзілдірік, резеңкелі қолғап, индикаторлар, қышқыл ерітінділері, сілті, су, аптекалық қарын сөлі, лимон, алма, айран, сірке қышқылы, аспирин, химиялық эксперимент жүргізу үшін нұсқау парағы мен қажетті лабораториялық ыдыстар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Теориялық журнал. (Жаңа сабақты түсіндіру)
Мұғалім: Қышқыл. Қышқылдар деген сөз сіздерге таныс. Ал мынадай заттарға назар аударайық және сұрақтарға мүмкіндігінше жауап беріңдер.
Алма. Лимон. Айран. Сірке қышқылы. Жемістер: химиялық стақанда алма және лимон. Аспирин. Аталған заттарды не біріктіреді? (№2 слайд. Айран,сірке қышқылы, алма, лимон жемістерінің суреттері).
Оқушылар: Олардың құрамында қышқыл болады.
Мұғалім: «Қышқыл» (латынша: acid) латын сөзінен алынған. Ал тағы да қышқыл деген сөзді қайда қолданамыз.
Оқушылар: Табиғата кездесетін заттар (қымыз, шұбат, алма, лимон), мәселен осылардың дәмін татқанда қышқылтым болады.
Мұғалім: Бүгінгі сабақта біз қышқылдар туралы теориялық және практикалық білімдерімізді толықтырамыз.
Қышқылдардың құрамы неден тұрады?
Басқа күрделі заттармен салыстырғанда қандай айырмашылық бар?
Қышқылдардың атауы мен формуласын қалай жазамыз?
Қышқылдармен жұмыс істеу ережелері.
Қышқылдар қандай химиялық элементтен басталады?
Қышқылдар құрамында ортақ қандай ұқсастық бар?
Қышқыл ерітінділерін анықтау.
Қышқылдарға анықтама беру. (Оқушылар оқулық бойынша 124-125 беттердегі анықтамаларды дәптерге жазады).
Мұғалім: Қышқылдар туралы білім бізге не үшін қажет?
Оқушылар: Өмірде, тұрмыста бұл заттарды дұрыс пайдалану үшін керек.
Мұғалім: Қышқылдарды жіктеу (№3,4 слайд).
Слайдқа назар айдараңыздар.
3 және 4 слайдта қышқылдардың химиялық құрамына қарай қандай айырмашылықтары бар?
Жауабы: Оттекті және оттексіз.
Қышқылдардар негізділігіне қарай қалай жіктеледі? (№5 слайд бойынша қышқылдардың құрамына кіретін сутек атомдарының санына байланысты негізділігін анықтап айтылады, жаттығулар орындалады). Мысалы: Н2SO4 . Қандай қышқыл?
Жауап: Күкірт қышқылы, екі негізді, оттекті.
№ 6 слайд бойынша жаттығулар берілген, оқушылар орындайды.
Күшті қышқыл дегеніміз не? Қышқылдың күшті немесе әлсіз екені қалай анықталады? (№7 слайд. Күшті және әлсіз қышқылдар).
Қышқылдық қатар туралы түсінік беріледі. Күкірт қышқылы -барлық қышқылдардың анасы. Не себептен? (№8 слайд. Қышқылдардың қатары).
Мұғалім күкірт қышқылын демонстрациялап, тәжірибе көрсетеді. Күкірт қышқылын суда қалай ерітуге болады? ( №9 слайд. Күкірт қышқылының суда еруі).
Қышқылдармен жұмыс істегенді қауіпсіздік техникасымен таныстыру (№10 слайд. Қауіпсіздік ережесі.)
Демонстрациялық роликтер (электрондық оқулықтар мен тест, күкірт қышқылын сумен араластыру).
Мұғалім қосымша азот және тұз қышқылы туралы ақпараттар береді. Экологиялық катастрофалар, күкірт қышқылы ауаға, топыраққа,суға түскенде болатын зиянды зардаптар. Транспортта, заводта, шойын жолдарда болатын апаттар.
Демонстрациялық роликтер (Швеция. Жаңалықтар. Май, 2009 жыл, химиялық заводта болған апат). Оқушылар көргендерінен пікірлер айтады. Қышқыл жаңбырлар, экологиялық апаттар. Қышқылдарды анықтау.
Эксперимент көрсету. Қышқылдардың индикаторға әсері.
Үш сынауықққа да қышқыл құямыз. Біріншісіне метилоранж, екіншісіне фенолфталеин, ал үшіншісіне лакмус тамызамыз. Не байқадыңдар? Қандай өзгеріс болғанын дәптерге жазылады.
3. Практикалық журнал. (10 мин). Ал, қанеки, химиктер!
Нұсқалар бойынша тапсырмалар беріледі. Барлығы 4 нұсқа. Тапсырмалар жазылған үлестірмелер мен қажетті құралдар үстелдің үстінде жатыр.
№1. Бірінші сынауыққа күкір қышқылының ерітіндісі, екіншісіне сілті (NaOH), үшіншісіне су құясыңдар. Үш сынауыққа да алма шырынын тамызасыңдар. Сынауықтағы ерітінділердің түстері қандай түске боялады. Қышқылды, сілтіні, суды анықтау үшін алма және лимон шырынын, айран суын пайдалануға бола ма? Түсініктеме беріңдер. Тәжірибеңді презентацияға дайындап, көрсет.
№2. Бір сынауыққа қарын сөлін, екіншісіне су құйыңдар. Екеуіне де метилоранждың ерітіндісін 2-3 тамшыдан тамызасыңдар. Не бақыладың? Сынауықтағы қарын сөлінің ерітіндісінің түсі өзгергенін қалай түсініктеме бересіңдер? Тәжірибеңді презентацияға дайындап, көрсет.
№3. Екі сынауық берілген. Біреуіне сілті, екіншісінде қышқыл бар. Эксперимент жүргізіп, заттарды анықтаңдар. Анықтау үшін қандай заттар керек болғанын түсіндіріңдер. Тәжірибеңді презентацияға дайындап, көрсет.
№4. Стақанға лимон шырынын сығасыңдар, сосын оны сынауыққа құясыңдар. Лимонның құрамында қышқыл бар екенін дәлелдеңдер. Ол қалай аталады және қай жерлерде қолданады? Түсініктеме беріңдер. Тәжірибеңді презентацияға дайындап, көрсет.
Эксперимент біткеннен кейін, тәжірибе жасаушылар өздерінің жасаған тәжірибесімен, сондай-ақ қорытындысын да сыныпқа таныстырады. Эксперимент бойынша қорытындыны мұғалім оқушылармен біріге отырып жасайды. Үй жағдайында және химия сабағында қышқылдарды анықтауға пайдаланатын индикаторлар мен өсімдік және химиялық индикаторлардың рөліне тоқталады.
4. Ауызша журнал. Қышқылдар туралы кішігірім хабарлама.
Қышқылдар тек қана белсенді ерітінділер болып қоймай, оларды дәрілік ретінде пайдаланады. Мысалы, аспирин-ацетилсалицилді қышқыл. Тірі ағзалардың құрамында кездесетін аминқышқылдары. Алма, айран, лимонда кездесетін алма қышқылы, сүт қышқылы, лимон қышқылы, сірке қышқылдары, барлығында біз тамақ өнеркәсібіне қолданамыз.
Оқушылар хабарламаға алдын-ала дайындалып келу керек. Уақыт 1-2 мин.
Хабарламаға төмендегідей тақырыптар ұсынуға болады.
1. Тамақ қорытудағы тұз қышқылының рөлі
2. Табиғатта қышқыл-қару ретінде.
5. «Электронды журнал». «Қышқыл» тақырыбы бойынша оқушылар өздері дайындап келген слайдты көрсетеді. Уақыт 3 мин.
6.Үйге тапсырма. (Үй экспериментін жасау).
1.Тапсырма. Сірке немесе лимон қышқылы арқылы дақты немесе қақтарды кетіру.
2.§47 оқу, бір қышқылға тірек конспекті немесе электрондық презентация жасау. Қышқылдардың формуласын жаттап келу
7. Қорытынды. Бағалау. Кішігірім хабарлама дайындаған, эксперимент жасаған, сабақтың барлық кезеңдеріне белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.
4. Оқушы жұмыс дәптерінің фрагменті
Қышқылдар
№11
Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазыңдар:
а) металл + қышқыл → тұз + сутек
ә) негіздік оксид + қышқыл → тұз + су
б) негіз + қышқыл → тұз + су
в) тұз + қышқыл →тұз + су + газ
№12
Берілген қышқылдардың құрылымдық формулаларын жазыңдар:
а) көмір қышқылы; ә) фосфор қышқылы; б) күкіртті қышқыл; в) күкірт қышқылы; г) тұз қышқылы.
№13
Кестені толтырыңдар:
Қышқылдық
оксидтердің
формуласы
|
Қышқылдық
оксидтердің
атауы
|
Сәйкес келетін
қышқыл
формуласы
|
Қышқылдардың
атаулары
|
SiO2
|
|
|
|
|
Күкірт (ІV) оксиді
|
|
|
SO3
|
|
|
|
|
Фосфор(V) оксиді
|
|
|
|
|
Н2СО3
|
|
№14
Берілген қышқылдарды бөліп жазыңдар: HCl, HNO3, HBr, H2SO4, HI, HF, H3PO4, H2S.
Жоғарыда көрсетілген қышқылдарды төмендегі кестеге жіктеп жазыңдар:
Бірнегізді
|
|
Екінегізді
|
|
Үшнегізді
|
|
№15
а) Қышқылдарды агрегаттық күйіне қарай бөліп жаз:
HCl, H3PO4, HNO3, H3BO3, H2SO4.
ә) Еритін, ерімейтін, тұрақсыз қышқылдарды бөліп жазыңдар: H2SO3, HCl, H2SiO3, H2СO3, H3PO4
Еритін қышқылдар
|
|
Ерімейтін қышқылдар
|
|
Тұрақсыз қышқылдар
|
|
5.«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау» тақырыбының тест тапсырмалары
І нұсқа
1.
|
Қай қатарда бәрі де жақсы еритін негіздер орналасқан?
|
|
а)
|
NaOH, KOH, Fe(OH)2;
|
ә)
|
Ba(OH)2, Mg(OH)2, RbOH;
|
|
б)
|
CsOH, KOH, NaOH;
|
в)
|
Be(OH)2, Sr(OH)2, Mn(OH)2.
|
2.
|
Формулалары оксид, негіз, тұзға сәйкес келетін қатарды белгіле:
|
|
а)
|
BaO, Fe(OH)2, NaNO3;
|
ә)
|
SiO2, CaO, K2CO3;
|
|
б)
|
P2O5, Na2O, CaCl2;
|
в)
|
Fe(OH)2, HNO3, Cu.
|
3.
|
Бейтараптану реакциясына жатады:
|
|
а)
|
Са(ОН)2+ 2HCl = СаCl2 + H2O;
|
ә)
|
Cu(OH)2 = CuO + H2O;
|
|
б)
|
ZnO + H2SO4 = ZnSO4 + H2O;
|
в)
|
Fe + S = FeS;
|
4.
|
Тұз қышқылы төмендегі заттардың қайсысымен әрекеттескенде, реакция нәтижесінде тұз бен сутек түзіледі.
|
|
а)
|
металмен ( барлығымен емес);
|
ә)
|
негізбен;
|
|
б)
|
негіздік оксидпен;
|
в)
|
қышқылдық оксидпен;
|
5.
|
Мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесетін зат:
|
|
а) H2O;
|
ә) HNO3;
|
б) Al2O3;
|
в) Au;
|
6.
|
Кальциий оксидімен әрекеттесетін зат:
|
|
а) Li2O;
|
ә) Cu;
|
б) HNO3;
|
в) MgO.
|
7
|
FeO → Х → Fe(OH)2 сызбанұсқасы бойынша Х затын тап:
|
|
а) Fe2O3;
|
ә) FeCl2;
|
б) Fe;
|
в) Fe(OH)3
|
8
|
Фенолфталеин тамызғанда түрін өзгертетін зат:
|
|
а)H2SO4 (ерітінді);
|
ә)NaOH(ерітінді);
|
б) H2O;
|
в) H2O;
|
9.
|
Тұздар қатарын белгіле:
|
|
а)
|
Na2O, KOH, Na2CO3;
|
ә)
|
CuCl2,Na2SO4, Ca(NO3)2;
|
|
б)
|
Ba(OH)2, NH3, H2SiO3;
|
в)
|
CaCl2, Fe(OH)3, CO;
|
10.
|
Кальций → кальций оксиді→ X →кальций хлориді сызбанұсқаcы бойынша Х затын тап:
|
|
а) MgO;
|
ә) Mg(OН)2;
|
б) Са(OН)2;
|
в) Ва(OН)2;
|
6.«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау» тақырыбының сөздік үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: |