Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-R-4 cанаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.
** Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.
**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу» қағидалары негізінде өткізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызында №14939 тіркелген.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санаты
|
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-R-4
|
73 288
|
99 106
|
І. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, 160021, Шымкент қ., Аврора Крейсер көшесі 48 «а», электрондық мекен - жайлары: a.umerbaeva@msh.gov.kz, upr.personal_uko@mail.ru анықтама үшін телефондар: 8 (7252) 44-83-09, факс:44-80-04. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторына (С-R-4 санаты, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Жануарларды аурудан қорғау, адамдармен жануарларға ортақ ауруларды болдырмау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктердің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету. Басқа аумақтан жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелуінен, таралуынан қорғау. Аудан аумағында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларын сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ветеринариялық саласындағы мамандықтар. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2. Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторына (С-R-4 санаты, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Жануарларды аурудан қорғау, адамдармен жануарларға ортақ ауруларды болдырмау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктердің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету. Басқа аумақтан жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелуінен, таралуынан қорғау. Аудан аумағында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларын сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ветеринариялық саласындағы мамандықтар. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Осы Қағидалардың 100-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.
Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.
Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде тиісті мемлекеттік органда әңгімелесуден өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |