Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған



жүктеу 11,41 Mb.
бет6/46
Дата07.02.2018
өлшемі11,41 Mb.
#8938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

Аялдама.

Марат мектепке бару үшін үйінің жанындағы аялдамаға барады. Аялдама үйіне жақын орналасқан. Аялдаманың маңы тап- таза. Жанында өсіп тұрған үлкен ағаштар жазда көлеңке, қыста пана

болады. Аялдамада орналасқан шағын дүңгіршекте газет, журналдар сатылады. Бұл жерден мектепке дейін бірнеше автобус жүреді. Марат сабағына ешқашан кешіккен емес.




  1. тапсырма. Сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлем құраңдар.

Үй - қа;-ке;- га;-ға

Аялдама - нан;-нен;- дан;-ден

Дүкен

Бағдаршам



Көше

Жолайрық
3-тапсырма. Бос орынға керекті сөзді қойып жазыңдар.

Сен нешінші ____________ отырасың?

Кешіріңіз қазақ драма театрына дейін қандай ___________ баруға болады?

Келесі _____________ түсіңіз.

Аялдаманың жанында ________________ бар.




  1. тапсырма. Тиісті жалғауларын қойып жазыңдар.

Зада мен Айша аялдама... кел... . Олар мұражай... бара... . Мұражай екі аялдама... кейін орналасқан.

ІІ модуль

Менің достарым


  1. сабақ

Менің досым





1-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, өзіңіздің досыңыз туралы әңгімелеңдер.

Менің досым

Жарылғап – менің досым. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Жасы он бірде. Ол өте сыпайы, тәрбиелі бала. Екеуіміз бір сыныпта оқимыз. Жарылғап екінші қатардың бірінші партасында отырады. Мен үшінші қатардың үшінші партасында отырамын. Жарылғап сабақты жақсы оқиды, оқу озаты. Ол спорпен шұғылданады. Сыныптастары оны жақсы мінезі үшін сыйлайды. Кей кезде екеуіміз сабаққа бірге дайындаламыз. Бос уақытымызды да бірге өткіземіз. Біз құмда сурет салумен айналысамыз. Жарылғап менің ең сенімді, ең жақын досым.


2-тапсырма. Үлгіге сүйеніп берілген сөздермен сөз тіркесін жасап, сөйлем құраңдар.

Үлгі: Дос.

Досымның мінезі ашық.

Досымның ашық мінезі маған ұнайды.
1.Сабақ 1. Айналысады 1. Жақын

2. 2. 2.


3. 3. 3.
Есте сақтаңдар!

Қатыстық сын есім

Қатыстық сын есімдер – зат белгілерінің басқа бір заттың қатысы арқылы анықталуы.

Қатыстық сын есімнің негізгі белгілері:


Қатыстық сын есімдер жұрнақтардың қатысуымен басқа есімдер мен етістіктерден жасалады: мал+ды ауыл, бала+лы үй.


3-тарсырма. Мына –лы;- лі; -ды;-ді;-ты;-ті жұрнағының тиісті формасын жалғаңдар.
Көрік, қала, сәт, тау, көлеңке, дене, дәм, сақал, тал, күш

4-тапсырма. Сын есімдерге сұрақ қойыңдар.
Оның әжесі менің әжем сияқты кәрі емес. Бақша алмасы өрік сияқты тәп-тәтті. Қазір жұмыстың нағыз қызған кезі. Кішкентай досым домбырада шебер ойнайды.

2-сабақ

Сенің досың бар ма?





  1. тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер.

- Арман, мен сені досыммен таныстырғым келеді.

- Сенің досың кім?

- Менің досымның аты Александр.

- Ол неше жаста?

- Ол менің құрдасым, жасы он екіде.

- Немен шұғылданады?

- Екеуіміз таэквондоға бірге барамыз.Ол домбыра үйірмесіне де барады.

- Ол ән айта ала ма?

- Ән де салады, мен оған қазақ әндерінің жинағын тарту еттім.

- Жарас, сенің досың өнерлі екен.

- Дима сенің досың бар ма?

- Иә менің досым бар, оның аты Дарын.

- Ол неше жаста?

- Ол менен бір жас үлкен, он үш жаста.

- Досың қайда тұрады?

- Ол Семей қаласында тұрады.

- Сендер жиі хабарласып тұрасыңдар ма?

- Иә, біз интернет желісі арқылы күнде хабарласып тұрамыз.

- Сырласатын, ақылдасатын досың болған қандай жақсы, солай емес пе, Дима?!

- Дұрыс айтасың, Арман!
2-тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеңдер.

Айдос пен Арман кішкентай күндерінен бері айырылмастай дос. Олар мектеп табалдырығын бірге аттаған.Айдос пен Арманның шын достығын мына бір оқиғадан көруге болады.



Күн өте ыстық еді. Бір топ бала суға түспекші болады. Олардың арасында Айдос пен Арман да бар еді. Айдос суға түсті. Айдостың батып бара жатқанын Арман сезеді. Ол айқайлап балаларды көмекке шақырды.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Сен нешінші сыныпта оқисың?

  2. Сенің қасыңда кім отырады?

  3. Сенің досың бар ма?

  4. Оның аты кім?

  5. Ол немен шұғылданады?

  6. Сенің досың сабағын қалай оқиды?

  7. Сен ше?

  8. Бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?

  9. Сен досыңды не үшін сыйлайсың?


4-тапсырма. Достарыңа сипаттама беріңдер.



Есте сақтаңдар!

Ауыспалы мағына – сөз мағынасының ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы.

Ауыспалы мағынаның негізі тура мағынадан алынады.

Мысалы: терең ой, өткір көз, ашық мінез, сыр шерту.



5-тапсыра. Сөздерге сәйкес қосымшаны жалғаңдар және одан сөйлем құраңдар.

а/ қала -нікі -мен -қой

ә/ автобус -дікі -пен -кеш

б/ өнер -тікі -бен -паз
6-тапсырма. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерден сөйлем құраңдар.
Істің басы, қолдың кірі, таудың етегі, бұлақтың көзі.
7-тапсырма. Мақалдың мағынасын ашыңдар.

Адал болса досың жақын, еркелейтін немерең жақын.



3-тапсырма

Құрбылар


жүктеу 11,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау