Бұдан
бұл өрнекті интегралдап жіберіп
деп жазамыз.
Электродтардың бір – бірінен қашықтығы d болса
(12)
формуласы шығады. Пайда болған тоқ мына формуламен анықталады
(13)
Ионизация болмаған жағдайда К катоттан бөлінген электрондар түгелдей анотқа жетеді десек, онда
(14)
болады.
(13) және (14) формулаларын салыстырып жазуға болады:
(15)
Егер d=5 см, (бір сантиметр жолда катодтан шыққан электрон жаңадан екі электрон тудырады) болса, онда
тоқ шамасының мыңдаған есе артатындығы көрінеді.
Плазма деп оң және теріс зарядтарының тығыздығы бірдей болатын аса күшті ионданған газды айтады. Плазма аса жоғарғы температурада пайда болатын жоғарғы температуралық және газ разряды кезінде пайда болатын газ разряды плазмасы болып бөлінеді. Плазма стационар күйде болу үшін газ разрядты плазмадағы рекомбинация нәтижесінде кеміген иондар электр өрісі үдететін электрондардың соққысынан иондану есебінен толықтырылып отырады, ал жоғары температуралық плазмада бұл процесс термиялық иондану есебінен толықтырылады.
Жоғары температуралық плазманың температурасы өте жоғары болады (107 К). Плазма үшін зарядталған бөлшектердің белгілі бір тығыздығы болу керек. Бұл тығыздық мынадай теңсіздік арқылы анықталады
L>>D
мұндағы L – зарядталған бөлшектер жүйесінің сызықтық мөлшері, D – экрандаудың Дебайлық радиусы, яғни плазма зарядының Кулондық өрісін экрандай алатын қашықтығы..
Плазманың мынадай негізгі қасиеттері:
плазманың иондану дәрежесі өте жоғары;
плазмадағы оң және теріс бөлшектердің концентрациясы бірдей;
плазманың электр өткізгіштігі өте жоғары;
плазмадағы тоқты негізінен электрондар тасиды, өйткені электрондардың қозғалғыштығы иондар қозғалғыштығынан үш еседей үлкен болады;
плазмадағы электрондардың тербелісі өте жоғары болады (108 Гц);
плазма вибрациялық күйде болады.
Плазманың қасиеттерін зерттеу арқылы астрофизиканың көптеген проблемаларын шешуге болады. Кейбір космостық объектілер (Күн, жұлдыздар) плазмалық күйде болады. Екіншіден, басқарылатын термоядролық реакция проблемаларын шешуге болады. Төменгі температуралық плазма газ лазерінде, МГД–генераторларында, плазмалық ракета двигателінде т.б. жерлерде қолданылады.
ДӘРІС 9
Достарыңызбен бөлісу: |