даярлау
1. Азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша даярлық Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн мiндеттi болып табылады және тиiстi оқу бағдарламалары бойынша жүргiзiледi. Даярлау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары да пайдаланылады.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын даярлау және қайта даярлау әзiрлiк орталықтарында жүзеге асырылады.
3. Азаматтық қорғаныс үшiн мамандар даярлау Қазақстан Республикасының әскери, азаматтық оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттерде және халықаралық орталықтарда жүзеге асырылады.
4. Ел халқын Азаматтық қорғаныс бойынша даярлау мектепке дейiнгi мекемелерден бастап, жұмыс орыны, тұрғылықты және оқитын жерi бойынша жүргiзiледi.
3-тарау. Азаматтық қорғаныс күштерi
12-бап. Азаматтық қорғаныс күштерiнiң құрамы
Азаматтық қорғаныс күштерi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнен, аумақтық, объектiлiк құрамалар мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамаларынан, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтарынан тұрады.
Азаматтық қорғаныс күштерi бейбiт уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi Мемлекеттiк жүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады, ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, ведомстволық мамандандырылған авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру, әскерилендiрiлген және басқа да құрамалар бөлiнуi мүмкiн, олар жұмыстарды орындауды құтқару жұмыстарының жалпы басшысының жедел басшылығымен жүзеге асырады.
Бөлiнген күштер оқып-жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және iздестiру-құтқару жұмыстарын дербес жүргiзуге сақадай-сай болуға тиiс.
Азаматтық қорғаныс күштерiн пайдалану тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 N 307 , 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.
13-бап. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының
әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс
уақытындағы мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың қаупi төнген және туындаған кезде республиканың халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн және аумақтарын қорғауға арналған.
Уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн жасақтау, жарақтандыру және қолдануға әзiрлiкте ұстау жөнiнде шаралар қолданады.
2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) бейбiт уақытта:
құтқару жұмыстарын жүргiзуге адам құрамын жан-жақты дайындау мен оны аттестациялауды ұйымдастыру;
iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу және зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсету;
төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiмдер жасасқан шет мемлекеттердiң аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде құтқару жұмыстарына қатысу;
iзгiлiк көмек ретiнде төтенше жағдайлар аймағына әкелiнетiн жүктерге iлесе жүру және оларды күзету;
мобилизациялық өрiстетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесiне келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
бейбiт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн кеңiнен өрiстетуге, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа да материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және дер кезiнде жаңартып отыру;
2) соғыс уақытында:
зақымдану ошақтары мен залалдану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;
зақымдану ошақтарында, залалдану және топан су басқан аймақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу;
халық пен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне эвакуация жүргiзуге қатысу;
халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысу, аэродромдарды, жолдарды, өткелдердi және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды элементтерiн қалпына келтiруге байланысты аумақтық қорғаныстың жекелеген мiндеттерiн орындау болып табылады.
3. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн бейбiт уақытта қолдануды Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органның басшысы жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныстың тұрақты дайындықтағы әскер бөлiмдерi техникамен және жабдықпен жарақтандырылуға және зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшiн дереу қолдануға әзiр болуға тиiс.
4. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн жасақтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскери бөлiмдерi азаматтық қызметкерлермен де жасақталады. Азаматтық қызметкерлер атқаратын лауазымдардың штат санын, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жалпы сан шегiнде уәкiлеттi органның басшысы белгiлейдi.
5. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн мобилизациялық өрiстету үшiн штатқа сәйкес техника, қару-жарақ, материалдық және техникалық құралдардың қорлары құрылады және күтiп ұсталады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
14-бап. Азаматтық қорғаныс құрамалары, олардың мақсаты
және оларды құру тәртiбi
1. Азаматтық қорғаныс құрамалары бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қатерi төнгенде және туындағанда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған.
Азаматтық қорғаныс құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылып, объектiлiк және аумақтық құрамалар болып бөлiнедi.
Объектiлiк құрамалар ұйымдарда, тұрғылықты жерлер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделерi үшiн пайдаланылады. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешiмi бойынша объектiлiк құрамалар тиiстi аумақтардың мүдделерiн көздейтiн мiндеттер орындауға тартылуы жұмылдырылуы мүмкiн.
Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Ұйымдар аумақтық құрамалар құруға негiз болады.
Азаматтық қорғаныс құрамаларының құрамы мен саны алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының болжамдық есептерi мен көлемiнiң негiзiнде бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты, аумақтар мен ұйымдарды сенiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн жеткiлiктi қажеттiлiктi басшылыққа ала отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасының жер сiлкiнiсi болып тұратын аймақтары үшiн Азаматтық қорғаныс құрамалары халықтың 10 адамына кемiнде бiр құтқарушы; су тасқындары, өрт пен басқа да ықтимал қауiп-қатерлерге ұшырайтын өнеркәсiп аймақтары мен аумақтары үшiн халықтың 15-20 адамына бiр құтқарушыдан келетiндей есеппен әзiрленедi.
Азаматтық қорғаныс құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары олардың кәсiби даярлығына, осы заманғы техникамен, жабдықпен басқа да материалдық құралдармен жарақтандырылуына және тұрақты әзiрлiкте болуына дербес жауапты болады.
2. Азаматтық қорғаныс құрамаларының негiзгi түрлерi:
1) құтқару құрамалары зардап шеккендердi барлауға, iздеуге және үйiндiлерден шығарып алуға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған және олар аралас құтқару отрядтарынан (командаларынан), құтқару командаларынан (топтарынан), адамдарды iздеу командаларынан (топтарынан), барлау топтарынан, буындарынан және басқалардан тұрады;
2) инженерлiк құрамалар инженерлiк барлау жүргiзуге, үйiндiлерде жүргiн жолдар, соқпақ жолдар салуға, жолдар мен көпiрлердi, оның iшiнде су тосқауылдары арқылы салынған өткелдердi қалпына келтiруге және оларды жүрiп-тұра алатындай жағдайда күтiп ұстауға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, қираған құрылыстарды аршып алуға және бүлiнiс аудандарында басқа да инженерлiк жұмыстарды жүргiзуге арналған және инженерлiк командалардан, жол-көпiр командаларынан (топтарынан), жарылыс жұмыстары топтарынан, инженерлiк барлау топтарынан (буындарынан) және басқалардан тұрады.
Инженерлiк құрамалар шешiлетiн мiндеттердiң ерекшелiгiне қарай жұмыстарды дербес орындауды қамтамасыз ететiндей техникамен және жабдықпен жасақталуға тиiс;
3) Азаматтық қорғаныс қызметiнiң құрамалары халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге, авариялық-құтқару және шұғыл-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге, құтқару құрамаларын күшейтуге және олардың iс-қимылын жан-жақты қамтамасыз етуге арналған және медицина, байланыс, қоғамдық тәртiптi қорғау, өртке қарсы, авариялық-техникалық, материалдық жағынан қамтамасыз ету, көлiк, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау және басқа да құрамалар болып бөлiнедi.
3. Жедел-құтқару отрядтары iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзуге және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге арналған.
Жедел-құтқару отрядтары жоғары дәрежелi әзiрлiктегi құрамалар болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылады.
4. алып тасталды
5. Азаматтық қорғаныс құрамаларына I, II, III топтардағы мүгедектерден, жүктi әйелдерден, сегiз жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерден және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамасы бар әскери мiндеттi адамдардан басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер алынады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.03.12 N 347 , 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
4-тарау. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен
қызметтерi, Азаматтық қорғаныс саласындағы
мемлекеттiк бақылау
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
15-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық жасау
1. Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi жүзеге асырады, ол (лауазымы бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының Бастығы болып табылады.
2. Уәкiлеттi органның басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысы Бастығының орынбасары болып табылады және Республиканың азаматтық қорғанысына тiкелей басшылықты жүзеге асырады.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады және азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға жеке жауапты болады.
4. Азаматтық қорғаныс бастықтарына:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс Бастығы белгiлеген тәртiппен тиiстi деңгейдегi азаматтық қорғаныс жоспарларын бекiту және iске қосу;
белгiленген тәртiппен ведомстволық бағыныстағы аумақта халықты эвакуациялау;
азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша бұйрықтар, шешiмдер, өкiмдер шығару;
заңдарда белгiленген тәртiппен азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс шараларын жүргiзуге тарту;
жеке және заңды тұлғалардан осы Заңның және азаматтық қорғаныс жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын талап ету құқығы берiледi.
5. Тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi бұйрықтары, шешiмдерi және өкiмдер барлық ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
16-бап. Азаматтық қорғанысты басқару органдары
1. Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшiн мынадай органдар құрылады:
Уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында Азаматтық қорғаныс жөнiндегi бөлiмдер (қызметкерлер);
ұйымдарда - Азаматтық қорғаныс саласындағы мiндеттердi шешуге арнайы уәкiлеттiк берiлген, бiрiншi басшыға тiкелей бағынатын құрылымдық бөлiмшелер (жеке қызметкерлер).
Уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерi лауазымдарының бiр бөлiгi әскери қызметшiлерден, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнен, ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардан ауыстырылған (iссапарға жiберiлген) әскери қызметшiлерден жасақталады.
2. Төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) басшылары лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05 N 48 , 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.07.07 N 183 , 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
17-бап. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар
қызметтерi
1. Азаматтық қорғаныстың арнаулы шараларын орындауды қамтамасыз ету және күштер мен құралдарды осы мақсаттарда дайындау үшiн республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұйымдардың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi құрылады, олар тiкелей Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.
2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен , облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң, ұйымдар басшыларының шешiмдерiмен құрылады.
3. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi , олар туралы Ереженi уәкiлеттi орган бекiтедi.
4. Басқару пункттерiнiң, күштер мен құралдардың, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң дайындығы үшiн жауапкершiлiк олардың құрылуына негiз болған орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
5. Азаматтық қорғаныстың эвакуациялық шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарда эвакуация, эвакуациялық-қабылдау комиссиялары құрылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк
бақылау
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
5-тарау. Азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан
Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдарының, ұйымдарының құзыретi, азаматтарының құқықтары
мен мiндеттерi
18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Азаматтық
қорғаныс саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына басшылық жасайды;
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және осы саладағы мемлекеттiк бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын, оны қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;
республика экономикасының бейбiт және соғыс уақытында жұмыс iстеу орнықтылығын арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүргiзуге басшылықты жүзеге асырады;
қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды - санаттарға жатқызу тәртiбi мен өлшемдерiн бекiтедi ;
Азаматтық қорғаныс жүйесiн бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына көшiру, эвакуация шараларын жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
iрi көлемдi авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының жекелеген әскер бөлiмдерiн өрiстетуге шешiм қабылдайды.
19-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдары, сондай-ақ халқы орындауға мiндеттi азаматтық қорғанысты дайындау және жүргiзу мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдайды;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Ереженi бекiтедi;
Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн шешуге бағытталған мақсатты бағдарламалар әзiрлеудi және олардың орындалуын ұйымдастырады;
авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың бейбiт және соғыс уақытындағы Азаматтық қорғаныс жоспарын әзiрлейдi, оны Азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтарына бекiтуге табыс етедi және оларды iске асыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;
Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлейдi;
төтенше жағдайлардан қорғау саласында ұйымдар, оның iшiнде коммерциялық емес мамандандырылған ұйымдар, оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүргiзедi;
Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi адам құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың азаматтық қорғаныс бойынша әзiрлiгiн ұйымдастырады, осы мақсаттарда тиiстi дайындық бағдарламаларын жасайды;
азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн қару-жарақ, техника, қорғаныс құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдар жөнiндегi қажеттердi айқындайды;
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерiнiң жауынгерлiк және мобилизациялық әзiрлiгiн қамтамасыз етедi;
Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери қызмет өткеру ережелерiне сәйкес әскери қызметшiлердi лауазымға тағайындайды, ауыстырады, қызметтен босатады және шығарады, сондай-ақ әскери қызметшiлерге және әскери мiндеттiлерге мерзiмiнен бұрын берудi қоса алғанда, әскери атақтар бередi, оларды төмендетедi және әскери атақтардан айырады;
Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұнын қалаларды және шаруашылық объектiлерiн санаттарға бөлу дәрежесiне байланысты бекiтедi;
Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
қазiргi заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым басшыларын және халықты одан қорғану тәсiлдерiн және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдар жасауға үйретудi ұйымдастырады;
халықты құлақтандырудың және байланыстың республикалық жүйесiн дереу пайдалануға, оны жарақтандыру мен дамытуға тұрақты дайындық жасайды және оны қамтамасыз етедi;
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 48, 2006.07.07 N 183, 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.
20-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
Азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
Уәкiлеттi органды, ал жергiлiктi әскери басқару органдары арқылы уәкiлеттi органның аумақтық органдарын тиiстi әзiрлiк деңгейiне келтiру туралы, сондай-ақ мобилизация жариялау туралы құлақтандырады;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары негiзiнде азаматтарды Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесiне мiндеттi әскери қызметке шақыруды, әскери қызметшiлердi запасқа шығаруды, тiзiмдегi құрамды оқу жиындарына шақыруды, сондай-ақ мобилизация бойынша азаматтарды шақыруды жүргiзедi;
Уәкiлеттi органды, оның аумақтық органдарын, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды әскерге шақырылатын құраммен және мобилизациялық ресурстармен жасақтауды, офицерлердi запастан әскери қызметке шақыруды (қабылдауды) жүзеге асырады;
халық пен аумақтарды осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың зардаптарынан қорғау жөнiндегi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөнiндегi мiндеттердi шешу кезiнде уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасайды.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05 N N 48 , 2006.07.07 N 183 , 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
21-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы
органдарының Азаматтық қорғаныс саласындағы
құзыретi
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары азаматтық қорғаныс саласында:
азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды, салаларда азаматтық қорғанысқа басшылықты жүзеге асырады;
Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын, басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құрады және тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;
Азаматтық қорғаныс құрамаларын дайындауды және сала қызметкерлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғану әдiстерiне және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға үйретудi ұйымдастырады;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады және оларға басшылық етедi;
осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және олар қолданылған жағдайда, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде сала қызметкерлерiн қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлайды және жүргiзедi;
бейбiт және соғыс уақытында саланың тұрлаулы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданады;
қызметкерлер мен олардың отбасыларын эвакуациялауға әзiрлеу және оны ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және өзге де ресурстардың қорларын құрып, оларды күтiп ұстайды және олардың жинақталуына, сақталуына, жаңартылып отыруына және қолдануға дайын тұруына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 183 Заңымен.
22-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
Достарыңызбен бөлісу: |