Қазак, орыс тілдерінің қалыптасуындағы ерекшеліктер



жүктеу 2,5 Mb.
бет8/11
Дата29.05.2018
өлшемі2,5 Mb.
#18276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сын есімдердегі екпін (Ударение имен прилагательных)

Қазақ тілінде сын есімдерде екиін ақырғы буынға, ал туынды сын есімдерде қосымшаларға түсетіні белгілі. Ал демеулігі қосылған жағдайда, екпіи демеулікке түседі: Семіз- ақ екен!



Күшейтпелі шырай формасындағы сын есімдерде екпін көмекші сөздерге түседі. Мысалы: өте жаксы, ең әдемі т.б. Ал редупликация тәсілі арқылы жасалған сын есімдерде екпін бірінші буынға түседі. Мысалы: әп-әдемі, жап-жасыл т.б.

Қазақ тілінде сын есімдерге жалғанатын -дай-дей; -тай-тей косымшаларына екпін түспейді. Мысалы: судай, тастай т.б.

Орыс тілінде екпін жылжымалы, оның үстіне екпін сөздін мағынасын да өзгертеді.



  1. Негізгі және туынды сын есімдердіц кейбіреулерінде екпін түбірге түседі: белый, заячий, зверский т.б.

  2. Сын есімдердің толық түлғасында екпін сөз тудырушы жұрнақтарға түседі (голосистый, дубовый т.б.).

  3. Сын есімдердің ықшамдалған түлғасында тек категориясы-ның жалғауына байланысты екпін түрақты емес. Мысалы, ер тегінде (м.р.) түрған сын есімнің ықшамдалған түлғасында екпін толық түлғадағы сияқты түседі (разговорчивый - раз-говорчив).

Ықшамдалған тұлғадағы толық дауысты дыбысты сын есімдерде екпін здоров сөзінен басқа сөздерде бірінші буынға түседі: голоден, молод, дорог т.б., бірақ здоров. Ал әйел тегіндегі (ж.р.) п, л, к- ға аяқталатын ықшамдалған сын есімдерде, екпін негізінен жалғауларға т\'седі (бела, жива, худа т.б.).

Бірақ әйел тегіндегі (ж.р.) сын есімдердің көбінің ықшамдалған тұлғасында екпін толық тұлғадағы орнында Қалады (безмолвная - безмолвна, позорная - позорна т.б.).



Аралык тектегі (ср.р.) сын есімдердін ықшамдалған түлғасында екпін көбінесе түбірге түседі (бедно, бледно т.б.). Ксйбір жағдайда ғана ақырғы буынга түседі (легко, жива т.б.).

Ал кейде мұндай сын есімдерде екпін екінші буынға да, жалғауға да түседі (велико - велико, высоко - высоко т.б.).

Әйел (ж.р.), аралық (ср.р.) тектердегі сын есімдердін ыкшамдалған түлғаларында жекеше, көпше формада екпін бірдей түседі (благородны - благородна, благородно т. б.). Сын есімдердің жасалу жолдары (Способы образования имен прилагательных) Екі тілде де сын есімдердің жасалуында ең тиімді тәсіл - морфологиялык тәсіл.

Екі тілде де сын есім негізінен зат есім мен етістіктерден мына өнімді жүрнактар арқылы жасалады:



1. -лы-лі, -ды-ді, -ты-ті; -сыз-сіз; -іиаң-шең; -шақ-шек; -шыл-
шіл; -лъщ-лік; -дъщ-дік; -тъщ-тік; -дай-дей, -тай-тей (тау-
лы, мінсіз, сөзшең, еріншек, жершіл, аудандъщ, суттей Т.6.).

-ан -яи-янн; -ат; -аст-яст; -ов-ев; -овит-евит; -ив-лив; -ск-еск; -енск-инск;-истск; -овск-вск; -ическ-ческ; -н-енн; -есн, -овн-евн; -ичн, -шн т.6.:кожаный, бородатый, зубастый, бронзовый, ленивый, пугливый, алтайский, болъшевистский, качественный, демократичный, нынешний т.б.

2. -қ-к; -ъщ-ік; -қақ-гақ, -кек-гек; -шақ-шек; -қыр-кір; -гыр-гір;
-ма-ме, -ба-бе, -па-пе; -қыш-кіш, -гыш-гіш; -аган-еген т.б.:
қорқақ, тапқыр, бояма, жазгыш, қабаган, сузеген т.б.

-чив; -лън; -тельн; -л; -уч-юч, -ущ-югц; -ая-яч; -ащ-ящ; -н; -ен; -ш; -м; -ом; -нн; -ени т.6.:задумчивый, купалъный, изби-рательный, дремучий, колючий, висячий, рваный, замени-мый т.б.

Морфологиялық тәсілдің тағы бір түрі - орыс тіліндегі сөз алды косымшалы (префикстік) тәсіл. Бұл тәсіл тек орыс

тіпінр тан Т^ячяь" тіпінпя тріг ^ітде С^ЗПе^^е ^е^^е^еф' Яейіііппп

бейтарап, беймаза, наразы, бейқам т.б.

Ал орыс тілінде мынадай сөз алды косымшалары (пристав-калар) арқылы сын есімдер жаеалады:



1, «-; (аморальный, аполитичный т.бу) -сыз-сіз жүрнактары мен
бей/Ьи -дің мағынасын береді.

2. анти-; (антиалкогольный, антинаучный). Бүл сөз алды
косымша (приставка) арқылы жасалған сын есімдер қарсы,
қарамақайшы деген мағына білдіреді.

  1. архи-; өте, тым, аса деген күшейтпелі мағына үстейді {архи-умный, архисильный т.б.).

  2. все-; бәрі, бүкіл, барлық, жалпы, түрлі-түрлі, әр-түрлі деген сөздермен сын есімдердің тіркесуі арқылы күшейтпелі мағынаны білдіреді (всесильный, всевозможные т.б.).

  3. иптер-; аралық деген мағынаны білдіреді, интернационал-дык терминдер жасайды (интерсекңионный, интервокаль-ный т.б.).

  4. наи-, пре-, сверх-; ең, тым, аса, асқан, артық деген мағынадағы сын есімдерді жасайды: наиболыиий - ең улкен, сверхскоростной - тым шапшаң, пречерный - өте кара т.б. Сверх сөзалды қосымшасы (приставкасы) арқылы жасалган сын есімдер қазақ тіліне тыс септеулігінің Шығыс септіктегі зат есіммен тіркесуі арқылы беріледі: сверхіыано-выіі - жоспардан тыс т. б.

  5. не- - болымсыздық мағынадағы сын есімдер жасайды: неве-селый - көңілсіз, невозможный - шамадан тыс т.б.

  6. небез- (не+без) күрделі сөзалды қосымша (приставка) бо-лымсыздық мағынадағы сын есімдер (-сыз-сіз+емес) жасай-ды: небездарный қабілетсіз емес, небезупречный — кемшіліксіз емес т.б.

  7. без- - болымсыздық мағынадағы (-сыз-сіз) сын есімдер жа-сайды: безоблачный - бултсыз.

  8. про- -есімше түлғаларын білдіреді: продуманный - ойланган т.б.

  9. раз- - күшейтпелі мағынадағы сын есімдер жасайды: разве-селый - тым коңілді,

  10. со—сәйкестік, біркелкілік мағынадағы сын есімдер жасай-ды: соплеменный -рулас, сопредельный — шектес т.б.

  11. ультра- -вте, тым, аса деген күшейтпелі мағынадағы сын есімдер укасайды.ультракороткий - оте кыска, улыпрамод-ный ~ тым сонкой т.б.

  12. экстра- - төтенше, ерекше, әдеттегіден тыс сөздерімен тіркесіп берілетін сын есімдер жасайды: экстравагантный -әдеттегіден тыс, экстраординарный төтенше, ерекше т.б.Орыс тілінде морфологиялық тәсілдің тағы бір түрі - сөз ал-ды қосымша мен жүрнақтың косылуы арқылы сын есімдер жа-сайтын тәсіл (префиксально-суффиксальный). Бүл тәсіл бойынша сын есімдердің жасалуына сөзалды қосымшалар (приставкалар) мен жүрнақтар бірдей қатысады Ондай сөз алды қосымишіар (приставкалар) мен жүрнақтарғл мыналар жатады:

а) до- +- н, -ск: довоенный —согыскд дейінгі, доисторический -
тарихқа дейінгі
т.б.;

ә) по- + после: послевоенный - согыстан кейінгі, послереволю-ционный -революциядан кейінгі т.б.;



б) за- +- н, -ск: загородный - қала сырты, заморский -теңіздің
ар жагы
т.б.;

в) между-, меж- +-н, -ск, ~ов: междугородный - қалааралық.
межпланетный
- планетааралық т.б.;

г) на-; над- + -н: надводный -судың үстіндегі, настольный -
үстелдің бетіндегі т.б.;

д) под- + -н: подоблачный булттың астындагы, подземный -I
жердің астындагы т.б.; |

е) от- + -н: отделочный - жасайтын, откормленный —
семіртілген т.б.;

ж) по- + -н: пореформенный - реформага байланысты, подуш-
ный -
әр адамға т.б.;

з) при- + -н, -ск: прибалтийский - прибалтикалық, прибрежный
- жагалаудагы т.б.;

и) вне- + -н, -ов; -ск: внеочередной - кезектен тыс, внешколь-ныи — мектептен шыс т.о.;

к) внутри- + -н, -ов: внутрикомнатный - бөлмеіийлік, внутри-союзный - одақішілік т.б..

Екі тілде де сын есімдер синтаксистік тәсіл арқылы да жасалады.

Қазақ тілінде зат есім мен сын есімнің, сын есімдердің тіркесуі арқылы жасалады {кара торы, ақ көңіл т.б.). Ал орыс тілінде интерфикс арқылы зат есімдердің түбірі бірігіп, -н, -ск, -ов жүрнақтарының катысуы арқылы жасалады {водо-проводный, земледелъческий т.б.).

Қазақ тілінде күрделі сын есімдер мына жолдармен жасалады:



Сын есімдердің тіркесуі арқылы: таудай улкен уй, тастай қатты нан, кара ала, ақ боз т.б.

  1. Сын есімдердің қосарланып берілуі арқылы: улкен - улкен, жақсы - жалган т.б.

  2. Сын есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы: қара көз, ақ көңіл т.б.

  3. Сын есім мен сан есімнің тіркесуі арқылы: уш элеметті, жуз жылдық согыс т.б.

  4. Зат есім мен көсемшенің тіркесуі арқылы: суда жузетін, қурыш балқытатын т.б.

  5. Орыс тілінен калька жасау арқылы: предвыборное - сайлау алдындагы, мелкокалиберный - кіші калиберлі, орденонос-ный — орденді, полумесячный — жарты айлық т.б.

Ал орыс тілінде күрделі сын есімдер былай жасалады:

  1. Сын есімдердің интерфикс арқылы бірігуі: темно-красный -курең қызыл, светло-голубой - ақшыл көк т.б.

  2. Сын есімдердің басқа есімдермен, етістікпен тіркесуі арқылы: черноглазый - царакөз, сталеплавилъный - қурыш балқытатын т.б.

  3. Зат есім мен есімшенің тіркесуі арқылы: водоплавающий -суда жүзитін т.б.

  4. Есімдік пен сын есімнің тіркесуі арқылы: ежегодный -жыл сайынгы, ежемесячный - ай сайынгы т.б.

Орыс тілінде морфологиялық тәсілдің тағы бір түрі - сөз алды қосымша мен жүрнақтың қосылуы арқылы сын есімдер жа-сайтын тәсіл (префиксально-суффиксальный). Бүл тәсіл бойынша сын есімдердің жасалуына сөзалды қосымшалар (приставкалар) хмен жүрнақтар бірдей қатысады, Ондай сөз алды қосымшалар (приставкалар) мен жүрнақтарға мыналар жатады:

а) до- +- н, -ск: довоенный —согысқа дейінгі, доисторііческий —
тарихқа дейінгі т.б.;

ә) ію- + после: послевоенный - согыстан кейінгі, послереволю-ционный -революциядан кейінгі т.б.;



б) за- +- н, -ск: загородный — қала сырты, заморский -теңіздің
ар жагы
т.б.;

в) между-, меж- +-н, ~ск, -ов: междугородный - қалааралық,
межпланетный — планетааралъщ
т.б.;

г) на-; над- + -н: падводный -судыц устіндегі, настольный -


үстелдің бетіндегі т.б.;

д) под- + -н: подоблачный бүлттың астындагы, подземный -
жердің астындагы т.б.;

е) от- + -н: отделочный - жасайтын, откормленный -
семіртілген
т.б.;

ж) по- + -н: пореформенный - реформага байланысты, подуш-
ный -
әр адамға т.б.;

з) при- + -н, -ск: прибалтийский - прибалтикалық, прибрежный
- жагалаудагы
т.б.;

и) вне- + -н, -ов; -ск: внеочередной - кезектен тыс, внешколь-ныи — мектептен шыс т.о.;

к) внутри- + -н, -ов: внутрикомнатный - бөлмеішілік, внутри-союзный - одақішілік т.б..

Екі тілде де сын есімдер синтаксистік тәсіл арқылы да жасалады.

Қазақ тілінде зат есім мен сын есімнің, сын есімдердің тіркесуі арқылы жасалады (кара торы, ақ көціл т.б.). Ал орыс тілінде интерфикс арқылы зат есімдердің түбірі бірігіп, -н, -ск, -ов жұрнақтарының катысуы арқылы жасалады [водо-проводный, земледельческий т.б.).

Қазақ тілінде күрделі сын есімдер мына жолдармен жасалады:



  1. Сын есімдердің тіркесуі арқылы: таудай үлкен уй, тастай қатты нан, кара ала, ақ боз т.б.

  2. Сын есімдердің қосарланып берілуі арқылы: үлкен - үлкен, жаксы — жаман т.б.

  3. Сын есім мен зат ссімнің тіркесуі арқылы: қара көз, ақ көңіл т.б.

  4. Сын есім мен сан есімнің тіркесуі арқылы: уш элеметті, жүз жылдық согыс т.б.

  5. Зат есім мен көсемшенің тіркесуі арқылы: суда жүзетін, қурыш балқытатын т.б.

  6. Орыс тілінен калька жасау арқылы: предвыборное - сайлау алдындагы, мелкокалиберный - кіші калиберлі, орденонос-ный - орденді, полумесячный - жарты айлық т.б.

Ал орыс тілінде күрделі сын есімдер былай жасалады:

  1. Сын есімдердің интерфикс арқылы бірігуі: темно-красный -күрең қызыл, светло-голубой - ақшыл көк т.б.

  2. Сын есімдердің басқа есімдермен, етістікпен тіркесуі арқылы: черноглазый - қаракәз, сталеплавилъный - қурыш балқытатын т.б.

  3. Зат есім мен есімшенің тіркесуі арқылы: водоплавающий -суда жүзитін

  4. Есімдік нен сын есімнің тіркесуі арқылы: ежегодный -жыл сайынгы, ежемесячный - ай сайынгы т.б.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық категориялар

  • . Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің топтастыру принциптері.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

8 тақырып: Сан есім
Дәріс жоспары:

1. Есептік, реттік, жинақтық сан есім.

2. Бөлшектік, топтау, болжалдық сан есім

Мақсаты: Екі тілдегі есептік, реттік, жинақтық сан есімдер.

Бөлшектік, топтау, болжалдық сан есім



Мазмұны: Сан есім — заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы. Сан '■ есімдер басқа сөздерге тіркестірілмей жеке-дара айтылғанда, тек абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары озге создермен қарым-қатынасқа түсін айтылғанда ғана ! айқындалады. Екі тілде де морфологиялық сипаттары жағынан сан есімдердің озіне тән, өзге соз таптарына үқсамайтын ерекшеліктері бар.

Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, қазақ тілінде ол үнемі анықтайтын создерінен бүрын түрады, бірақ ешқандай , морфологиялық өзгеріске түспейді. |

Ал орыс тілінде зат есімге ыңғайласып септеледі, ! көптеледі, тек (род) категориясы бойынша өзгереді: две \ девушки ~ двум девушкам — десятъ девушек; два парня | — двух парней.

Қазақ тілінде тек субстантивтенген жағдайда ғана түрленіп, өзгеріске түседі, яғни коптеліп те септеліп те, тәуелденіп те, жіктеліп те қолданыл, береді.

Сан есімдер морфологиялық қүрамына қараіз
негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып
екіге болінеді. Негізгі сан есімдер қатарына тек қана
есептік сандар жатса, туынды сан есімдер осы негізгі.
есептік сан атауларына қосымшалар мен шылаулардын
тіркесуі, қосылуы арқылы жасалатыны белгілі.
Мысалы: уш үшінші — ушеу — ушеудей — уш —
уштен; три — третий, трое
—■ оқоло трех — по три | |
т.б.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де де сан есімдер дара және 11
күрделі сан есім болып болінеді. Мысалы: жуз сто, \ 1
бес — пять; жуз бес — сто пять; бір мың елу алты ~ \ '
одна тысяча пятьдесят шесгпь т.б.

Қазақ тілінде күрделі сан есімдер он бірден басталса, орыс тілінде жиырма бірден (двадцать один) басталады.

Күрделі сан есімдердің жасалуына қатысты екі тілде мынадай айырмашылықтар бар: қазақ тілінде әуелі ондық, одан кейін бірлікті білдіретін сөз тірхеседі. Мысалы: он бір, он екі, елу уш, алпыс төрт т.б

Орыс тілінде он бірден он тоғызға дейінгі сан атаулары былай жасалады: әуелі бірлік, одан кейін ондық аты тіркеседі. Мысалы: двенадцатъ (два на десять), четырнадцать (четыре ңа десятъ) т.б. Ал жиырма бірден бастап қазақ тіліндегі сияқты әуелі ондық содан соң бірлік атауы тіркесіп келеді. Мысалы: сорок четыре, девяносто два т.б.

Екі тілде де сан есімдер семантикалық, морфологиялық және синтаксистік жағынан іштей бірнеше топқа бөлінеді: есептік (количественные), реттік (порядковые), жинақтық (собирательные), бөлшектік (дробные). Қазақ тілінде бүдан басқа топтық және болжалдық сан есімдер бар.

ЕСЕПТІК САН ЕСІМ (КОЛИЧЕСТВЕННЫЕ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)



Салыстырып отырған тілдерде есептік сан есімдер
жалпы заттың зат есімнен туған сындық белгінің немесе
іс-орекет, амалдың саны, сандық мөлшерін білдіру
үшін қолданылады. Олар тікелей саңдық мағынада
қолданылғанда, ешқандай морфологиялық езгерістерге
түспейді. Мысалы: Он екі кітап, жүз дәптер алынды. —
Купили двенадцать книг, сто тетрадей. Ал

субстантивтенген жағдайда сөз түрлендіретін аффикстерді қабылдайды.

Мысалы: Беске алтыны қосқанда он бір болады. — К пяти прибавить шестъ, будет одиннадцать.

Қазақ тілінде есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады.

Есептік сан есімдердің ішінде бір сөзінің алатын орны ерекше. Бір сезі есептік сан есімдерден жаңа создер жасайтын амал-тәсілдердің бәріне түгел қатысады, басқа қосымшалар арқылы да әр түрлі жаңа формалар жасайды. Бір сөзінен лексика-семантикалық тәсіл арқылы басқа сөз табына ауысқан формалар да бар. Мысалы: біреу келеді, біреу кетеді. Ол бір келді, бір кетті.

Орыс тілінде де один формасының орны ерекше. Один созі басқа соз табына ауысып, зат есім, сын есім, есімдік мағыналарын білдіре алады. Мысалы: Все за одного — один за всех. Мы учились в одной школе. К нам пришел один человек.

Сан есім ретінде один созі тек жекеше формада қолданылады. Ал көптік түлғадағы зат есіммен тіркескен жағдайда один сөзі көптік жалғауды қабылдауы мүмкін. Мысалы: одни хлопдты, одни брюки т.б. Одиң созі тек (род) формасы бойынша өзгере алады: один университет, одна школа, одно окно.

Жалпы орыс тілінде үштен мыңға дейінгі есептік сан есімдердің тек (род) категориясы жоқ. Тек (род) түлғасы один, одна, одно; два, две; оба, обе; полтора, полторы деген сан есімдерге ғана тән.

Орыс тілінде есептік сан есімдер зат есімдермен тіркескенде септеледі, көптеледі. Мысалы: один сын — пятеро сыновей — одному сыну — пятерым сыновьям т.б.

Два (две), три, четыре сакдары зат есімдермен ерекше тіркеседі. Егер олар Атау немесе Табыс септігінде түрса, зат есімдер жекеше форманың Ілік септігінде тіркеседі. Мысалы: два дома, четыре окна, три ученика. Но пять домов, сорок учеников.

Ал зат есімдер басқа сан есімдермен тіркескенде, көгшіе форманың Ілік септігінде қолданылады. Мысалы: пять домов, шестъ окон, семъ учеников т.б. Бірақ два, три, четыре сандары зат есімдердің ер (мужской), ортак (средний) тек (род) түлғаларьшен қатар сьш есімдермен тіркесіп берілсе, көбінесе көпше форманың Ілік септігівде қолданылады. Мысалы: два болъших окна, три широких кроватей т.б.

Орыс тілінде кейбір есептік сан есімдер сын есімдер сияқты септеледі: один, одна, одно, одни; ал кейбіреулері зат есімдер сияқты септеледі: пять, восемь, тридцатъ т.б.

РЕТТІК САНЕСІМДЕР (ПОРЯДКОВЫЕ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)

Реттік сан есімдер белгілі бір заттар мен кұбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Қазақ тілінде реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы-інші аффиксін қосу арқылы жасалады: жетінші үй, бірінші бала т.б.

Реттік сан есімдер де өз мағынасында қолданылғанда, ешқандай озгеріске түспейді. Мысалы: екінші адамеа, бірінші оқушыларымды т.б.

Тек с^бстантивтенген жағдайда ғана оларға көптік, тоуелдік, септік жалғаулары қосылады. Мысалы: біріншілер келді, алтыншының аты-жөні т.б.

Орыс тілінде реттік сан есімдердің жасалуы күрделілеу. Олар есептік сан есімдердің түбіріне сын есім жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: шесть — шестой, восемь — восьмой т.б.

Тек первый (один), второй (два) реттік сан есімдері басқа тәсілмек, яғки түбірлерінің озгеруі арқылы жасалады.

Ал елуден сексенге дейінгі есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасалганда, септік түлғасындағы есептік санның түбіріндегі соңғы жіңішке дауыссыз жуан дауыссызға айналады. Мысалы: пятьдесят — пятидесятый. семъдесят — семидесятый т.б.



Девяностый реттік сан есімі девяност негізінен жасалады. Сто есептік сан есімінен реттік сан есім сот деген негізден жасалады: сот+ый. Ал екі жүзден тоғыз жүзге дейінгі реттік сан есімдер Ілік септік түлғасындағы есептік сан есімдердің негізінен жасалады: двухсот+ый, пятисот+ый т.б.

Мың, миллион, миллиард, биллион т.б. есептік сан есімдерінен жүрнағы арқылы реттік сан есімдер жасалады: тысячный, миллионный т.б.

Реттік сан есімдер орыс тілінде сын есімдер сияқты септеледі, көптеледі, тек (род) формалары бойынша озгереді. Мысалы: шестой, шестые, шестая т.б.

Ал күрделі реттік сан есімдердің тек соңғы компоненттері септеледі, көптеледі, тек (род) формалары бойынша өзгереді. Мысалы: сто двадцатъ первый, сто двадцать первая, сто двадцать первые т.б.

Сан есімнің түлғалануы зат есімнің түлғасына теуелді болады: зат есім кай текте, қай септікте түрса, сан есім де сол текте (род), сол септікте түрады. Басқаша айтқанда, сан есім зат есіммен қиыса байланысады. Ал қазақ тілінде әзінің түлғалық дербестігін сақтап қалады, қабыса байланысады.
ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМДЕР (СОБИРАТЕЛЬНЫЕ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)

Қазақ тілінде жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау(-еу) жүрнағы қосылуы арқылы жасалады: біреу, алтау т.б. Жинақтық сан есімдер үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Екеуі келді. Үшеуіне айт.

Бүл сан есімдерге қазақ тілінде сөз түрлендіретін грамматикалық формалар қосыла береді, бірақ олар бәріне бірдей жалғанбайды. Мысалы, көптік жалғау тек қана біреу созіне жалғанады. Мысалы: біреулер келді (белгісіздік есімдігі).

Ал тоуелдік жалғаулары тек семантикалық ерекшеліктеріне карай жалғанады: үшеуің келіңдер, екеуміз барамыз т.б.

Егер жинақтық сандар сөйлемде баяндауыш болса, жіктіктің І-ІІ жағының қосымшалары ғана жалғанады: сендер бесеусіңдер, біз төртеуміз т.б. Ал септік жалғаулары жинақтық сан есімдердің жай түріне де, тәуелді түріне де жалғана береді. Мысалы: үшеуінің жагдайын біл. Алтауды анықта т.б.

Ал орыс тілінде жинақтық сан есімдер (собирательные числительные) екіден онға дейін болады. Төрттен онға дейінгі жинақтық сан есімдер -ер-о аффикстері арқылы жасалады. Мысалы: четверо, десятеро т.б. Орыс тілінде оба^ обе сөздері де жинақтық сан есімдерге жатады. Жинақтык сан есімдер орыс тілінде зат есіммен тіркесіп қолданылады. Мысалы: четверо детей, оба брата т.б. Бірақ жан-жануарлар атаулары мен өйел тегі (женский род) түлғасындағы зат есімдермен жинақтық сан есімдер тіркеспейді. Мысалы: две сестры, два вола т.б.

Ал двое, трое, четверо жинақтық сан есімдер тек көпше формадағы зат есімдермен Атау (Именительный), Табыс (Винительный) септік формаларында тіркеседі. Мысалы: двое щипцов, трое ножниц, четверо саней т.б. Ал басқа септік формаларында трех щипцов, четырем саням деген дүрыс болады.

БӨЛШЕКТІК САН ЕСІМДЕР (ДРОБ&ЪШ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)

Екі тілде де бул сан есімдер белгілі бір заттар мен Қүбылыстардың сандык бөлшегін білдіреді. Мысалы: алтыдан үш — три шестых, нөл бүтін оннан тогыз ноль Целых девять десятых т,б. Қазақ тілінде бөлшектік сан есімдер қүрамы жағынан күрделі, олар есептік сан


есімдердің синтаксистік тәсілмен тіркесе айтылуы
арқылы жасалады: болшектік сан есімдердің

қүрамындағы сөздердің бірінші компоненті Ілік септік түлғасында түрады, екінші сыңары тәуелдік жалғаулы болып келеді: екінің үші, елудің он бесі т.б.

Сонымен қатар, бөлшектік сан есімдердің қүрамындағы сөздердің бірінші сыңары Шығыс септік түлғасында, ал екінші компоненті Атау септік түлғасында беріледі: отыздан елу, тоғыздан бес т.б. Сондай-ақ бөлшектік сан есімдердің қүрамыңдағы сөздердің бірінші компоненті Шығыс септік түлғасында, екінші компоненті Атау септік түрінде қолданылады. Ондайда "бөлігі" сөзі қосылып айтылады: бестен бір бөлігі, екіден бір бөлігі т.б. Қазақ тілінде болшектік мөнді білдіретін жарты, жарым, ширек деген сөздер де қолданылады.

Орыс тілінде бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдердің реттік сан есімдермен тіркесуі арқылы жасалады: бірінші компонент ретінде есептік сан есім аталса, екінші компонент ретінде негізінен коптік форма, Ілік септік (Родительный падеж) түлғасындағы реттік сан есімдер айтылады. Тек одна есептік сан есім мен тіркескен жағдайда реттік сан есім жекеше форма Атау септік түлғасында келеді: одна вторая, одна шестая т.б.

Бөлшектік сан есімдер септелгенде, орыс тілінде бірінші компонент те, екінші компонент те септеледі. Мысалы: три пятых, трех пятых, трем пятым, тремя пятыми, о трех пятых. Ал қазақ тілінде басқаша үлгіде келеді: беспгің үші, бестің үшінің, бгстің үшінен т.б.

Орыс тілінде полтора деген болшектік сан есім


пол, втора деген создердің бірігуі арқылы жасалған.
Бүл создің септелуі де басқаша:
И.п. полтора ( полторы ) Д.п. полутора

Р.п. полутора Тв.п. полутора

В.п. полтора ( полторы ) П.п. о полутора

Сонымен қатар, орыс тілінде бөлшектің ширегі цетверш сезімен де беріледі: четверть площади.

Ал қосарланған заттар пара сөзімен аталады: пара сапог, две пары перчаток т.б.

ТОПТАУ САН ЕСІМДЕР

Қазақ тілінде біркелкі заттар мен қүбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсететін топтау сан есімдер деп аталатын ерекше топ бар. Олар есептік, жинақтық, болжалдық сан есімдерге -дан-ден; -тан-тен аффиксін қосу арқылы жасалады. Мысалы: екі жүзден, қырықтан т.б.

' Морфологиялық қүрамы жағынан топтау сан

есімдері дара да, күрделі де болады. Дара түрі жеке сөздермен айтылады да, күрделі түрі сан есімдердің тіркесіп келуі арқылы немесе қосарланып келуі арқылы жасалады. Мысалы: жиырма екіден, қырық-елуден т.б.

Орыс тілінде сан есімдердің бүндай тобы жоқ, бірақ сан есімдердің топтық мағынасы есептік сан есімдердің -по предлогымен тіркесуі арқылы беріледі. Мысалы: по два, по двести т.б.

БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМДЕР

Қазақ тілінде сан есімдердін тағы бір тобы бар.
Олар белгілі бір заттар мен қүбылыстың сан молшерін
дәл атамай, түспалдап атайтын сөздер. Болжалдық сан
есімдер -дай-дей,-тай-тей жүрнақтары арқылы

морфологиялық жолмен есептік сан есімдердің не жинақтық сан есімдердің қосарлануы арқылы жөне шақты, шамасы, тарта, жуық, шамалы, қаралы деген сөздермен тіркесуі арқылы синтаксистік жолмен жасалады, Мысалы: екі жуз алпыстай, екі - уш жылга, он шақты, елуге жуық т.б.

Болжалдық сан есімдер де тек субстантивтеніп қолданылған жағдайда ғана көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдайды. Мысалы: үш жүзге жақын, алпыстайын алды т.б.

Ал болжалдық сан есімдерге жалғанған көптік жалғаулары көптік мағына емес, болжалдау мағына береді. Мысалы: жиырмаларга келген шыгар т. б.

Орыс тіліне болжалдық сан есімдер Ілік септік (Родительный падеж) формасындағы есептік сан есімдердің около шылауымен тіркесіп келуі арқылы, есептік сан есімдермен жинақтық сан есімдердің қосарлануы арқылы беріледі: около пятисот^ два-три раза, двое-трое суток т.б.

Сонымен қатар, орыс тілінде болжалды сан есімдер под, свыше шылаулары, более сөзі жоне қосарланған сан есімдердің -по шылауымен тіркесуі арқылы беріледі. Мысалы: ей было под 40, свыше двадцати тысяч тенге, более девяти случаев, по четыре-пять книг т.б.

Екі тілде де барлық топқа жататын сан есімдер (қазақ тіліндегі болжалдьгқ сан есімдерден басқалары) субстантивтенеді. Осыған байланысты сөйлемде бастауыш, толықтауыш, баяндауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Екінші бүрын келді. — Второй пришел раньше. Екі жерде екі — төрт. Дважды два — четыре. Он сегіз төртке тең бөлінбейді. — Восемнадцатъ на четыре без остатка не делится.

Сонымен қатар, сан есімдер екі тілде де анықтауыш пен пысықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Сен екінші үйге тоқта. Ты оспюновисъ во втором доме. Оган күнде екі жүзден төлейді. — Ему платят каждый денъ по двести тенге.


жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау