Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және


Дін туралы арнайы ғылымды - дінтану дейміз



жүктеу 145,62 Kb.
бет12/13
Дата07.10.2024
өлшемі145,62 Kb.
#45037
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
аза стан халы тарыны Ассамблеясы ж не

Дін туралы арнайы ғылымды - дінтану дейміз. Дінді өзінің негізгі зерттеу нысандарының бірі ретінде қарайтын ғылым салалары көп. Десе де, дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология (көне грек тілінде teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.
Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз - оны қоғамдық сана мен дүнитанымның нысаны (формасы), діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және “діндарлық геннің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.
Дін этностардың оқшаулану факторларының бірі болып табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.
Жоғарыда айтылғандар - дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері. Бірақ, жеке-жеке алғанда дін деген не, ол қалай пайда болды, хақ дін деп қайсысын айтамыз, деген тәрізді сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Теология мен философияның өзі көзқарастар қайшылығы болып табылады. Сондықтан дінді әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің, әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы, жеке адамдардың және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарстыру бізді діннің шын табиғатына бір қадам жуықтата түседі.
Діни қызмет және оның түрлері.
Діни қызмет дегеніміз – діни ілімді жинақтап, саралау, түсіндіру жіне тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру.
Діни қызмет ілімдік және ғұрыптық болады.
Дінді уағыздау, діни оқу орындарында білім беру де - осы қызмет саласының міндеттері. Одан кейінгі құлшылық жасау салттары діни мейрамдарды өткеру, құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу т.б. діни қимыл-әрекеттерінің бәрі ғұрыптық қызметтер деп аталады. 
Дінтану ғылымы да (өзге салалары секілді) діннің негізгі ерекшеліктерін саралай келе, оның қоғамда және адам өмірінде атқаратын қызметтерін (функцияларын) анықтайды. Оларды ерекшеліктеріне қарай негізгі үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. әлеуметтік функциясы - дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды;
2. адамгершіліктік функциясы - дін жалпыадамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады;
3. компенсаторлық - адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа, үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді;
4. Рет­теуші фун­кция деп же­ке адам­ның, ұжым­ның, қауым адамдарының бел­гі­лі бір идеясын, құн­ды­лық­та­рын, әдет-ғұ­рып, дәс­түр ин­сти­тут­тар­ мен адам­дар­дың ара­сын­да­ғы қа­ты­нас­тар­ды, мі­нез-құлық­та­рын, са­на-се­зім­де­рін рет­тейді. Осы­лай реттеушілердің ішін­де ең бір елеулі­сі бел­гі­лі бір жүйелік нор­ма­ға (ді­ни құ­қық­тың, мо­раль жә­не т.б.), үл­гі­мен (көп­те­ген үл­гі­лі нәрселер­мен), ба­қы­лау (әр­ түр­лі ұйға­рым­ды орын­дау), ма­дақ­тау мен жаза­лаулар бо­лып есеп­те­ле­ді. Бұл фун­кцияны ті­ке­лей дін­ге байланыстырып қа­рас­тыр­сақ, қан­дай да бір іс-әре­кет­тер, қатынастар бол­ма­сын, олар­ды құ­дай аты­нан, құ­дай өси­еті мен шари­ғат ар­қы­лы жә­не т.с.с. ді­ни мо­раль ар­қы­лы рет­те­й­ді. Қа­зір­гі кез­де дін­нің эво­лю­циялық өзге­ріс­тер­ге ұшы­рауына байла­ныс­ты аза­мат­тық қо­ғам­да­ғы тұл­ға ­ара­лық қа­ты­нас­тар рет­теу тіршіліктері­не жа­ңа­ша әсер ет­кі­сі ке­ле­ді. Ді­ни ұйымдар бейбітшілік жә­не адам құ­қық­та­рын қор­ғауға ба­ғыт­та­ла­ды. Мысал ре­тін­де ді­ни ұйым­дардың әр ­түр­лі қайырым­ды­лық ак­цияла­рын, білім бе­ру­ге ар­нал­ған ді­ни жа­ңа ұжым­дар­дың қа­лып­та­суын, адас­қан жан­дар­ды құт­қа­ру ар­на­сын­да­ғы кыз­мет­те­рді, қа­ты­гез­дік­ке қар­сы әрекеттер­ді атап өту­ге бо­ла­ды. Қо­ры­та айтқан­да, дін­нің бас­ты «реттеуші» фун­кциясы, адам­дық қа­рым-қа­ты­нас­та­рын бел­гі­лі бір тәр­тіп­ке кел­ті­ріп, оның құ­ді­рет­ті­лі­гі мен қа­си­ет­ті­лі­гі­не адам­дар­ды илан­ды­ру, сен­ді­ру.
5. Дін­нің ин­тег­ра­циялық – де­зин­тег­ра­циялық фун­кциясы. Дін ар­қы­лы бір жағ­дайда адам­дар одақ құ­ра­ды, екін­ші бір жағдайда адам­дар­ды, топ­ты, ин­сти­тут­ты ыды­ра­та­ды. Ин­тег­ра­циялық функциясы бір ді­ни көз­қа­рас­тық фор­ма­да­ғы адам­дар­дың бас­та­рын қо­са­ды. Егер де ді­ни көз­қа­рас әр ­түр­лі бо­ла бас­та­са, он­да ді­ни қауым­дар ыды­рап, де­зин­тег­ра­циялық фун­кциясы орын­да­ла­ды. Қа­зір­гі кез­де­гі интеграциялық фун­кцияны мы­на­дан кө­ру­ге бо­ла­ды. Мил­ли­он­да­ған мұсылмандар Мек­ке­ге қа­жы­лық­қа барып, бас­та­рын қо­сып ба­ра­ды, Рим па­па­сы­ның уағызда­ры жүз­де­ген, мың­да­ған топ­тық ауди­то­рияны жи­найды, буд­да­лық мейрам ха­лық ағы­лып әке­ле­ді.
6. Дін­нің мә­де­ни­етті та­ра­ту фун­кциясы – дін­ді мә­де­ни­ет­тің бө­лі­гі ре­тін­де қа­рас­ты­ру бо­лып та­бы­ла­ды. Бұл фун­кция, әсі­ре­се ал­ғаш­қы қауым­дық құ­ры­лыс­та жә­не ор­та ғасыр за­ма­нын­да үл­кен орын ал­ды. Ді­ни ілім – жа­зу­дың, кі­тап ба­су­дың, өнер­дің, қол өне­рі­нің жә­не та­ғы бас­қа да мә­де­ни­ет түр­ле­рі­нің да­муына үл­кен әсер ет­ті де, қа­зір­гі кез­де де ол фун­кциясы жойыл­ған жоқ.


жүктеу 145,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау