айыпталушыға алдын ала сұрақтар қойып дəлелдер жинағанын жəне кейбір жағдайда
дəлелдерді жинау үшін адвокаттарды пайдаланғанын айтты. Сонымен қатар заң бойынша,
Үкімет айыпталушының əлеуметтік жағдайы төмен болса, кəмелет жасқа толмаған
болса, дене не ақыл-ес кемістігі болса, не ауыр қылмыс жасағаны үшін
жауапкершілікке тартылса, оған қорғаушы беруге тиіс. Бірақ көп жағдайда
қорғаушылардың айыпталушыларға көмек көрсетуге қажетті тəжірибелері жетіспейтіні
айтылды. Егер айыпталушыға қарсы іс мемлекеттік сипатта болса, қорғаушыны өз
еркімен таңдауға рұқсат берілмейді. Заңға сəйкес қорғаушылар арнайы рұқсат алған
жағдайда ғана істі қарай алады.
Тұтқынға заңсыз алу: Прокуратура қызметкерлері жылдың бірінші жартыжылдығында
тұтқынға заңсыз алу жəне қамау бойынша алты оқиға тіркелгені жайлы мəлімдеді.
Үкімет саяси оппоненттер мен наразылық білдірген адамдарға кей жағдайларда
рұқсатсыз жиналыс сияқты кішігірім құқық бұзушылықтары үшін айыппұл белгілейді
немесе 10 күнге əкімшілік қамауға алады.
Қамауға алу: Заң бойынша полиция қызметкерлері қамауға алынған адамға айып
тағылғанша оны 48 сағат бойы ұстай алады. Адам құқықтарын қорғаушылар билік
органдары бұл уақытты айыпталушыларды азаптау, ұрып-соғу, өз кінəсін мойындату үшін
пайдаланатынын мəлімдеді.
Ұсталғандар айып тағылғаннан кейін екі айға дейін қамауда ұсталуы мүмкін. Болжамды
қылмыстың күрделілігі мен ауырлығына қарай, тергеу барысында органдар аталмыш
мерзімді 18 айға дейін ұзарта алады. Алдын ала қамауда ұстау мерзімі қылмыс үшін
бекітілген қамауда ұстау мерзімінен аспауға тиіс. Тергеу аяқталғаннан кейін тергеуші
ресми айыптау тұжырымдамасын жазады. Істің материалдары айыпталушыға беріледі,
содан кейін прокурорға жіберіледі, прокурор материалдарды бес күн ішінде тексеріп сотқа
жіберуге тиіс.
2015 жылғы Қылмыстық кодекс бойынша, кепілдікке шартты түрде босату
тұжырымдамасы енгізілді, дегенмен кепілдік үдерістері шектелген. Ұзақ мерзімді алдын-
ала тұтқындау үдерістері өзгеріссіз қалды. Кепілдік жүйесі алғаш қылмыс жасаған,
кəмелетке толмаған немесе өлімге, жəбірленушінің денесіне ауыр зақым əкелмеген
адамдарға арналады жəне осындай жағдайда баламалы жаза ретінде қолданылады. Ауыр
қылмыс, өлімге алып келген немесе қылмыстық топпен жасалған қылмыс, террористік
немесе экстремистік қылмыс жағдайында, күдікті тергеу ісіне кедергі келтіреді немесе
қашып кетеді деп ойлауға негіз болған жағдайда, күдікті бұрын-соңды кепілдік шарттарын
бұзған болса кепілдік жүйесі қолданылмайды.
Заң тұтқындарға отбасы мүшелерімен дереу байланысуға мүмкіндік береді, алайда
органдар тұтқындарды үй-іші мен туыстары келмес үшін алыс жерде орналасқан
мекемелерге жібереді.
Қамаудағы адамның сотқа дейін қамауға алу тəртібіне қарсы шығу мүмкіндігі: Қылмыстық
кодексте қамауға алудың баламалы түрі ретінде айыпталушы шағым беруге,
қамауға алу тұжырымдамасына шағымдануға немесе сот алдында шартты түрде
босатуға құқылы екені жазылған. Тұтқын арыз-шағымын тергеу изоляторының
басқармасына не жергілікті сотқа 15 күннің ішінде бере алады. Сот төрешісіне
арызды қабылдауға не қабылдамауға 10 күн беріледі.
e. Сот ісін əділ жəне жария қараудан бас тарту
Заң бойынша тəуелсіз сот органы қарастырылмаған. Атқарушы билік органы сот
тəуелсіздігіне шек қойды. Прокурорлар квазисоттық өкілеттікке ие жəне сот
шешімдерін тоқтата алады.
Сыбайлас жемқорлық сот процесінің əрбір кезеңінде байқалды. Сот төрешілері айлығы
жоғары мемлекеттік қызметкерлердің қатарында болғанымен, заңгерлер мен құқық
қорғаушылардың айтуынша, төрешілер, прокурорлар жəне басқа да ресми тұлғалар
көптеген қылмыстық жəне азаматтық істерге қатысты оңтайлы шешім қабылдау үшін пара
сұраған.
Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық кең тараған. Сот оңтайлы шешім шығару үшін үнемі
пара беріледі жəне төлемақы төленіп тұрады. 2018 жылғы Фридом Хаустың
Nations in
Transit (Өтпелі кезеңдегі елдер) есебі бойынша, көптеген жағдайларда соттарға бақылау
жүргізуге элита мүдделі. Аталмыш есепке сəйкес, іс жария жəне ашық түрде
жүргізілмейді, өйткені қылмыстық істің барлық қатысушылары тергеу жұмысының
құпиялылығы жөніндегі келісімге қол қояды. Бертельсман қорының Трансформация
Индексінің жылдық есебі бойынша, сот төрешілерін жұмысқа қабылдау сыбайлас
жемқорлық арқылы жүзеге асқан.
Кəсіпкерлер сотқа жүгінуді қаламады, себебі шетелдік заңды тұлғалар жергілікті сот
жүйесіндегі мемлекеттік нормативтік актілерге жəне келісімшарттық дауларға
наразылық білдірген кезде қиындықтарға тап болды. Тəуелсіздіктің жоқтығына
байланысты сот нəтижесіне саяси ықпал ету жəне араласу мүмкін болды. 2016 жылы
арнайы инвестицияны талқылау жөнінде жұмыс тобы құрылды, бірақ инвесторлар
ашық талқылауға күмəнданып, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан біржақты пікір
болуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Компаниялар шетелдік соттарға жүгінгісі
келмейтінін айтты, себебі кей мəліметтер бойынша үкімет шетелдік заңды тұлғалар
араласқан істерді ұнатпайтыны анықталды.