МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ҚАУІПСІЗДІГІ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СтратегияСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ПринципТЕРІ
Қазіргі кезеңдегі сыртқы қауіпсіздіктің параметрлері
Тәуелсіздік алумен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің анықталуы
Ядролық қару және Қазақстан қауіпсіздігі
II тарау. Орталық-азия регионында Қазақстан қауіпсіздігін қамтамасыздандыру проблемалары.
2.1. Интеграциялық процесс Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыздандырудыњ негізгі факторы ретінде.
2.2 Азиядағы Сенімділіктіњ ¤зара әрекеті мен Шаралары бойынша Кењестіњ дамуы мен келешегініњ қорытындысы
2.3. Оратлық-азиялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудағы ШОС қызметі мен ролі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейтестілігі. «ХХІ ғасырға адамзатпен бірге кіретін шешілмеген проблемалар ауыр жүк болып табылады. Оның ішінде қауіпсіздік проблемесы әмбебап мәнге ие болады. Әскери аспектілерімен қатар оның саяси, экономикалық, экологиялық, ақпараттық және басқада аспектілері айқындалады. Халықаралық қауіпсіздікке зиян келтіруге қабілетті және Халықаралық қатынастардың тұрақты дамуына келешекте ауыр нұқсан келтіретін ескі қатерлер шиеленісіп және жаңа қатерлер пайда болды...»2
Мемлекеттің қауіпсіздігін, оның тәуелсіздігі мен тұтастығын, сонымен қатар ішкі тұрақтылығын қамтамасыздандыру ұлттық мемлекеттер дәуірінде туылған, кейбір көреген зерттеушілердің болжамына қарағанда өзінің ақырына жақындаған, кез – келген мемлекеттіктің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Соған қарамастан, Қазақстан 1991 жылдан соң, еуропалық елдер XVI1-XX ғасырларда және үшінші әлем елдерінің көбісі ХХ ғасырдың ортасында бастарынан өткізген ұлттық мемлекеттердің қалыптасу кезіндегі қиындықтарымен кездесуде. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін өзінің қауіпсіздігінің абсолютті кепілдігіне ие болатын, оны Кеңестік әскери күш қамтамасыз ететін, ал ССРО тарағаннан соң бұл кепілдіктің нәтижесі нөлге теңесті, сондықтанда бұл мәселенің шешімі осымен одан әрі күрделене түсті.
«Соңғы уақыттарда өткен геосаясаттық жағдайлардағы өзгерістермен және тәуелсіздікті жариялаумен, БҰҰ және басқада бірқатар халықаралық ұйымдарға кірумен байланысты Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, қорғанысында және ұлттық қауіпсіздігінде оған таныс емес проблемалармен түйісті».3
Қазіргі кезде Қазақстан өте қолайлы сыртқы саясаттық жағдайларда орын алады деп есептеледі. «Қазақстан Республикасы барлық ядролық қарулы державалардан қауіпсіздік кепілдігін алды, 1992 жылғы Ташкенттік Шарт негізінде әскери – саясаттық блоктың қатысушысы болып табылады, еуропалық және азиялық елдермен өзінің қатынасын белсенді түрде дамытуда. Дегенмен осы процестің тұсында Қазақстан қауіпсіздігінде өте қатты көңіл аудартатын күмән бар. Бұл күмән ұлы державалардың міндеттемелерімен және стратегияларымен байланысты. Жоғарыда айтылғандай, Ресей ресми түрде өзінің өмірдегі мүдделерінің аймағына енгізді. Бұл өзара әскери – стратегиялық міндеттемелердің тұрғысынан қарағанда түсіндіруге болады. Бірақ мәселе келесіде: Ресей саясаты Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне қандай дәрежеде қауіп төндіре алады, Мәскеу региондағы өз мүддесін қорғай отырып және мұнда басқа державалардың енуіне кедергі жасай отырып қаншалықты терең кете алады...»1
Қытаймен арадағы қатынасты, ҚХР әскери қуатының өсуіне байланысты гипотетикалық қауіптің болуына қарамастан, қауіпсіздік тұрғысынан позитивті (оң) деп бағалауға болады. ҚР мен ҚХР Үкіметтері жалпы мақсаттарды анықтады: ішкі тұрақтылықты сақтау, экономикалық байланыстарды дамыту және төменгі сапалы өндірістермен күресу.
Көп жоспарлы ынтымақтастықты кеңейтуге, саяси климатты тұрақтандыруға, регионалдық жанжалдарды болдырмауға және реттеуге бағытталған, Азиядағы өзара әрекеттер мен шаралар бойынша Кеңесті шақыруы (АӨӘШК) Қазақстан Республикасының ең шынайылық ынталығы болды.
Он жыл бұрын басталған процесс, бүгінгі күні Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау саласындағы әрекеттегі форумның сипатына ие болды, оның нәтижесі болып АӨӘШК принциптерінің Декларациясы табылды.
«Біздің күш салуымызбен және көрші мемлекеттердің күш салуымен регионда бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізілгенмен, Орталық Азия – әлуетті дау – жанжалды региондардың біріне саналады. Таяу жердегі шекаралық территорияларға көз салғанның өзі жеткілікті: Тәжікстандағы, Ауғанстандағы, «ұзаққа» созылған Кавказдағы соғыстар. Дау – жанжалдар келешекте регионның ішіндеде, жәнеде оның айналасында, оның ішінде территория үшін, сулы және бай табиғи ресурстар үшін пайда болуы мүмкін...»2
2002 жылдың 4 маусымында Алматыда АӨӘШК – нің бірінші саммиті өзінің жұмысын бастады, онда мақсатқа жетудің нақты қадамы болып табылатын – регионның тұрақты дамуын қамтамасыз ету – халықаралық терроризммен күресте бірлескен әрекеттер туралы Алматылық Акті мен Мәлімдеме қабылданды. Бұл жұмыстағы Азия мен дүниежүзінің ірі мемлекеттерінің – Қытайдың, Ресейдің, Индияның және басқа мемлекеттердің, маңызды ролін атай келіп, төрағалық жасаушы азиялық континентте қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ координациялаушы роліне ерекше көңіл бөлді.
АӨӘШК бірінші саммитінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен көтерілген өзекті мәселелердің бірі болып Ауғанстан айналасындағы жағдай табылды. Барлық азиялық елдер, ғалами жауыздық ретінде терроризмге шешімді қарсы тұруы қуантатын жағдай, – деп атап өтті Н.Назарбаев. «Осы салада барлық мемлекеттермен, бұл қауіпке тиімді қарсы тұру үшін сәйкестікті халықаралық ұйымдардың айқын координациясымен келісілген саясатты өндіру қажеттігі пісіп жетілді. Халықаралық терроризмді қиып тастауға барлық дүниежүзілік қауымдастықтың саясаттық, қаржылық және ой мен ақыл, парасат күштері бағытталуы керек»,- деп қорытындылады Н.Назарбаев3.
Соңғы күндердің ең басты жағдайларының бірі 2002 жылдың мамыр айының ортасында Кремльде өткен Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің мерейлі сессиясы болды, онда, дүниежүзіндегі жағдайлардың дамуы салдарларынан Шарт механизмдерінің жаңа болмыстарға бой үйретуін талап ететіндіктен, Шартты халықаралық регионалдық ұйымға қайта өзгертуі қажеттігі туралы шешім қабылданды. Біздің еліміздің Президенті Н.А. Назарбаев, пресс-конференцияда сөз сөйлеп, Шартты ДКБ мүшелеріне қауіп төну жағдайында қолдануға болатын сақтандыру полисі ретінде өте жоғары бағалады. «Бігін біз өте маңызды шешім қабылдадық, – деп көрсетті Нұрсұлтан Әбішұлы – Қатысушы – мемлекеттерге қару мен техниканы бірдей баға бойынша сатып алуға мүмкіндік беретін, әскери – техникалық ынтымақтастық туралы шешім қабылдадық. Кадрларды дайындаудағы ынтымақтастық туралы қабылданған шешімнің маңызы одан кем түспейді... »1
Н. Назарбаев шарттың ескірген ережелерін қайта қарауды қолдады, жәнеде оны халықаралық ұйымға түрлендіруге ықылас қосты. Қазақстанның атынан осы ұйымның беріктенуі мен тұрақтануына барлық қажеттілікті жасайтынын және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы жаңа түрінде өте кең жайылған еуразиялық кеңістікте тұрақтылықтың кепілдігі болатынына сенімділік танытты.
Ұлттық қауіпсіздік концепцияларын жүзеге асыру кезінде, Қазақстан Республикасының ішкі қауіпсіздігіне төнетін қауіпті анықтайтын факторларға ерекше көңіл бөлінуі керек. Көңіл аударуды керек ететін бір жайт, ол көптеген ішкі проблемалардың сыртқылармен тығыз байланыста болуы, атап айтсақ – Этностар аралық қатынастар, жемқорлық және экономикалық қылмыстылық. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздігі Кеңесінің іс – әрекетінің, оның Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыздандыратын барлық құрылымның тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету қабілеттілігінің шешуші маңызы болады.
Осының барлығы қазіргі этаптағы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігінің қолданудағы жүйесін талдау қаншалықты саяси актуалды және тәжірибе жүзінде маңызды болып табылатынын көрсетеді. Бүгінгі күні, ғаламдану процестері регионалдық қауіпсіздік пен ұжымдықты қамтамасыз етуде жаңа дүниежүзілік тәртіп шегін әкімшілікпен ұсынып жатқанда, дипломатия мен халықаралық құқық дүниежүзіндегі тұрақтылықты сақтаудың негізгі механизмдері болып табылады.
Тарихнама. Біздің республикамыздың сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуының 10 жылдығының қорытындыларының түпнұсқасы, Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мәселелеріне арналған, бірқатар ғылыми еңбектер бола алады.
Қазақстанның сыртқы саяси курсының қалыптасуы мен беріктенуі тақырыбын аша отырып, маңыздылығы кем түспейтін тағы бір аспектіге көңіл аударғанымыз дұрыс болар еді. «Саясаттағы жеңістік тұтасымен, жәнеде әсіресе мемлекетаралық қатынастарда, көп жағдайда халықаралық аренада басты қатысушы тұлғалар болатын – мемлекеттердің жетекшілерінің таза адамгершіліктік және жетекшіліктік қасиеттеріне тәуелді болады…»^ Бұл, халықаралық қатынастың кез – келген аспектілерінің сауатты және күн ілгері кесіліп пішілмеген талдауы онсыз іске аспайтын, тарихи дамудың объективті факторларының барлық маңыздылығымен қатар, қазіргі саясатты қалыптастыру үшін маңыздылығы төмен емес басқа элемент – субъективті фактор туралыда ұмытпауымыздың керек екенін көрсетеді.
Бұл пролемадағы өзінің көзқарасын «Казахстан и Назарбаев: логика перемен» кітабында Е. Ертысбаев мазмұндап берді. Автор, Президент Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саясаттық қызметі республикада барынша кеңінен белгілі екенін, бұқаралық ақпарат құралдарында егжей – тегжейлі түсіндірілетінін және баяндалатынын, ғылыми орталықтарда талданатынын ерекше атап өткен. Кітапта Қазақстан мемлекетінің Басшысының халықаралық қызметінің жеке эпизодтарын жекелей бақылауға негізделген бірегей материалдар келтірілген. Оның ең басты қорытындысы: «Бүгін жалпыға белгілі, Қазақстан мемлекеті Басшысының белсенді жүргізген сыртқы саяси қызметінің арқасында Қазақстан халықаралық саясат мінбесінде өзінің жеке дауысын шығара алады…».
Қ.К. Тоқаевтің «Под стягом независимости», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» және «Дипломатия Республики Казахстан» кітаптарында елдің халықаралық саясатының негізгі бағыттарының талдауы, Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігінің құрылымын жасау саласындағы Қазақстанның әртүрлі мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен екіжақты және көп тарапты қатынастарының дамуындағы нақты нәтижелер келтірілген.1
Сонымен қатар, 1995, 1998 және 2000 жылдары Сыртқы Істер Министрлігі шығарған арнайы жинақтарды, «Внешняя политика Казахстана», «Актуальные проблемы внешней политики Казахстана» және «Приоритеты казахстанской дипломатии на рубеже веков»2 атап өту керек, бұл жинақтардың бәрі таяу және ұзақ мерзімдегі келешекке қойылатын мақсаттарды көрсеткен Президент Н.Ә.Назарбаевтың сөзіменен ашылады. Жинақтарда келтірілген Сыртқы істер министрінің, Қазақстан елшілерінің және халықаралық қатынас – мамандарының статьялары қауіпсіздікті тұрақтандырудың әртүрлі аспектілерін қозғайды, сонымен қатар шетелдік мемлекеттермен екіжақты қатынастың дамуы, серіктес – мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаттарының талдамасы мен әртүрлі халықаралық және регионалдық проблемалар келтірілген.
Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының бірінші директоры У.Т. Қасеновтың жетекшілігімен «Основные итоги внешнеполитической деятельности Республики Казахстан и ее приоритетные задачи»3 атты кітап басылып шықты, онда шағын тарихи перспективада республика қауіпсіздігінің тұрғысынан ең маңызды міселелер жарық көрген, бірінші кезекте 1991 жылдан бастап тарихтың Қазақстанның алдына қойған сыртқы саясаттық мәселелері. Бірақ монографияға біздің жас мемлекетіміздің өзінің ұлттық мүдделерін анықтауда, ССРО-ның құлауымен және тәуелсіздік алумен байланысты өткен өзгерістерде елдің сыртқы қауіпсіздігіне жаңа және анықталмаған қауіптердің төнуін анықтауда кездескен қиындықтар өз әсерін тигізді.
Өзінің «Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика. Политология» монографиясында Лаумулин М.1 ең маңызды мәселелерді Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен факторлары тұрғысынан көрсетеді, бірақ ол тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның сыртқы саясатының барлық аспектілерін толығымен айқындай алмайды, бұл жұмыс, сонымен қатар, біздің еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түпкілікті және аяқталған жетекшілік бола алмайды. Бұл проблема соншалықты иілімді және тұрақты түрде өзгеріп отыратындықтан, оның басымдылығына тұрақты түзетулер енгізіліп отырады.
Біздің республикамыздың ұлттық қауіпсіздігінің концептуалдық негіздерін өз көріністерінде авторлар Абенов Е., Спанов М. және Перметов С. «К проблеме национальной безопасности Казахстана»2 статьясында ұсынды, ол статьяда Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамды, құқықтық мемлекетті және мемлекеттік тұтастықты және қауіпсіздікті сыртқы және ішкі қауіптерден сақтауды қалыптастыру шеңберіндегі ұлттық идеясы мен ұлттық мүдделерін анықтауға арналған мәселелер кеңінен айқындалады. Дегенмен, бұл жұмыста елдің мүддесіне ішкіде, сыртқыда сипаттағы қауіптердің шығындарын минимизациялауға бағытталған, оны қамтамасыздандыруға арналған ұлттық қауіпсіздік пен шараларды құру бойынша айқын негіздер жоқ.
Азия континентінде бейбітшілік пен тұрақтылықты ұстауға, тоқырау жағдайын реттеу бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың тактикасы мен стратегиясын әзірлеуге ықпал ететін Шарттарды жүзеге асыруға арналған регионалдық бірлестіктердің қызметі К.Л. Сыроежкиннің3 жұмыстарында айқын көрсетілген. Оларда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдылықты бағыттары, жалпы дүниежүзілік проблемалар бойынша активті жайғасымдары және қауіпсіздік жүйесін қолдау мен құру үшін дүниежүзілік қоғамдастық істеріне қатысу талданады.
Қазақстанның сыртқы саясатының ресейлік бағытына келетін болсақ, онда оған «Президент Н.А. Назарбаев. Казахстанско-российские отношения» кітабы арналған, бұл кітапта біздің еліміздің басшысының 1991 жылдан 1998 жылдар кезеңіндегі екіжақты қатынастардың әртүрлі аспектілері бойынша жасаған баяндамалары, сөйлеген сөздері, статьялары келтірілген. Бұл жұмысты зерттеу процесінде Ресеймен біздің ынтымақтастығымыздың әрбағытты беріктендіру мен дамытудағы қазақстан жетекшісінің принципиалдық көзқарасын сатылы түрде бақылауға болады. Айта кететін бір жайт, осы проблематикаға қазақстандық қауымдастық жағынан, жәнеде Қазақстан мен Ресейдегі дипломатиялық корпустар қауымдастықтарының, халықаралық ұйымдар мен зерттеуші орталықтар жағынан байқалған, жоғары мүдделілік осы кітапты қазақ және ағылшын тілдерінде шығаруға әкелді.1
Қазақстан – ресей қатынастарының он жылдық дамуының нағыз қорытындысы ретінде Т.А.Мансуровтың «Казахстан и Россия: суверенизация, интеграция, опыт стратегического партнерства» және «Казахстанско-российские отношения в эпоху перемен. 1991-2001»2 монографияларын атауға болады, ол біздің ынтымақтастығымыздың қазіргі кезеңінің «өзінше антологиясы» болып табылады. Олар қазақстан – ресей қатынастарының барлық саласында өтетін көп жоспарлы процестердің талдануына арналған. Кітаптың өзінің атауыда айтып тұрғандай, «осы онжылдықта қаланған серіктестіктің қуатты іргетасы, қазақстан-ресей қатынасының» жоғары деңгейіне баға беруге тырысу бар.
Деректеме қоры болып қазіргі этаптағы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына арналған халықаралық шарттар табылды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен шартты – құқықтық қорын құрайтын және осы елдердің саяси, экономикалық, әскери – техникалық және ізгілікті ынтымақтастығының әртүрлі аспектілерін қозғайтын негізгі құжаттар кіретін жинақтарды ерекше бөліп көрсету керек.3
Дипломдық жұмыста келтірілген материалдарды, құрылымы бойынша бірнеше топтарға сыныптауға болады. Біріншісі, құжаттардың ең кеңейтілген тобы, 1991 жылдан бастап біздің республика мен басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық қауіпсіздік, әскери ынтымақтастық пен бейбітшілік жолындағы қызметтердің саласындағы, мемлекеттер басшыларымен, үкіметтер басшыларымен, сыртқы істер және басқа ведомстволар министрлерімен қол қойылған тікелей келіссөздерден тұрады.
Бұл құжаттар тобына, әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі шеңберін анықтауда ең маңызды орын алатын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы Шартты жатқызуға болады. Біздің елдеріміздің арасындағы осы шарттың барлық негізгі ережелерінің жүзеге асуын атап айтуға болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының1 территориясында орналасқан стратегиялық шабуылдық қарулануды қысқарту процесіндегі ынтымақтастық туралы Келісімде осы келісімнің шеңберінде жемісті орындалған «стратегиялық шабуылдық қарулануды қысқарту бойынша ынтымақтастықтың» негізгі кезеңдерін анықтайды.
Құжаттардың екінші тобына біздің республикамыздың территориясындағы ядролық мұраның тағдырын анықтайтын, қабылданған келісімдер мен шарттар және Қазақстан Республикасының территориялдық тұтастығы мен тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне кепілдік беретін құжаттар жатады.
Лиссабон хаттамасына2 қол қоя отырып және сол арқылы ядролық қарусыз мемлекет болуға міндеттеме ала отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, 1993 жылдың желтоқсан айында Ядролық қаруды таратпау туралы Шартты3 бекітті. Біздің мемлекетіміздің қабылданған шарттардың барлық талаптарын қатысушы – елдер ішінде бірінші болып орындағанын атап айтуымыз керек.
Республиканың қауіпсіздігіне кепілдік беретін маңызды жағдай, ол Қазақстанның халықаралық шартты – құқықтық1 қатынастар жүйесінде болуы, олардың ішінде – Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы ядролық қаруды таратпау туралы Шартпен байланысты кепілдеме беруді қолдану туралы Келісім4.
Үшінші топқа ТМД – ны беріктендірі және оған қатысушылар арасындағы қауіпсіздік контекстіндегі интеграциялық байланыстарды дамыту үшін ең маңызды мәні бар Ынтымақтастық құжаттары кіреді.
Ұжымдық қауіпсіздік идеясы, 1992 жылдың 15 мамырында Ташкент қаласында алты бұрынғы кеңесті республикалармен қол қойылған Шартта өз орынын тапты. Соңғы жылдардың ішінде ТМД елдерінің арасындағы ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Қазақстанның қауіпсіздігіне байқалатындай кепілдік беретін жалғыз шарт болып қалды.5 Бірақ, қылмыстықпен күресте біріккен шаралар қабылдайтын, ТМД елдерінің тәжірибелік ынтымақтастығының деңгейі оның реалдық масштабына үйлесімді және тиімді болуы және кешендік және жүйелік келісті қамтамасыз етуі керек.
2000 жылдың 24 мамырында Минскіде, 1992 жылдың 15 мамырындағы ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарттың тиімділігін жоғарылату туралы Меморандум қабылданды, бұл оны қазіргі геосаясаттық жағдайларға үйлестіру әрекеті еді.2
Бұл процестің дамуының келесі қадамы болып 2002 жылдың мамыр айының ортасында Кремлде өткен Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің мерейлі сессиясы табылды, онда Шартты халықаралық регионалдық ұйымға түрлендіру қажеттігі туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы ТМД қатысушы – мемлекеттердің әскери қауіпсіздігінің Концепциясы туралы Келісім2 әскери ынтымақтастықты күшейту және бейбітшілікті ұстау бойынша шараларды күшейту мақсатында қабылданған ең маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осы шартта ТМД елдерінің бірқатарының жалпы мүдделері көрсетілгеніне қарамастан, бұл келісімнің тиімділігі төмендігі байқалады, өйткені осы уақытқа дейін оның қатысушыларының қауіпсіздігіне келетін қауіп пен қатерге шапшаң тойтарыс беретін нақты механизмдер құрылған жоқ.
Келесі топқа, азия континентіндегі регионалдық қауіпсіздікті құру туралы материалдар кіреді. Бұл, бірінші кезекте, ынтымақтастықтың Шанхайлық ұйымын құру туралы Декларация3, онда ұйымның негізгі мақсаттары мен принциптері, ынтымақтастықтың әртүрлі саласындағы барлық қатысушылардың өзара әрекеттесу координациясы анықталады. Сонымен қатар, Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру проблемалары толығымен шешілді деп тұжырым жасау аңғырттық болар еді. Өкінішке орай, осында азиялық емес мемлекеттердің – АҚШ, НАТО және Еуроодақ елдері – әскери – саясаттық қатысуы салдарынан және бірқатар басқада себептермен, Азиядағы геосаясаттық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, осының бәрі бір жағынан Ауғанстан айналасындағы жанжалдық потенциалдың төмендеуіне әкелгенмен, екінші жағынан жаңа нақты қауіптердің пайда болуына әкелді.
Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы араларындағы шекаралы аудандардағы әскери саладағы сенімділікті беріктендіру туралы Келісім4 және Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы араларындағы шекаралы аудандардағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы Келісімдер1, Ынтымақтастықтың Шанхайлық ұйымының қалыптасуы үшін негізгі база болып табылды. Жоғарыда көрсетілген келісімдерде орын алған принциптер ЫШҰ-ның қатысушы – мемлекеттері арасындағы өзара қатынастың негізін анықтайды. Дегенмен ескеретін бір жай, көптеген туындайтын проблемаларды қатысушы – елдер, бұл ұйымнан тыс, мемлекеттік немесе екіжақты деңгейде шешкенді оңтайлы көреді.
Терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Шанхай Конвекциясы1 халықаралық терроризмге, ұлттық сепаратизмге және діни экстремизмге, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына белсенді қарсы әрекет орнықтырады. Дегенмен бұл конвенцияныңда әлсіз және тиімсіз әрекетін атап өту керек. Ірі дүниежүзілік есірткіні тарату базасы болып табылатын Ауғанстан әлдеде сол күйде қалуда, бұл проблема өз шешімін әлі тапқан жоқ. Осы елде болып өткен белгілі жағдайлардан кейінде есірткі өндіру көлемі қысқарған жоқ, ал керісінше көбейді. Азия континентінде, өкінішке орай, қарудың заңсыз саудасының масштабы тұрақты түрде жоғарылауда. Жағдайдың тұрақтанбауының тағыда бір қауіпті жағдайы, жекелеп айтсақ, Ауғанстан аумағында, региондағы жаңа қауіптің пайда болуы, ол заңсыз (құпия) көшіп – қону. Оның өсу масштабының, есірткілік, экстремизм және қарудың заңсыз айналымы сияқты Жайсыз құбылыстармен байланыстылығы алаңдатады.
Әдіснамалық негіз. Салыстырмалы, институтталған талдаудың жалпы теориялық әдістері, объективтіліктің, тарихтылықтың, ғылымдылықтың принциптері қолданылды.
Жұмысты жазу үшін әдіснамалық бағдар ретінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері алынды2, онда ол регионалдықта, дүниежүзілік деңгейдеде қауіпсіздікті қолдаудың маңыздылығы туралы айтады. Концептуалдық аспектілер, стратегиялық бағдарлар Президент Н.Ә.Назарбаевтың ескертілген келесідей негіз қалаушы жұмыстарында белгіленген - «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» және «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмыс халінің жақсаруы».
Біздің еліміздің сыртқы саяси курсының қалыптасуы мен дамуының торабтық кезеңдері, еуразиялық өркениеттіліктің келешегі туралы ойлар, оның ішінде тарихи және мәдениет аспектілеріндегі, мемлекет басшысының «На пороге XXI века» және «В потоке истории» жұмыстарында келтірілген.
Қауіпсіздік саласындағы қазақстанның сыртқы саясатының бағытына келетін болсақ, ол туралы «Стратегия трансформации общества и возрождения евразийской цивилизации» кітабында оған көп көңіл бөлінген, онда 1991 жыл мен 2000 жылдар аралығындағы қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілері бойынша біздің мемлекетіміздің басшысының баяндамалары, сөйлеген сөздері, статьялары келтірілген. Бұл кітаптан, қазақстандық жетекшінің сыртқы әлеммен қауіпсіздік саласындағы біздің ынтымақтастығымыздың принципиалдық жайғасымын сатылы түрде бақылауға болады. Барлық материал бойында қызыл сызықпен өтетін негізгі идея, Қазақстанның президентінің сөзімен айтқанда: «Қазақстан өзінің геосаясаттық жағдайын түсінеді және азия континентіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті беріктендіру бойынша орталық болуға дайын»1 – деп қорытындыланады.
Диплом жұмысының Жаңалығы. «Қазақстан Республикасының қазіргі этаптағы сыртқы қауіпсіздігі» тақырыбы – әдебиеттегі жаңалық емес және соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің әртүрлі аспектілеріне арналған көптеген еңбектер пайда болды. Берілген тақырыпты зерттей отырып, ҚР сыртқы қауіпсіздігін беріктендірумен байланысты мәселелерді және мемлекеттік тұтастықты қамтамасыздандыру саласындағы жағдайлардағы елдің басты мүдделері ретінде зерттеумен айналысқан саясаткерлердің еңбектеріне сүйендік. Елдің қауіпсіздік принциптерін зерттеуде келесі қадамды жасау керек, ХХІ ғасыр табалдырығында Орталық – азиялық регионда пайда болған жағдайларды талдауға тырысу қажет. Жұмыстың жаңалығы жаңа әдебиеттерді қолданудан тұрады, соларды талдау негізінде автор қазіргі халықаралық қатынастар жағдайындағы қауіпсіздік контекстіндегі қорғанудың ұлттық мүдделерінің сипаттамалары туралы қорытындылар жасайды.
Жұмыстың мақсаты біздің мемлекетіміздің қауіпсіздік құрылымының қалыптасуының негізгі принциптері мен стратегияларын ашудағы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігінің негіздерін анықтау болып табылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасымен қазіргі кездегі Орталық – азия регионы шеңберінде туындаған тоқырау жағдайын реттеудегі проблемалар мен қарама – қайшылықтарында, қауіпсіздік контекстінде, оның саясатының негізгі бағыттарында, жүргізудегі сыртқы саясатты талдау болып табылады.
Бұл жұмыстың міндеттері болып табылатындар:
қазіргі кезеңдегі республиканың сыртқы саясатының параметрлерін оларда белгіленетін дүниежүзілік процестер аспектілерінде зерттеу, Тәуелділік алумен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін анықтау;
ядролық қарусыздану мәселелерін шешу жолындағы Қазақстанда пайда болатын проблемалар мен қарама – қайшылықтарды талдау;
Орталық – азия регионындағы Қытай Халық Республикасының геосаясаттық стратегиясын зерттеу және қауіпсіздік контекстінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өзара қатынасын талдау;
ТМД қатысушы – елдерінің бір-біріне қанасы бойынша және барлық дүниежүзілік қоғамдастық бойынша қауіпсіздік контекстінде жүргізетін ынтымақтастығын зерттеу;
региондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін фактор ретінде Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялық мүмкіншілігін зерттеу;
Азиядағы өзара әрекеттер мен шаралар бойынша Кеңестің (АӨӘШК) дамуы мен алдағы келешегінің негізгі қорытындыларын талдау, сонымен қатар Орталық – азияның қауіпсіздігі жүйесін қалыптастырудағы ЫШҰ қызметі мен ролінің негізгі бағыттарын анықтау.
Жұмыстың құрылымы қойылған мәселелермен анықталады және кіріспеге, үш тарауға, қорытындыға және қолданылған әдебиеттер тізіміне бөлінеді.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігінің параметрлері, тәуелсіздік алумен келген өзінің ұлттық мүдделерін анықтау, ядролық қарусыздану мәселелерін шешу жолындағы Қазақстанда пайда болған проблемалар мен қарама – қайшылықтарды талдау сипатталады.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, ҚХР – мен ынтымақтастығының күйі мен келешегі, біздің мемлекетіміздің ТМД шеңберіндегі мүдделерінің кеңеюі мен тереңдеу саясаты, ХХІ ғасыр табалдырығындағы Мемлекеттер қауіпсіздігі беріктенуінің сыртқы саясаттық факторының ролі сипатталады.
Үшінші тарау Орталық – азия регионында тұрақтандыру мен қауіпсіздікті қамтамасыздандыру үшін жүргізіліп жатқан интеграциялық процеске арналады. АӨӘШК дамуы мен барлық континенттер үшін алдағы келешегінің қорытындыларына талдау жасауға қадам жасалды, сонымен қатар Орталық – азия қауіпсіздігі жүйесін қалыптастыруда ЫШҰ қызметі мен ролін талдау.
I ТАРАУ. Қазақстан қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасу принциптері.
Достарыңызбен бөлісу: |