Қазақстан Мемлекетінің ғылым және білім министірлігі



жүктеу 3,83 Mb.
бет22/22
Дата20.05.2018
өлшемі3,83 Mb.
#14672
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Бақылау сұрақтары:

1 Мінез деген не?

2 Стресс қандай жағдайларда аурулы күйге ұласады?

3 Адамның туа біткен мінезі бола ма?

4 Мінезді анықтау тесттерімен қалай жұмыс істеу қажет

Тақырып 11 Қызу қандылық типін анықтау.

Мақсат: Мінез-құлық ерекшелігін анықтау

Жоспар:

1 Жеке адамның психикалық қызметінің өзгермелі ерекшеліктері

2 Мінез-құлық ерекшеліктер турлері


Қызу қандылық - (лат. Temperamentum – темпераментум - бөлшектердің үйлесімді қарым-қатынасы) -жеке адамның психикалық қызметінің өзгермелі ерекшеліктерін, психикалық үрдістер мен психикалық күйдің ырғағын, қарқындылырын, қуаттылығын сырттай баралау, сипаттау, мінездеме беру. Қызу қандылықтың негізгі құрауыштары: жеке тұлғаның жалпы белсенділігі, көңіл-күйі көрінісі, қимыл-қозғалыс ерекшеліктері. Гиппократтан бастау алып И.Кант жүйелеген гуморалдың қызу қандылық теориясы - қызу қандылықтық негізгі 4 түрін (сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик) ағзаның ішкі ортасының қасиеттерімен байланыстырады. Ал Э. Кречмер және У. Шелдон негізін салған морфологиялық қызу қандылық теориясы - қызу қандылықты дене бітімі мен тұлға ерекшеліктерімен байланыстырады.

Мінез-құлық ерекшелігін анықтау сауалнамасы.

I. Тітіркендіруге тиімді жауап қайтаратын, сабырлы, жылдам, ширақ қимылдан білетін мінез — САНГВИНИК:

1. Көңілді және қуанышты.

2. Іскер және қуатты.

3. Өз мүмкіндігін қайта қарап, бағалап түзете біледі.

4. Жаңалықты тез түйсініп қабылдай біледі.

5. Құмартуы, қызығуы тез өзгереді.

6. Жағымсыз және жолы болмау оқиғаларын тез ұмытады.

7. Жаңа жардайларға тез үйренісіп, жылдам бейімделіп кетеді.

8. Жаңа істі әрқашан күштарланып қолға алады.

9. Іс жалғасы қызықсыз болса, одан тез айниды.

10. Жұмысқа тез кірісіп кетіп, бір істен екінші іске жылдам алмасады.

11. Бірсарынды, шұқыма, күнделікті күйбең іске құлықсыз.

12. Тез шүйіркелесіп, тез араласады, қайырымды, таныс емес адамдар арасында көп қымсынып-қыстырыла бермейді.

13. Әрқашан да сергек.

14. Жұмысқа қабілетті және шыдамды,

15. Тез, анық, қатты сөйлейді.

16. Кенеттен кездесетін қиын да күрделі жағдайларда өзін-өзі ұстай біледі, ұйқыға тез кетіп, тез оянады.

17. Кейде салдыр-салақтау, асырыс шешім қабылдай салады.

18. Кейде жасап жатқан жұмысын ұмытып кетеді.

II. Күшті, салмақты, сабырлы, тым байыпты, тітіркендіруге тиімді жауап қайтара алатын мінез — ФЛЕГМАТИК:

19. Салмақты және салқынқанды.

20. Ісіне тындырымды және жұмысын жүйелі жасай біледі.

21. Сақ және парасатты.

22. Күте біледі.

23. Өзі аз сөзді және боссөзділікті ұнатпайды.

24. Қол, бет-ауыз қимылдары мен қостап, әлек болмай-ақ сабырлы сөйлеп, байыпты түсіндіре біледі.

25. Төзімді және салмақты.

26. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді, тындырымды.

27. Өз күш-қуатын босқа шашпайды.

28. Қандай жағдайда да қалыптасқан күн тәртібін, жұмыс ретін қатаң сақтайды.

29. Шапшаң шешім қабылдаудан өзін-өзі тез тия алады.

30. Қошаметтеушілер мен даттаушыларға көп назар аудармайды.

31. Кекшіл емес, өзі туралы бопса сөздерге, шымшымаларға күле қарайды.

32. Өзгелерге қызығуы мен қарым-қатынасы тұрақты.

33. Жаңа іске баяу кіріседі, бір істен екінші іске алмасуы да қиын өтеді.

34. Адамдардың бәріне алаламай, бірдей қарайды.

35. Барлық істе ұқыптылық пен тәртіпті сүйеді.

36. Жаңа жағдайларға баяу бейімделіп, жаңа ортаға баяу үйреніседі.

37. Ұстамды.

III. Күшті, ширақ қимылдайтын, аумалы-төкпелі, ұшқары мінез - ХОЛЕРИК:

38. Тұрақсыз, ұшқалақ.

39. Ұстамды, ашуланшақ.

40. Шыдамсыз.

41. Адамдармен тілдескенде тіке, қатты кетеді.

42. Бастамашыл.

43. Бірбеткей.

44. Жұмысты үзіп-жұлып істейді.

45. Тәуекелшіл.

46. Кек сақтамайды.

47. Қолын сермелеп, бет-ауыздарымен бейнелеп, тез, жалынды сөз сөйлей алады.

8. Шашпаң, ашушаң.

49. Өзгелердің кемшілігіне төзе алмайды.

50. Шапшаң қимылдап, тез шешім қабылдайды.

51. Қимылы жылдам, оқыс.

52. Алға қойған маңсатын орындау кезінде жүйесіз.

53. Көңіл күйі құбылмалы, тез өзгеруге бейім.

IV. Әлсіз, тітіркендіруге баяу жауал қайтаратын мінез - МЕЛАНХОЛИК:

54. Ұялшақ және қысылғыш.

55. Жаңа жағдайда абыржып не істерін білмейді.

56. Өз күшіне өзі сенімсіз.

57. Жалғыздыққа тез үйренеді.

58. Өзімен-өзі болғанды ұнатады.

59. Тез шаршайды.

60. Баяу, кейде тіпті сыбырлап сөйлейді.

61. Сұхбаттасушының пікіріне тез ұйлығады, еріксіз оның мінезіне еліктейді.

62. Сезімге тез беріледі, жылауық.

63. Өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды.

64. Күдікшілдікке бейім.

65. Тез ренжиді, қықыр әңгімені өзіне бұрып алуға бейім.

66. Өте өкпешіл.

67. Көпшіл емес, жұмбақ.

68. Жасқаншақ және именшек.

69. Уәжге сөзсіз мойынсынғыш, тіл алғыш.

70. Өзін қоршаған көпшіліктің өзіне назар аударып, көңілін аулағанын ұнатады, жұрттың жанашырлығын, пікірлесуге ұмтылу сезімін оятуға шебер.

Жұмыс бағыты: Сынақ сұрақтарымен танысып, сұрақ нөмірлеріне сәйкес өз жауаптарыңызды және көршіңіз, болмаса "ойдағы бар адам беретін" жауаптарға сәйкес "+" немесе "-" белгілерін қойып шығыңыз.

Жұмысты қорытындылау: Арнаулы кілт-кестеге сай " + " саны басымдылығына орай өзіңіздің және көршіңіздің мінез туралы мәліметтерді толтырыңыз да, әр (4) бағанаға сай алған ұпай санын шығарып сол бағанаға (немесе + басымдылығына сәйкес, + саны тең бірнеше бағанаға) сәйкес қызу қандылық иесі екендігіңізді анықтап, сұрақтар мен жауаптарыңызды қайтадан ой елегінен өткізіп, сарапталған қорытынды жасаңыз.

Көршіңізбен қорытындылар бойынша мәлімет алмасып, пікір таластырыңыз, ортақ қорытынды шығарыңыз.





Қорытындылау: Егер бір мінез түрінен 16-20 тұжырым сәйкес келсе, сіздің және көршіңіздің мінезі нақты, қоспасыз осы түрге жатады.

Егер 11-15 тұжырым сәйкес келсе, осы мінез сіздің және көршіңіздің бойында басымырақ болғаны.

Егер 10-ға жетпесе, осы мінез сізде немесе көршіңізде шамалы болса да бар. Бірнеше бағанада тең ұпай жиналса, сіздің мінезіңізде осы бағаналарға сай мінездер аралас болғаны.

Бақылау сұрақтары:

1 Мінез – құлық ерекшеліктерінің қандай түрлері белгілі?

2 Мінез-құлық ерекшелігін анықтау

3 Қызу қандылықтың негізгі құрауыштары




9 Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі:

1 Г.С. Оспанова Г.Т. Бозштаева Экология 2005ж.

2 М.М.Ақмырзаев, Сағымбаев Ә.У. Валеология 2007ж.

3 Ә.У. Сағымбаев, М.М.Ақмырзаев Валеология(машықтану жұмыстары жинағы) 2008ж.

4 Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері

5 «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары»

6 «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.

Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы

7 Эклогиялық энциклопедия

8 Экология және табиғатты қорғау терминдердің жиынтығы

9 Алексеев В.П. Экология человека.- М., 2004. - 326 с.

10 Алексеев В.П. Очерки экологии человека. – М., 1993.- 191 с.

11 Реймерс Н.Ф. Надежды на выживание человечества: Концептуальная экология. – М.,1992. – 194 с.

12 Прохоров Б.Б. Экология человека. - М., 2005. - 318 с.

13 Экология человека. Основные проблемы /Под ред.В.П.Казначеева. –М., 1988. – 221 с.

14 Панин М.С. Экология Казахстана. - Семипалатинск.,2005.– 547 с.







жүктеу 3,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау