«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып



жүктеу 0,5 Mb.
бет27/30
Дата26.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#37255
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
ОШ СОЧ Қазақ-тілі Т1 11-сынып ОГН

Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені, қоғамдық-саяси, ғылыми тұрғыдан автор көзқарасын талдаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]
1-мәтін

Әлемде 75 млн. жас жұмыссыз жүр. Ал олар қандай жолды таңдайды? Елімізде жұмыссыздықпен күрес қызу жүргізілгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті тек қазақ қоғамын ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отыр.

Ресми деректер бойынша еліміздегі жұмыссыз жастардың деңгейі 5,6 пайызды көрсетіп отыр. Бұл мәселе әлемнің көптеген елдерін мазалап отырғаны да шындық. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сүйенсек, қазір дүниежүзінде 15 пен 24 жас аралығындағы азаматтардың 13 пайызы, яғни 75 млн. жас – жұмыссыз. Олардың 6 млн-ы жұмыс табудан біржолата күдер үзген. Халықаралық еңбек ұйымы солай дейді. «Араб көктемінің» аласапыранынан кейін Солтүстік Африкадағы жастардың 27,9 пайызы жұмыссыз қалған. Ұйымның дерегі бойынша, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Шығыс Азияда да жастар арасындағы жұмыссыздық ересек адамдармен салыстырғанда 2,8 есеге жоғары.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына себеп те аз емес. Солардың қатарында ең әуелі жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы, жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы аталатыны анық. Бұл бүгінгі қоғамда айқын көрініс тауып отыр. Оны ешкім жасыра алмайды. «Диплом бар, жұмыс жоқ». Қазір жұмыссыз жүрген жастардан тек осындай жауап алуға болады. Жоғары оқу орнын аяқтап, қолына дипломын алған көптеген жас маманның жұмыссыздық мәселесімен бетпе-бет келетіні жасырын емес. Жоғары оқу орнын бітірген түлектерді ешқандай жұмыс беруші құшақ жая қарсы алмайтындығы да ақиқат. Ал кейбір мамандар жоғары білімді жастардың жұмыссыздығын олардың мамандықты дұрыс таңдамауымен байланыстырады. Яғни сұранысқа ие мамандықтардан гөрі бүгінгі күннің «сәнге айналған» мамандықтарын таңдауға тырысады. Бұл бүгінгі жастар арасындағы жұмыссыздыққа кері ықпалын тигізетін бірден-бір себеп. Ауыл шаруашылығы, техникалық салаларда, медицинада мамандар тапшылығының сезіліп жүргеніне біраз уақыт болған. Алайда бұл олқылықтың орнын толтыратын жас мамандар әлі күнге дейін табылмай тұр. Түлектердің басым бөлігі мұндай салаларды таңдаудан бас тартып жүргенін өкінішпен айтуға тиіспіз. (282 сөз)
2-мәтін

Мемлекет жастарды жұмыспен қамтып, қоғамды мазалаған мәселенің шешімін табудың оңтайлы жолын сан мәрте қарастырып көрді. Бірақ оның нәтижесі көңіл қуантпай тұр. Жастарды жұмыспен қамтудың бір жолы – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы. Жасыратыны жоқ, мемлекет іске қосқан мемлекеттік бағдарламаның аясында еліміздің барлық облыстары мен аудан орталықтарында жұмыспен қамту орталықтары ашылып, жастарға бос жұмыс орындарын ұсына бастады. Алайда аталмыш бағдарлама арқылы екі қолға бір күрек тапқан жас мамандардың жалақысы – 30-40 мың теңгенің көлемінде бекітілген. Осындай жалақыға жұмыс істеуге құлықты жастар табыла қояр ма екен?

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы ұсынған қызметтен бас тартқан жас маманды да кінәлай алмайсыз. Бүгінгі нарық заманында мұндай мөлшердегі жалақының ешнәрсеге жетпейтіні анық. «Жастар тәжірибесіне» қатысатын жас мамандардың еңбекақысы республикалық бюджеттен төленеді. Аталмыш бағдарлама бойынша 6 ай қызмет ететін жас мамандарға ай сайын 40 мың теңге көлемінде жалақы беріледі. Бұл бағдарлама жас мамандардың жұмыс тәжірибесіне қатысты мәселесін шешуге үлкен көмегін тигізетіні анық.

Жас мамандарды жұмыспен қамтуға септігін тигізетін бағдарламаның бірі – «Серпін – 2050». Аталмыш бағдарлама бойынша Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастары Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Батыс және Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстарына оқуға түсті. Қазір олар өздерінің мамандықтары бойынша жоғары білім алуда. Бағдарламаның мақсаты – бітірген түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету.

«Дипломмен – ауылға». Бұл – жастарды жұмыспен қамтуға септігін тигізеді деп күткен үмітті бағдарламаның бірі. Үкімет 2009 жылы дәл осы бағдарламаны ұсынғанда, жастардың барлығы ауылға аттанып бара жатқандай көрінген. Алайда қалаға дипломсыз ағылған жастардың саны едәуір басым. Олардың қалаға үдере бас қоюына бір ғана себеп бар. Ол – жұмыссыздық. Бүгінгі таңда еліміздегі жұмыссыздардың 71 пайызын ауыл жастары құраса, сол жастардың 76 пайызында жоғары білім жоқ. Ал оларды жұмысқа орналастыру үшін әуелі белгілі бір мамандық бойынша оқыту керек. (265 cөз)


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау