108
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Ешқашан
Кейде
Өте жиі
23,2%
38,1%
38,5%
ренжіткен/әжуалаған кезде мектеп директо-
ры «ешқашан» жағдайда тоқтатпағандығын
көрсеткен және 38,1%-ы «кейде» олардың ара-
ласып, осындай жағдайды тоқтататындығын
хабарлаған. Респонденттердің тек 38,5%-ы
мектеп директорларының «өте жиі» арала-
сып, балалар арасындағы зорлық-зомбылықты
тоқтататындығын мәлімдеген. Осы нәтижелер
мектеп директорларының мектепте зорлық
жағдайларының «сирек» куәгерлері болатындығы
және балалар (9,1%) мен мұғалімдер не-
месе мамандандырылған қызметкерлердің
(22,1%) мектептегі балалар арасындағы
зорлық-зомбылық туралы аздаған бөлігінің
хабарланатындығы туралы дерекке негізделуі
мүмкін (3.20 және 4.8-кестелерді қараңыз).
Оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамына олардың мектеп-
те орын алған зорлық-зомбылықтың құрбаны
болған баланы және тұлғаны қалай елейтіндігі
туралы сұрақ қойылды. 4.8-кесте көрсеткендей,
мұғалімдер мен қызметкерлердің 65,4%-ы
мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны болған
балалармен олардың мектептегі қиындықтары
туралы талқылауға күш-жігерін жұмсаса, 74,8%-
ы құрбан болған балаларды әлеуметтік педа-
гогке немесе мектеп психологына жіберген.
Респонденттердің тек 45,5%-ы зардап шек-
кен баланың одан арғы бақылауын немесе
мониторингін жүргізген.
4.3-сурет.
Мектеп директорларының мектептегі балалар
арасындағы зорлыққа жауап қайтаруы
Мектеп директорлары балалар арасындағы зорлық-
зомбылық оқиғаларын қаншалықты жиі тоқтатады?
сондай-ақ жиірек күзет қызметкерлеріне/мектеп
полиция инспекторына баяндаған.
Оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамынан олардың пікірінше
мектеп директорының мектептегі балалар
арасындағы зорлық-зомбылық жағдайын
қаншалықты дәрежеде тоқтататындығы тура-
лы сұрау жүргізілді. 4.3-сурет көрсеткендей,
респонденттердің 23,2%-ы баланы басқа бала
4.9-кесте.Мұғалімдер мен мамандандырылған қызметкерлер құрамының мектептегі
зорлық-зомбылықтың құрбаны болған және зорлық-зомбылық жасаған балаларға жауап
қайтаруы
Толық іріктеме
N = 917
n
%
Мектептегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды елеуі
Мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны болған балалармен олардың
мектептегі қиындықтары туралы талқылауға тырысқан
601
65,4%
Зардап шеккен баланың одан арғы бақылауын немесе мониторингін жүргізген
418
45,5%
Мектептегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды әлеуметтік педа-
гогке немесе мектеп психологына жіберген
687
74,8%
Мектепте зорлық-зомбылық жасаған балаларды елеуі
Мектепте зорлық-зомбылық жасаған баламен оның мектептегі не үйіндегі
бетпе-бет келетін қиындықтарынталқылауға тырысқан
666
72,5%
Мектепте зорлық жасаған балаларды араласу немесе қолдау көрсету үшін
басқа тиісті органдарға жіберген
344
37,4%
109
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Ешқашан
Кейде
Өте жиі
Ешқашан
Кейде
Өте жиі
50,4%
56,5%
33,3%
27,1%
16,1%
16,2%
4.5-сурет.
Мектепте зорлық жасайтын баланы жазалау
4.6-сурет.
Мектептегі зорлық-зомбылық жағдайын
тіркеу/есепке алу
Мектепте зорлық-зомбылық жасайтын балалар
қаншалықты жиі жазаланады?
Мектептегі зорлық-зомбылық жағдайлары
қаншалықты жиі ресми есепке алынады/тіркеледі?
4.9-кесте сонымен қатар мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлер құрамының
72,5%-ының мектепте зорлық-зомбылық
жасаған баламен оның мектептегі не үйіндегі
бетпе-бет келетін қиындықтары туралы
талқылауға тырысқандығын көрсетеді. Алайда,
тек 37,4%-ы мектепте зорлық-зомбылық
әрекетіне баратын балаларды араласу үшін сыртқы
тиісті органдарға немесе қолдау қызметтеріне
жіберген. Таңғаларлығы, мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлер зорлық-
зомбылық жасаған адамдармен салыстырғанда
(37,4%) мектептегі зорлықтың құрбаны болған
балаларды (74,8%) мектеп психологына немесе
әлеуметтік педагогке жиірек бағыттаған.
Бұдан арғы талдау көрсеткендей, ер жыны-
сты респонденттерге қарағанда (27,8%) әйел
жынысты мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы (38,9%) мектепте
зорлық жасаған адамдарды жиірек сыртқары
ұйымдардың араласуы үшін жіберген.
Оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының мектепте зорлық-
зомбылық жасаған баланы қаншалықты жиі
жазалайтындығы туралы сұрау жүргізілді. 4.4-су-
рет оқытушылар мен мамандардың 50,4%-ы
(2-ден 1-і) мектепте зорлық әрекетіне барған
балалардың «ешқашан» жазаланбайтынын
және 33,3%-ы (3-тен 1-і) оларды «кейде»
жазалайтынын көрсетеді. Респонденттердің тек
16,1%-ы мектепте зорлық-зомбылық жасай-
тын балалардың «өте жиі» жазаға ұшырайтынын
мәлімдеген. Мектептегі зорлық-зомбылықтың
еленбейтіні және күш қолданушының жеткілікті
жазаланбауы мектептегі балалар арасындағы
зорлық-зомбылық жағдайының көбеюіне және
өсуіне әкеледі.
Мектептегі зорлық-зомбылық
жағдайларын тіркеу
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамына олардың мектептерінде
балалар арасындағы зорлық-зомбылық
жағдайының қаншалықты жиі ресми
тіркелетіндігі немесе ескерілетіндігі туралы сұрақ
қойылды. Қанша таңғалдырса да, 4.6-сурет
респонденттердің көпшілігінің (56,5%, 2-ден
1-і) мектептегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылық жағдайының «ешқашан» ресми
тіркелмейді не ескерілмейді деп есептейтіндігін
көрсетеді. Респонденттердің тек 27%-ы мектептегі
балалар арасындағы зорлық-зомбылық
жағдайларының «кейде» ескерілетіндігін не
тіркелетіндігін және 16,2 %-ы «өте жиі» ресми
түрде тіркелетіндігін көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |