Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 5,72 Mb.
бет3/22
Дата28.11.2017
өлшемі5,72 Mb.
#2286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бекіту сұрақтары:

1.Ұлы жүз қазақтары Ресейге қай жылы қосылды?

2. Перовскийдің жорығы немен аяқталды?

3. Арал бойы қазақтарына жүргізілген Қоқан хандығының жорықтары немен аяқталды?

4.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы күресі қай жылы басталды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №20-21 XVIIІ-XIX ғ. І жартысындағы Қазақстанның мәдениеті.

Негізгі ұғымдар: Ағаш үй, құрық, желі,көнек, қауға , шынырау құдық, күбі,келі, қол диірмен, қымыранжент, уыз, т.б. қобыз,шақ қобыз, суырып салма ақын, жырдастан.

Лекция №20-21 XVIIІ-XIX ғ. І жартысындағы Қазақстанның мәдениеті.
Негізгі ұғымдар: Ағаш үй, құрық, желі,көнек, қауға , шынырау құдық, күбі,келі, қол диірмен, қымыранжент, уыз, т.б. қобыз,шақ қобыз, суырып салма ақын, жырдастан.

Жоспар:


  1. Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері

  2. XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы қазақтың ақын-жыраулары

  3. Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттелуі

Мазмұны:

1.Қобыз, шаң қобыз. Суырып салма ақын, жырдастан. Әндік циклдар. Елім-ай! “Шаңды жорық”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”.Эпикалық шығармалар. “Арқалық батыр”. Музыка шығармашылығы. “Абылай маршы”, “Асау Барақ”, “Сырым сазы” күйі және т.б.2. Бұқар жырау (Бұқар Қалқаманұлы, 1693-1768 ж.ж.) Ақтамберді жырау (1675-1768 ж.ж.), Шал (1748-1819 ж.ж.) Тәттіқара, Үмбетай және т.б. ақындар. Халық шғармашылығындағы батырлар: Қабанбай, Жәнібек, Әндік циклдар. Елім-ай! “Шаңды жорық”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек”. Эпикалық шығармалар. “Арқалық батыр”. Музыка шығармашылығы. “Абылай маршы”, “Асау Барақ”, “Сырым сазы” күйі және т.б.


Мақсаты: Қазақтың ұлттық мәдениетімен танысу. Қазақы дәстүр сананың ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Мәдени ұлттық мұраларды сақтаудың тарихи маңызын дәлелдермен баяндау.

Бекіту сұрақтары:

1.Қазақтардың тұрмыстық салт-дәстүрлеріне орыс мәдениетінің әсері болды ма?

2.Ауыз әдебиетінде халық бұқарасының азаттық күресі қалай бейнеленді?

3.XIX ғ. І жартысындағы қазақ әуез және әншілік өнерінің белгілі өкілдерін атаңыз?



4.Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттегендерден кімдерді атай аласыздар?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №22--23 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан.
Негізгі ұғымдар: «Уақытша ереже», «Сібір қырғыздары облысы», шаруаларды отарлау, қоныс аудару.

Жоспар:

1. 1867-1868жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары.

2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құру.

3.Сот құрылысы.

4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қоныс аударуы.
Мақсаты: Ресейдің қазақ жерлерін мемлекет меншігі етіп, заң жариялау мақсатындағы реформалар мәнін ашу. Қазақ даласына орыс шаруаларын қоныстандыру орқылы қазақ даласын отарлауды іске асыру әрекетін ашу.

Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.

Мазмұны:

1. Ресейдегі аграрлық дағдарыс және Қазақстанға қоныс аудару қозғалысы. Қоныс аудару қозғалысының негізгі кезеңдері. Қоныс аудару аймақтары. 1867-1868 жж. Қазақстандағы патша үкітенінің реформалары және оның сипаты “Жетісу және Сырдария облыстарын” және “Орынбар мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарасты Далалық облыстарды басқару жөніндегі Уақытша ереженің” мазмұны. Әкімшілдік құрылымды және басқару жүйесін қайта құру. Сот құрылысы. Медицина. Салық салу жүйесіндегі өзгерістер. 2. Қазақстандағы патша үкіметінің езгісінің күшейуі және отаршылдық биліктің нығаюы. Жер мәселесі және салықтың түрлері.

3. Қазақтардың 1869 ж. Орал және Торғай облыстарындағы және1870 ж. Маңғышлақтағы көтерілістерінің сипаты және себептері. 4. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Қоныс аударғандардың кәсібі және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қауымдық жерлердің тартып алынуы және оның қазақтардың шаруашылығына әсері.

Бекіту сұрақтары:

1. 1867-1868 жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформаларының нәтижесі бойынша қазақ жері кімнің меншігіне айналды?

2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құруна байланысты билер сотының құзіретттілігі қандай болды?

3. Қоныс аудару және жер мәселесі «Уақытша ереже»?

4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қайдан ауып келді?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №24-25 Реформа кезіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Негізгі ұғымдар: Сауда-өсімқорлық капиталы, жәрмеңке, қайшылықтардың шиеленісуі, көпес капиталы, шойын жол, жалпы Ресейлік рынок, шикізат рынок көзі.

Жоспар:

1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты.

2. Қазақ ауылдары өміріндегі өзгеріс. Сауда, Жәрменкелер.

3. Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы.

4. Қазақстанда темір жол құрылысының басталуы.
Мақсаты: Қазақстан жерінің Ресей рыногінің шикізат көзіне айналдырудағы Ресей экономикалық-саяси отарлау саясатының мәнін ашу.

Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.

Мазмұны:

1. Реформа кезіндегі Қазақстан тұрғындарының этнодемогрфиялық сипаты.2. XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы аграрлық қатынастар. Ауылдың шаруашылық өміріндегі өзгерістер. Мал шаруашылығының тауарлығының артуы. Жер өңдеу. Көшпелі қазақ ауылының отырықшылыққа көшу процесі. Бай шаруашылықтарының күшеюі. Қазақстан халықтары еңбегінің бір-біріне ықпалы.3. Сауда. Жәрмеңкелер. Сауда-өсімқорлық капиталы. Қазақстан қалалары және оның өлкенің шаруашылық және саяси өміріндегі рөлі. 4.Кәсіпкерліктің басталуы. Қазақстандағы өнеркәсіптің құрылымы, оның сипаты және ерекшеліктері. Кәсіпкерлердің әлеуметтік және ұлттық құрамы. Қазақстан өнеркәсібіндегі көпестер мен көпес капиталдарының рөлі. 5. Қазақстанда темір жол құоылысының басталуы. Сібір жол және оның капитализмнің “жайыла” дамуындағы маңызы. Таптық қайшылықтардың шиеленісуі.



Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты қандай болды?

2. Қазақ ауылдарының өмірінде қандай өзгерістер блолды?

3. Сауда орындары мен Жәрменкелер қазақ даласында қай жерлерде ұйымдастырылды және қалай аталды?

4. Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы неден көрінді?

5. Қазақстанда бірінші темір жол құрылысы қашан салынды?


Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №26--27 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

Негізгі ұғымдар: Медресе, гимназия, зар-заман, шариғат, баспа ісі.

Жоспар:

1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі.

2. Халық ағарту ісінің жағдайы.

3. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері

4. Баспа ісі.

Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. тоғысындағы Қазақстан.

Мақсаты: Қзақ қоғамындағы әдебиеттік ролін анықтау, халық ағарту ісіндегі өзгерістерді талдау, орыс географиялық қоғамының бөлімдерінің қызметін саралау. Баспа ісінің тарихымен таныстыру.

Мазмұны:

1.Қазақ ауыз әдебиеті. Махамбет Өтемісұлының және басқалардың творчествосы. Ақындардың творчествосындағы азаттық және әлеуметтік тақырыптары. “Зар заман” әдеби ағымы. Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Дулат Бабатайұлы (1802-1874) Жамбыл шығармашылдығының басталуы. 2. Қазақ жастары Ресей оқу орындарында. Ы. Алтынсарин-педагог, ағартушы, жазушы, ғалым, этнограф, оның өмірі мен қызметі. Абай Құнанбайұлы ұлы ақын, ағартушы. Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. 3. Қазақстанды зерттеудегі П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов, Л.Майер, М.Красовский, А.И. обромыслов сияқты ғалымдардың қосқан үлесі. В.В.Вельяминов-Зерновтың еңбегі. Ғылыми қоғамдардың пайда болуы. Орыс географиялық қоғамы бөлімдері мен Орынбор, Семей, Түркістан бөлімшелерінің қызметінің маңызы.



Бекіту сұрақтары:

1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебінің ақындарын атап беріңіз?

2. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерін атаңыз?

3. Неге «Зар заман» аталған?

4.Мерзімдік басылымдарды атаңдар?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №28-30 ХХғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Негізгі ұғымдар:Мемлекеттік Дума, реквезиция, бұлік, ақпан буржуазиялық-демократиялық революция, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы, мұсылмандар партиясы.

Жоспар:

1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.

2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында.

3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері.

4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен

Қазақстанда.



Мақсаты: Қазақстандағы ерекше саяси жағдайды атап көрсету. Жұмысшылар мен интелигенцияның ролін ашып саралау, мұсілмандар қозғалысының мақсаттарын

Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.

Мазмұны:

1. Империалистік соғыстың Ресейдің ұллтық аймақтарына тигізген әсері. Тікелей және жанама салықтарының өсуі және Қазақстандағы халық бұқарасы жа,дайының нашарлауы. Мал және ауыл шаруашылық өнімдерін реквизициялау сипаты. 2. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. 1916 ж. 25 маусымдағы “Орта Азия мен Қазақстандағы бұратаналарды реквизициялау” туралы жарлық. Ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Көтерілісшілер армиясын ұйымдастырудағы Амангелды Иманов, Кейкі Көкімбайұлы және т.б., Т.Бокин. Бекболат Әшекейұлы, Әбдіғафар Жанбосынұлы және басқалардың рөлі. Үкіметтің жазалау шаралары және жазалау әскерлерінің қимылдары. Көтерісшілердің әскери өнері. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Қазақтардың жаппай Қытайға (Құлжа өңірі, Қашқария, Ауғанстанға) кетуінің бірінші толқыны. 3. Кеңестердің құрылуы және Қазақстандағы Уақытша үкімет органдары. Жазалау экспедицияларын қайта шақырып алу жөніндегі Петроград жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесінің шешімі. Қазақстандағы Уақытша үкіменттің саясаты. Жер туралы мәселе. Ұлттық мәселе. Халық бұқарасының әлеуметтік белсенділігінің артуы.4. Бірінші жалпы қазақ съезі және оның құжаттарының мазмұны “Алаш” партиясының құрылуы және оның бағдарламалық қағидалары. 5. “Үш жүз” партиясы және оның саяси бағыты.



Бекіту сұрақтары:

1. І -ші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстандағы саяси жағдай қандай болды?

2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғысқа қатысты ма?

3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына не себеп болды?

4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен

Қазақстанда қалай жүрді?

5. «Алаш» партиясы мүшелерінің көздеген саяси мақсаттары не еді?

6.«Үш жүз» партиясының ұстанған саяси бағыттары қандай болды?


Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.


ІҮ.Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.



Тақырыптың аты және мазмұны

Сағат саны

аптасы

1

Семинар №1-2 XYIII – XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері

1.Қазақстан тарихы тарихнамасы (XYIII ғ.-XIX ғ.басы.)

2.Қазақстан тарихының XYIII-XIX ғ.басындағы қазақ деректері.

3.Орыс және шетелдік тарихнама XYIII-XIX ғ. басы.


2

1-2 апта


2

Семинар №3-4 Батыр Сырым Датұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы

1. Көтеріліс себептері мен сипаты.

2.Көтерілістің басталуы және барысы 80-90 жж.

3. Игельстром Реформасы.

4. Қозғалыстың тарихи сабақтары мен маңызы.

2

3-4 апта


3

Семинар №5-6 Қазақстан ХҮІІІ ғ. ортасы мен ХІХ І ширегінде

1.Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы.

2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі

3. Орта жүздегі саяси ахуал (ХҮІІІ-ХІХ ғ.басы)


2

5-6 апта


4

Семинар №7-8 Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ. басындағы саяси жағдай

1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХғ.басындағы саясаты.

2.Жоңғаряның талқандалуы «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры.

3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.


2

7-8 апта


5

Семинар №9-10 Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХғ.20-40 жж.)

1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының(1822-1824жж.) қозғалыстары.

2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі(1821ж)

3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.

4. Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі (1836-1837)

5. Кенесары Қасыиұлы басқарған көтеріліс (1837-1847)


2

9-10апта


6

Семинар №11 Қазақстан территориясындағы Казачество ХІХғ. ортасы

1.Орынбор шекаралық линияның құрылуы.

2.Сібір қазақ әскерлерінің жасақталуы.

3.Әкімшілік-территориялық жаңа жүйе құрылымы.



1

11 апта


7

Семинар №11-12 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ халқының арасындағы ағартушылық қозғалысы

1. Ш. Уалиханов ғалым-ағартушы, оның ғылыми мұралары.

2. Ы. Алтынсарин педагог-ағартушылық қызметі.

3. А. Құнанбаев ұлы ақын-ағартушы.


2

12-13 апта


8

Семинар №13-14 ХХ ғ. басындағы Қазақстан

1. Орта орнаулы және діни оқу орындары.

2. Жаңа мазмұдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуы.

3. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылары.

4. Мерзімді баспасөз ісі.


2

14 -15 апта




Барлығы:

15

15 апта

Семинар сабақтарының жоспары

Қазақстан жаңа заман тарихы.
Семинар №1-2 XYIII – XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері

Негізгі ұғымдар: Орыс – батыс тарихнамасы, қазақи ауызша дерек, жазбаша дерек, отарлау саясаты. Тарихи шежіре, саясаттырылған тарихи терминдар.
Мақсаты: Осы кезең тарихының тарихтық, деректік кездерімен таныстыру. Ресей Федерация архив деректерімен таныстыру. Қазақы ауысша деректер шежіре, жыртолғау, билер мен жыраулардың тарихи дерек көсі болып табылатын

Жоспар:

1.Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII ғ.-XIX ғ.басы.)

2.Қазақстан тарихының XYIII-XIX ғ.басындағы қазақ деректері.

3.Орыс және шетелдік тарихнама XYIII-XIX ғ. басы.


Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, Орыс – батыс тарихнамасы, қазақи ауызша дерек, жазбаша дерек, отарлау саясаты. Тарихи шежіре, саясиланған тарихи терминдердің мәнін ашу, Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқы саясаттандырылған ның (XYIII – XIX ғғ.) тарихының зерттелу тарихнамасының топтамасына сипаттама беру.Орыс тарихнамасындағы қазақтардың Жоңғарларға қарсы күресі тарихын жазған еңбектерге талдау жасау. Екінші сұрақ бойынша, Қазақ-Жоңғар қатынастарын ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында М.Ж.Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, М.Тынышбаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың еңбектерінесүйене отырып пікір таныту.Үшінші сұрақ бойынша, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы тарихнамада: И.Я.Златкиннің, Н.Г.Аполлованың, В.Я.Басиннің, В.А.Моисеевтің және т.б. монографияларына қысқаша шолу жасау арқылы тарихи көзқарастарымен пікір ұстанымдарын баяндап беру.
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Семинар №3-4 Батыр Сырым Датұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы
Негізгі ұғымдар :Игельстром реформасы, саяси келісім, халық-азаттық қозғалыс.
Мақсаты: Игельстром Реформасының саяси мәнәң ащу. 14 жылға созылған көтерілістің тарихи маңызын жаңаша көзқараста талдау арқылы өз пікірлерін білдіруге үйрену.

Жоспар:

1. Көтеріліс себептері мен сипаты.

2. Көтерілістің басталуы және барысы 80-90 жж.

3. Игельстром Реформасы.

4. Қозғалыстың тарихи сабақтары мен маңызы.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, көтеріліс себептері мен сипатына талдау жасау керек. Екінші сұрақ бойынша, көтерілістің басталуы және барысы (80-90 жж.) туралы деректер негізінде көтеріліс болған жерлердің аумағын картадан көрсете отырып баяндау.Үшінші сұрақ бойынша, Барон Игельстром реформасының көздеген саяси ұстанымы мен мақсатын ашу.

Төртінші сұрақ бойынша, қозғалыстың жеңілу себептерін көрсетумен қатар тарихи сабақтары мен маңызына тоқталу керек.


Әдебиеттер: Н-14, Қ-12,13,10,11,17,46,33.
Семинар№5-6 Қазақстан ХҮІІІғ. ортасы мен ХІХ І ширегінде
Негізгі ұғымдар «Сабалақ», «Абылай мәмлігерлік саясаты, «Шанды жорық», «Қалмақ көшуі», «Орта Орда»т.б.
Мақсаты: Абылай ханның Мемлегерлік саясаттағы шеберлігін көрсету. “Шанды жорық” Қалмақ-Жоңғар соғысының аяқталуының қорытындысын шығағанын талдау.

Жоспар:

1.Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы.

2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі

3. Орта жүздегі саяси ахуал (ХҮІІІ-ХІХ ғ.басы)


Әдістемелік нұсқау: Бірініш сұрақ бойынша, Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасының саяси мәмлегерлік шебер саясат ұстану арқылы қазақ хандығының дербестігін сақтаудағы ұмтылыстарының нәтижесімен қорытындыларын дәләедеп беру. Бірініш сұрақ бойынша, Абылай ханның жорықтас батырларымен Бұхар жыраудың қызметтеріне баға беру. Абылай ханның әскери мемлекеттік қызметіне байланысты тарихи еңбектердегі деректер негізінде Абылай ханның қоғамдық-саяси қызметіне тоқталу.Үшінші сұрақ бойынша, ХҮІІІ-ХІХ ғ.басындағы Орта жүздегі саяси ахуалға талдау жасау.
Әдебиеттер: Н-14, Қ-8,46,47,48,29,21,33,35,27,23
Семинар№7-8 Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ.басындағы саяси жағдай
Негізгі ұғымдар «Жоңғарияның жойылуы», «патшалы үкімет саясаты, «Шанды жорық», «Қалмақ көшуі», «Орта Орда»т.б.
Мақсаты: Қазақ-Жоңғар соғысының тарихи маңызын ашу «Шаңды жорықтың» тарихи алғы шартын көрсету.

Жоспар:

1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХғ.басындағы саясаты.

2. Жоңғаряның талқандалуы «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры.

3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.


Әдебиеттер: Н-14, Қ-46,47,45,29,21,46,35,17,23
Әдістемелік нұсқау: Бірініш сұрақ бойынша, Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХғ.басындағы саяси жағдайға тарихи әдебиеттер негізінде тоқталып өту. Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХғ.басындағы саясатының мақсат мүдделерін ашып көрсету. Екніші сұрақ бойынша, Жоңғаряның талқандалуындағы қалмақ көші жорығының «Шаңды жорық» аталуының тарихихы мен жоңғар соғысының ақырғы нәтижелерін деректер негізінде қорытындылау.Үшінші сұрақ бойынша, Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасына тарихнамалық шолу жасау.
Семинар№9-10 Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХғ.20-40 жж.)

Негізгі ұғымдар: Отарлық саясат, сұлтан, ұлт-азаттық қозғалыс, реформа,

халық көтерілісі.



Жоспар:

1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) қозғалыстары.

2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі(1821ж)

3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.

4. Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі (1836-1837)

5. Кенесары Қасыиұлы басқарған көтеріліс (1837-1847)



Мақсаты: Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821жж) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) т.б. ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихи маңызын көрсету. Бөкей Ордасы, Ішкі Ордасы.
Әдістемелік нұсқау: Бірініш сұрақ бойынша, Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХ ғ.20-40 жж.) мәселелерінің тарихнамасына шолу жасау және Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстарына оның мақсты мен сипатын ашу.

Екінші сұрақ бойынша, Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісінің тарихына (1821ж ) оның саяси себептеріне талдау жасау және көтерілістің барысын бағытттарын деректер негізінде ашып көрсету. Үшінші сұрақ бойынша, патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс нетижесімен көтеріліс басшыларының тағдырлыарын деректер негізінде анықтау.Төртінші сұрақ бойынша, Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі (1836-1837) басшыларымен көтерілістің жеңілу себептерін саралау. Бесінші сұрақ бойынша, Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847) пен Жоламан батыр Тіленшіұлы жасақтарының бірлесе қимыл жасаған жорықтарының бағыттарын қамтығын аймақтарын деректер негізінде баяндап беру.


Әдебиеттер: Н-14,Қ-46,47,48,29,21,44,42,46,35,17,23
Семинар№11 Қазақстан территориясындағы Казачество ХІХғ. ортасы
Негізгі ұғымдар:Әкімшілік-территориялық бірлік. Шекаралық линия,тұрақты қазақ әскерлері.
Мақсаты:Қазақ әскерлерінің патшаның отарлау саясатын жүзег асырудағы Қазақтардың қарсылығына пайдалану үшін әкелінген тұрақты әскери күш екенін анықтау. Қазақ әскерін басқаруда патшалық басқару жүйесін іске асырудағы

отарлық саясатты ашып көрсету.



Жоспар:
1.Орынбор шекаралық линияның құрылуы.

2.Сібір қазақ әскерлерінің жасақталуы.

3.Әкімшілік-территориялық жаңа жүйе құрылымы.
Әдістемелік нұсқау: Бірініш сұрақ бойынша, Қазақстан территориясындағы Казачествоның (ХІХғ. ортасы) пайда болуының саяси тарихына деректерге сүйене отырып талдау жасау.Сонымен қатар,Орынбор шекаралық линияның құрылуындағы патша үкіметінің отаршылдық саясаттары мен көздеген отарлық мұраттарының мәнін құжаттық маңызы бармәліметтер негізінде ашу. Екінші сұрақ бойынша, Сібір казак әскерлерінің жасақталуының саяси мәнін ашу.

Үшінші сұрақ бойынша, әкімшілік-территориялық жаңа жүйе құрылымының патша үкіметінің «Бөліп алда, билей бер» саясаттарын жүзеге асыру әрекеттерін заңдастырулары екендігін деректер негізінде дәлелдеу.


Әдебиеттер: Н-14, Қ-46,47,39,29,21,26,35,17,23
Семинар№12-13 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ халқының арасындағы ағартушылық қозғалысы
Негізгі ұғымдар : Қашқарияға саясат, ориенталист, Абайдың қара сөздері.
Мақсаты: Қазақ ғалым ағартушыларының өмірі мен қызметімен таныстыру арқылы олардың қазақ халқының мәдени мұрасына ғылымы мен ағартушылығына қалдырған тарихи мұраларының күн бүгінге дейін мақтаныш екенін көрсету.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. «Қазақ халқының даңқты ұлдары».

Жоспар:

1. Ш. Уалиханов ғалым-ағартушы, оның ғылыми мұралары.

2. Ы. Алтынсарин педагог-ағартушылық қызметі.

3. А. Құнанбаев ұлы ақын-ағартушы.


Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, ХІХғ. ІІ жартысындағы қазақ халқының арасындағы ағартушылық қозғалысының басты өкілдерінің қызметтерінің тарихына тоқтала отырып, олардың ұлтжандылық қасиеттерін таныту. Сонымен қатар Ш. Уалиханов ғалым-ағартушылық қызметімен оның ғылыми мұраларына шолу жасау. Екінші сұрақ бойынша, Ы. Алтынсариннің педагог-ағартушылық қызметі хақында деректер негізінде тұлғалық қасиеттерін қарастыру.Үшінші сұрақ бойынша, А.Құнанбаевтың ұлын ақын-ағартушылық қызметтері мен оның рухани мұраларына сүйене отырып, Абайтану ғылымының тарихи маңызын ашу.
Әдебиеттер: Н-14, Қ-46,47,43,29,21,56,45,38,41.
Семинар№14-15 ХХ ғ. басындағы Қазақстан
Негізгі ұғымдар: «Түркістан уәләятының газеті», Дала уәләятының газеті.
Мақсаты: ХХ ғ.басындағы Қазақстан мәдениетіндегі заман ағымына қарай ұлттық мәдениеттің дамуындағы жаңа мазмұндардың қалыптасуын ашып саралау.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХ ғ. тоғысындағы Қазақстан.
Жоспар:

1. Орта орнаулы және діни оқу орындары.

2. Жаңа мазмұдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуы.

3. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылары.

4. Мерзімді баспасөз ісі.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, орта орнаулы және діни оқу орындарының жай күйіне деректер негізінде тоқталып өту. Екінші сұрақ бойынша, жаңы мазмұндағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына және ақын жырулардың қазақ қоғамындағы болып жатқан өзгерістерді шығармаларына арқау еткен жаңа мазмұндағы қазақ әдебиетінің қалыптасқандығын ашу.Үшінші сұрақ бойынша, ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қайраткерлік еңбектері мен тұлғалық қасиеттерін таныту.Төртінші сұрақ бойынша, мерзімді баспасөз ісінің даму мен ақпараттық қызметтеріне тоқталу.
Әдебиеттер: Н-14. Қ-45,47,49,32,37,38,25,17,2.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті



Қазақстан жаңа заман тарихты

пәнінен лекциялық сабақтар әдістемелігі

050114 «тарих» мамандағы (бакалавриат)

050114 «тарих» мамандағы студенттеріне арналған

пәннің оқу-әдістемелік кешені

(бакалавриат)

Қостанай 2009



Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны

Қазақстан жаңа заман тарихы
Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні
Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша тарих, мәңгүрттік, шежіре, жазбаша деректер.
Мақсаты: Қазақстан жаңа заман тарихы курсының пәндік мақсты мен міндеттерінің мазмұнын ашу.

Жоспар:

1.Пәнге кіріспе. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Жаңа заман тарихынның кезеңдері.

2.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.

Лекция


1.Пәнге кіріспе. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Жаңа заман тарихынның кезеңдері.

«Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «та­­бын сезінгенімде деп білемін» - деп жазды Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің қа­зақ та­ри­хына арнап, тебірене жазған «Тарих толқынында» атты кітабында.

Көптеген қоғамдық ғылымдар ішінде тарихтың атқарар қызметі орасан зор. Оның қоғам­да­­ғы орны күннен күнге артып, ұлттық сананы қалыптастыруда таптырмас құралға айналып отыр. Әң­гіме сол құралды тиімді әрі ұтымды пайдалана білуде.

Антика заманында өмір сүріп, «біз тарих жазбаймыз, біз өмір­ба­ян жазамыз» де­ген қа­­­­натты сөздің авторы Плутарх өзі жаз­ған «Са­­лыс­тырмалы өмірбаян» еңбегінің жас­тар­ды тәр­­­биелеу ісінде тап­тыр­май­тын құрал екендігін айтқан болатын. Бұл кітап жас­тарға өздеріне де­­й­ін өмір сүрген тарихи тұлғалар өнеге алар, үлгі тұтар жандар бо­ла­тын­­ды­ғына кәміл сенді. Сол дәуірде сол елде өмір сүрген Гай Сал­люс­тий Крисп, Прокөпий Кесарийский си­яқты авторлар да та­рих­тың тәрбиелік міндеттерін мойындаған болатын.

Тарихи білімнің келешек ұрпақтың ғылыми көзқарасының қа­лып­та­суында атқаратын қыз­­меті талас тудырмауға тиісті. ХІХ ғасырда Ев­ропа елдерінде тарих орта мектеп бағдар­ла­­мала­рын­да өзінің заңды оры­нын иемденді. Оны міндетті түрде оқылатын пәндер қатарынан шы­­­ға­рып, мек­­­­тептен тыс оқылатын сабақ ретінде қарастыру жа­ғда­й­­ының орын алған уа­қыт­тары да бол­ған. Бірақ, мұндай әрекеттердің бар­лығы сәтсіздікке ұшырап, тарих пәні оқу орындарын­да­ғы өз­і­­­нің мәр­тебелі орнына қайта оралды. Әлемдегі тарихи процесстерге қа­нық­паған оқушылар ба­с­­қа пәндерді, әсіресе қоғамдық ғылымдарды иге­руге құлық та­ныт­­­пайды.

Жаңа заман тарихынның кезеңдері. Бұл ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шұбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын тұлғалы ерлер келіп, халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан тұсында ерекше бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһар-мандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.

Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның ұйтқысы ұлттың рухани кесемдері — Төле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.

Келесі, екінші кезең - XX ғасыр. ХУШ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос тұрған орындарына ешкім отырған жоқ. - Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды.Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы болды.

2.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Көп ел­дің көзі қорақты зиялы қауымы Қазақстан деген елді білгісі келеді. Ал ел туралы білім оның тарихынан басталады. Еліміздің елдігін қорғаған асыл ерлерінің болғандығын, әлемдік өрке­ни­ет­­ке өз үлесін қосқан мәдениет, әдебиет және ғылым саласында айтулы із қалдырған қай­рат­кер­ле­ріміз болғандығын әлемге паш ететін тарих ғылымы. Сон­дық­тан да тарих тек қана ғылым, қу­ат­ты тәрбие құралы ғана емес, ол – саясат.

Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тәрбие беру процесінде олар­ға тарихи білім бе­ру не­гіз­­гі міндет болып есептелді. «Жеті ата­сын білмеген жетесіз» деген қанатты сөз осы уа­қытта ту­­са керек. Ел Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ бол­мы­­сы­ның келесі бір ерек­шелігі – оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан ха­бар­дар­лы­ғы мей­­лінше жоғары болған. Керек де­сеңіз, білім ин­сти­­тут­та­ры­ның дамыған жүйесі бар бүгінгі күн­­­­нің өзін бұрынғы қа­зақтардың са­насындағы жаппай тарихшылдықпен салыс­ты­ру­ға болмай­ды» деп жазды.

ХVІІІ ғасырда қазақ елі отаршылдық күрестін шарпауында бол­ды. Дәл осы дәу­ір­де ха­лық­қа та­­рихи мағлұмат беру күрестін бір не­гіз­гі формасына айналды. Өкінішке ор­ай орыстың, жоң­ғар­­­­дың, қы­тай­дың ықпалында қалған аймақтарда халық өзінің тарихи жа­дынан ай­ы­ры­­ла бас­та­­ды. Жат жерлік ғалымдар қазақ тарихын бұрмалап, оған тү­зету енгі­зіп, халқымыздың өт­ке­ні жө­­­нінде өз нұсқаларын жасады. Сөй­тіп халық арасында жалған та­рих­шылық пайда болды. Ос­ы­н­­­дай да атақ­ты үнді халқының көсемі Джавахарлар Неру­дің мына сөздері ес­ке тү­се­ді: «Ис­тория почти всегда пишется победителями и за­во­е­ва­те­­ля­ми и отражает их точку зрения, или, по край­­ней мере, версии по­бе­­ди­те­лей отдается пре­д­почтение, и она берет верх». Бұл айтылған сөз­­дер қазақ тарихына да қатысты. Алдымен А.И.Лев­шин соңынан бір топ орыс тарихшы­ла­ры елі­міздің бұрмаланған та­рихын жасады. Бұл кеселдің осы күнге дейін ақтаңдағын тарихшы ғалымдар аршып келеді. ХІХ ға­сыр­дан бас­тап Қазақстан тарихы ор­ыс империясының та­ри­хы­мен тығыз бай­ла­ныста зер­т­тел­ді.

Тарихи білім мектептен басталатыны белгілі. Ресей империясы құ­­рамындағы қазақ ба­ла­ла­ры орыс мектептерінде оқыды. Сөйтіп олар орыстың тарихи дәстүрінде тәрбиелен­ді. Кеңес үкі­ме­­­ті орнаған ал­ғаш­қы жылдарда тарихтың орнына қоғамтану пәні оқытылды. Қо­ғамтану пәнін­де оқушылар тарихи схемалар мен фактілермен ғана танысып қойды. ХХ ға­сырдың 30 жылда­ры Кеңес қоғамы тарихи бі­лім­нің жетіспейтіндігін сезе бастады. 1934 жылы ақпан – науырыз ай­ла­рында Партияның Орталық Комитетінің тапсырмасымен Рес­сей Фе­де­рациясының Халық Ағар­ту Комиссариаты тарихшы-ғалымдар мен мектеп мұғалім­де­рі­нің мәжілістерін өткізді. Сол кез­дегі көрнекті қоғам қайраткері Н.К.Крупская «...са­мое, важное, - научить ре­бят из ряда кон­ретных фак­­тов делать вывод. Исто­рия для этого – чрез­вы­чай­но благодарная дис­цип­лина. Мұның өзі сол кездегі коммунистер ли­­дерінің тарихтың тәрбиелік мәнін түсіне баста­ға­нын көр­сетеді. Осы жыл­­­да­ры тарих пәнін тө­менгі сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін кіргізу, тарих пә­ні­нің мұғалі­мін дай­ын­дау оның оқулығын жазу жұ­мыс­тары қызу жүріп жатты. 1934 жылдан бас­тап Кеңес мек­теп­­те­рі­нің 3-4 сыныптарында СССР тарихының қарапайым курсы енгізілді, он­ың оқулығы жа­зыл­ды. Көп кешікпей 8-9 сыныптарға арналған СССР тарихының оқулығы жа­зыл­ды. 1934 жыл­­дың тамыз айында А.А.Жданов, С.Н.Киров және И.В.Сталин сияқты пар­тия қай­рат­кер­­ле­рі СССР тарихының оқулығымен танысып, оған өзінің сын-ес­керт­пе­лерін берді. Әд­іл­­дігін ай­ту ке­рек сын-ескертпеде оқулық авторларының тек қана орыс халқының та­ри­хы баян­дал­­­ға­ны баса ай­тады. Авторларға СССР-дің құрамына кірген орыс емес халықтар тари­хы­ның қа­­лып қой­ған­ды­ғы ескертіледі. Бұдан да басқа оқулықтың кемшіліктері айтылады. Оқу­лық­тың тү­зетіл­ген нұс­қа­сы 1936 жылдың 26 ақпанында қайта талқыға түсті. Осыдан кейін жарық көр­ген СССР Ха­лық Ко­мис­сариатының Кеңесі және Партия Орталық Комитетінің қау­лы­сын­да оқу­лықта бұ­рың­ғы кем­шіліктердің қайталанғандығын, оны мек­теп­терде пай­да­лануға бол­май­­тын­дығы ай­ты­л­ды. Мі­не, осыдан кейін оқулық дайындауға кон­курс жа­рия­ланып, 1936 жылдың ақ­панында он­ың қорытындылары белгілі болды. Міне, сол оқулықтар бойынша Ке­ңес жастары қырық жылға жа­­қын бі­лім және тәрбие алды. Шындығында КСРО та­ри­хы­ның 85-90%-ы орыс та­­рихын ба­яндауға ар­налды. Қалған 20%-дың 0,5 бө­лігі ғана қазақ халқының тарихына ар­нал­ды. Қо­рыта айт­­қанда, Ке­ңес заманында қазақ жас­тарының шы­найы ұлттық тарихи санасы қа­лып­­­тасты деп айту қиын.

Дәстүрлі қазақ отбасыларында жас ұрпақтың тарихи санасын әже­сі мен атасы, әкесі мен шешесі қалыптастырды. Тарихи сананың қалыптасуына қазақ аңыз-ертегілері, ғашықтық жыр­ла­ры, батырлық эпостары орасан зор әсер етті. ХХ ғасырдың 60 – 70 жылдарында жа­зыл­ған қазақтың талантты жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көш­пен­ді­лер» романы қазақ жастарының са­на­сы­нда ірі бет-бұрыс туғызды. Тек осы жылдары қазақ халқы өзінің та­ри­хы бар екендігін біле бас­та­ды.

1980 жылдардың аяғында қазақ қоғамында тарихтың қажеттілігі ке­неттен байқалды. Мұ­ны жо­­ғарыда отырған партия-совет бас­шы­ла­ры да түсіне бастады. Осы жолдардың ав­торы 1990 жылы сол кездегі Қа­зақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Өзбе­кә­лі Жә­ні­бековке хат жолдап, онда қазақ тарихын бала бақшасынан бастап аспирантураға тү­су емтиханына дейін кіргізу мәселесі қойылды. Қа­зақ­тың асыл азаматы Ө. Жәнібеков хат­­тың мазмұнын дұрыс тү­сініп, халық ағарту министрі Шайсұлтан Шаяхметовке тапсыр­ма берді.Сөй­тіп, алдымен барлық жоғарғы оқу орындарына қазақ тарихы курсы енгізіліп, ке­йіннен орта мектептерде қазақ тари­хын оқытуға 221 сағат уақыт бөлінді. Министрлікте қыз­мет істейтін ұлтжанды аза­мат­ты Т.Абраев ақ­сақал бағ­дарлама жазу, оқулық дай­ы­н­­дау үшін авторлық ұж­ым құру мәселесін тез арада қол­ға алды. Сол жыл­­дары бағдарламаның үш нұсқасы жа­зылып, белгілі ға­лымдармен тәжірибелі ұстаздар әр сыныпқа арналған мектеп оқулық­та­рын жазып шығарды. Бү­гін­де Қа­за­қ­­­стан тарихы пәні өзінің мәр­тебелі міндеттерін аброймен орын­­дап отыр. Белгілі қа­зақ тарих­шы­­сы профессор Т.Омарбеков «Жал­пы алғанда ел болып қа­лыптасуымыз үшін, ұлт бо­лып тұ­та­­суы­мыз үшін, ұлттық сана сезіміміздің нығая түсуі үшін, ұлт­тық туған та­рих­қа құш­та­р­лық про­цес­­сін жағымды, тіптен бізге аса қажет құбылыс ре­тінде баға­лай­мыз» дей келе та­рих­тың ұлт­­­тық сананы қа­лып­тас­ты­руындағы орнына аса зор баға бере­ді.

«Қазақ тарихы» журналының алғашқы нө­ме­рінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұл­т­­тық университетінің кафедра мең­герушісі, профессор Қамбар Атабаев қазақ тарихын рефор­ма­­лау мә­селесін көтерген болатын. Әлбетте, мақалада өте көкейтесті проб­ле­малар көтерілген.

Білім берудің әрбір деңгейінде Қазақ тарихы пәні бағ­дарламаларының өзгер­мес­тен қайталануы. Балалар бақшасында, орта мектепте Қазақстан тарихының мазмұны, жүй­е­лі түрде беріледі. Жоғарғы оқу орнына түскен баланың ел тарихынан жалпы түсінігі бар, көне за­ман­нан осы күнге дейін халық басынан өткізген тарихи процесстер туралы жүйелі білімі бар. Уни­верситетте сол алынған, иге­рілген материал жалғасын табуға тиісті. Өкінішке орай ол олай емес. Бірінші курстың студенті сол мектепте оқығанын қайталайды, ешқандай жаңа информа­ция алмайды, тарихи процесс күрделенбейді, теориялық тұжырымдар жасалмайды, әлем тари­хын­­дағы қазақ хал­қы­ның орыны нақтыланбайды. Осыдан студент қазақ тарихынан мезі бо­лады. Уни­верситетке жаңа түскен, небары үш-төрт ай оқыған тө­мен­гі курс студентіне Қазақ тарихы мем­лекеттік емтихан тапсыратын қор­қынышты, қауыпты пәнге айналады. Мұндай жағдай хал­қы­мыз­дың тарихына сүйіспеншілік тудырмайтыны белгілі.

Осы күнге дейін Министрлік мақұлдаған жоғарғы оқу орындары, колледж сту­ден­теріне арналған оқулықтардың жоқ­ты­ғы. Оқулық жоқ емес, бар. 1990 жылдардан бері бір­не­ше рет ба­сыл­ған. Ә.Әбдіәкімов, В.Кан, Ж.Артықбаев, Е.Әбіл және осы жылдардың авторы жаз­ған оқулықтар студент жастар сұранысын қанағат­тан­ды­рып келеді. Көп ел­дің көзі қорақты зиялы қауымы Қазақстан деген елді білгісі келеді. Ал ел туралы білім оның тарихынан басталады. Еліміздің елдігін қорғаған асыл ерлерінің болғандығын, әлемдік өрке­ни­ет­­ке өз үлесін қосқан мәдениет, әдебиет және ғылым саласында айтулы із қалдырған қай­рат­кер­ле­ріміз болғандығын әлемге паш ететін тарих ғылымы. Сон­дық­тан да тарих тек қана ғылым, қу­ат­ты тәрбие құралы ғана емес, ол – саясат.

Қазақстан жаңа заман тарихы кезеңдері. Бұл ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шүбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын түлғалы ерлер келіп қосылды.

Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан түсында ерекше бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһар-мандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың үйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.



Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның үйтқысы үлттың рухани кесемдері — Теле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.

Келесі, кезең - XX ғасыр. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос түрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда оз мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады.

Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан -КСРО-ның құрамына кірді.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан жаңа заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?

2. Қазақстан жаңа заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?

3.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы бар?


Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №2 XYIII – XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.
Негізгі ұғымдар: Орыс – батыс тарихнамасы, қазақи ауызша дерек, жазбаша дерек, отарлау саясаты. Тарихи шежіре, саясаттырылған тарихи терминдар.

Мақсаты: Осы кезең тарихының тарихтық, деректік кездерімен таныстыру. Ресей Федерация архив деректерімен таныстыру. Қазақы ауысша деректер шежіре, жыр толғау, билер мен жыраулардың тарихи дерек көpзі болып табылатын тарихнамалық еңбектермен таныстыру.

Жоспар:

1.Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII – XIX ғ.басы)

2.Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы қазақ деректері.

3.Орыс және шетелдік тарихнама XYIII – XIX ғ. басы.

Лекция

1.Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII – XIX ғ.басы). XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің орны ерекше. Ш.Уәлиханов арғын Малайсарының ХVІІІ ғасырда Жоңғар билеушілерінің тарапынан тархандық алғандығын және оның берілуінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды босату мақсатындағы елшілік келіссөздердің нәтижесімен байланыстырады.

ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы Н.Г.Аполлова, С.Е.Толыбеков, С.З.Зиманов, В.Я.Басин, Т.Ж.Шойынбаев, А.Н.Нүсіпбеков, Г.И.Семенюк, Н.Е.Бекмаханова, А.Сабырханов, Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев еңбектерінде көрініс тапты. Н.Г.Аполлова XVIII ғасырдағы қазақ тархандары Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің қоғамдық ортадағы беделдері ханнан кем болған жоқ деген баға бере отырып, олардың қазақ-орыс қатынастарына байланысты қоғамдық-саяси қызметтерінен мол мәліметтер береді. Мәселен, В.Я.Басин зерттеуінде «протектор», «бодан» тарихи терминдеріне Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты мысалында талдау жасап, Ресейге қосылған жылдардан бастап «бодан» болды деген саяси ұстанымның қате пікір екендігін дәлелдесе, С.З.Зиманов қазақ қоғамындағы әлеуметтік жүйені зерделеп, өз пікірлерін ашық білдірді. Н.Е.Бекмаханова 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған орыс шаруаларының соғысына қатысқан Дәуітбай тархан бастаған қазақ жасақтарының соғыс қимылдары және атығай Құлсары тархан жөнінде деректік мәліметтер келтіреді. Ал Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев зерттеулері арғын Малайсарының жоңғарлар тарапынан тархандық алғанын сұлтан Абылайдың тұтқында болған кезіндегі қалмақ бағытындағы елшілік қатынастар нәтижесінде берілгенін қуаттайды.

Қазақ тархандарының ата-бабаларына қатысты шежірелік деректер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, С.Е.Толыбеков, Х.Маданов, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов т.б. шежірелік еңбектерінде бар. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шежірелік нұсқасында Арғын руының аталық шежірелерін тарата келе Жәнібек тарханға қатысты деректерді келтіреді. С.Е.Толыбеков, Х.Маданов шежірелерінде Жәнібек және Есет тархандардың ата тегіне, олардан тараған ұрпақтарына қатысты қызықты тарихи шежірелік деректер кездеседі. Дегенмен, шежірелік деректерді мұқият пайдаланған жөн. Мәселен, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов шежіресінде «...1743 жылы 28 мамырда патша әмірімен Есет батырға, оның үрім-бұтағына мұра болып қалатын тархан атағын берді», – деген.



Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардан бастап жарық көрген тарихи еңбектер зерттеп отырған мәселеге жаңа қырынан келді. Нақ осы кезеңде өткен тарихымыз ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле бастады. Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғғ. кезеңіне байланысты М.Қ.Қозыбаев, К.Л.Есмағамбетов, Ж.Қ.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев, М.Ж.Абдиров, Ж.О.Артықбаев, И.В.Ерофеевалардың ғылыми еңбектері көпшілікке жетті.

Аталған тарихшы ғалымдар еңбектері тарихи тұлғаларға қатысты маңызды мұрағаттық мол деректермен қатар, XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік институты тарихына қатысты мәліметтерді жинақтап, қорытынды ой-пікірлер түйіндеумен ерекшеленді. Бұл арада К.Есмағамбетовтың қазақ тарихына қатысты шетелдіктердің көзқарастарын, Ж.Қасымбаевтың батырлар мен қазақ хандары, сұлтандары арасындағы байланыстарды талдауы маңызды.

2.Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы қазақ деректері.А.Байтұрсынұлы тарих ғылымының пәніне; Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақша әуезе деуге болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих, - деп анықтама береді. Тарихтың атқарар қызметі мен алға қояр міндеті хақында ол; Тарихтың қызметі- бүтін адам баласының, бүтін бір жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту.

«Тарихшылырдың мақсаты,-дейді Ахаң,-уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру». А.Байтұрсынұлы әуезелерді алты тарауға бөледі:

1) шежіре, 2) заман хат, 3) өмірбаян, 4) мінездеме, 5) тарих, 6) тарихи әңгіме.А.Байтұрсынұлының берген анықтамасы бойынша, бірінші, Шежіре. Шежіре — өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түс, туысы көп айтылады. Сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе табына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай, тек болғанын айтады да қояды.А.Байтұрсынұлының пікірінше, қазақта жазу болмаған себепті бұрыннан жазылып келген шежіре, түрлі әңгіме жоқ. Бірақ басқа жұрттардың шежірелерінде айтылатын сөздер сияқты әңгімелер қазақта да бар. Орақ - Мамай, Едіге, Кеңесарының Садығы турасындағы ауызда айтылатын тарихи әңгімелердің көбі-ақ өтірік-шыны аралас шежіренің сөздері сияқты.Сондықтан мұндай деректерге сын көзбен қарау қажеттігін алға тартады.

Екінші, Заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан, яки өз ішінде болған істерден дерек беруі заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік уақиғаларды, яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр халық аузыңда әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады. Заман хаттағыдеректік негіздей алғанда ескеретін бір кемшіліктігін көрсетеді:

Уақиғаны болған күйінше жазбай, жазушы өз көңілінің күйіне бояп, реңкін өзгертуге ықтимал екендігі. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді. Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйіне түспейтін, яғни достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам боларға тиіс. Ондай адам табиғаттан тысқары адам болмақ. Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан, заман хаттары көңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа беретін деректігінің молдығынан заман хат өте кұнды тарихи деректік сөздер есебіне қосылатынын көрсетеді.

Үшінші, Өмірбаян. Біреудің туғаннан бастап, өлгенге шейінгі өмірін жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін көрсету.А.Байтұрсынұлы еңбектерінде жеке тарихи тақырыптармен қатар, сол негізгі тақырып желісіне байланысты тарихнамалық, жалпы методологиялық, оның ішінде қазақ халқы тарихын дәуірлеу, зерттеу принціптері мен әдістерінің өзіндік ерекшелік қырлары, тарих ғылымының қалыптасып даму барысы туралы өзекті мәселелер қозғады.

Өмірбаян дерегін белгілі адам турасындағы сипат тарихи құжаттық мәні бар қағаздардан алатынын білетін адамдардың ауызша айтуынан алады. Жазушы өз білетінін жазады. Өмір дерек ылғи сипатты мағлұматтардан құралған сөз болғандықтан, нағыз рас әңгіме болып шығады.Олай болса, өмірбаян шындыққа жақын тарихи дерек болмақ.

Төртінші, Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып көрсету мінездеме болады. Мінездеме өмірбаянның да, заман хатының да, тарихтың да ішіне бөлім есебінде кіреді. Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мінездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде, өмірбаянның бөлімі болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде, тарихтың бөлімі болып кіреді Сондай-ақ тарихи зерттеу принциптері мен әдістерінің ішкі байланыстылығы, құжаттар мен тарихнамалық ортақ арна- жалпы методологиялық жүйе арасындағы байланыстылық тарихи деректтерді ғылыми негіздер мен принциптер, зерттеудің ақиқаттығы мен құндылық өлшемі туралы қалыптасқан ғылыми қағидалар мен болжамдарды орынды пайдалану қажеттіліктерін тұжырымдаған.

Бесінші, Тарих. А.Байтұрсынұлы тарихшының дүниетанымына, азаматтық ар ожданына,әділдігіне, ғылыми- зерттеушілік мүмкіншілігіне биік талап қойған. Өйткені, Ахаңның ойынша, тарих халықтікі, халық үшін жазылады. Сонымен бірге А.Байтұрсынұлы тарих пен тарихшыларға қандай деректерді және оларды қалайша пайдалану әдісін көрсете келе зерттеушілердің алдына қойылатын талаптарды жаңа қырынан да көрсеткен

Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді.Ал, тарихшылар міндеті хақында А.Байтұрсынұлы: тарихшылар кұр істегенімен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады.Тарих пәнін Ахаң былайша жіктейді. Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих «Жалпы тарих» деп аталады. Адам баласының мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп аталады. Мәдениеттің түрлі тараулары «Тарих тармақтары» деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы, тағысын тағы сондай тарихтар.Одан әрі Ахаң ұлттардың тарихын, жалқы тарихтар — түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, жапон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың тарихы деп бөлген.

Алтыншы, Тарихи әңгіме. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әңгіме деп аталады. Тарихи әңгімені А.Байтұрсынұлы материалистік ұғым мен идеалистік ұғымды коммунистік идеология өкілдері сияқты бір-бірімен қарама-қайшылықта қарамаған және материалистік көз қарастың марксистік-лениндік бірыңғай үстемдігін қабылдамаған. Ол табиғат заңдылығы мен әлеуметтік қоғам заңдылығының байланыстылығы негізінде адам қауымдастығы үшін әлеуметтік жасампаздықтың реттік сәйкестіктегі екі бірдей теңдігі бар, табиғат орталығындағы адам еңбегінің материалдық байлығы мен рухани қазынасы дейді. Бұл тұрғыда А.Байтұрсынұлының рухани болмысты қаншалықты жоғары бағалағанын білеміз. Осы арнада сәйкестік байланыстылықта табиғат пен қоғамдық тіршілік пайымдалып, халық тағдыры ғылыми тарихи жүйеде талданып, ұлт-азаттық күрес жолының сабақтастығы дәлелденген. Егер сұрыптай айтатын болсақ, А.Байтұрсынұлының методологиялық жүйесіне табиғаттағы, қоғамдық тіршіліктегі прогрестік даму, сәйкестік, салыстырмалы талдау, жүйелі тұжырымдау, ғылыми ақиқаттық принциптері тән. Сол себептен де Ахаң тарихты халықтың тағдыр тарихы және ол халық үшін түсінікті де ақиқат болуы шарт деген А. Байтұрсынұлы мұрасынаның, оның ғылыми -зерттеу бағдарламасынан өзіміздің ұлттық төл тарихымыз арнасындағы ізденістерде басты ұстанар қағидамыз оның марксизім-ленинизім теориясының арқауы болған пролитарлық интернационализм принципі және одан өрбіп, оны нығайта түсетін коммунистік партиялық зерттеу шарттары мен әдістері тұрғысындағы сын талдаулары болмақ

Шыныңда да, Ахаң ескерткенде, өмірдің өзі дәлелдегендей, марксистік-лениндік пролитарлық интернационализм қазақ халқын ұлттық әлеуметтік, рухани желіден ағытып, қарама-қарсы екі тапқа бөлді, оның ең зиялы да жасампаз ұлт жанды бөлігін таптық идеологиямен санасы уланған екінші таптың табанымен таптады, көзін жойды. Ағайынды, бауырды өзара қантөгіске итермелеген пролетарлық интернационализм қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне зор жастандық жасады, ұлттық рухани дүниеге кінәттар түсірді, қазақ жастарының санасына мәңгүрттік уын құйды. Сөйтіп, ұлтжандылықты ұлтшылдық деп , ұлттық мемлекеттік тәуелсіздікті сепаратизм деп ұлттық тарихи сананы тәлкекке салды. Ал мұндай принципті басшылықа алғанда ұлттың ғылыми төл тарихымызды жазудың ауылы алыс болмақ. Тарихи шындық орнамаған жерде, оның ішінде ғылыми салада да, тарихи зерттеу принципін де, тарихи-салыстырмалық зерттеу әдісін де қолдануға жол жоқ. Өйткені басшылыққа коммунистік паритиялық принципті ұстанған ортада әлеуметтік өмір желісі де, нақты тарихи оқиғалар да, демектемелік қорлар мен басқа мұрағият мәліметтері де партиялық тұрғыда, партиялық нұсқада, сол идеологиялық негізде жазылуы да, қабылдануы да шарт. Бұл коммунистік партиялық принциптің басшылық рөлі міндетін атқаруы, ғылыми ақиқаттың дәлелденуі, социалистік қоғамның мақсатына еңбек етудің үлгісі дәлелі болмақ. Ал партиялық шеңберге сыймаған, оның мақсатына алшақтығы сезілген қандай да болмасын ой-толғау, ұсыныс, тіпті нақтылығы деректемелік, мұрағияттық материалдар ғылыми айналымға жіберілмеді, шеттетілді. Әрқашан таза партиялық, бірыңғай саясаттанған тапсырмалар орындалып отыр.

А.Байтұрсынұлының рухани мұрасында ұлттық төл тарихымыздың ең күрделі мәселелері, оның ішінде ұлт-азаттық күресінің бастауы, мән-мағынасы, түпкі мақсаты, өрлеу кезеңдері халықтың тарихи арнасында жан-жақты зерделенген, сонымен бірге, қазақ халқының отандық атамекенінің қалыптасуы, осы жер шебінің бұзылмауы үшін жан пида күресі қазақ мемлекеттігінің іргетасының қалануы, құрылымдық нығаю барысы, ішкі және сыртқы саясат өрісі, қазақ қауымының әлеуметтік құрылымы, жер, шаруашылық, рухани болмыс салалары ғылыми негізде ауқымды да терең қаралған. Жоғарыда ықшамдай тұжырымдаған және біз бұл жылы сөз етпеген Ақан еңбектеріне арқау болған тақырыптар, сөз, жоқ ұлттық төл тарихымыздың да күрделі мәселелері.

Ахаңның: «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін, Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншілік, менікі, ертеңгі үшін»,-деген зор сеніміне, асқақ арманынан, қазақ елінің тәуелсіздігіне бүгінгі ұрпақ біз жетіп отырмыз. Ендеше алдағы мақсат-ұлы бабамыздың асыл мұрасын зерттеуге, зерделеуге жасампаздықпен жұмылу болмақ.



3.Орыс және шетелдік тарихнама XYIII – XIX ғ. басы. Қазақ қоғамын басқарудың дәстүрлі институттары тарихы қай кезеңде де зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Дегенмен, олар тиянақты зерттелді, бар материалдар жинақталды деу қиын. XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ тарихына қатысты деректер қазақ даласының тарихына көңіл аударған алғашқы зерттеушілердің назарына түскен. Бұған П.И.Рычков, И.И.Неплюев, И.Г.Андреев, Е.К.Мейендорф, А.И.Левшин, В.В.Вельяминов-Зернов, И.Ф.Бларамберг еңбектері куә .

1771 жылы Жоңғарияға қарай қашқан Еділ қалмақтарын қуған арнайы жасақталған әскери қосынының офицері П.И.Рычковтың күнделігінде алғашқы қазақ тархандары арғын Жәнібек пен тама Есет туралы, олардың қазақ-орыс қатынастарындағы елшілік қызметтері туралы мәліметтер келтірілсе, И.Г.Андреевтің еңбегінде патша үкіметінің бекініс маңындағы халықтарды өз саясаттарын қолдауға тарту үшін жылына 1000 рубль қаржы бөлгендігі, соның ішінде Құлсары тархан мен Құлеке батырларға 100 рубльден ақшалай сыйақы беріп тұрғандығы туралы деректер бар.

Зерттеуші Е.К.Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарында жинаған материалдарының жазбасы Кіші жүз өңіріндегі қазақ тархандары Жүсіп Сырымұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Жәнібек тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлы т.б. тархандар қызметі туралы біраз деректер қалдыруымен құнды. Әскери санақшы И.Ф.Бларамберг Тіленшіұлы Жоламан тархан туралы деректер қалдырған.

Қазақ тарихын зерттеген орыс зерттеушілерінің арасында В.В.Вельяминов-Зернов тархандық институт мәселелерін арнайы зерттеуімен ерекшеленеді. Ол XVIII ғасырдағы башқұрт қоғамындағы тархандық институт тарихына қатысты зерттеу жүргізді.



ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі шенеуніктері мен әскерилеріне арнайы тапсырмамен отарланушы аймақ тарихын жаздыра бастады. Ондай еңбектер қатарына Л.Мейер, И.И.Крафт, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов зерттеулерін қосуға болады.

Қазақ тарихына қатысты жаңа зерттеулер легі кеңестік биліктің орнауы кезеңінде дүниеге келді. Бастапқы кезеңде жазылған Х.Досмұхамедұлы, Г.Галузо, Т.Шонанұлы, К.Кемеңгерұлы еңбектері біраз мәселені жаңартты. Х.Досмұхамедұлы еңбегінде тарихи тұлғалардың арғы аталарына байланысты деректер сараланса, К.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы еңбектерінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясатындағы қазақ жеріне қатысты мәселесі тыңғылықты талданады. Қазақ тархандарына патша үкіметінің жер мен жайылым, тоғайларды пайдаланғаны үшін алым-салық төлемейтін құқықтық пәрменділік берулеріндегі саяси ұстанымдарын талдауға қажетті мәліметтермен құнды.

Кеңестік үкімет билігі орныққаннан кейінгі 1920-1940 жылдар аралығында қазақ тарихына XVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың 60 жылдарына дейін өмір сүрген қазақ батыр билерінің саяси-қоғамдық қызметтері туралы жаңа деректер айналысқа түсе бастады. Бұл бағытта А.Ф.Рязанов, А.П.Чулошников, М.Тынышбаев, С.Асфендияров еңбектерін атап өтемі. А.Ф.Рязанов еңбегінде Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысын зерттеуде тарихи тұлғалар қызметіне қатысты мәліметтерді мұрағат деректерімен толықтырды. Дегенмен, автор А.И.Добросмыслов, А.И.Левшин пікірлерін қайталап, Сырым батырды қазақтың дәстүрлі хандық басқару институтына қарсы хандық билікті жоюдағы реформатор етіп көрсетпекші болды. Ал, А.П.Чулошников қазақ-башқұрт қатынастары тарихын зерттеп, 1755-1756 жылдардағы башқұрттардың ұлт-азаттық қозғалысы кезеңіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Ол И.И.Неплюевтің башқұрт-қазақтарды араздастыруының құйтырқы айлаларына назар аударып, зерттеуде тама Есет тархан қазасына қатысты 1757 жылғы бұйрық туралы деректі алға тартады. С.Асфендияров қазақ-башқұрт сынды бауырлас халықтардың патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілу себептерінің ахуалын ашып көрсетті. Сонымен қатар, оның башқұрт тархандарының қазақ жеріндегі Есет тархандар бастаған жетірудың батырларымен біріккен жасақтар құрған келісімдері туралы тарихи деректері біз үшін ерекше маңызды.

Кеңестік кезеңде Е.Б.Бекмаханов, М.П.Вяткин зерттеулері де жарық көрді Тіленші Бөкенбайұлы тархан қатысқан ұлт-азаттық қозғалыс туралы бастап қалам тартқанымен, кейіннен ол туралы зерттеулер көп уақыт бойы іркіліп қалды. Еңбекте қазақ қоғамындағы сұлтандар институты жүйесінің түпкілікті өзгеріске ұшырағандығының себеп-салдары көрсетілді. Е.Б.Бекмаханов патша үкіметінің қазақ билік жүйесін жою барысындағы саясатын, ішкі қарым-қатынасты шиеленістірудің айла-амалдарын дәл анықтады.

Ал, М.Вяткин ХVІІІ ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына айрықша мән берді. Соның ішінде ол Сырым тархан бастаған ұлт-азаттық қозғалысты мұрағат деректері негізінде зерттеп, азаттық үшін күрескен батырдың тарихын жаңа белеске көтерді.

Бекіту сұрақтары:

1.XYIII ғ. мен XIX ғ.басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы туралы айтып беріңіз?

2.Қазақстан тарихының XYIII ғ.мен XIX ғ.басындағы қазақ деректерінің түрлерін айтып беріңіз?

3.XYIII ғ. мен XIX ғ. басысындағы орыс және шетелдік тарихшылардың еңбектерін атаңыз?


Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №3 ХҮІІІ ғ. І жартысындағы Қазақстандағы Саяси жағдай.
Негізгі ұғымдар: Аманат, керуен саудасы, казактар, Орда, шекаралық барымта.
Мақсаты: Әбілқайыр хандығының ішкі-сыртқы жағдайларының себебін ашып көрсету. Ресей патшалығының Қазақстанға деген мүлдесінбілдіру. Қазақ хандығының сырты-ішкі саяси жағдайларына саралау.

жүктеу 5,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау