26. Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?
Тағдыр дейміз ғой, ал біз тағдырымызды өзгерте аламыз ба? Мына әңгіме-мысалдан соң түсінерсіз?
Әкесі мен баласы ферма ашты. Жануарлар аз еді, бір-ақ жылқы болды. Кейінде ол да жоқ болды.
- Ойбуй, жаман болды ғой!-десті көршілер.
- Жаман ба, жақсы ма – кім біледі?-деді әкесі.
Аттың жоғалған ізі суып, ұмытыла бастаған. Бір күні ат қайтып келіпті. Соңынан бір топ еріп келген екен.
- О! Жақсы болды ғой!-десті көршілер.
- Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?-депті әкесі.
Бірде баласы бұл аттарға мініп көре бастайды. Кенет асау ат тулап, баланы жығып кетеді. Оның аяғы сынғаны белгілі болады.
- Ақыры жаман болды-ау!-десті көршілер.
- Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?-деді әкесі.
Тура бір аптадан соң әскери адамдар келді де, ауыл-аймақтың жас жігіттерін соғысқа әкетіп жатты. Баланы аяғы сынғанына байланысты қалдыруға тура келді.
Енді айтыңызшы, жаман ба, жақсы ма?
Жылдық эссе тақырыптары:
1-тақырып: Адамның табиғаты сол - ұлылыққа, әдемілікке, жақсылыққа ұмтылып тұрады. Осының себебінен әркімнің жүрегінде бір-бір арман, мақсат жататындығы рас.Бірақ сол арманға жетудің жолы не? Яки, армандаудың адамға пайдасы, не зияны бар ма?
2-тақырып:Сіздің көптеген ірі істерді жасауға қабілетіңіз бар. Бірақ, кей шақтарда пендемін ғой деп өз-өзіңізді тастай саласыз. Елде жоқ талант сізде бар ғой, оны мойындайсыз. Онда сізге не кедергі?
Эссе - 180-200 сөзден тұрады.
Кіріспе – 40 сөз
Негізгі бөлім – 90-100 сөз
Қорытынды - 50-60 сөз
Критерийлер
|
Дескриптор
|
Ұпай
(мах 24)
|
А (мак 6)
Білім және түсіну
|
көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашу.
|
1
|
көтерілген мәселеден ауытқымау.
|
1
|
суретті-бейнелі сөздер қолдану.
|
2
|
қолданылған дәлелдердің тақырыпқа сәйкестiгі.
|
2
|
В (мак 6 )
Қолдану
|
Әдеби норманы сақтауы.
|
1
|
Стильдік қатенің жіберілмеуі.
|
1
|
Емлелік және тыныс белгiлерінен қателер жібермеу.
|
2
|
Терминдерді, атауларды, есімдерді дұрыс жазу.
|
1
|
Жұмыстың кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтау.
|
1
|
С ( мак 6 )
Анализ және синтез
|
Көтерілген мәселені талдап, дәлел айта алуы.
|
2
|
Көтерілген мәселені салыстыра алуы.
|
2
|
Дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасайды.
|
2
|
Д (мак 6 )
Коммуникация
|
Мәселеге өзіндік баға бере білуі.
|
2
|
Мәселеге қатысты шешім шығаруы.
|
2
|
Ой қорыта білуі.
|
2
|
Жалпы ұпайы
|
|
Бағасы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |