жоқтығы жəне ақпарат құралдарының көпшілігінің үкімет арасындағы келісімшартқа
тəуелділігі ақпаратты жариялауға елеулі кедергі туғызады. 25 қаңтарда «Құқықтық ақпа-
рат орталығы» үкіметтік емес ұйымы (ҮЕҰ) мемлекеттік субсидиялар алатын бұқаралық
ақпарат құралдары жөнінде ақпаратты жариялаудан бас тартқан Ақпарат жəне байланыс
министрлігін сотқа беріп жеңіліс тапты. Сот мұндай ақпараттың коммерциялық құпия
ретінде қорғалуы керектігін айтып, министрлікті қолдады.
Президенттің отбасына не бірлестіктерге тиесілі компаниялар үкімет тарапынан басқарыл-
майтын көптеген БАҚ-ын иеленді. БАҚ бақылаушыларының пікірінше, үкімет жалпыұлт-
тық телеарналардың көпшілігін толығымен немесе жартылай иеленген. Аймақтық
үкімет бірнеше жиілілік станцияларын иемденген, ал Ақпарат жəне байланыс ми-
нистрлігі сол жиілілік станцияларын тəуелсіз хабар таратушыларға тендер жүйесі арқылы
таратқан.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдары Ақпарат жəне байланыс министрлігінде тіркелуі
тиіс, бірақ веб-сайттар бұл талаптан босатылады. Заң жергілікті хабарлау станциялары
арқылы берілетін шетелдік бағдарламалардың апта сайынғы эфир уақытын 20 пайызға
шектеді. Бұл ереже шағын, аз дамыған аймақтық телеарналарға ресурстардың жоқтығынан
бағдарламалар жасауда қиындық туғызады. Дегенмен үкімет бірде-бір бұқаралық ақпарат
құралдарына мұндай тыйым салмаған. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары бұл
талапты орындауға міндетті емес.
Қаңтар айында күшіне енген БАҚ туралы заңға енгізілген түзетулерге сəйкес, барлық ше-
телдік телеарналар мен радиоарналар 9 шілдеге дейін заңды тұлға ретінде тіркелуге немесе
елдегі филиалын тіркеуге тиіс еді. Ақпарат жəне байланыс министрлігі 88 тіркеу куəлігін
тартып алды, себебі олар тіркеу талаптарына сай келмеді.
Зорлық-зомбылық жəне қорлау: Тəуелсіз журналистер, оппозициялық бұқаралық ақпарат
құралдарында жұмыс істейтін немесе сыбайлас жемқорлыққа байланысты оқиғаларды ба-
яндайтын тілшілер үкіметтік шенеуніктер мен жеке тұлғалардың қорқытқанын жəне
іздеріне түскенін хабарлады. 19 маусымда полиция «Уральская Неделя» тəуелсіз газетінің
бас редакторы мен бірнеше журналистерін газеттің YouTube бетіндегі түсініктемесі үшін
жауап алуға шақырды. Белгісіз комментатор оқырмандарды 23 маусымға жоспарланған
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» тіркелмеген қозғалысының наразылық акци-
ясына қосылуға шақырды. Газеттің кеңсесі мен бас редактордың үйі тінтілді. Тергеу
соңында полиция журналистерге заңсыз митингке қатысуға тыйым салды.
Цензура немесе мазмұнды шектеу: Заң бойынша, үкімет мемлекеттік қауіпсіздікке,
қорғаушы топқа зиян келтіретін, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық не діни келіспеушілікке əкеп
соғатын бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнына шек қоя алады. Меншік иелері, ре-
дакторлар, таратушылар жəне журналистер азаматтық құқықтар мен қылмыстық
заңдарға сəйкес, ақпарат мазмұны ресми дереккөзден алынбаған жағдайда жауап-
кершілікке тартылады. Үкімет бұл ережені бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне
шек қою үшін пайдаланған.
Заң Бас прокурорға сот шешімінсіз интернетке жəне байланыс құралдарының басқа түр-
леріне қолжетімділікті шектеуге мүмкіндік береді. Бас прокурор байланыс құралдарының
қызметін байланыс желілері “жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян
келтірген не сайлау заңын бұзған... не экстремистік, террористік əрекеттерге бай-
ланысты хабарламалар таратқан, тəртіпсіздік немесе заңсыз ірі қоғамдық іс-шара-
ларға қатысуға шақырған” жағдайда тоқтата алады.
Заң бойынша интернет ресурстары, оның ішінде əлеуметтік медиа бұқаралық
ақпарат құралдарының нысандары ретінде жіктеліп, бірдей ережелермен реттеледі.
Билік органдары блогерлер мен əлеуметтік медиа пайдаланушыларын онлайн жазба-
лары арқылы əлеуметтік алауыздық туғызбақ болды деа айыптауды жалғастырды.
Қыркүйектің 20-сы күні Абловас Жумаев əлеуметтік алауыздық тудырғаны үшін үш
жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол 10 мыңға жуық қолданушысы бар
Telegram мессенджері тобына үкіметті сынап хабарламалар жіберген жəне үкіметке қарсы
үнпарақтарды таратқан делінеді. Жумаев үнпарақтарды таратқанын жоққа шығарып, ма-
шинасына біреудің салып кеткенін айтты. Ол Telegram желісінде президенттің аймақтық
полиция бастығын тағайындағанын сынға алды. Осыған ұқсас айып тағылған əйелі Айгүл
Ақбердінің соты əлі де жалғасып жатыр.
Жазбаша/Ауызша жала туралы заңдар: Заң жоғары лауазымды шенеуніктердің жала жа-
пқаны үшін айыппұл төлеуді күшейтуге мүмкіндік берді. Жекеменшік партиялар
үкiметтiң қатысуынсыз жала жабу туралы қылмыстық iс қозғауы мүмкiн жəне осы сияқты
жағдайға арызданған жеке тұлға айып негiзiнде азаматтық қуыным беруге құқылы. Лауа-
зымды тұлғалар бұқаралық ақпарат құралдарына шынайы ақпарат жариялауға тыйым
салу үшін жала жəне диффамация ережелерін заңды түрде пайдаланады. Қылмыстық
жəне Азаматтық кодексте жала жапқаны үшін заңнамалық актіні шектемей немесе
жоғары айыппұлсыз заңды түрде жауапкершілікке тарту деген тармақ бар. Иеленушілер-
ден, редакторлардан, таратушылардан, баспа үйлері мен журналистерден жарияланатын
ақпараттың шынайылығын дереккөздерге қарамастан дəлелдеуді талап ететін ережелер
əр деңгейдегі цензураның бар екенін көрсетеді.
Заң бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе «ақпараттық-коммуникациялық
желілерде» жала жапқаны үшін ірі көлемді айыппұлдар мен түрмеге отыру сияқты жаза
түрлері қарастырылған. Журналистер мен құқық қорғаушылар «үкімет аталмыш ереже-
лердің негізінде тергеу журналистикасын шектей түседі» деп алаңдауда.