Қазақ төңкерісі қарсаңында Оңтүстік Қазақстандағы саяси-қоғамдық ұйымдар



жүктеу 0,49 Mb.
бет3/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,49 Mb.
#1757
1   2   3
Мәселенің маңыздылығы. Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды қайта ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қазақ елінің саяси даму жолында өзіндік орны бар жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар да соңғы жылдарға дейін тарихи шындық тұрғысынан зерттелмей, көп бұрмалаушылыққа ұшыраған тақырып болып табылады.

1917 жылы Ақпан төңкерісі патша өкіметін құлатып, Ресейде ерекше саяси жүйені тудырды. Орталықта қос өкімет – Уақытша үкімет пен Кеңестерді, ал жер-жерлерде билікке ұмтылған сан алуан одақтар мен қауымдастықтарды, ұйымдарды дүниеге әкелді. Заман өзгерісі алға тосқан жаңа міндеттерді шешу қажеттілігі ұлттық қоғамдық ұйымдарды да осы мезгілде өмірге алып келген еді.

Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар – Уақытша үкіметтің саяси жүйесінде қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында пайда болған демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйым. Өлкеде саяси-қоғамдық ұйымдардың пайда болу негіздері мен құрылымдық сипаты, алға қойған міндеттері мен сол міндеттерді іске асыруда атқарған қызметі, тарихта алар орны арнайы зерттеуді қажет етеді, сондай-ақ бұл зерттеу қазақ халқының сол бір аласапыран кезеңдегі саяси өмірінің қырлары мен сырларын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Кеңестік тарихтану ғылымында жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар сияқты ұлттық қоғамдық ұйымдарға біржақты, яғни Уақытша үкіметтің «қолшоқпары» болды деген баға беріліп келді. Ақпан төңкерісінен кейін Ресейдің барлық ұлттық аймақтарында бой көтерген украин, башқұрт, түрікмен, ұйғыр-дүнген, татарлардың, т.б. ұлттық қоғамдық ұйымдарының бір сапында тұрған жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық азаттыққа, дербестікке қол созып, отарлық езгіден құтылып, өз ұлтын өркениетті елдердің қатарына қосуға асықты, сол үшін қызмет етті. Өлкедегі саяси-қоғамдық ұйымдардың басы-қасында болып, оның жұмысының жанданып кетуіне аянбай еңбек еткен, көшбасшы болған қазақ оқығандары, ұлт зиялылары еді. Олардың жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар құрамындағы қызметі елді феодалдық мешеулік пен отарлық тәуелділіктен алып шығу әрекетін жасаған әлеуметтік күштің қазақ қоғамында болғандығын айғақтайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қазақ қоғамында пайда болған ең беделді саяси-қоғамдық ұйымдар туралы тарихи шындықты мүмкіндігінше толығырақ ашып айтатын уақыт жетті.

Жетісу халқының, соның ішінде дүнгендердің Ақпан төңкерісінен кейінгі тарихын зерттеуші ғалым Юсупов: «...облыстың орталығы Верный қаласында мұндай комитеттер бірнешеу болды: қазақтың – «Алаш», өзбектің – «Шуро-Исламы», ұйғырдың – «Милли-Шуросы», жалпымұсылмандық – «Құрылтай», тараншы-дүнген комитеттері және басқалар. Осы ұйымдардың бәрі еңбекші халықты жеке қанау құқына ие болу үшін күресті, әрі өзара бақталас болды, бір-бірін көре алмады»55, – деп жаңсақтыққа жол береді. Қазіргі тарихнама ХІХ-ХХ ғ. Басында түрік тілді халықтардың қарым-қатынасы аса жемісті болғандығын куәландырып отыр56.

Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың басқа ұйымдармен, атап айтқанда, Ақмола облыстық Қазақ комитетінің «Үш жүз» партиясы ұйымымен ара қатынасы Б.Елкеев еңбектерінде57 қаралады. Зерттеуші «Үш жүз» партиясы мен жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың ара қатынасының шиеленісуінің басты себебін Қазақ комитетіндегілердің «елордашыл» болғандығынан көреді. Автордың мәселеге біржақты қарауына байланысты бұл екі ұйымның ара қатынасына объективті баға берілмейді.

Кейбір ғылыми еңбектерде жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдарды басқа ұйымдармен шатастыру58, сондай-ақ, жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар мен «Алаш» партиясы комитеттерінің жігін ажыратпай, екеуін бір ұйым деп ұғушылық кездеседі59.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың халқымыздың қоғамдық-саяси даму жолындағы алатын орны және қазақ қоғамының саяси белсенділігін арттырудағы рөлін көрсете отырып, оның әлеуметтік-саяси сипатын жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • Ақпан төңкерісі жеңісінен кейінгі кезеңде өмірге келген жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың пайда болуының алғышарттарын анықтау;

  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың ұлттық қоғамдық ұйымдар ретінде атқарған қызметтерінің мазмұнын, қоғамдық-саяси қатынастар жүйесінде алатын орнын айқындау;

  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың басқа басқарушы орындармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен ара қатынасын көрсету;

  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ұлттық тәуелсіздік туын көтерген Алашорда үкіметін құруға атсалысуын баяндау;

  • Кеңестер билігі тұсындағы жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың жағдайын көрсете отырып, олардың жабылу себебін анықтау.

Зерттеудің хронологиялық шегі жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың құрылған кезеңі мен жойылған уақытын, яғни 1917 жылдың наурыз айынан 1918 жылдың маусым айлары аралығын қамтиды. 1917 жылдың наурыз айынан бастап жер-жерде бой көтерген жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар 1918 жылдың көктем айларында, яғни Кеңестердің өкімет билігін алғанынан кейін Қазан төңкерісінің салтанатты шеруіне кедергі келтіретін контрреволюциялық ұйым ретінде таратыла бастады.

Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы негізінен жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар құрылған аймақтарды қамтиды. Сол саяси-қоғамдық ұйымдардың қызметін жан-жақты ашып көрсету мақсатында сол кезеңдегі әкімшілік-территориялық бөлу бойынша Жетісу облысы құрамындағы қырғыз жерінің солтүстік аудандары да қамтылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың тарихына арналған алғашқы ізденіс жұмысының бірі ретінде жазылған диссертацияда мынадай жаңалықтар бар:

  • Нақты материалдар негізінде жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар 1917 жылдың Ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде ұлт-азаттық қозғалыс – Алаш қозғалысының жемісі ретінде өмірге келген алғашқы ұлттық құрылым екені көрсетіледі;

  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың қызметі халықтың мүддесіне сай жүргізілгендігі объективті түрде дәлелденеді;

  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық ымыра және тату көршілік қарым-қатынасты насихаттап, оның жаршысы болғаны алғаш рет ашып көрсетіледі;

  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық тәуелсіздік жолында күресіп, большевиктік саясатқа байланысты жойылғандығы баяндалады.

1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12


13


14


15


16


17


18


19


20


21


22


23


24


25


26


27


28


29


30


31


32


33


34


35


36


37


38


39


40


41


42


43


44


45


46


47


48


49


50


51


52


53


54


55


56


57


58


59








жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау