7.2 Өлшем нәтижелерін графикалық өңдеу әдістері
Графикалық көрініс эксперимент нәтижесі барысында көрнекті үғым-түсінік береді, қарастырылатын ауысымды шаралардың функционалды тәуелділігінің жалпы ерекшелігін анықтайды.
2 – Сурет
Өлшем нәтижелерінің графикалық көрінісі үшін, ереже бойынша, тік бүрышты координаталар жұйесін қолданады. Егер графикалық әдіспен ), функциясы талданса, онда тік бүрышты координат мәні жүйесіне x1y1, x2y2, …, xnyn мәндері қондырылады.
Алынған графиктегі нүктелерді міндетті түрде икемді сызықпен жалғап, оның мүмкіндігіне қарай эксперименті нүктелерге жақын болуы қарастырылады.
Кей кезде графикті құруда бір-екі нүкте шүғыл түрде қисықтықтан ауытқиды. Бүндай жағдайларда ең алдымен жағдай мәні талданылады, егер функция өз ретінде қалып байқатпаса, онда бүндай шүғым ауытқуда үлкен қателік деп есептеуге болады. Бұндай жағдайларда міндетті түрде диапазондағы өлшемнің шұғыл ауытқуларын қайталаған дұрыс. Егер нәтижесінде жаңа деректерге қол жеткізілсе, графикке қондырылады, егер бұрынғы нәтижелер алынса, онда міндетті түрде жағдайдың физикалық мәнін талдау керек.
Эксперимент нәтижелерінің көріністерінің графикалық түрінде үш түрлі ауысымды b=f(x, y, z) мәнінде бөлу әдістері қолданылады, яғни өлшем интервалдары шамасының бірі бірнеше қалыпты мәндерді ұсынып, қалған екеуіне график құрады. Кейбір жағдайларда номограммалар күрады, олар кұрделі теоретикалық және эмпитрикалық формулаларды жүйелі есептеулерде қолдануды жеңілдетіп шамалардың белгілі шектік ыңғайын қарастырады.
7.3 Эмпирикалық формулаларды іріктеу әдістері
Экспериментті зерттеулер үрдісінде екі шама өлшемінің статистикалық қатары алынады әр мәнге у (х) аргументінің белгілі мәні сай келеді. Экспериментті деректер негізінде алгебралық функция , мәнін таңдауға болады, бұлар эмпирикалық формулалар деп аталады. Мұндай формулалар аргумент мәні шегіне қатысты іріктелінеді. Эмпирикалық формулаларды іріктеу қажеттілігі, мысалы, күрделі аналитикалық қағидалар барысында орын алады. Эмпирикалық формулалар өз мүмкіндіктеріне қарай анағүрлым қарапайым және экспериментті деректерге сай келуі керек. Осылайша, эмпирикалық формулалар аналитикалық ыңғайда белең алып, өзгеше көрініс болады. Нақты аналитикалық мәндер қарапайым түрде көрініс тапса, аппроксимация, ал функцияларды - аппроксимациялану үрдісі деп аталынады. Эмпирикалық формулалалрды іріктеу үрдісі екі кезеңнен тұрады:
1) аталмыш өлшемдерді тік бұрышты координаттар сеткасына орналастырады, экспериментті нүктелерді қисықтармен біріктіріп, формула түрін бағдарлай іріктейді;
2) формулалар параметрлерін есептейді, үздік үлгіде қабылданған формулаға сәйкес келеді. Эмпирикалық формулаларды іріктеуді міндетті түрде қарапайым мәннен бастаған дұрыс.
7.4 Регрессионды талдау
Регрессионды талдау деп заңдылықтарды зерттеп, қарастырудың үрдіс аралық байланыстарын айтамыз. Үнемі ауысымды x және y аралығында байланыс белең алады, бірақ нақты анықталым байқалмайды, бір x мәніне бірнеше y жиынтығы тән. Мұндай жағдайларда байланыс регрессионды деп аталады. Регрессионды тәуелділіктер ықтималдығымен және стохастикалық байланыстармен ерекшеленеді. Сол үшін y және x шамалары арасындағы регрессионды тәуелділіктердің орнығуы статистикалық өлшемдерге қатысты.
Статистикалық тәуелділік үрдістің математикалық моделдерімен сипат алады, яғни регрессионды мәндермен, x тәуелсіз мәні мен ауысымды y мәндерін байланыстырады. Модель мүмкіндігіне қарай қарапайым болып табылады.
Регрессионды талдау мәні регрессиялар теңдеуіне ұласады, яғни кездейсоқ шамалар аралығындағы қисықтық түрін бағалауда өлшем нәтижелерінің нақты дәлдігімен ерекшеленеді. x пен y аралығындағы байланысты қосымша анықтау үшін графикке нүктелер еңгізеді және корреляциялық өріс қүрады (сурет 3). Топтау тығыздығына орай нүктелер түзу мен қисық сызықтарда белең алып, сызық көлбеу бойымен корреляциялық байланысты аңғартады.
7.5 Теоретикалық шешімдердің адекваттылығын бағалау
Зерттеу гипотезасының жарамдылығын бағалау, сонымен бірге теоретикалық деректер шынайылығын нақтылауды теоретикалық қисықтықтың экспериментті деректерге сәйкестігін анықтауда, міндетті түрде көп жағдайларда теоретикалық- эксперимента зерттеулер талдауына сүйенеді. Адекваттылықты бағалау әдістері сенімді интервалдарды қолдауға да қатысты, берілген сенімді ықтималдықпен бағаланатын параментрлер мәнін айқындауға болады.
Мұндай тексеру мәні теоретикалық y=f(x) функциясын өлшем нәтижесімен салыстыруда қолайлы. Тәжірибеде түрлі статистикалық өлшемдер қолданылады.
Адекваттылықты калыптастыру – аппроксимация қателіктерін
аңғару. Адекваттылықты бағалауда Фишер, Пирсон, Романов, Колмагоров өлшемдері қолданылады.
8 Ғылыми зерттеулер нәтижелерін безендіру
8.1 Ғылыми жұмыс нәтижелерін безендіру
Түйіндер мен жинақтау, тұжырым қалыптасқаннан кейін, дәлелдемелер ойлдастырылады, алынған нәтижелерді әдеби өңдеу, көркемдеу диссертация, есеп, баяндама, мақала, материалдар түрінде көрініс табады. Ғылыми қолжазбалар мазмұнына келесі талаптар қойылады: анықтық, жүйелілік материал берудегі қалыптылық. Қолжазба мәтінін абзацтарға, яғни ой түйіндеріне ажыратып, өзіндік ойластырылады оқтауландырады. Қолжазбаларда қайталаулар болмағаны дұрыс, бірінші ой тұжырымдалмай келесі жаңа ойға ойысу да өз нәтижесін бермейді. Созыңқы, ұғымға ауыр тіркестерді қолдану тиімсіз. Жұмыс сыни көзқарасқа лайық болғаны дұрыс. Артық сан, цитат, иллюстрациялармен жүктеу қажетсіз. Барлық көмекші материалдарды есепте қосымша ретінде енгізу керек. Шартты белгілер бірлігі сақталып, сөз, дыбыс қысқартылымында стандартқа сүйенген жөн.
Ғылыми есеп, баяндама, мақала жазуда келесі жоспар жүйесі сақталынады:
– атауы (жұмыстың аты);
– мазмұны;
– кіріспе (ғылыми жұмыс алғышарты орын алады);
– кіріспеде мәселенің тақырыбы, өзектілігі, зерттеу әдістері мен мақсат-міндеттері қарастырылады;
– қарастырылып отырған сауал төңірегінде әдебиеттерге шолу;
– негізгі бөлім (келтірілетін материалдарда әдістер, эксперименттік: деректер, жинақтау және зерттеуге қатысты түйіндер);
– тұжырымдар (қорытынды материал жеке тезистер ретінде, жекеше түрден жалпыға маңызды ойларға ұласады;
– қорытынды (ғылыми зерттеуге жинақтау, қорыту, сауалдарды ұсыну, ой білдіру);
– қолданылған әдебиет көздерінің тізімі;
– қосымша (көмекші таблица, графиктер, қосымша мәтіндер, басқа да материалдар).
Үнемі жұмыс мәтіні бойынша реферат немесе аннотация.
Әзірлеуге болады. Аңдатпа – есептің қысқаша түрі немесе мазмұн, форма және басқа да ерекшелік негіздерінің қысқартылған нұсқасы.
Реферат – бастапқы кұжаттың негізгі дерек, түйіндермен қысқаша берілу ыңғайлы. Реферат тақырып пен мәтінді қамтиды. Реферат мәтінің тақырыпты, пән нысанын, жұмыс ерекшелігі мен мақсатын, жұмыстың орындалу әдістерін, нақты нәтижелерді қамтиды. Аңдатпа ерекшелігін туындыға сипаттама беруден тұрады, негізгі тақырып, мақсат – нәтижені құрайды. Орташа көлемі 600 баспа белгісі. ҒЗЖ есебі аңдатпа мен реферат ішіндегіні қамтиды, зерттеу міндеттері мен алынған нәтиже, отандық және шетел ғылымында осы мәселеде қол жеткізген жетістіктер орын алады. Мәтін міндеті айқын техникалық тапсырмалар, белгілі әдістерге талдау, міндеттерді шешу жолдары, міндет әдістері бойынша қабылданған шешімдер есептеулер мен эксперимент нәтижелері, алынған нәтижелерге талдау, нәтиже бойынша қорытынды, пайдаланылу жолдарын көрсету. Жариялануға лайықты деп қабылданған жұмыстар қосымша рецензияланады. Рецензияланған мақала, баспа еңбекке жан-жақты талдау мен сыни баға беріледі. Әр рецензия рецензияланатын көздің тақырыбын құрайды, негізгі сауалдар қысқаша орын алып, рецензияланып отырған жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктері орын алады. Рецензия соңында резюме келтіріледі, онда туындының өзектілігі бағаланып, теориялық, тәжірибелік мәні айқындалады, дәлелдемелер мен түйіндерге жалпы бағалау беріледі.
8.2 Аталмыш жаңалыққа қатысты өтініштерді қабылдау
Ғылыми зерттеу жұмыстары мазмұны көбіне көп жаңа құрылым, материал, технологиялық үрдістерге ие. Осыған орай өтініш әзірлеу керек. Жаңашылдық нысаны: құрылым, әдісамал, зат, бұрынға белгілі құрылымдарды әдіс-амалдарды пайдалану әрекеттерін қамтиды. Өнеркәсіптік меншік ашылымға, жаңашылдыққа, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, тауар белгілері, формалық атауларға бөлінеді. Пайдалы модель-техникалық міндеттердің жаңа түрлері шешімін табуы. Өнеркәсіптік үлгілер ішкі өнеркәсіптік өнім белгілеріне қатысты, өнеркәсіптік жолмен орындалып, жаңашылдық мәнге ие болады. Тауар белгісі - тауардағы немесе жарнамадағы белгі, атылмыш тауарды басқа өндіріс тауарларынан ерекшелендіріп тұрады. Авторлық құқықты қорғаудың бірнеше формасы бар: авторлық куәлік және патенттер.
Авторлық куәлікті беруге немесе патентке өтініш ҚР-ның юстиция Министрлігінің интеллектуалды меншік Комитетіне ұсынылады. Авторлық құжат пен патентке өтініш беруде ұсыныс жазылады, жаңашыл дүние сипаттамасы, сызбалар, зерттеу актісі, әр автордың шығармашылық сайыстарға қатысқандығы туралы құжаттар қосылады. Аңдатпа енеді, онда жаңашыл үрдістің қысқа сипаты, қолданыс аясы мен мүмкіндігі ашылады, техникалық шешімнің жаңашылдығы барысында қорытынды, онда өткерілген патентті зерттеулер жайлы мәліметтер орын алып, күтіліп отырған технико-экономикалық тиімділік айқын байқалады. Жаңашыл дүниені сипаттауда оның тақырыбы және халықаралық жаңашыл дүниелердің қай класына енетіндігі де орын алады, прототип ерекшелігі, прототип сыны, зерттеу мақсаты, мәні, ерекше белгілері, графикалық көрініс фигураларының тізімі, нақты атқарылым үлгілері, техника-экономикалық тиімділік формула орын алады. Әр тарау сипаттамада жаңа жағдай беріледі. Жаңашылдық формуласы - белгілі ережелерге сай құрастырылған қысқаша ерекше белгі, оларда жаңашыл дүниенің нысандық белгілері, техникалық мәні орын алады. Жаңа дүниенің белгілері қатарында түсіндірлетіні түйін, құрылым бөлшектері, операциялар, режим параметрлері. Жаңашыл дүние параметрі ереже бойынша кіріспе бөлімнен түрады, онда жұмыстың өн бойына қатысты ақпарат беріледі.
8.3 Ақпаратты ауызша беру
Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндамалар тұрғысында, семинар, симпозиум, конференцияларда баяндама, мәлімдемелер тұрғысында беріледі. Конференцияға қатысушылар баяндамаларын әзірлейді. Баяндама ғылыми зерттеу жұмысының апробациядан өтілу мүмкіндіктерін қамтиды. Баяндама алдында тезистер әзірленеді – онда қысқаша сөйленетін ой-тұжырым. Қажет болған жағдайда көрне кілік материалдар мен түрлі техниқаларды қолдануға болады.
8.4 Ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу
Ғылыми зерттеу жұмыстарының ақтық формасы оларды енгізу. Енгізу үрдісі екі кезеңнен тұрады: тәжірибелік-өндірістік және сериялы. Бірінші кезеңде сынақты зеотханалық және өндірістік жағдайларда жүргізеді тәжірибелі үлгі әзірленеді. Сынық нәтижесі бойынша әзір болған үлгі толықтырылуы шарт. Тәжірибелік-құрастырмалау жұмыстарының соңы – өндіріске жаңа технология енгізу, жаңа үлгідегі жабдықтар әзірлеу.
9 Ғылыми ұжымда жұмысты ұйымдастыру
Үжым осы атқарылатын үрдіске қатысты деп саналса, әрқайсысы осы жүмысқа қатысты әрекеттеріне жауапкершілікпен қарап, ғылыми негізде аяқталуына мән бергені дұрыс.
9.1 Басқару принциптері
Өз кезінде академик А.Ф.Иофоре тарапынан ғылыми басшылық жүмыстары дәл, қарапайым жеткізілген болатын. Ол бірнеше талаптар үсынған болатын: қарапайым, ашық, принципшіл бол. Оларға қуан, қолда, олардікі дүрыс болса, сендір, егер олардікі қате болса, ғылыми негізде дәлелде. Егер оқушы белгілі бір жаңа бағыт пен айналысқанын қаласаң, оны білдірмей атқар, ол бұл идеяға өзі келуі керек, өзіндік жүмыс деп тануы шарт. Егер ол жұмысқа ғалым ретінде тікелей араласпасан, окушылар мақалаларына өз фамилияңды ешқашан тіркеме. Егер жетекші ретінде өзіңнен көмек сүралынса, түсіндір, сол үшін бұл тақырып қызықты. Өз күшің мен жағдайыңды пайдаланып жұмыс атқартуға тырыспа. Оқушылардың өздеріне мүмкіндік беріп, қиындықтармен өздері күресулеріне жағдай туғыз. Осы кезде ғана лаборант емес, нағыз ғалым даярын шығарасын. Келтірілген талаптар басқару принциптеріне негізделген. Ұжымды тиісді басқару жұмыс орындарының да толық баланста болуын аңғартады. Міндеттер мен құқықтар тепе-тең тұрғыда сипат алып, әр міндеттеме лайықты құқыққа сай орындалады. Жауапкершілік көлемі мен билік көлемі өзара байланысты, яғни жауапкершілік лайықты билікке сай келуі тиіс. Ұжымды басқаруда әдіс пен амалдарды таңдауда ерекше мәнге ие болатыны – сандық көрсеткіш. Егер басқаратын адамы жеті-сегіз адамнан асса, асшы қиындық сезінеді.
Ғылыми ұжым жұмысындағы нәтижеге жету үшін келесі принциптер назарға алынады:
1) Мәселенің мәні жайлы ақпараттық принциптер. Кез келген пайдалы жаңа ліс ұжымға айқын, қандай өндірістік, әлеуметтік міндет шешетіндері белгілі болуы тиіс.
2) Жұмысты бағалаудың превентивті принциптері. Уақытша қиындықтардан шығу, кері нәтиже беретін үрдістерден аулақ болу ескертіледі..
3) Қолдау принципттеру. Алда тұрған міндеттер ақпараты орындаушылар санасына пайдалы керекті деп қабылдануы шарт, жұмыскерлерге ғана емес, қоғамға да пайдасы ескеріледі.
4) Тотальдық принциптері. Барлық топ жұмыскерлері жаңа тапсырмаларға жете мән беріп, алдын-ала алған ақпараттары бойынша іс-әрекеттің шешімін табуына күш салады.
5) Перманентті ақпарат принциптері. Ұжым басшысы бүкіл ұжымды жүйелі түрде міндеттердің шешілуі, қол жеткізген нәтижелері, қиындықтары барысында ой қозғайды.
6) Әрекеттің үздіксіз принциптері. Бір әзірлеменің аяқталуы басқа бір тапсырмаға ұласыпғ жұмыс ырғағын жетілдіріп отырады.
7) Жеке компенсациялық принциптері. Адамдардың құндылық бағыт бағдарына есеп, олардың тұтынуы мен қызығушылығын ескеру.
8) Түрлі адамдардың инновацияны қабылдаудың типтік
ерекшеліктерінің санақ принципі.
Психологтар нақтылағандай, адамдар жаңа тапсырмалар мен жаңа енгізулер ашуына қатысты былайша бөлінеді: новаторлар энтузиастар, рационализаторлар, нейтралдар, консерваторлар, ретроградтар. Мінез-құлықтың жекешелеген ерекшеліктерін ескере отырып, мақсатты түрде еңбек атқарушыларға әсер етуге болады, олардың мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастыра отырып, тиімді іс-әрекетке бағыттау.
9.2 Іскерлік жазылым қарым - қатынасты ұйымдастыру
Осы орайда басқару үрдісін жандандыруға қатысты тағы бір маңызды міндет – құжаттармен сапалы жұмыс. Құжаттар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайымдары бір сауал төңірегіне топтастырылады, күрделілері-бірнеше сауалдар төңірегіне құрылады. Кез келген құжат мәтіні екі ие одан көп негізгі бөлімдерден түрады. Біріншісінде құжатты құрастыру, екіншісінде – шешім, ұсыныс, тағайындалым, тұйіндер мен үсыныстар. Көп жағдайларда қүжаттар кіріспе, дәлелдеме мен қорытындылардан түрады. Сирек жағдайларда қүжат мәтіні бір қорывтынды бөлімді қүрайды. Кіріспеге қызметтік қүжатты қүрастырудың қажетті себептері орнығады. Дәлелдемелерде сауалдар мәні, дерек, фактілер, сандық дерек негіздемелері енеді. Дәлелдемелер өтініш пен талапты қанағаттандыру мәнімен орайласады. Қорытынды- негізгі логикалық қүрамды бөлім, онда қүжаттың негізгі мақсаты сипат алады (өтініш, үсыныс, келісім, қарсылық). Қорытынды қызметтік құжатта міндетті түрде.
Құжат мазмүнына қатысты логикалық элементтер орналасымының түра және кері тәртібі реті орын алады. Кері тәртіпте – ең алдымен түйін-тұжырым, ұсыныс, әрі қарай - дәлелдеме. Кіріспе бұнда кіріктірілмейді. Кері тәртіпте күрделі емес құжаттар құрастырылады. Құжаттың әр түріне өзінің сойлеу, тілдік құрылымы ның. Реттеу актілері үшін (бұйрық, тағайындалым) әр түрлі формадағы үрдістер тән. Қызметтік хаттарды қүрастыруда логикалық дәлелдемелер формасын пайдаланып, мақсатты түрде қалыпты шешім қабылдау назарға алынады. Құжат мәтінін құрастыруда нақтылық пен объективтілік, максимальды көлем қажет.
9.3 Іскерлік жиналыстарды ұйымдастыру
Шартты түрде барлық іскерлік жиындарда қарастырылатын сауалдар ерекшеліктеріне қарай жүйелеуге болады: (әкімшілік, техникалық, кадрлық, қаржылық, технологиялық, шүғыл), жиілік, кезеңдік, қатысушылар құрамы мен санына қарай, сауалдар көлемі мен түріне қарай, құрылымы мен ұйымдастырулығына, өткізілу әдістеріне қарай бөлінеді. Жиындарды мынадай міндеттерге қарай жіктеген ұтымды:
1) Мәселелік жиындарда шаруашылық мәселерін талқылаудың оңтайлы басқарылым жолдары қарастырылады. Мұндай жиындар сызбасы: баяндама-баяндамашыға сүрақтар талқылау – шешім қабылдау.
2) Нұсқаулы жиындар басқару сызбасының мәлімет –деректеріне сүйеніліп, жылдам атқарылуы көзделінеді.
3) Шұғыл жиындарда басшылық басқару сызбасы бойынша жоғарыдан тапсырмалар, ағымдағы мәселер барысында ақпарат алады.
Жиындарды әзірлеу ұйымдастыру және техникалық іс- шаралар кешенін құрайды:
1) Жиынды өткізу уақытын анықтау. Оны тұрақты етуге тырысу. Шұғыл жиындарды таңертең, қалғандары жұмыс аяғында.
2) Жиын қатысушыларын іріктеу. Мысалы, мәселелік жиындарда білікті тұлғалардың шағын тобы қатысады.
3) Жиынның күн тәртібін құру. Жиындарға екі-үш басты сұрақ
және қосымша сауалдар да ұсынылады. Жиындарда мынадай ережелер тәртібін сақтаған дұрыс: әр сөйлеушілердің ойлары оппоненттерге қарсы болмау керек, терең талдап барып жеткізгені жөн, ұжымды нақты, дұрыс шешім қабылдауға бағдарлау, шешімнің орындалуының нақты мерзімдерін белгілеу. Шұғыл жиындардың рационалды ұзақтығы 20-30 минут, проблемалық жиындар 1,5-2 сағат.
9.4 Ғылыми ұжымның жұмыстарының басқа да аспектілері
Басшы ұжымның ынтымағын қалыптастырып, шиеленістің балмауына жауап береді, қол астындағылар жұмыстарын жұмыс күні аясында шешуі тиіс. Бұл үшін оның сапалық қасиеттері, кәсіби іс-керлігі, біліктілігі, қызметтік этикасы болуы шарт.
Әдебиет
Баптизманский В.И. Основы научных исследований в
черной металлургии / В.И. Баптизманский, Г.А. Воловик. – Киев: Высшая школа, 1985. – 205 с.
Исагулов А.З. Творческая изобретательская деятельность в
подготовке инженеров / А.З. Исагулов, З.Р. Рахимов, В.М. Плотников, Т.П. Смолькина. – Алматы: Гылым, 1998. – 200 с.
Исагулов А.З. Расчеты элементов литейной формы и
процессов формообразования / А.З. Исагулов, В.В. Егоров. – Караганда: Издательство КарПТИ, 1988. – 88 с.
Кане М.Л. Основы научных исследований в технологии
машиностроения: учеб. пособие для вузов. – Минск: Высшая школа, 1987. – 231 с.
Крутов В.И. Основы научных исследований. – М. : Высшая
школа, 1989. – 400 с.
Налимов В.В. Логические основания планирования
эксперимента / В.В. Налимов, Т.И. Гоиков. – М. : Металлургия, 1996. – 300 с.
Никитин Г.М. Методические указания к выполнению
курсовой работы по дисциплине «Курсовая научно-исследовательская работа». – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2003. – 13 с.
Новик Ф.С. Оптимизация процессов технологии металлов
методами планирования экспериментов / Ф.С. Новик, Я.Б. Арсов. – М. : Машиностроение; София: Техника, 1980. – 304 с.
Палев П.П. Методы обработки и оценки погрешности
технических измерений. – Караганда: Издательство КарГТУ, 2002. – 135 с.
Спирин Н.А. Оптимизация, идентификация и оценивание
теплотехнических процессов в металлургии: учебное пособие /
Н.А. Спирин, В.В. Лавров, В.С. Шаврин. – Екатеринбург: УГТУ, 1996. – 188 с.
Чистяков В.В. Методы подобия и размерностей в литейной
гидравлике. – М. : Машиностроение, 1990. – 224 с.
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................3
1 Ғылыми танымның методологиялық негіздері....................................4
2 Ғылыми зерттеу бағыттарын іріктеу және ғылыми
зерттеу жұмысының кезеңдері...............................................................7
3 Зерттеудің тақырыбы бойынша жинау және сұрыптау.....................10
4 Теоретикалық зерттеу...........................................................................13 5 Ғылыми зерттеулерде модельдеу және модельдеу........................... 18
6 Эксперименттік зерттеулер…………………………………..............23
7 Экспериментін зерттеулердің нәтижелерін өңдеу.............................27
8 Ғылыми зерттеулер нәтижелерiн безендiру.......................................32
9 Ғылыми ұжымда жұмысты ұйымдастыру..........................................35
Әдебиет..................................................................................................39
Пікірсарап
«Ғылыми зерттеу әдістемесі» пәні бойынша дәріс сабақтарының сүйеніш конспектіне берілді. Бұл сүйеніш конспект «Металлургия» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтарының студенттеріне арналған. Әзірлегендер магистр, аға оқытушы С.Ж. Кеңпейілова, магистр, аға оқытушы Быков П.О.
Дәріс сабақтарының сүйеніш конспекті 050709 «Металлургия» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.335 – 2006, 0507024 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.350 – 2006 жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес құрастырылған.
Тәжірибелік жұмыстарда зерттеу тақырыптарын анықтау, ақпараттарды талдау, жаңашылдық жіктелімі мен патенттік ізденіс жұмыстар, жаңашылдық прототипін талдау сияқты мәселелердің басы ашылып, оларды меңгеруге дәріс сабақтарының сүйеніш конспекті берілген.
Университет студенттерін ғылымға жетелеуге, ғылыми тұрғыдан білім алуға жағдай жасайтын пән бойынша дәріс сабақтарының сүйеніш конспектілері қазақ тілінде оқып жүрген жастарға бірден-бір көмекші дүние болып саналады деп баспаға ұсынуға әбден болады.
Т.ғ.к., профессор М.М. Сүйіндіков
БЕКІТЕМІН
Оқу жұмысының
проректоры
___________Н.Э.Пфейфер
« ___ » __________200 __ж.
Құрастырушылар: магистр, аға оқытушы Кеңпейлова С.Ж.,
магистр, аға оқытушы Быков П.О.
Металлургия кафедрасы
Кафедра отырысында ұсынылды, № __ хаттама, « __» _______2006 ж.
Кафедра меңгерушісі __________________М.М.Сүйіндіков
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік кеңесі қолдады « __» _______2006 ж., № __ хаттама
ОӘК төрағасы __________________ Ж.Е.Ахметов
КЕЛІСІЛГЕН
ММЖжКФ деканы ____________Т.Т.Токтаганов « __» ______2006 ж.
МжС бөлімінің
нормабақылаушысы_____________Г.С.Баяхметова « __» _____2006 ж.
ОӘБ МАҚҰЛДАДЫ
ОӘБ бастығы ___________Л.Т.Головерина « __» _______2006 ж.
УДС 001.891. (07)
ББК 72 я 7
О 75
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған
Пікірсарапшы:
т. ғ. к., профессор Сүйіндіков М.М.
Құрастырушылар: Кеңпейілова С.Ж., Быков П.О.
О 75 Ғылыми зерттеу негіздері. «Металлургия» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтарына арналған дәріс сабақтарының сүйеніш конспекті / Құрастыр. : Кеңпейілова С.Ж., Быков П.О. – Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2006. – 40 б.
Дәріс сабақтарының сүйеніш конспекті 050709 «Металлургия» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.335. – 2006, 050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.350. – 2006, жұмыстық оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
Дәрістің сүйеніш конспектісінде ғылыми зерттеуді жүргізудің реті келтірілген және берілген зерттеу тақырыбы бойынша әдеби шолу жүргізу әдісі жан-жақсы жазылған, ғылыми зерттеуді жүргізу тәсілі және эксперименттердің нәтижесін өңдеу әдісі көрсетілген.
УДС 001.891. (07)
ББК 72 я 7
©Кеңпейлова С.Ж., Быков П.О., 2006
©С.Торайғыров атындығы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006
Достарыңызбен бөлісу: |