Тақырып: Өкпенің тіршілік сыйымдылығын (ӨТС) анықтау (спирометрия).
Жұмыстың мақсаты: ӨТС-ын анықтау әдісін, бағалау негіздерін меңгерту.
Жұмыстың жоспары:
1 Тыныс мүшелері
2 Газ алмасу процесі
3 Денсаулық көрсеткіштері
Қажетті жабдықтар: Спирометр, стапдарттық кестелер.
Спирометрия - (лат. sріго-спиро-үрлеймін, дем шығарамын және метр) ӨТС-ын анықтайтын арнаулы құралмен жасалатын өлшеу.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) - өкпенің қалыпты тыныс алу көлемі мен тыныс алудың және тыныс шығарудың қордаланған көлемдері жиынтығы керсеткіші. ӨТС жасқа, жынысқа, дене мөлшеріне және шынығу деңгейіне қарай әр түрлі болады. Орташа мөлшері ер адамдарда: 3,5-5л, әйелдерде: 2,5-4 л.
Тіршілік көрсеткіші - дене салмағының әр килограмына өкпедегі ауа айналысының қанша көлемі келетіндігін көрсететін шама.
Мұндағы: ТК - тіршілік көрсеткіші; ӨТС - өкпенің тіршілік сыйымдылығы; Ридс – нақты дене салмағы (өлшенген). Орташа көрсеткіш ерлер үшін: 65-70 мл/кг; әйелдер үшін: 55-60 мл/кг; Шыныққан және спортпен тұрақты айналысатын адамдарда - 80(70)мл/кг.
Гипоксия - (грек. hypо-хunо - төмен, лат. oxygenium-оксигениум - оттегі) - ұлпалар мен канда (гипоксемия) оттегі мөлшерінің қалыпты күйінен азаюы, ұлпаларды оттегімен жабдықтаудың немесе оттегін пайдалану тәртібінің бұзылуын кқрсететін күй. Қанда гемоглобин жетіспегенде анемиялық гипоксия, өкпеде газ алмасу төмендеген болса респираторлық гипоксия, ұлпаларға қанның жетісуі кемісе циркуляторлық гипоксия, сау адамдар қауырт қимылдаған кездегі тыныс жүйесінің еттерді оттегімен қамтамасыз етіп үлгере алмауы физиологиялың гипоксия деп аталады.
Денсаулық көрсеткіштері - В.А.Иванченко денсаулықты шапшаң бағалау үшін: жас, жүктеме салмағы, ЖЖЖ, жүктемеден кейінгі ЖЖЖ қалпына келуі, қозғалысы мол тұрмыс қалпы, зиянды әдеттерге бейімділікті ескеру қажет деп табады. Г.Л. Апанасенко нүсқасында денсаулықты экспресс бақылау жолы толығырақ болғанымен АҚ, ӨТС, қол басы күші сияқты өлшемдер жасауға арнаулы құралдар қажет. Бұл жүйелердің екеуінде де қоғамның өз мүшесіне қоятын талаптарына сай жеке адам денсаулығының этикалық-адамгершілік көріністерін, ақыл-ой деңгейін, білімділігі-біліктілігін бағалау, жеке реттелу деңгейлерін сараптау, жұмысқа қабілеттілік, психикалық және физикалық шыныққандың көрсеткіштері талаптары мен тәсілдері жоқ.
Жас шамасына қарай ӨТС-ның өзгеруі
Жұмысты орындау тәртібі: Үш мәрте ӨТС-ын өлшеп, мәліметке сәйкес тыныс жүйесін дамыту жоспарын құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |