Қазақстан археологиясы



жүктеу 7,26 Mb.
бет1/28
Дата25.11.2017
өлшемі7,26 Mb.
#1420
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ә.Х.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ



К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов,

ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ

Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы

Алматы, 2009

ББК

Б 17
Баспаға ҚазҰУ тарих факультетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған


Пікір жазғандар:
Тарих ғылымдарының докторы, профессор - М.Е.Елеуов

Тарих ғылымдарының докторы, профессор.-

Тарих ғылымдарының докторы – Б. Байтанаев

Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ.

Қазақстан археологиясы: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы:..........., 2009. – 570 б.

ISBN -

Бұл оқу құралы палеолиттен бастап кейінгі орта ғасырларға дейінгі Қазақстан археологиясының материалдарынан тұрады. Еңбекте Қазақстан археологиясы Еуразия археологиясының бір бөлігі ретінде сипатталған. Онда соңғы ғылыми ізденістер де кеңінен қамтылған. Жекелеген ескерткіштердің отандық тарихнамадағы маңызы көрсетілген. Әрбір тарихи оқиғалар мен құбылыстар заттай мәдениет негізінде жан-жақты талданған.

Қазақстан тас, қола, ерте темір дәуірлері мен ортағасырлық кезеңі толымды түрде қамтылған аталған оқу құралы студенттерге, оқытушыларға, археологтарға, өлкетанушыларға және де басқа ғылым салаларының мамандарына арналған.
ББК.

Б ----------------

Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ., Байгунаков Д.С., 2009

.....................................


Авторлардан


Тәуелсіз Қазақстан мыңжылдықтар шебіне кететін тарихы мен өткенін терең де жан-жақты талдайтын еңбектерге аса зәру. Әсіресе, аталған өңірді ежелгі замандарда және орта ғасырларда мекендеген халықтардың әлемдік өркениет қазынасына қосқан үлесін, сонымен қатар қазақ ұлты мәдениетінің қайнар-бастауларын, мемлекеттілігінің қалыптасуын, қазақ этносының қалыптасу үрдістерін бағамдаудың маңызы аса зор.

Бұл кітаптың деректанулық базасы Қазақстан Республикасының барлық аудандарын қамтыған зерттеушілердің еңбектерінен, археологиялық экспедициялар мен отрядтардың жұмыстарынан тұрады.

Мұндай оқу құралы Қазақстан тарихнамасында бірінші рет жазылып тұрған жоқ. 1979 жылы «Мектеп» баспасынан К.А. Ақышев пен К.М.Байпақовтың «Вопросы археологии Казахстана» атты еңбегі, ал 1993 жылы К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов, Т.Жұмағанбетов сынды авторлардың «Археология Казахстана» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Соңғы аталған 2006 жылы жұмыс (жалпы редакциясын басқарған Д.С.Байгунаков) қазақ тіліне азды-кемді ықшамдалып аударылып, оқырманға жол тапты. 2006 жылы «Қазақ университеті» баспасынан К.М.Байпақов пен Ж.Қ.Таймағамбетовтың жаңа мағлұматтарды мейлінше қамтыған «Археология Казахстана» деп аталған оқу құралдары басылып шықты. Ал қолдарыңыздағы бұл басылым соның жалғасы немесе толықтырылған нұсқасы іспеттес. Бірқатар мәселелер қайта қарастырылып, кейбір тараулары қайта толықтырылып соны материалдар бойынша Қазақстан археологиясының проблемалары өрбітілген осы басылым қазақ тілінде оқырмандарымен қауышып отыр.

Жаңа оқу құралы алғашқы еңбектердегі ғылыми дәстүрді жалғастырады. Алайда пайдаланылған материалдар шеңбері мен қарастырылған проблемалар аясы оған қарағанда кеңірек. Бұл түсінікті де, себебі арада өткен онжылдықтар ішінде археологиялық ізденістер өз жалғасын тауып, олардың ауқымы кеңейе түскен болатын. Палеолиттік ескерткіштерде, қола мен ерте темір дәуірлері қорымдары мен қоныстарында, ортағасырлық қалаларда стационарлық қазба жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт аралығында жекелеген археологиялық ескерткіштерге арналған көптеген мақалалар мен монографиялар жарық көрді.

Айта кететін бір жайт, Қазақстан археологиясының барлық маңызды проблемалары аса терең де жеткілікті дәрежеде қарастырыла қойған жоқ. Көптеген археологиялық мәліметтерге негізделген сауалдар, шешімдер мен ойлар әлі күнге дейін пікірталастар туғызып келеді. Сондықтанда бұл еңбек мәтіндеріндегі жайттардың бәрі түпкілікті жасалған тұжырымдар емес. Мұның өзі ғылымда соңғы инстанция жоқ екендігін, ғылым дами беретіндігін естен шығармаудан келіп туындайды.
Кіріспе
Археология пәні Қазақстанның университеттері мен педагогикалық институттарында оқытылады. Ол бұрыннан жалпы және арнайы тарихи білім беру жүйесіндегі міндетті оқу пәні болып табылады. Археология курсы осы ғылым саласы бойынша нақты білім, оның процедурасы туралы түсінік пен ғылыми зерттеу ісін ұштап қана қоймайды, сонымен бірге болашақ мамандардың тарихи танымы мен гуманистік көзқарастарының қалыптасуына да өзіндік септігін тигізеді. Археологияны оқып-білу өткен уақыт пен пен қазіргі кездің органикалық тұтастығын түсінуге, тарихи үрдістердің заңдылықтарын, әлемдік тарихтың іргелі де терең мәселелерін ашуға және де адамзат пен әлемдік мәдениеттің, әлемдік өркениеттің бастапқы тамырларының біртұтастығын қалыптастыруға жетелейді.

Өткен замандардың шынайы келбетін қалыптастыру қазіргі күні Қазақстан Республикасының ұлттық бірлігіне, оның мемлекеттілігің қалыптасуына, егемендігін нығайтуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып отыр. Сондықтан да халықтың тағдырын, оның өзіндік түсінігінің дамуын көрсететін тарихты танып-білу жекелеген адам мен қоғамды елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелейді.

«Археология» термині гректің архайос (көне) және логос (сөз, ілім) сынды екі сөзінен тұрады. Алғаш рет бұл терминді айналымға б.з.б. ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Платон енгізген. Платон «археология» терминін көне замандар туралы ғылым деп түсініп, оған мейлінше кең мағына берді. Кейінірек, ХVІІІ ғасырда археология деп антикалық өнер тарихын атады, содан кейін тек біздің заманымызда ғана алғашқы қауымдық құрылысты, антикалық және орта ғасырлық заттай дереккөздерін зерттейтін және осылардың негізінде адамзат қоғамының тарихи дамуын қалпына келтіре алатын археологияның анықтамасы қалыптасты.

Салыстырмалы түрде алғанда тарихи түсінікті қалыптастыратын тарихи ғылымдар жүйесіндегі жас гуманитарлық пән - археологияның рөлі жоғары: бұдан 200 жыл бұрын адамзаттың тарихы (оның мифологиялық кезеңінсіз) бар болғаны шамамен 3000 жылды қамтиды деп көрсетілді. Бұл пайым жазбаша мәтіндерге ғана негізделді, олар көпшілік үшін әулеттер мен патшалық құрған адамдар, соғыстар мен жаратушы жайлы пікір-таластар еді.

Археология тарих ғылымында төңкеріс жасады. Ағылшын археологы Г.Чайлдтың айтуынша: «астрономияда телескоп көз жеткізер аумақтың деңгейін қалай кеңейтсе, ол тарих ғылымына тән кеңістік көкжиегін сондай дәрежеге жеткізді. Ол тарихтың таным мүмкіндіктерін жүздеген есеге арттырды...» (1). Африкадағы археологиялық ашылулар арқасында адамзаттың жас мөлшері 4 млн. жылдарға дейін ұзартылды. Бүкіл әлем қазір көптеген бірегей өркениеттер, антикалық Грекия мен Рим, Мысыр перғауындары дәуіріндегі мәдениет, Тигр мен Евфрат қос өзендері аралығындағы қала-мемлекеттер, скифтер мен сақтар өнері, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар туралы хабардар.

Жазба тарихы шамалы ғана түрде баяндалынатын не түгелдей жоқ елдер мен халықтардың өткенін білуде археологияның маңызы өте зор. Мұның әсіресе құнды мәліметтері ата-бабаларымыздың ескерткіштерінде сақталған Қазақстан тарихына да толық қатысы бар. Археологиялық дереккөздері сарқылмас қазына. Әсілі, ескерткіштері мол Еуразияның басқа өңірін атау қиын да шығар. Өйткені, шындап келгенде, Қазақстан – ашық аспан аясындағы музей болып табылады, оның жарқын жәдігерлері Арал маңында, Сырдарияның көне алаптарында, Маңғыстауда, Сарыарқада, Жетісуда, Мұғалжар мен Ертіс өңірінде көміліп жатыр.

Соңғы бірнеше онжылдықтардың әрбір 10-15 жылында археологиялық дереккөздерінің саны археологиялық зерттеулердің арқасында екі есеге артып отырды. ҚазКСР ҒА құрылғаннан соң, одан кейін Тарих, археология және этнография институтында Археология орталығының жұмыс істеуі және оның 1991 жылы дербес Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты болып жасақталуынан бергі уақыттардағы археологтардың қажырлы еңбектерінің нәтижесінде Қазақстанның ежелгі және орта ғасырларына жататын көптеген ашылулар болды. Қазақстанда археология ғылымы орныққаннан бергі уақыт ішінде ғалымдар Қазақстан тарихының, соның ішінде мәдениетінің тұтастай даму келбетін баяндап бере алды. Отандық археологтардың ашқан жаңалықтары бүкілодақтық және әлемдік деңгейде ресми түрде танылып, өзіндік оң бағасын алды.

Ендігі жерде олардың ең негізгілерін атап кетелік.

Палеолит дәуіріне жататын көптеген ежелгі тұрақтар мен шеберханалар ашылды және де Қазақстан аумағын бұдан 1 млн. жыл бұрын ежелгі адамдар мекендегендігі дәлелденді. Қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың палеоэкономикалық дамуында қазақстандық металлургиялық орталықтың өзіндік маңызы көрсетілді және де қазіргі Қазақстан аумағы мал өсірумен, егіншілікпен айналысушы тайпалардың ерте темір дәуіріне өткен трансформациялық үрдістерін дәлелдейтін өңір болғандығы анықталды. Археология ғылымы урбанизациялық үрдістер динамикасын, отырықшы және қала мәдениетінің дамуын зерттеуде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Әлемдік өркениеттің бүгінгі күні маңызды бір бөлігі саналатын Ұлы Жібек жолының тармақтары Қазақстан аумағы арқылы өткендігі анықталып отыр.

Археологиялық материалдар Қазақстанның мәдениеті көптеген құрауыштардан (көп компоненттерден) тұратындығын айғақтайды. Түрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен қабысуы саяси, мәдени және этникалық үрдістердің қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі болды. Орталықтары Қазақстан аумағында болған Батыс Түрік, одан кейінгі Түркеш және Қарлұқ қағанаттары, сонымен қатар қарахандықтар, оғыздар, қыпшақтар секілді ортағасырлық мемлекеттік құрылымдардың мәдениетінде түрлі этникалық дәстүрлер үйлесім тапқандығы археологиялық мәліметтердің арқасында нақты анықталып отыр.

Қазақстан ғылыми археологиялық мектебін әлем жұртшылығы мойындайтындығын бүкілодақтық және халықаралық конференциялардың Алматыда өтуі, қазақстандық археологтардың «Ұлы Жібек жолы: мәдениеттер диалогының жолы» сынды ЮНЕСКО ұйымдастырған халықаралық жобаларды жасауға қатысуы, Ресей Федерациясы, Франция мен АҚШ, Италия елдерімен біріккен ғылыми зерттеулер де айқындайды. Қазақстан ғалымдарының еңбектері де кеңінен мәлім. Археология ғылымының жеткен жетістіктерін насихаттайтын орталықтың бірі Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының музейі болды, оның материалдары АҚШ, Жапония, Франция, Италия, Германия, Швеция, Финляндия, Оңтүстік Корея, Мысыр елдерінде ұйымдастырылған көрмелерден табысты оралды.

Айта кететін бір нәрсе, Қазақстан одақтық республикалардың бірі болып тоталитарлық мемлекет – КСРО құрамында болған кезде, ал археология басқа қоғамдық тарихи ғылымдар жүйесімен бірге мемлекеттік идеологияға қызмет етуі тиіс кезеңде археология ғылымы маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Өйткені археологиялық материалдардың өзіндік өзгешелігі, және де археологиялық зерттеулердің бір сәттік проблемалардан алшақ болуы бұл ғылымның іргелі мәселелерді шешуіне кері әсерін тигізе қоймады. Зерттеу процесінде әлі күнге дейін жалпыадамзаттық мәдениетте маңызды орын алып отырған материалдар қамтылған еді. Сөйтіп, Қазақстан археологиясы шынайы ғылым идеяларына адал болып қала алды, әйтсе де ресми идеологияға, әсіресе тарихи дамудың негізгі күші тап күресі деген қағидаға азды-кемді жалтақтаған-ды.

КСРО кезіндегі археолог-ғалымдар қызметінің бір қыры «табиғатты қайта құру», «индустриялы құрылыс» сынды алып мемлекеттік жобалар нәтижесінде гидростанция салу, канал қазу, мелиоративтік жүйелерді жүргізуге байланысты құрылған далалық археологиялық экспедициялар жұмыстарынан да көрінеді. Мысалы, Шардара және Шүлбі ГЭС-ы, Қапшағай су қоймасы, тың және тыңайтылған жерлерді игеру, Ертіс-Қарағанды каналын жүргізу кезіндегі археологиялық ашылулар қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Тіпті құрылыс жұмыстары кезінде Есік обасындағы әйгілі «Алтын адам» да табылған болатын.

Бірақ бұл уақыттағы экспедициялар мен лабораториялардың техникалық құрал-жабдықтарының деңгейі төмен болғандығын, археологиялық материалдардан ақпаратты алудың кемшін тартып жатқандығын да айта кету керек.

Ғылыми еңбектердің көпшілігінде жұмыс нәтижелері емес, қазба жұмыстарының барысын сипаттауға, дереккөздерін жариялауға көбірек ден қойылғандығын да айта кеткен абзал.

Отандық археологтар американдық, ағылшын, неміс және француз әріптестерімен салыстырғанда шетелдерде өте аз жұмыс істеді. Ғылымның интеграциясы тек бүгінгі таңға ғана тән құбылыс болып отыр, ол кеңес ғылымында тіптен орныға қойған жоқ, өйткені бүкіл ел жабық қоғамда өмір сүрген еді.

Археологияның тағы да бір үлкен кемшілік жібергендігін айтпай кетпеуге болмайды. Кеңес археологтары мынадай сызба бойынша жұмыс істеді: ескерткішті ашу, қазба жұмыстарын жүргізу, алынған материалдарды жариялау. Бұл ретте саясиланған тоталитарлық қоғамға тән археологиялық ескерткіштерді сақтауға деген бейжайлық, немқұрайдылық қалыптасты. Нәтижесінде Қазақстанда бірде-бір музейлендірілген ескерткіш болмады.

Қазіргі таңда, Қазақстан тәуелсіз республика болған кезде, археология жаңа социум ішінде жаңаша қоғамдық статус иемденді, мұның өзі оның дамуына мол мүмкіндіктер ашып отыр. Әлбетте, бұл бірден орныға салатын дүние емес, әлі өтпелі кезең қиыншылықтарынан өту, ғылымның қызметін айқындайтын тиісті заңнамалық база орнықтыру, мамандар (кадрлар) әлуетін қалыптастыру, зерттеу жұмыстарын қаржыландыру сауалдарын шешу керек. Тәуелсіздік жылдарында еліміз саяси, экономикалық және мәдени дамуында белестерден өтті. Қазақстан экономикасы, әлеуметтік салалары, ғылыми және мәдени әлуеті дамып жатқан демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Сол себепті де бүгінгі күні тәуелсіз республикамыздың археология ғылымының дамып жатқан және болашақта дамитын бағыттары туралы сөз қозғаса да болады.

Археологиялық және тарихи зерттеулердегі басым бағдар ретінде Қазақстан археологиясының Еуразиялық мәдениет пен тарихқа жататындығы туралы қалыптасқан ережені қала беруі тиіс. Қазақстан тарихының үздіксіз дамығандығына, оның аумағында қалыптасқан сан алуан мәдениеттердің сабақтастығына көпшілік еңбектерде ерекше мән берілген. Осыған байланысты археология ғылымына тиесілі тұжырымдамалық негіздерді дамыту үшін ғылыми бағыттарды, басымдық бағдарлары мен практикалық тұрғыдан шешілуі тиіс мәселелерді мынадай блоктар топтастыруға болады:

1. Тас, қола және темір дәуірлеріндегі, орта ғасырлардағы археологиялық мәдениеттерді зерделеу; мәдени қабаттары бар шөгінділерге, археологиялық мәдени қабаттардың жұрт-орындарына, жекелеген кешендер мен бұйымдар категорияларына тән типологиялық және сыныптамалық проблемаларды зерттеу; жергілікті мәдениеттер мен олардың нұсқаларын бөліп көрсету.

2. Хронологиялық жүйе, кезеңдестіру, салыстырмалы және абсолюттік хронология құрылысын зерттеу; хронологиялық мәліметтер қорының типологиясын зерделеу; жалпы және жергілікті кезеңдестірудің өтпелі кезеңдеріндегі сәйкестік мәселелерін қарастыру.

3. Мал шаруашылығы, егіншілік және ирригация сынды ежелгі өндірістердің техникалық деңгейі мен эволюциясын зерделеу; ежелгі металлургия мен тау-кен ісі, керамикалық өндіріс, тоқымашылық секілді қолөнерді зерттеу.

4. Адамның шығу тегіне (антропогенез), адам қоғамының (социогенез) даму кезеңдеріне, тайпалар мен халықтардың қалыптасуы (этногенез) қатысты мәселелерді талдау; кенттендіру (урбанизация) мен көшпелілікті (номадизмді), көшпелі және отырықшы өркениеттердің өзара байланысын, ежелгі өнер мен архитектураны, байырғы қоғамдағы дүниетаным мен идеологияны зерделеу.

5. Палеоэкология мәселелерін зерттеу; картографиялық, топонимикалық, палеогеографиялық, палеозоологиялық және археологиялық жаңғыртулар; археологиялық нысандардан көрініс тапқан түрлі мазмұндағы сипаттамаларды модельдеу сауалдарын қарастыру; тәжірибелік қайта құрулар.

6. Археологиялық түсініктердің мәні мен рөлін анықтау, олардың сызбасын жасау; семантикалық талдау; комбинаторлық, статистикалық, нормативтік, математикалық модельдеу мен тілдік қасиеттердің нәтижелерін интерпретациялау принциптерін қарастыру.

7. Ескерткіштерді есепке алу (төлқұжатын жасау), қалпына келтіру мен адаптация, археологиялық мұраны консервациялау және сақтау; теориялық принциптер мен технология, әдістемелік бағыттарды зерттеу; археологиялық ескерткіштерді сақтау, регенерациялау мәселелері; топтама қорларының каталогын жасау; археологиялық ескерткіштерді музейлендіру және археологиялық туризмді дамыту.

8. Шешілуі тиіс басымдылықтар арасынан Қазақстанның социум ретінде адамзат тарихи дамуының үрдістеріне тигізген әсерін теориялық тұрғыдан қарастыру ерекшеленеді; осы өңірде өмір сүрген автохтонды тайпалар мен халықтардың Еуразиядағы заттай және рухани өркениеттер эволюциясына қосқан үлесін бағамдалуда; қазақ халқына тән мәдениет, өнер, дүниетаным тамырлары, оның мемлекеттілігінің дамуы және ру-тайпалық құрылымдардың біртұтас қауымға бірігуі зерделенуде.

9. Археологиялық мәліметтер, жазба және нумизматикалық дереккөздерінің негізінде ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы отырықшы өркениеттер мен көшпелі мәдениеттердің өзара байланысы зерттелініп жатыр, жекелей алғанда, отырықшы ел мен көшпелілілік тоғысқан аймақтардағы байырғы қала өркениетінің бастапқы кезіне қатысты сауалдар, көшпенділердің отырықшылыққа көшуі қарастырылуда.

10. Қолөнер, сауда және ақша айналымындағы, ауыл шаруашылығындағы, идеология мен демографиядағы және әлеуметтік қатынастардағы қала құрылымын, құрылысын және архитектурасын зерттеу қолға алынуда.

11. Археологтар Еуразия тарихындағы маңызды рөл атқарған және атқарып келе жатқан ірі этностардың бірі түрік тілдес халықтардың ғылыми тарихын жазуға қатысады. Бұл, негізінен, қазақ, өзбек, түрікмен, татар және басқа халықтардың жекелеген тарихы елеулі түрде қарастырылғанымен, жалпы түрік халықтарының тарихы әлі күнге дейін қарастырылмаудан келіп туындайды. Қолдағы материалдар олардың мәдениетін Орталық Азияда кейінгі қола дәуірінде өмір сүрген түріктер ата-бабасымен, ерте темір дәуірімен, соның ішінде сақ мәдени қауымдастығымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Әлі күнге дейін көне түрік жазуының қайнар-бастаулары шешіле қойған жоқ.

12. Б.з.б. І ғасыр соңы мен б.з. V ғасырындағы усунь (үйсін) және кангюймен (қаңлы) байланысты археологиялық мәдениеттердің этникалық атрибуциясы да күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Усунь және Кангюй мемлекеттерінің құрамына енген кейбір тайпалар түріктер болды. «Соғды отаршылдығы» проблемасына да жаңаша көзқарас қажет, одан тек этникалық мәселені ғана көріп қана қоймай, мәдени синтез жайын да қарастырған жөн.

Ежелгі тарихты зерттеу кеңестік тарихқа қарағанда ұзақ жылдар бойы кемшін тартып жатты. Сол себепті де қазіргі таңда тарихтың осы бір бөлігі көпшіліктің қызығушылығын оятуда.

Әсіресе, ежелгі тарихты зерттеуде тас дәуірі туралы таным-түсінік аясын кеңейте түскен абзал. Қазақстан археолотарының палеолит пен неолит дәуірлері бойынша жинастырған материалдары алғашқы адамдардың қоныстануы мен кейінгі уақыттардағы миграциясы жайлы сауалдарын жаңаша тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. Бірақ мұнда әлі де болса ескерткіштердің хронологиясы, олардың геологиялық шөгінділермен байланысы секілді сауалдар төңірегінде пікір-таластар көп. Геолог, палеозоолог мамандармен бірге жүргізілетін археологтардың кешенді зерттеулері стратиграфиялық сызбаны, плейстоцендік және голоцендік шөгінділерді нақтылайды, олардың қалыптасу заңдылықтарын анықтап береді және тас дәуіріндегі мәдени көкжиектердің (горизонттардың) геологиялық және археологиялық кезеңдестірілуін дәлме-дәл зерделеуге жол ашады. Осындай жағдайда алынған материалдар Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болған уақытын нақтылауға, қоныстану жүрген басты орталықтарды анықтауға және оның қандай тұрпатта өткендігі мен бұл үрдістегі заңдылықтар аясын білуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мұндай мәселелерді қарастыру Еуразия тас дәуірі мәдени тарихындағы жаһандық проблемаларды шешуге алғышарттар қалыптастырады.

Тарих ғылымында қоғамның дамуын беске бөлген формациялық теорияны қолдану ысырылып тасталды. Осыдан алғашқы қауымдық құрылыстан өркениеттерге өту, мәдениет пен өркениет парадигмалары қатынасына қатысты қызығушылықтың оянуы да түсінікті жайт. Археологтар Қазақстанда көне өркениеттердің деңгейі қай дәрежеде болғандығын, бұл өркениеттердің қалыптасуындағы бастапқа кезеңдер мен олардың даму динамикасы жайын анықтауға тырысып келеді. Бұл сауалдар Қазақстан археологиясының ежелгі және орта ғасырлық археологиясындағы ділгер мәселелерді құрайды. Және де дәл осы бағытта соңғы жылдары елеулі табыстарға қол жеткізілді, әрине, мұны одан ары кеңейту және дамыту қажет.

Б.з.б. ІV-ІІІ мыңжылдықтарда Еуразия далалы аймақтарында климаттың ылғалданғандығы анықталып отыр. Мұндай жағдайда ежелгі Қазақстанның Есіл, Тобыл, Ертіс секілді алаптарында өмір сүрген бұрынғы кезбе аңшылар мен балықшылар тобының отырықшылығы күшейе түсті, шаруашылықта мал өсіру мен егіншілік секілді өнім өндіруге көшуі сынды сапалы өзгерістер орын алды. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды-далалы алқаптарында Ботай қонысының қазбалары бойынша анықталған жылқы өсірушілірдің мәдениеті қалыптасады. Сөйтіп, бүкіл Еуразия өркениетінің дамуында маңызды рөл атқарған жылқыны қолға үйрету процесі болған аймаққа Қазақстанның да кіргендігі анықталды.

Өткен ғасырдың 80-жылдарының бас кезінде далалық аймақтардан байырғы қала (протогород) өркениетінің ескерткіштері ашылды. Олар б.з.б. ХVІІІ-ХVІ ғасырларға, яғни ерте қола дәуіріне жатады. Еуразия тарихының контестінде қарастырсақ, ашылған байырғы қала мәдениеті хронологиялық тұрғыдан былайша орын алады: бұл Кіші Азиядағы Троя ІV; материктік Грекияда ерте микен кезеңі; Мысырда ортаңғы (орта) патшалық дәуірі; Тигр мен Евфрат өзендері аралығындағы қала-мемлекеттердің дамыған мәдениеті.

Археологтар ашқан бұл өркениетке Арқайым мен Сынтаста (Синташта), Кент типіндегі ескерткіштер тән болып келеді. Бұл уақыттың қоныстары тікбұрышты, немесе жоспары бойынша дөңгелек, гипс пен сазбалшықтан тұратын арнайы блоктардан тұрғызылған қабырғалармен қоршалған. Қабырғаларында парапеттер, мұнаралар, лабиринтті есіктері, орлары мен шығып тұрған фортификациялық құрылыстары бар еді. Ішінде ақсүйектердің және қатардағы қауым мүшелерінің баспаналары (үйлері), қолөнер шеберханалары орналасқан. Орталық алаң ғұрыптық мейрамдар жиыны үшін пайдаланылды. Бұл қоныстарда, дәлірек айтқанда байырғы қалаларда (протогорода) көшелердің коммуникациялық, су жинайтын орын жүйелері болды. Ауданы 150-300 шаршы м баспаналар екі қабатты еді.

Қазба барысында қоладан жасалған қару-жарақтар мен еңбек құралдары, әшекейлер көптеп табылған. Ұсталар мен металлургтар байырғы қала маңына орналасқан некропольдардағы бай қабірлерден табылған ат-арбалы жауынгерлер сияқты қоғамның белді де сыйлы мүшелері болды. Мұнда ғибадатханалық кешендер де ораналасты. Ұсақ тұрпатты тастан жасалған адам денесі түріндегі ғұрыптық мүсіндер табылған. Сірә, бұл ежелгі Месопотамия тұрғындары сияқты жыл сайын өтетін мейрамдарда құлшылық ететін құдайлардың бейнесі болар. Түрлі белгілері бар саз балшықтан жасалған «дәрі» (таблетка) пішінді табличкалар да табылған. Мүмкін бұл жазудың бастапқа белгілік жүйесі болар. Әдетте, жазудың шығуы мемлекеттіліктің басталуымен тығыз байланысты екендігі дәлелденген.

Байырғы қала (протогород) тұрғындары егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан қауымдар еді. Адамдар егін егіп, ирригациялық жүйелерді салды, асыл тұқымды мал өсірді. Металл құю, оның ішінде мыс пен қоланы өндіру ісі жоғары дәрежеге жетті. Мемлекеттілік қайнар-бастауларымен байланысты бұл өркениет экономикасының негізін осы қола металлургиясы құраған еді.

Айта кететін бір жайт, осы уақыттарда Батыс пен Шығысты жалғастырған болашақ Жібек жолының негізі біртіндеп қалыптаса бастаған болатын.

Монументті архитектурасы мен мыс өндірген көптеген қоныстары бар Орталық Қазақстанның беғазы-дәндібай мәдениеті кейінгі қола дәуіріне жатады. Бұл кезде Орталық Қазақстан мыс пен қола өндірілетін және олардан еңбек құралдары мен қару-жарақтар жасайтын ірі орталықтардың біріне айналды.

Қола дәуірінде Қазақстанда ерте көшпенділер мәдениеті қалыптаса бастайды және де мұны зерттеу қазақстандық археологияның маңызды бағыттарының бірі болып отыр. Қазіргі күні далалы және таулы аймақта мемлекеттілігі, тұрақты сауда, мәдени және саяси байланыстары орныққан мәдени-дүниетанымдық қауымдастық өмір сүргендігін, мұнысын монументті жерлеу архитектурасынан, идеологиясынан, қауымының әлеуметтік бөліктерінен көруге болатындығы ғылыми тұрғыдан негізделген дала өркениеті жайлы сөз қозғалып жүр.

Археологтардың сақ мәдениетіне тиесілі бірқатар көрнекті ескерткіштерді, соның ішінде Есік, Шілікті обаларын, Түгіскен мен Ұйғарақ кесенелерін, сақтардың Шірік-Рабат және Баланды сияқты қалаларын ашуы тарихи білім ауқымын мейлінше кеңейте түсті. Табылған жазбаша ескерткіштерге, көрнекті өнер туындыларына сүйеніп, Қазақстан аумағында б.з.б. І-мыңжылдық орта тұсында пайда болған сақтардың ежелгі мемлекеттері туралы айтуға да сөз қозғауға болады.

Сөйтіп, Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің қайнар-бастауы тарихтың мыңжылға созылған қойнауына дейін барады, және де ол жөнінде қазір Ахемен әулеті тұсындағы Иран, ежелгі Грекия, Хань дәуіріндегі Қытай, Бактрия, Хорезм секілді көне мемлекеттер тарихының аясында баға беруіміз керек.

Б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з. ІІІ ғасырында Жетісуда Усунь (Үйсін), Оңтүстік Қазақстанда Кангюй (Қаңлы) мемлекеттік типіндегі бірлестіктер қалыптасып дамығандығын археологиялық дереккөздері анықтап отыр. Аталмыш мемлекеттердің тұрғындары мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де айналысты. Кангюй аумағында стационарлық баспаналары шикі (қам) кірпіштен тұрғызылған бекіністі қоныстар болды, қала салу ісі дамыды. Усуньдер мен кангюйлер мекендеген аумақтан жүздеген қоныстар мен қалалардың ашылуы бұрын бұл мемлекеттер көшпенді өмір салтын кешті деген қалыптасқан пікірді жоққа шығарады. Отырықшылық пен көшпелілік, егіншілік пен мал шаруашылығы бұл мемлекеттердің ұйытқысы (негізі) болды.

Көшпелі және отырықшы халық арасындағы экономикалық байланыстар жан-жақты сипатта дамығандығы анықталып отыр, өйткені мал және егіншілік өнімдері, қолөнер бұйымдары тұрақты түрде айырбасқа түскен еді. Айталық, даладан оазистерге (жазираларға) әскери іс жетістіктері, қару-жарақ, ат әбзелдері жеткізілсе, қалалық орталықтар мен жазиралардан далаға сәндік заттар, мата, бағалы бұйымдар апарылды. Оазис (жазира) пен дала шекараларында орналасқан бірқатар қоныстар көшпелілерге арналған белгілі бір бұйымдар түрін жіберіп тұруға маманданды.

Көшпелілер мен егіншілердің байланысы біртұтас әлеуметтік-экономикалық құрылым шеңберінде орнағандығы, ал малшылар мен отырықшы халық белгілі бір саяси немесе этносаяси бірлестік негізін құрағандығы толымды түрде дәлелденіп отыр.

Археологиялық ескерткіштер көрсеткеніндей, ерте орта ғасырлар кезеңінде отырықшы кангюй қоныстарының негізінде Сырдария өңірінде қалалардың қалыптасуы жүріп жатты. Мұндағы қала мәдениеті жергілікті отырықшы мәдени дәстүрлер мен дамуы жоғарырақ деңгейде тұрған Соғды қала мәдениетінің инновациясын бойына сіңірген болатын. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда соғды эталоны, соғды үлгілері кеңінен тарала бастайды. Белгілі бір дәрежеде бұлардың таралуына соғдылықтардың халықаралық сауда жолдарының бойында орналасу үрдісі де өзіндік әсерін тигізген еді.

Бұл уақыттарда Орта Азиядағы қала мәдениетінің дамуына Шаш, Усрушан, Ферғана, Тохарстан секілді жазиралар мен қалаларға орныққан түріктер мәдениеті де күшті ықпалын тигізе бастаған болатын. Түрік-соғды мәдени синтезі деп аталатын Батыс түрік және Түргеш қағанаттар жүйесіндегі ерекшелік не себепті осында орын алғандығын және де оның Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінен мейлінше жарқын үрдістері көрініс табатындығын толымды түрде айғақтайтын дәлелдер керек екендігін айта кеткен жөн.

Дамыған және кейінгі орта ғасырлар кезеңінде де мал өсірушілер мен отырықшы халық арасында орныққан өзара байланыстар процесі – тарихтың ерте кездеріндегі экономикалық және мәдени байланыстар аясындағы заңды құбылыстары бойынша сипатталынады, мұндай саяси бірлестіктердің бірі Қарахан әулетінің мемлекеті болды. Қала мен дала мұнда екі антогонистік әлемді емес, оның экономикалық базасын құраған еді. ІХ ғасыр мен ХІІІ ғасыр бас кезі аралығында Орталық Азиядағы қалалардың өсуі көп ретте көшпелілердің отырықшылыққа көшу үрдісімен байланысты болды. Олар қала мәдениетіне көптеген далалық элементтерді алып келді, нәтижесінде бұл уақытта өзіндік қала мәдениеті қалыптасқан еді.

Көшпелілер мен қалалықтардың мәдени және экономикалық байланысы кейінгі уақыттардағы Ақ Орда, Моғолстан мен Қазақ хандығының даму тарихын зерттеген кезде де байқалады.

Кейінгі ортағасырлық Отырар, Түркістан, Сайрам, Сауран, Сығанақ пен Созақ секілді қалалар көшпелілер мен отырықшылар арасындағы экономикалық байланыстардың орталығы болды, мұнда тек қана Оңтүстік Қазақстан қала тұрғындары мен Сарыарқа көшпенділері ғана емес, сонымен қатар Орта Азия, Еділ бойы, Шығыс Түркістан халықтары да мәдени айырбас пен сауда қатынастарын жүргізді.

Сөйтіп, Қазақстан археологиялық ескерткіштерін зерттеу түрлі мәдени дәстүрлердің өзара байланыстарының үрдісін қалпына келтіруге септігін тигізеді деуге болады. Сонымен қатар ол Қазақстан аумағы тарихи-мәдени тоғысу орталықтарының бірі болғандығын, көшпелі және отырықшы халықтың өзара әрекеттесуі мәдениеттерді байыта түскендігін дәлелдейтін базаны кеңейте түседі. Дәл осындай тоғысу шегінде Қазақстан халықтары мәдениетінің жетістіктері де жатқандығы анық.

Мәдениеттер диалогының жолы болған Жібек жолының рөлі де анықталып келеді. Ол ежелден Батыс пен Шығысты, Азия мен Еуропаны байланыстырып, еуразиялық идеяның негізін қалады. Қазақстан осы мәдени байланыстардың өзіндік көпірі мен ретрансляторы болғандығын да археологиялық материалдар дәлме-дәл көрсетіп отыр. Дәл осы Қазақстан қалаларынан түрлі діндер жайын айғақтайтын заттар кездескен, ондағы мәдени эталондар, этностар қалдырған жарқын қалалық мәдениет өркениетіне тән дәстүр жаңа дәуірде де көрініс тапқан.

Археологияның Каир мен Бағдаттан Жетісу мен Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан ислам мәдениетінің бір бөлігі саналатын Х-ХІІ ғасырларға жататын дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан қала мәдениетін зерттеудегі рөлі де зор. Оған тән «мұсылман ренесансы» түсінігі ортағасырлық Қазақстанды да түгелдей қамтыған еді.

Тарихи терминология мен дефиницияларды нақтылау да өзекті мәселелердің бірі болып табылады. «Мифологияны», «эпосты» және «аң стилі» (аң табы) жетістіктеріне жатқызылатын «көшпелі мәдениет», «көшпелі өркениет» терминдері айтарлықтай ыңғайлы емес сияқты. Дұрысы «далалық мәдениет пен өркениет» туралы сөз қозғаған жөн, бұл тек қана көшпелілікті емес, отырықшылықты да, мал шаруашылығын ғана емес, егіншілікті де, қала тұрмысын да бейнелейді.

Көшпелілік – далалық шаруашылықтың, өмір мен тұрмыстың бір бөлігі ғана. Қазіргі таңда сақтардың, түріктердің, қазақтардың қоныстары мен қалалары белгілі болып отыр, мұның өзі дефиницияларды нақтылай түсу керек екендігін аңғартады.

Қазақстанның ежелгі тарихы жер астында «жатыр». Оның мұрағаты – археологиялық ескерткіштер. Ал бұл тарих пен мәдениеттің өте нәзік «куәсі» және «құжаты». Сондықтан да, археологияның деңгейін сипаттай келе, тарих пен мәдениет, сондай-ақ археология ескерткіштерін де қорғаудың жай-күйін жақсарта түскен абзал. Тәуелсіз Қазақстан парламенті 1992 жылы алғаш рет «Тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану туралы» Заңын қабылдады. Оның преамбуласында «Тарихи-мәдени мұра халық тағдырының маңызды куәсі, оның қазіргі және болашақтағы дамуынының негізі мен міндетті жағдайы, бүкіл адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден үнемі қорғалуы тиіс. Қазақстан Республикасында мұны қамтамасыз ету өнегелі борыш және осы заң бойынша барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті» деп көрсетілген.

Бірақ бүгінгі күнгі нарықтық экономикалық қатынастарға байланысты салынып жатқан электростансалар құрылысы, магистралды каналдар, игеріліп жатқан өңірлердегі суландыру жүйелері аймағындағы қарқынды шаруашылық құрылыстары әсерінен өткеннің жүздеген ескерткіштері қиратылып жатыр, ұлттың мәдени қоры талан-таражға түсіп жатыр. Сондықтан да мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы бүгінгі күн талабына сай жаңа заңдар мен заңдық актілер қажет екендігі байқалады.

Әдетте, мәдени мұраның көп түрлілігі мен бағалы қазынасы өркениетті қоғамның негізі, ұлттық және мемлекеттік сана-сезімнің интеграциялық құрауышы болып табылатындығы белгілі. Кең мағынадағы «мәдени мұра» өнегелілік нормаларды анықтайтын діл, мінез-құлық стереотипін, фольклорлық жүйедегі әлемдік бейнелер мен кезбе сюжеттерден музыкалық үлгіге дейінгі құндылықтарды қамтиды.

Мәдени мұраның заттық блогы халықтың материалдық зердесі іспеттес. Бұл блоктың маңызды бөлігін археологиялық мәдени мұра құрайды. Ол замоктар мен қамалдардың қирандылары, жайылып кеткен жерлеу обалары, көне қоныстар мен қалалар қалдықтары, көздің жауын алатын монументтік құрылыстар секілді барлық археологиялық ескерткіштердің түрлерін қамтиды. Кәсіби мамандар тарапынан тиісті деңгейде қазылған және музейлендірілген олар өткен ғасырлар мен халықтар жайлы ақпараттар легін көрсетеді. Әлі зерттелмеген ескерткіштер адамзаттың мызғымас материалдық зердесін көрсететін баға жетпес ақпараттық қорды құрайды.

Өркениетті елдер мәдени мұраны қорғау мен пайдалану мәселелеріне үлкен ыждахаттылықпен қарайды. Дамыған елдерде тұрмыс деңгейінің жоғары болуы көпшілік туризмнің дамуына, бүкіл туристік индустрияның қалыптасуына экономикалық жағынан дем береді. Соған байланысты тиісті заңнама жетілдіріліп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары қарастырылуда. Барлық ежелгі нысандарды тақ меншігі деп жариялаған 1666 жылғы Швеция королінің указы әлемдегі алғашқы заңнамалық акт болып саналады. Одан бергі уақытта мәдени мұраға қатысты заңнамалық негіз халықаралық қауымдастық, соның ішінде ЮНЕСКО бағыты бойынша жетілдіріле түсті.

Мәдени мұра мен оған парасаттылық тұрғысынан қарау өркениетті қоғамның көрсеткіші іспеттес. Негізінен бұл заң шығару жағдайына да, өнегелілік көңіл ауанына да тиесілі. Бұл жерде Дания үлгісіне тоқталып кетуге болады. Мұндағы археологиялық ескерткіштерді қорғауға байланысты шыққан заңдар арасынан 1969 жылы қорғау мен қаржыландыруды нақтылап берген Мемлекеттік актінің мәні зор. Осы құқықтық және қаржылық негізде Даниядағы шаруашылық қызмет аясында 400-ден 500-ге дейін түрлі көлемдегі, бірақ елдің ұлттық игілігін сақтау мен зерттеуге мүмкіндік беретін қазба жұмыстары жүргізіледі. Қоғам психологиясында орныққан өнегелілік те тәнті етеді. Көненің көздері ұлттық мақтанышқа айналған, ал оларға ұқыппен қарау қоғамдық ділге интеграциялық құрауыш ретінде енген.


жүктеу 7,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау