1 есеп. Қарындаштарды 2 қорапқа әртүрлі тәсілмен
салып,теңдіктер жазу.
3-тапсырма. «Нүктелер сыйы»
2 есеп. Салыстыр.
Өз бетімен жұмыс.
Дәптерге орындау.
4-тапсырма. «Кесінділер» сыйы.
Математикалық жұмбақ.
Үшеуі аз деп балапан,
Қосты тағы 3 балапан.
Табыңдаршы,ойланып,
Қанша болды баларан?
5-тапсырма. «Дөңгелектер» сыйы оқулықпен жұмыс.
Сандар құрамын анықтау.
6-тапсырма. «Төртбұрыштар» сыйы. Дәптермен жұмыс.
Сандар қатарын толтыру.
7-тапсырма. «Сәулелер» сыйы.
Сурет бойынша өрнек құрастыру
5-2=3 3+2=5
- Қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді.
Азайғыш Қосылғыш
Азайтқыш Қосылғыш
Айырманың мәні Қосындының мәні
Дәптерде орындау 4 есеп
8-тапсырма «Шаршы» сыйы
Оқулықпен жұмыс.
Шаршының сәйкес бөліктерін табу.
1-А; 4-Б; 2-Ә; 3-В.
9-тапсырма: «Бесбұрыштар» сыйы
Сандардың қосындысы 9 болатындай етіп, 3 моншақтан әртүрлі жіптерге тіз.
VII. сабақты бекіту,тиянақтау. Ой жинақтау.
Дифференциалды әдіс.
«Гүл мен көбелек» ойыны
Қазір қай мезгіл?
Күз.
Осы қоңырқай,егін пісіп,дала алтын түске енетін табиғатқа қарама-қарсы жайма шуақ мезгіл қай мезгіл?
Көктем мезгілі
Ендеше,өзімізді бір сәт көктемде көкорай шалғын бәйшешек арасында жүрміз деп ойластық.
Гүл теріп,көбелек ұстайық
Қыз балалар гүл терсін
Ұл балалар көбелек ұстасын
(Артына жазылған тапсырмалармен сабақты қорыту )
Бағалау.
* * * * *
ҰСТАЗ СЫРЫ
О.Қ.О. Шымкент қаласы Таскен алабы
Жетекші: Исмаилова Назира Аскаровна
№ 103 жалпы орта мектебі 7 –сынып оқушысы
Авторы :Қазанғап Абылайхан Хамитұлы
Ұстаздың жұмысы- бағалауға тұратын еңбек.Баланың білім алуы өте маңызды. Ал сол
білімнің сапалы немесе сапасыз болуы ұстазға байланысты болады.
Мен №103 жалпы орта мектебінің 7 «А»сыныбында оқимын.Мектепте оннан астам пәндер
мен өте көп мұғалімдер бар.Әр ұстаздың сабақты өту тәсілі де әртүрлі. Мен пәндер арасынан
тарих,қазақ тілі мен әдебиет, информатика, технология пәндерін жақсы көремін.Кейбір
пәндердің өзін жақсы көрсем,ал кейбіреулерінің мұғалімдерінің білім беру тәсілі ұнайды. Біздің
мектепте көп мұғалімдер сабақты топтарға төліп тастап ,түрлі қызықты мәліметтерді ұсынумен
қатар өтілетін жаңа сабақтарға байланысты тапсырмалардың сан –қилылығымен қызықтыра
өтеді.Мәселен, кейде оқушының өзі автор ретінде өз шығармашылығына түсінік берсе,кейде
топтар бір-бірімізге қонақ болып өтілген тақырып төңірегінде топтар арасында ой бөлісе отырып жаңа ақпараттарды
топтасып бәріміз бірлесе отырып меңгеріп жатамыз . Әрине , мұның бірі де ұстаз үлесінсіз болмасы анық. Ұстаздар ішінде
маған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Исмаилова Назира апайымыздың сабағы мен үшін өте ерекше.Ерекшелігі сол,
кез-келген тақырыпты алмайық апайымыз сыныпқа ерекше көңіл-күй сыйлай алады.Сабақта мен еркіндік сезіне
аламын.Өзіміз оқып ,өзіміз талқылап ,талдау жасап ,көптеген тапсырмалар орындап үлгереміз , өз-өзімізді бағалаймыз.
Кейде түрлі бағалау тәсілдері де ұнап жатады.Біздің мектептің мұғалімдері басқаша бағалайды деп те айтуға болады.Олар
бізге алдымен әділ бағаға жетудің жолдарын үйретеді.Ол тәсілді біз «табыс кілті»деп атаймыз. Алдымен , бестік , төрттік ,
үштік бағаларға қандай тапсырмалардан өту керектігін анықтап алып сабақ айта бастаймыз ,содан соң біз топтар арасында
бір-бірімізді немесе өзімізді- өзіміз бағалауды , балдық жүйемен бағалауды жүзеге асырып отырамыз.Оқушының бағалау
барысында өзінің де бағасын анықтай алатыны мен үшін өте маңызды.
Балаға білім беру оңай жұмыс емес,сондықтан бұл іс қолынан келмей жататын мұғалімдер де бар.Бірақ ,біздің мектепте
барлық мұғалім жақсы білім береді.
* * * * *
134
ҮШ ТІЛДІК ТҰҒЫРЫМ
О.Қ.О.Шымкент қаласы Таскен тұрғын алабы
Авторы:Инкарова Меруерт Нуриддинқызы
Жетекші: Исмаилова Назира Аскаровна
№ 103 жалпы орта мектебі 9-сынып оқушысы
Бар жақсылықтың басы – тіл деген.Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа
ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, мәдени, рухани байлықтарды, қоғамдық,әлеуметтік
байлықтарды адам ана сүтімен ұғынады,туған тілі аркылы игеріп, игілігіне жаратады .Өйткені көз
жіберіп,ой елегінен өткізіп,таразылайды,болашағын болжайды, келешегіне жоспар жасайды.
Ана тілі арқалы адамдар бір-бірімен сөйлесіп,ойын жеткізеді,пікір алысады.Ана тілі арқылы
оқып,білім алады,өз отбасында тәрбиленеді.Ана тілі-халқымыздың өмір сүріп,қоғамды жан-жақты дамытып отыруының
көрінісі,әрі кепілі.Өйткені,біріншіден,ана тілі халқымыздың дүниеге келіп,өмір сүруіне тікелей байланысты,екіншіден,ана
тілінде тәлім-тәрбие ала алмаған халықтың келешегі жоқ.Өз ана тілін білмеген,қадірлемеген адам өзін дүниеге
әкелген,мәпелеп өсірген анасын да,ел-жұртын да,отанын да сүйе алмайды.
Тіл-ең алдымен,адамдар арасындағы қатынас құралы болғандықтан,ол белгілі бір адамдар арасында,қоғамда өмір
сүреді,белгілі бір ортада қызмет атқарды.Тілдің адамдар арасындағы қатынас құралы болуы деген сөз-адамның бір-
бірінеойын жеткізіп,түсінік алуы ,сөйтіп,бір-бірімен қатынас жасауы,сөйлесуі.Қорыта айтқанда, ана тілі-білімнің негізгі
құралы.Сондықтан ана тілінің осындай қасиетін ерекше бағалап,оны қадірлей білу керек.
Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Қазақ халқының ұлттық болмысымен бірге қазақ тілі де қатар
дамып,кемелденіп келеді.Көпұлтты Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.Қазақстан Республикасының мемлекетік тілі-қазақ
тілі.Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің жауапкершілігі орасан зор.Қазақстан мемлекетінің бүкіл аумағында,қоғамдық
қатынастардың барлық саласында қолданылып отырған мемлекеттік тіл мәртебесі Қазақстан Республикасының
конституциясымен бекітілген.Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы»заңының 4-бабында «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі»деп көрсетілген.Қазақ елі тіл тағдырына парасаттылықпен қарап,дана саясат
ұстанады.Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995), «Тіл саясаты туралы»заң (1997)тек қазақ тілініңғана
емес,көпұлтты мемлекетіміздегі барлық тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін
көздейді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты Қазақстан
халқына жолдауында: «Қазақ тілі-біздің рухани негізіміз.Біздің міндетіміз- оны барлық салада белсенді пайдала отырып
дамыту.Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың көптеген буының тәжірибесінен өтіп,біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға
түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.Бұл өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет,-деп атап
көрсетті.Тіл-ұлы қазына,баға жетпес асыл мұра.Тіл тек адамзатпен ғана емес,қоғамен,тарихпен тығыз
байланысты.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ тілі Қазақстанда 15 негізгі сала мен 57қосалқы салада,яғни небәрі72
салада қолданылған болса,бүгінгі күнде көрсеткіш деңгейі арта түсті.Мемлекет таратынан тілдері дамыту мақсатында
бағдарлы іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Әр халықтың тілі әртүрлі, мәселен,Ресейді алатын болсақ ,олардың мемлекеттік тілі – орыс тілі.Орыс тілі орыс халқының
мемлекеттік тілі.Қазіргі таңда ол тілде 250 млн –нан астам адамдар сөйлейді, қолданылуы жағынан 5- орында.Қазақстан
тұрғындары 100-ден астам тілмен сөйлей алады.Әрбір мектептерде балалар қазақ тілін оқып шектелмей,сонымен қатар
орыс,ағылшын тілдерін де меңгереді.Орыс тілі- әлемдік тілдердің бірі.Кеңес үкіметі кезінде адамдар көбінесе орыс тілінде
әңгімелескен.Шет елдерде ағылшын тілі қолданылады.Қазақстанның барлық тұрғындары ол тілді жетік меңгерген деп
есептеуге де болады.Орыс тілін білу еліміздің адамдарын бір-біріне жақындастырады,басқа елдермен,яғни шет елдермен
достық қарым-қатынасты нығайтады.
Ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынас тілі болып табылады.Әрбір жасөспірімдер өзге елге оқу барысымен немесе
басқа да жағдаймен кететін болса,ол міндетті түрде ағылшын тілін үйренуі керек.Себебі,ағылшын тілін білмейтін адам өзге
елдің адамдарымен қарым-қатынаста бола алмайды.Қазіргі таңда тіл туралы бірнеше статистикалық жағдайлар пайда болып
жатыр.Өз тілі қазақ бола тұрып ,өзге тілде сөйлейтін адамдар да аз емес.Бұдан біздің көкейімізге мынадай сұрақ келеді: «Бұл
жағдайда ұлт қашан өркендейді?».Әрбір адам өз ана тілінде сөйлегенде ғана ұлт өркендейді.
Бұл орайда Ә.Тәжібаевтың:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
атты өлеңі өте орынды айтылған.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай:қазақ,орыс,ағылшын тілдері бір-бірімен тығыз байланыста.Егер сен өз еліңнің үміт
артар азаматы болсаң,ең алдымен,өз тілінді құрметте. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»деген мақал дәл осыған
айтылғандай .Әр адам әр тілде сөйлегенде қазақ тілі ешқашан дами алмайды.Себебін ,әрине , айтпаса да түсінеміз. Кезінде
қазақ даласына жаңалық болып келген орыстану саясаты талай ата-апаларымызды өзге тілде шүлдірлетті.Оның зардабын
кейінгіні де аз әурелемеді.Қазақ халқы өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері қазақ тілі дами бастады.Әрине,үш тұғырлы
тілдің қазақ еліне тигізер үлесі зор .Үш тілді білу- әрбір қазақтың өскелең азаматына үлкен міндет,әрі сын.Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлығы емес , сонымен қатар жасөспірім ұрпағы,
өйткені олар біздің ұлтымыздың болашақ айнасы » десе ,тағы бір сөзінде «Біз енді үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа
айналуымыз керек.Үйренері бардың ғана үйретері болады» деп жас өскелең ұрпаққа ел болашағы үшін үлкен сенім артып ,
осы жолда түрлі бағдарламаларды ұсынып келеді.Елбасымыздың елге жасаған саясаттары үш тілдің дамуына зор үлес
қосты.Қазақстандағы әрбір жас ел тарихы мен тілін мақтан етіп ,түрлі жобаларын ұсынып қазақ тілінде сайраса,дамыған
елдердің ұл-қыздарымен иық тіресе білім көшімен бірге ағылса,қалауын да таңдауын да болашаққа деген қадамын да
135
Достарыңызбен бөлісу: |