«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



жүктеу 0,5 Mb.
бет22/25
Дата14.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#41746
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
« аза тілі» п нінен (о ыту аза тілінде) то санды жиынты ба

Барлығы

40 минут

30

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


8. Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер
9. Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер


Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені, қоғамдық-саяси, ғылыми тұрғыдан автор көзқарасын талдаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1-мәтін
Соңғы уақыттарда ғаламтор мүмкіндігінің көптігіне қарамастан, жер бетіндегі адамдардың көп бөлігі, әлі де болса, сиқырлы қобдишадағы кинолардан бас тарта алар емес. Оған дәлел мемлекетімізде жыл санап кинотеатрлар санының артуы. Әлемде Халықаралық кино күнін 28 желтоқсанда атап өтеді, себебі дәл осы күні, 1895 жылы ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер киноны ойлап тапқан. Жалпы «кино» сөзі гректің kіneo – «жылжытамын», «жылжимын» деген сөзінен шыққан. Кино – өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі.


Әлемдік киноның даму жолын үлкен 4 кезеңге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезеңі – тұңғыш киноның шыққан жылы. Әрине, кино пайда болысымен түрлі түсті, дыбысты болып шыққан жоқ. Ол көптеген асулардан өтіп, дәл қазіргі қалпына келді. Оның дүниеге келуімен, «театрлар жабылады» дегендер де болды. Алғаш кино «жанды фотография» түрінде пайда болып, көп кешікпей көркем фильм, деректі кино және ғылыми-көпшілік кино деп аталатын үш салаға бөлінді. Тұңғыш фильмдерде баяндалатын оқиға таспаға ірі бөлшектермен түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Кинода дыбыс болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынмен, бейнелі ыммен толықтырды.
Кино өнері дамуының екінші кезеңі ХХ ғасырдың басынан басталды. Бұл дыбыссыз, яғни «мылқау» киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. КСРО-да С.М. Эйзенштейннің «Потемкин» бронды кемесі», «Қазан», В.И. Пудовкиннің «Ана», «Санкт-Петербургтің ақыры», А.П. Довженконың «Арсенал», т.б. фильмдері дүниежүзілік кино өнерінің дамуына ықпал етті
Кино өнері дамуының үшінші кезеңі ХХ ғасырдың 30-40-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде кинотаспаға дыбыс жазу техникасы игерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлер шығармашылығына кең жол ашты.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін кино өнері дамуының жаңа кезеңі басталды (төртінші кезең). Бұл жылдары кинотехниканың жетіле түсуімен бірге кино өнеріндегі көркемдік тәсілдер де молайды. Түрлі түсті кино түсіру тәсілі жүзеге асты. АҚШ-та, кейін басқа елдерде кең экранды және панорамалы фильмдер пайда болды. Дыбыс жазу сапасы артып, кең экранды фильмдерде стереодыбыс қолданылды. Балаларға арналған мультипликациялық фильмдер шығарыла бастады. (282 сөз)
2-мәтін
100 жылдық тарихы бар кино Қазақстанға кешігіп келді. Қазан төңкерісінен кейін пайда болған қазақ киносының алғашқы туындысы «Амангелді» деп аталды. «Ленфильм» студиясында түсірілген көркем фильм ұлт батыры Амангелді Иманов туралы болатын. Оның режиссері Марк Левин болса, Амангелдіні сомдаған әртіс Елубай Өмірзақов еді. Міне, осылай алғаш қазақ киносы өмірге келді.
Алайда Тәуелсіздік алғаннан кейін киноның жағдайы мүлде өзгерді. Бұрын идеология құралы саналатын өнер түрінің Қазақстанда дамуы баяулап, сапасы да төмендеді. Тек соңғы жылдарда ғана бұл салаға қайта көңіл бөліне бастады. Өмірге көптеген жаңа туындылар келді. Мәселен, ондай ерекше киноға Сергей Дворцовтың «Қызғалдағы» (Тюльпан) жатады. Бұл фильм Канны қаласында (Франция) өткен Халықаралық кинофестивальде «Ерекше көзқарас» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған болатын. «Қызғалдақ» фильмі Қазақстанның ауылдары мен шалғайдағы аймақтарында тұратын шопандардың тауқыметті өмірі жайлы сыр шертеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы тағы бір жаңалық – әуесқой режиссерлердің пайда болуы. 2008 жылы қазақ киносына мүлдем қатысы жоқ, беймәлім режиссер Еркін Рақышевтың «Жаралы сезім» туындысы көрерменге жол тартты. Алғаш экранға шығысымен үлкен сынға іліккен туынды қарапайым халық арасында жақсы бағаланды. Алайда мамандар бұл фильмді режиссердің атына кір келтіру деп те санады. Бірақ қаншама сынға, теріс пікірге ілінген туынды қазақ киносына жаңа леп алып келді.
Қазақ киносы дегенде алдымен «Қыз Жібек» пен «Біздің сүйікті дәрігер» сынды классикалық дүниелер елестейтіні сөзсіз. Алайда қазіргі уақытта отандастарымыз соңғы шыққан туындыларға да жоғары баға беруде. «Қызыл қоян жайлы әңгіме», «Жоюшы», «Менің балалық шағымның аспаны», «Ғашық жүрек» сынды фильмдер шетелдік картиналарға қарағанда халыққа кеңінен танылды. Көпшілік бұл фильмдерді жылы қабылдады.
Бүгінгі таңда көптеген көрермен «қазақ киносы нашар, түсірілуі де шетелдік туындылармен салыстыруға келмейді» деп ренжиді. Әрине, бұл орынды болар. Алайда «көш жүре түзеледі» деген халық емеспіз бе? Уақыт өте біз де «Голливуд» түсірген киноны түсірерміз. Ал әзірге осыған да шүкір. Қазақ киносы – қазақ тарихы, өшпес із қалдырар мәдени мұра, ертеңгі күнге бүгіннен естелік. (290 сөз)



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау