Қазак, орыс тілдерінің қалыптасуындағы ерекшеліктер


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 2,5 Mb.
бет9/11
Дата29.05.2018
өлшемі2,5 Mb.
#18276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық категориялар

  • . Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің топтастыру принциптері.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.


Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

9 тақырып: ЕСІМДІКТЕР ( МЕСТОИМЕНИЯ)
Дәріс жоспары

1. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік есімдіктер.

2. Белгісіздік, болымсыздық, жалпылау, тәуелдеу есімдіктері.
Есімдіктердің қазақ тілінде де, орыс тілінде де өзіне тән грамматикалық категориялары жоқ. Олардың басқа сөз таптарынан басты айырмашылығы да осы. Есімдіктер заттың, сынның, санның атын білдірмейді, бірақ зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүмсалады. Олардың мағыналары тек контекске байланысты айқындалады. Мысалы: Майра кеше уйіне ерте келді. Ол сені көп тосты. — Приезжала Таня. Она уехала вчера.

Екі тілде де есімдіктер морфологиялық жағынан есімдер сияқты түрленеді, бірақ өздеріне төн ерекшеліктері бар. Мысалы, субстантивтенген есімдіктер зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданылса, атрибутивтік есімдіктер сын есімдер ретінде қолданылған жағдайда грамматикалық жағынан түрленбейді.

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:


  1. Жіктеу есімдіктері (Личные местоимения)

  2. Сілтеу есімдіктері (Указательные местоимения)

  3. Сүрау есімдіктері (Вопросительные местоимения)

  4. Өздік есімдіктері (Возвратные местоимения)

  5. Белгісіздік есімдіктері (Неопределенные местоимения)

  6. Болымсыздық есімдіктері (Отрицательные местоимения)

  7. Жалнылау есімдіктері (Определительные местоимения)

ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІ (ЛИЧНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ>

Жіктеу есімдіктеріне мен~ я, шы ~ сен, сіз — вы, ол — он, она, оно, біз ( біздер ) — мы, сендер, сіздер еы, олар - они деген сездер жатады.

Бүл есімдіктер жақтық үғыммен байланысты келеді. Мысалы: Сен бугін келесің бе? — Ты сегодня придешь ? Біз ертец кездесеміз. — Мы завтра встретимся.

Қазақ тілінде плеонастика қүбылысы байқалады. Мысалы: Муны айтқан менмін, естіген сенсің, Тюркологтар жіктік жалғаулары жіктеу есімдікхерінен жасалғанын жан-жақты дәлелдеп берген. Плеонастиканың себебі содан болуы керек. Мысалы: Айтқан менмін. Мүнда -мен — жіктеу есімдігі, мін— осы меннің өзгерген түрі: мен>мін (е - і). Орыс тілінде жіктеу есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды.

Қазақ тілінде жіктеу есімдіктерінің кейбір дауыссыз дыбыстары септеу барысында түсіп қалады: Атау септік — мен — сен — ол Ілік септік — менің — сенің — оның Барыс септік — маған — саған — оған Табыс септік — мені — сені — оны Жатыс септік — менде — сенде — онда Шығыс септік — менен — сенен — онан (одан) Көмектес септік — менімен — сенімен/^ онымен Ал орыс тілінде септеу барысында жіктеу есімдіктерінің негізі өзгереді:

Им.п. — я - ты - он (она, оно) мы - вы -они

Р.п. — меня -тебя - его (ее) нас - вас - их

Д.п. — мне - тебе - ей (ему) нам - вам -им

В.п. — меня - тебя - его (ее) нас -вас - их

Тв.п. - мной - тобой - ею (им) нами -вами ими

П.п. - обо мне-о тебе -о ней(о нем) о нас-о вас-о них

Мүндағы сөз түлғасының танымастай болып озгеруі (ты тобой, он ею, им, о ней) ііпкі флексияның салдары деп қараймыз. Ал я - меня, мной болып түрленуін орыс тілін зерттеушілер супплетивизм күбылысы деп түсіндіреді. Алайда бүл олі де зерттей түсуді қажет етеді.

Қазақ тілінде жіктеу есімдіктерінің жіктелуінде де ерекшелік бар. Оларға жіктік жалғаудың барлық жақтарының қосымшалары қосыла бермейді. Жіктеу есімдіктеріне жалғанатын жақ жалғауларын есімдіктерден болған баяндауыштың қабаттасып келген плеонастикалық көрінісімен байланыстыруға болады. Ойткені жіктік жалғау, жіктеу есімдіктері баяндауыш қызметінде жүмсалғанда, бастауыштың жақтық мағынасына қарамастан, баяндауыштын жақтык мағынасына қарай жалғанады, Мысалы: ана ~ сенсің, бала — сіздер т.б.

Екі тілде де жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш, толықтауыш, баяндауыш, анықтауыш болып кызмет атқарады. Мысалы: Меня зовут Сауле — Менің атым Сәуле. Он любит читать Ол кітап оқыганды жйқсы көреді. Звучит твоя любимая музыка. Сенің жақсы кәретін кітабыц жоқ. Үстаз — Сізсіз. ~ Педагог — Вы.



сілтеу есімдіктері (указательные местоимеііия;

Сілтеу есімдектеріне бул,осы — это, эта, этот; сол, анау, сонау — тот, то, та; ана — тот, та, то; мына - этот, эта, это; мундаіі, сондай, осындай — такой, такое, такая; әне — вон, міне — вот деген сөздер жатады.

Бұл есімдіктер сілтеу, корсету, нүсқау сияқты мағыналарды білдіріп, қай? қайсы? ~ который? какой? деген сұрауларға жауап беретін атрибутивтік сөздер.

Сілтеу есімдіктері мағына жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы: Бүл кітапты мен оқыганмын. — Эту книгу я читала. Сол кітапты алдым — Я взяла ту книгу. Бүл (это) деген есімдіктер жақындағы, көз алдындағы затты білдірсе, сол (тот, ту) есімдіктері алысырақтағы затқа сілтегендікті білдіреді.

Қазақ тілінде сілтеу есімдіктері атрибутивтік формада тұрғанда септелмейді, көпшеленбейді, төуелденбейді. Тек субстантивтенгенде ғана септік, тәуелдік, көптік жалғауларын қабылдайды. Мысалы: Осыны ал. Анауың дүрыс шешілген. Буныңызды қалай түсінуге болады ? Бұнысы қалай ?

Орыс тілінде сілтеу есімдіктері сын есімдер сияқты септеледі:

И.п. Тот, та, те, столько ^•п. Того, той, тех, стольких

Д-П. Тпмү_ той тр.м г.тппкқмм

"■п. Тот (того), ту, те (тех), столько

Т.п. Тем, той, теми, столькими П.п. О том, о той, о тех, о стольких

Қазақ тілінде сілтеу есімдіктерінің сөйлемдеіі қызметтері де мағыналары сияқты ерекшеленеді. Мысалы: міне, әне деген есімдіктер сөйлемде қыстырма сөз ретінде қолданылып, ешқашан бастауыштың да, толықтауыштың да қызметін атқармайды, ал бул, ол сөздері баяндауыш болмайды, сонау, осынау есімдіктері де толықтауыш, бастауыш бола алмайды. Негізінен сілтеу есімдіктері екі тілде де анықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Сол адамды көрдім. ^ Видела того человека.



СҮРАУ ЕСІМДІКТЕРІ (ВОПРОСИТЕЛЬНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)

Сүрау есімдіктері мынадай: кім? - кто? что? — не? қанша? (неше?) — сколько? қай? ~ который? қандай? — какой? какая? какое?, қалай? ~ как? қашан? — когда? қайда ? — где ? куда?

Қазақ тілінде қайРдеген негізгі сұрау есімдігінен қайсы?қайдан? қаш/а? сияқты есімдіктер туған.

-Қай,-қан,-қа деген түбірлерден қайсы? қайдаеы, қандай? қанша? қалай? қашан? қашанеы? қашаинан? деген есімдіктер қалыптасқан.

Морфологиялық жағынан сүрау есімдіктерінің ішінен кім?не?қайсы?нешеу?сияқты есімдіктер септеліп те, төуелденіп те, коптеліп те, жіктеліп те қолданыла береді. Мысалы: кім? — кімнің? — қайсың? — кімдер? кімсің ?



Кім? Не? Неше? деген сүрау есімдіктері ғана кептеледі: кімдер? нешелер, нелер? Тек кім? не? қандай? қанша? қалай? нешіншР. деген есімдіктер ғана жіктеледі: кіммін, қандайсың т.б.

Тоуелденетін есімдіктер: кім? не? қайсы? нешеу? (Кіміңіз?Несі?Қайсың?Нешеуің?). Басқа сүрау есімдіктері тэуелдбнбейді.

Қазақ тілінде «кім» деген сұрау тек адамға, оның туыстығына, мамандығына байланысты сөздерге ғана қатысты қойылады: Ол кім? — Ол бала. Сен кімсің? — Мен мугаліммін. Сен агрономсың т.б.

Орыс тілінде "кто .?"деген сұрау есімдігінің мағына өрісі тым кең. Бүл сүрау жанды заттардың боріне койыла береді: Это кто? — Это человек. Это кто? — Это волк. Это кто? Это слон. Салыстырыңыз: Бул не? - Бул қасқыр. Бүл не? Бүл піл.

Салыстырып отырған тілдерде сүрау есімдіктері негізінен сүрау мағынасын тудырады. Бірақ кейде сойлемнің жалпы мағыналық ерекшелігіне және қолдану өзгешелігіне қарай сүрау есімдіктері сүрау мағынасын білдірмей, экспрессивтік мағына береді. Мысалы: Қандай сүлу! — Как прекрасна!

Сабақтас қүрмалас сойлемдерде сүрау есімдіктері қатыстық мағынаны да білдіреді. Мысалы: Кімді айтсаң, сол келеді. — Кто шцет, тот всегда найдет. Екі тілде де сүрау есімдіктері сөйлемде сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады.

Орыс тілінде сүрау есімдіктері сүрау мағынасын тудырмаса, қатыстық мағына білдіріп, қатыстық есімдіктер (относительные местоимения) деп аталатын жеке бір топ қүрайды. Олар сойлемде негізінен шылаулардың қызметін (союзные слова) атқарады. Мысалы: Я сказал, что знаю. Узнай, который час.

ӨЗДІК ЕСІМДІКТЕРІ (ВОЗВРАТНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)

Қазақ тіліңде өздік есімдікке жалғыз ғана өз созі жатады. Ал орыс тілінде — себя.

Қазақ тілінде бүл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, әзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша жоне ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. Мысалы: Әзім көмектесемін. Әзіміз үшін керек.Қазақ тілінде өздік есімдіктің төуеддеулі формада қолданылуында мынадай ерекшеліктер бар: /. Өздік есімдік тәуелдіктің қай жағында түрса, қабаттасатын жіктеу есімдігі де сол жакта қолданылады. Мысалы: өзім — мен өзім, өзің — сен өзің т.б. Бүл жерде істі атқарушы субъектінің өзі екендігін (анықтайды) білдіреді. Орыс тілінде бүл мағына «сам» деген жалпылау есімдігі арқылы беріледі. Мысалы: сам — я сам, сам — ты сам. Мысалы: Ол өзі айтты. Он сам сказал. Сен өзің білесің. — Ты сам знаешь. 2. Тәуелдеулі өздік есімдік сөйлемде бастауыш болса, жақ жағынан жіктік жалғауды тікелей озіне бағындырады, яғни бастауыш болатын ездік есімдік тәуелдіктің қай жағында түрса, баяндауыш та жіктіктің сол жағында түрады, ал тәуелдеулі зат есімдерде оңдай қасиет жоқ. Мысалы: өзім келдім ~ агам келді, өзің келдің — агаң келді т.б. Төуелдеулі өздік есімдік тоуелдеулі зат есімше септеледі, мысалы: Атау — өзім — әкем Ілік — өзімнің ~ әкемнің Барыс озіме ~ әкеме Табыс өзімді — әкемді Жатыс — өзімде — әкемде Шығыс — өзімнен — әкемнен Көмектес — өзімнен ~ әкемнен

Орыс тілінде себя өздік есімдігінің көптік, тек (род), Атау септік формалары жоқ, барлық жақта себя формасында қолданылады. Мысалы: Они купили себе квартиру — Он купил себе костюм ~ Она купила себе платъе.

Екі тілде де өздік есімдіктің тәуелдеулі түрі сөйлемнің барлық мүшесі бола алады, тек орыс тілінде "себя "бастауыштың қызметін атқара алмайды.
БЕЛГІСІЗДІК ЕСІМДІКТЕРІ (НЕОІІРЕДЕЛЕННЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)

Қазақ және орыс тілдерінде мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздер белгісіздік есімдіктер деп аталады.

Қазақ тілінде бір, әр, әлде деген создердің басқа есііМДІктермен бірігуі арқылы белгісіз есімдіктер жасалады. Мысалы: біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше), әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалаи, әлдеқашан т.б.

Белгісіз есімдіктер қазақ тілінде заттық ұғымды білдіреді де, зат есімше өзгереді, сөйлемде бастауыш немесе толықтауыштың қызметін атқарады. Кейбіреулері анықтауыш, пысықтауыштың қызметін атқарады.

Орыс тіліңде белгісіздік есімдіктері (неопределенные местоимения) сұрау есімдіктеріне -то, -либо, -нибудъ, -кое (-кой) демеуліктері мен не- сөз алды косымшасының (приставкасының) қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: кто-то, что-либо, кто-нибудь, некто, ненто, кое-кпю т.б.

Сонымен қатар, орыс тіліңде кейбір
есімдіктердің мағыналары сын есімдер арқылы да беріледі.
Мысалы: данный деген сын есім этот, тот есімдіктері
мағынасын, известный, определенный деген сын есімдер
некоторый, кое-какой, этот, только что

упомянутый деген есімдіктердің мағынасын білдіреді.

БОЛЫМСЫЗДЫҚ ЕСІМДІКТЕРІ (ОТРИЦАТЕЛЬНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)

Қазақ тілінде болымсыздық есімдіктер еш Деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы Жасалады. Мысалы: ешкім, ешбір, ешқаиіан, ешқандай,

ешқайсы т.б. Орыс тілінде сүрау есімдіктеріне -не, -ни демеуліктерінің қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: никто, никого, никаких, ничем т.б.

Қазақ тілінде болымсыздық есімдіктері болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ дегең сөздермен жоне етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады. Мысалы: ешкім келген жоқ, ешкім көрген емес т.б.

Орыс тілінде болымсыздық есімдіктер болымсыздық мағына білдіретін нет созі немесе -не демеулігімен байланысты қолданылады. Мысалы: Никуда не ходила. Ничего нет.

Екі тілде де болымсыз есімдіктер септеледі, сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы: Оган ешкім сенбейді. — Ему никто не верит. Қазір ештеңеге сенуге болмайды. — Сейчас ничему верить нельзя. Бүл ештеңе емес. Это ничего.

ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІКТЕРІ (ОПРЕДЕЛИТЕЛЬНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ,)

Салыстырып отырған тілдерде мағына жағынан кем дегенде екі не онан көп заттар мен қүбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздер жалпылау есімдіктері деп аталады.

Қазақ тілінде жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, күллі, бүкіл, түгел деген сөздер жатады.



Орыс тілінде сам, весь, все, всякий т.б. сөздер жалпылау есімдіктеріне жатады.

Қазақ тіліңде бар, барлық, барша есімдіктеріне тәуелдік жалғаулары оңаша және ортақ түрінде жалғана береді. Жалпылау есімдіктері жіктелмейді. Жалпылау есімдіктерінің ішінде тек субстантивтенген түрлері тә^елденіп ба^ып қана септеле алады.

Сөйлемде бастауыш, анықтауыш, толықтауыш болып қызмет атқарады. Мысалы: Бәрі келді. Бар байлық денсаулықта.

Жалпылау есімдіктері орыс тілінде сын есімдер

сияқты септеледі:

И.п. Сам, само, сама, сами

Р.п. Самого, самого, самой, самих

Д.п. Самому, самому, самой, самим

В.п. Сам, самого, само, самое, саму, сами, самих

Т.п. Самим, самим, самой (ою), самими

П.п. (О) самом, (о) самом, о самой, (о) самих

Ал қазақ тілінде тәуелденіп барып

септелетіндіктен зат есімдер сияқты септеледі:

А.с. Барлыгы

І.с Барлыгының

Б.с. Барлыгына

Т.с. Барлыгын т.б.

Сөйлемде сөйлемнің барлық мүшелерінің

қызметін атқарады. Мысалы: Все отказались. Каждая

мать должна думатъ о ребенке.

ТӘУЕЛДЕУ ЕСІМДІКТЕРІ (ПРИТЯЖАТЕЛЬНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)

Орыс тілінде тәуелдеу есімдіктері жеке бір топқа бөлінеді де, 2 топқа жіктеледі:

а) жіктеу тәуелдеу есімдіктері (личные притяжательные местоимения): мой, наш, твой, ваш;

ә) оздік тоуелдеу есімдіктері (возвратное притяжательное местоимение): свой. Мысалы: Наше общее дело. — Біздің ортақ ісіміз. Я свою мать уважаю. Мен өз шешемді курметтеймін.

Қазақ тілінде бүл топқа сәйкес келетш есімдіктер жоқ. Осыған байланысты бүл есімдіктер қазақ тіліне тәуелдік жалғаулары мен тәуелдік мағына білдіретін жүрнақтар және өздік есімдіктері арқылы беріледі. Мысалы: Менің кітабым жаңа. Моя книга новая. Бул кімнің уйі? ~ Это чей дом? Менікі. — Мой. Өз уйім — өлец төсегім. — Свой дом, своя постель мягкая, как трава



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық категориялар

  • . Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің топтастыру принциптері.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

10 тақырып: Етістік

Дәріс жоспары:

1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

2. Етістіктің грамматикалық категориялары.

Мақсаты: Екі тілдегі етістіктердің лексика-грамматикалық сипаты.

Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктің грамматикалық категориялары.



Мазмұны:

Етістік – заттың қимылын, іс - әрекетін және заттың қозғалыстағы күйін сипаттайтын сөз табы. Ол не істеді? қайтты? (что делать? что сделать?) деген сұрақтарға жауап береді.

Іс - әрекет мағынасы етістік үшін жалпы сипаттама, себебі «қимыл» сөзінің астарында көп мағына жатыр:

1) еңбек әрекеті: Ол ағашты кесіп тастады. – Он срубил дерево. Жұмысшылар тұрғын үй салды. – Рабочие строят жилые дома.

2) қозғалыс: жүру – идти, жүгіру – бежать, жорғалау – ползать, жылжу – двигаться, зымырау – мчаться.

3) адамның сезім мүшелерінің жұмысы: есту – слышать, тыңдау – слушать, көру – видеть, сөйлеу – говорить;

4) ойлау процесі: ойлау – думать, бағдарлау, талқылау – рассуждать, білу – знать, түсіну – понимать.

5) физикалық қалпы: тұру – стоять, жату – лежать, ұйықтау – спать, жадырау, сергу – бодрствовать.

6) көңіл күйі: көңілдену – веселиться, қуану – радоваться, шаттану – торжествовать.

7) қалыпты күйден өзгеру: ағару – белеть, бозару – бледнеть, қараю – чернеть, қартаю – стареть, жасару – молодеть.

Екі тілде де етістік үлкен синтаксистік мүмкіндіктерге ие. Ол сөйлемде өте маңызды конструктивті және ұйымдастырушы роль атқарады. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де ол негізінен баяндауыш қызметін атқарады.

Баяндауыш қызметінде ол қажетті морфологиялық категорияларға ие: рай – наклонение, шақ – времени, жақ – лицо.

Бұдан басқа екі тілде де етістіктің сөйлемде баяндауыш қызметін атқаратын жіктелмейтін түрлері бар: етістіктің тұйық формасы – неопределенная форма глагола, есімше – причастие, деепричастие – көсемше.


Салт және сабақты етістіктер

(Непереходные и переходные глаголы)

Сабақты етістік тікелей затқа бағытталған әрекетті білдіреді. Салт және сабақты етістіктердің лексикалық мағынасымен олардың синтаксистік айырмашылығы байланысты: екі тілде де сабақты етістік табыс септігін қажет етіп тұрады (орыс тілінде – винительный падеж). Балаларды (кімді?) тәрбиелеу – воспитывать (кого?) детей, қиындықтарды (нені?) жеңу – преодолеть (что?) трудности.

Салт етістіктерге төмендегіні білдіретін етістіктер жатады:

1) кеңістіктегі қозғалыс пен қалып күй: отыру – сидеть, жату – лежать, жүру – ходить, малту, жүзу – плавать, ұшу – лететь, сүңгу – нырять;

2) физикалық және мінез – құлық жағдайы: ұйықтау – спать, ауыру – болеть, зардап шегу – страдать.

3) бір күйден екіншісіне өтуін сипаттайтын етістіктер: сауығу – выздоравливать, ауыру – болеть, ағару – белеть;

Салт етістіктер өзінен кейінгі объектілердің туру толықтауыш болуын талап етпейді: үйге кіру – войти в дом, есепте тұру – состоять на учете.

Екі тілде ортақ белгілерден басқа, айырмашылықтар да бар. Орыс тілінде сабақты етістіктен кейін екі жағдайда винительный падеждан кейін родительный падеж келеді.

а) егер тура толықтауыш затты тұтас емес, белгілі бір бөлігін атаса.

Бұл құбылыс қазақ тілінде де бар, тек шығыс септік жалғауы қолданылады: судан (неден?) беріңізші – дайте (чего?) воды, жидектен теріп алды – насобирать ягод. Қазақ тілінде тұтастың бөлігін атау керек болмаса, онда сабақты етістіктен кейін табыс септігі қолданылады: жидекті теріп алды.

б) Орыс тілінде сабақты етістік жоққа шығарушы болса, онда одан кейін родительный падеж қолданылады: не чувствовал боли – ауырғанды сезбеді, не выполнил поручения – тапсырманы орындамады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктер.

  • Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

  • Етістіктің грамматикалық категориялары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

11 тақырып: Етістіктің категориялары

Дәріс жоспары:

1. Рай категориясы. Шақ категориясы.

2. Есімше. Көсемше.



Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі рай категориясы. Қазақ және орыс тілдеріндегі шақ категориясы. Қазақ және орыс тілдеріндегі есімше және көсемше.
Мазмұны:

Етістіктің райлары

(Наклонение глагола)

Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады. Орыс тілінде райдың үш түрі, ал қазақ тілінде төрт түрі бар.




Қазақ тілі

Орыс тілі

ашық рай

шартты рай

бұйрық рай

қалау рай



изъявительное наклонение

сослагательное (условное) наклонение

повелительное наклонение

Ашық рай қазақ тілінде де, орыс тілінде де үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлесушінің шындыққа қатысын баяндайды: оқып отырмын – читаю, оқыдым – читал.

Етістіктің шартты райы қимылдың, іс - әрекеттің болу – болмау, іске асу – аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді.

Қазақ тілінде шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: барса, жүрсе, айтпаса, оқытса.

Шартты рай тұлғасына жіктік жалғауы жалғанып қолданылады. Бұл шартты рай тұлғасы тиянақты бола алмайды. Сондықтан шартты рай тұлғасы тиянақты жіктелгенмен, сөйлемді тиянақтап аяқтап тұра алмайды, я басқа бір етістікпен, кейде көмекші етістікпен тіркесіп келеді, я бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрады.

Орыс тілінде шартты рай өткен шақ формасы бы бөлшегі арқылы жасалады: Ты бы сегодня не выходил на улицу: очень холодно.

Жаққа (көбіне ІІ жаққа) қаратылып, қимылдың, іс - әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы: Тіліңмен асықпа, ісіңмен асық – Не спеши языком, торопись делом. Темірді қызған кезде соқ – Куй железо, пока горячо.

Орыс тілінде бұйрық райдың негізгі формасы осы шақ немесе келер шақ негізінен жасалған жекеше немесе көпше түрдегі екінші жақ формасы болып табылады. Орыс тілінде, сондай-ақ, бұйрық райдың үш түрі бар:

1) дауыстыдан кейін –й дыбысына аяқталады: читай, не болей, знай;

2) дауыстыдан кейін и дыбысы келеді: корми, сиди, продолжи;

3) жіңішкелік белгісімен дауыссыз, қатаң ш,ж дауыссыздарына аяқталады: подвинь, услышь, отбрось.

Орыс тілінде бұйрық райдың екінші жақ көпше түрі жекеше түрге –те аффиксін қосу арқылы жасалады: давай – давайте, сиди – сидите, бойся – бойтесь;

Қазақ тілінде бұйрық рай түбірден немесе тұйық етістік формасы (-у) түсіріліп жазылатын негізге келесі жұрнақтардың қосылуы арқылы жасалды:

Жекеше түрде:

1) –йын (-иін, -айын, -ейін) – бірінші жақ: кел – у – кел – кел – ейін; айт –у – айт – айт – айын.

2) екінші жақтың жай түрі етістіктің негізімен сәйкес келеді: алу – ал, жасау – жаса, айту – айт, тыңдау – тыңда.

Көпше түрде:

1) –йық (-иік, -айық, -ейік) – бірінші жақ.

2) –ңдар (-ңдер, -ыңдар, -іңдер) – екінші жақ, жай түрі; -ңыздар (-ңіздер, -ыңыздар, -іңіздер) –екінші жақ, сыпайы түрі.

3) –сын (сің) – үшінші жақ, жекеше, көпше түрлері.

Сонымен қатар орыс тілінде бұйрық райын жұмсарту үшін ашық райдағы етістікке –ка қосылады, ал қазақ тілінде –шы–(ші) аффиксі: принеси – ка – әкелші, пойдем – ка – жүрші, соберите – ка – жинайықшы.

Екі тілде де міндетті талап қою үшін осы шақ немесе келер шақтағы екінші жақ көпше және жекеше түрдегі форма қолданылады: Сендер қазір қалаға барасыңдар! – Вы сейчас же поедете в город!

Сонымен қатар, бұйрық райды осы шақ немесе келер шақ формасында беруде интонация маңызды роль атқарады. Идем! – Жүреміз! Жылдам! – Скорей!

Қалау рай қазақ тілінде орыс тілдегіден қарағанда етістіктің ерекше формасына ие.

Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс - әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады.
Қалау рай мынадай жолдармен жасалды:


  1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына –ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеседі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде ІІІ жақта қолданылады.

Мысалы: бар+ғы+м келді (-еді,-іпті,-ген,ер), (сенің) бар+ғың кел+е+ді (-ді,-іпті,-ген,-ер), (оның) бар+ғы+сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер). Демек, қалау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі.

  1. Шартты рай тұлғасы (-са,-се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алса игі еді, (ол) алса игі еді.

  2. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –ғай,-гей,-қай,-кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) барғаймын, (сен) барғайсың. Кейде –ғай,-гей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп те қалау рай жасалады: (мен) барғай едім, (сен) барғайсың, (ол) барғай еді. Қалау райдың бұл жасалу жолы сирек кездеседі.


жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау