сипатына, шығармашылық бейімділігіне, өзіндік таным-түсінігіне байланысты еді. Осы мәселе жөнінде оның өзі де 1931
жылы: "Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді. Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге
шейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ" деп жазған. Ақын өлеңдерінің мазмұны мен
өзіндік көркемдік сипаттары оның осы ауыл өмірінің реалистік бейнесін сомдауымен ерекшеленеді. Соған шабыттандырған
күш не екенін мына шумақан анық көруге болады:
Сенің зарың - зарлайтыным өмірде,
Сенің арың - арлайтыным өмірде.
Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң - қайғы, шерім аршылар.
"Кедейге" деген бұл өлең оның кедей қауымына берген серт-уәдесі іспетті.
Ал "Ұлы күн" өлеңінде жоғарыдағы ойын жалғастыра келіп, оның себебін де айтады.
Жырлағаным - кедейдің жыры,
Сырлағаным - кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір,
Мен-дағы сол кедейдің бірі.
Көріп отырғанымыздай, ақын дала тіршілігіне, қыр елінің кейпіне өзінің шыққан тегі - кедейдің көзімен қарайды.
Қоғамдық ой-сананы уысында ұстап, билеп - төстеген, көзқарас атаулыны таптық таразымен өлшеген заманда жоқтықпен
көз ашқан жазушының бұра тартар жөні де жоқ болатын. Әйтсе де суреткер Бейімбет шындыққа өктемдік жасап, өңін
айналдырған жоқ, оның туындыларында қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар, жаңа мен көненің күресі, түрлі таптар мен
жіктер өкілдерінің ой - санасы, мінез-құлқы, психологиясы, даралық сипаттары көзбен көріп, қолмен ұстағандай жанды,
әсерлі бейнесін тапты. Қазіргі оқырман үшін де ол типтер эстетикалық ләззатқа бөлеп, елітіп әкететіндей шынайы.
Ақын төңкеріске дейінгі де, төңкерістен кейінгі де ауылды суреттегенде кедейлерге мұраттастық, мұңдастық
тұрғысынан көрсетеді.
Бейімбеттің кедейлерге іш тартуы мен жақындығы кеңестік саясат пен идеологияның ғана әсері десек, шындықтан бұра
тартқандық болады. Ол сонау медреседе оқып жүрген кезінің өзінде жазған "Мұқтаждық" деген алғашқы өлеңінде - ақ:
Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой!
Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой!
Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,
Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой, - деп, мұқтаждықтың талапты жастың алға басқан қадамын кейін тартып,
"жалындаған жүрегін сендіретінін" күйіне жазған.
Медресе - Ғалиядағы шығьш тұратын қолжазба журнал - "Садақта" тұңғыш жарияланған (1912) "Мұсылмандық" деген
қазақтың ескі тұрмысының кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай суреттей
келе, кейбір қазақтардың діншілдігінің жасандылығын келемеждейді. Дін парызын орындағансып, зекетке берген көтерем
тай, қотыр қойының есебіне "о дүниеде" жұмақтан бір-ақ шыққысы келетіндерді кекетіп:
Барлық қазақ иемденіп жұмақты,
Басқаларға орын қылмай жүрмесін,- дейді ақын.
Бейімбеттің ақындығының алғашқы қадамынан осылайша басталған сатира мен әзіл - сықағы келе - келе поэзиясының
күшті де әсерлі бір көркемдік сипатына айналады. Қарапайым өлең жолдарын бейнелі, терең мәнді қызықты етіп жібереді.
"Рәзия қыз" поэмасында бай қызы (Рәзия) мен кедей жігіттің (Әлім) ғашықтық хикаясы, екі ғазиз жастың көксегендері
орындалмай, ақ бандылардың қолынан қайғылы қазаға ұшырағандары суреттеледі. Ал екінші поэмасының кейіпкері
Маржан қыздың көңілі түскен кедей-жалшы жігіттер (жасы жағынан бірі - сақа, екіншісі - өзі қатарлы жас) Самалық байдың
кесепатына кезігіп, дүние салады да, Маржан ауыр қасіретке душар болады.
Қалған поэмалары ішінде "Хан күйеуі" шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып ертегі түрінде келеді де, өзгелері 1916-жыл
оқиғасы, азамат соғысы, жер бөлісі тақырыптарын қозғайды.
Қорыта келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше
бір көркем кестелі шежіресі деуге болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні де осында. Суреткердің өнері
өмірімен, яки өз басынан кешкен ғүмыр - тіршілігімен тығыз байланысты. Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы
жұртқа да соны танытады. Осы ақиқат тұрғысынан қарасақ, Бейімбеттің дүниеге көзін ашқаннан көрген - баққаны -
көбіне ауыл өмірі. Төңкерістен бұрыңғы, төңкеріс қарсаңындағы және одан кейінгі қыр тіршілігі, дала тұрмысы.
Сондықтан оның ширек ғасыр бойы, сөз өнерінің қай жанырда болсын, жазған шығармалары түгел ауыл өнеріне арналуы
тегін емес.
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№122 Ақжар жалпы орта мектебі І санатты қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі Акбаева Катира Ахметовна
Сабақтың тақырыбы: Абайдың он жетінші қара сөзі
Сабақтың мақсаты:Білімділік-қара сөздің мәнін, мағынасын ұғындыру;
Дамытушылық- түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге
ұмтылдыру;
Тәрбиелік: имандылыққа, адамгершілікке, елжандылыққа, отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сын-тұрғысынан ойлау технологиясы түрлі стратегиялар.
Көрнекілік: портрет, буклет, альбом, кестелер, таблицалар, үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі,бейнелеу.
Сабақтың барысы.
Сыныпты рөлге бөліп оқыту. ( Қайрат, ақыл, жүрек, ғылым) Үйге Абайдың «Адамның кейбір кездері» өлеңі жатқа
берілген.
128
Эпирграфты оқып, талдау;
«Өлді деуге сыя ма, айтындаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
-Бұл кімнің сөзі? Осы өлең жолдары арқылы не айтқысы келген?
-Тағы да қазақтың бетке ұстар ұлыларын білесіңдер?
Ой толғау.«Күн шұғыласы»
Ақын. Абай. Абай шығармалары.
Түсініктер бойынша ассосация құру.
Мұғалім: Он жетінші қарасөзді меңгерту барысында үш оқушы оқиды. Ақыл, қайрат, жүрек болып даулы пікірлерін
айтады. Айтылған пікірдің қайсысын мақұл көріп, орынды айтылған сөз деп салар едіңдер? Оқушылардың айтқан ойының
барлығында негіз бар екенін айта отырып, ғылымның ақыл, қайрат жүрекке берген кеңесі оқылады.Осы ұлы қасиеттер өз
бойымыздан табыла ма? Ұлы ойшылдың көксеген толық адам жайлы ойын танып білдік.Қажырлы да қайратты , ақылды да
мейірімді, жүрегі нұрлы адам болатынын түсіндік.
Сөзжұмбақ шешу.
Мұғалім : Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы ,ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жаттан таза көңілге.
Абай қазақ әдебиетінің ғана емес, барша қазақ халқының рухани нәр бұлағы, жан азығы, болашағының адастырмас
темірқазығы. Абай сөзі халқымыздың өткен тарихын, ұлт мұрасын танумен бірге бүгінгі және келешек өміріміздің
бағдаршамы, ақ жол, ғибратты үлгісі.
«Жинақтау кестесі» Оқушылар өздері толтырады.
Қайрат
Ақыл
Жүрек
Ғылым
Құдайға лайықты ғибадат
қылу. Күнаһарлықтан,
нәфсі, шайтанның
азғыруынан құтқару, бойды
жиғызу.
Дүниеде не ахиретте не
пайдалы, не залалды екенін
білдіру. Менсіз пайданы
іздей алмау, залалдан қаша
аламау, ғылымды ұғынып
үйрене алмау.
Адам денесінің
патшасымын, қан менен
тарайды, жан менде мекен
қылады. Адам баласын
алаламау. Әділет, ұят,
рақым, мейірбан менен
шығарады.
Үшеуің басыңды қос,
бәрін жүрекке билет, бір
кісіден табылсаңдар,
қасиетті адам-сол
Сөздікпен жұмыс.
Жүгіну - бас ұру
Кәмелет - ой тоқтатқан кез
Ғибадат- құлшылық ету діни наным
Абұйыр- ар намыс
Мансап -атақ -даңқ
Нәфсі -қалау
Ахирет- о дүние
Дөңбекшітетұғын-ойландыратын
Берік ұстау - бір сөзділік
Табанының топырағы көз сүртерлік-қасиетті.
«Сәйкестендіру кестесі»
1)Абай айтқан бес дұшпан: 1. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
2)Абай насихатаған үш қасиет 2.27
3)Абайдың қанша қара сөзі бар? 3. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер
мал шашпақ.
4)Абай насихаттаған бес асыл іс 4. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
5)Лермонтовтан қанша шығарма 5.45
аударды?
Мұғалім: Балалар, Абайдың қанша қарасөзі бар?(оқушылар жауап береді)
Абайдың қара сөздер саны 45 . Бұл қарасөздерді көркем әңгіме емес, оларды даналық сөздер, мақала, философиялық
шолулар деп қарастыруға болады. Қарасөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді.
Абайдың қарасөздері орыс, қытай, француз және т.б көптеген тілдерге аударылды.
Проблемалық сұрақтар:
Абай неге адамның көп қасиеттерінің ішінен тек қайрат, ақыл ,жүректі таңдап алған?
Сендердің бойларында осы қасиеттер бар ма?
Осы қасиеттер бойында бар адам қандай адам болады?
Қорытынды. Үйге тапсырма « Абай және мен» тақырыбына эссе жазу.
* * * * *
129
Достарыңызбен бөлісу: |